Мазмұны І. Кіріспе 3-4 бет ІІ. Негізгі бөлім


Гобеленді тоқудағы түсті табиғатпен байланыстыру



бет13/16
Дата02.01.2022
өлшемі138 Kb.
#452664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
гобелен

1.3. Гобеленді тоқудағы түсті табиғатпен байланыстыру.

Қазіргі уақытта гобелен өнерінің нағыз қызу қарқынды даму сатысы десек қателеспейміз. Гобелен өзінің композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жанашалап, жана бағытта жеткізіп отыр.

Жалпы гобелен дегеніміз бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқыған кілем. Ең алдымен жобалық шешімнің нақты композициялық құрылымның шешімін тауып алдым. Гобелен тоқуда пейзаждық суреттер салу жолдары іздестіріледі. Эскиз- картинаның немесе этюдтың нобайы. Жұмыс уақытында нобай көмекші материал ретінде қолданылады. Композициялық үйлесуі мен түстердің үйлесімін қадағалап отыру қажет.

11
Түстік сипаттама

Қоршаған табиғи орта асқан сұлулығымен, ғажайып көркемдігімен, сан құбылатын нақышымен көз тартады. Табиғат көрікті: көмкерілген кемпірқосақ, көк орай шалғын дала, жап- жасыл орман,қазбауыр жөңкей көшкенбұлттар, бауырқанған толқынды теңіздер мен айдын шалқар көлдер, арайлап атқан таң мен қызара батқан күн- бұлардың бәрі ең алдымен оның алуан түсті реңіне байланысты.Жан дүниені баурап, көз қуантып, көңілге нұр ұялататын табиғаттың осындай ғажайып көріністеріне не жетсін!

Сан түстері бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды Ньютон жасады. Ол жарық сәулесін призмадан өткен кезде жеті түске бөленетін: көк, күлгін көк,күлгін,қызыл, қызғылт сары, сары жасыл деп анықтады. Күлгін мен қызылдың арасында алқызыл түс болуы тиіс. Бірақ ондай түс спектрде жоқ. « Түс затты анықтайды, ол декоративті қасиеттерге әсер етеді. Белгілі формасыз ақ түс әртүрлі күшті әуенгеде әсер етеді. Түс руханилыққа да ықпалын тигізеді. Онда қуанышпен мерекенің элементтері бар. Қаралау түстер меланхонияны, қайғы мен қуанышты білдіреді. Ақ түс - кінәсіз пәктің белгісі. Ашық қызыл шектен тыс қаталдықты, ал көгілдір- уайымның айғағы. Бояулардың қасиеттері бірін- бірі толықтыра күшейтеді, олар гармония құрайды».

Түс ұлттық дәстүрмен де байланысты. Темпераменті күшті оңтүстегілер ашық, қуанышты білдіретін түстерді ұнатады, ал солтүстіктегілер, керісінше қаралау, қарапайымдыларың ұнатады. Түстер жан- дүниеге түрліше әсер етеді:сары түс қуанышты білдіріп, жылылықты сездіреді, бірде ылғалдық пен салқындықты сездіреді, жасыл адамды тыныштандырады, қызыл түс адамға ерекше бір салтанатты көрініс елестетеді.

Жылы түстер - сары, қызғылт сары, қызыл. Бұл түстер жер бетіндегі жарық пен жылудың екі ғана көзі-от пен күн түсі. Жылы түстер тобына келесі түстер жатады: қызыл қоңыр. Жасыл екі түскеде бағынышты.

Әрине, біздер күн жарығы мен жылусыз жер бетінде өмір болмауы мүмкін екенін білеміз. Сондықтан бұл түстер жылу, жарық түсініктерін тікелей мағынада ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кең мағынада жақсылық, қуаныш, жарқын ой, шынайы жомарттылық және махаббат сезімі, көктем, бақыт, ғажайып жарқын арман, жалпы адамдардың өмірде ұмытылатын жақсылықтары сияқты кең мағынада ашып көрсетеді.

Жылы түстерді тербелген жалынға, қызарып батқан күнге, қызған көмірге,

шоққа теңеуге болады және ол алтын күз, піскен жеміс түсі десек қателесеміз.

Жылы түстер ерекше сезімталдықты, қозғалысты білдіреді.

12

Бұл түстердің тағы бір мүмкіндігі- олардың киім түсіндегі, көріністегі, табиғаттағы тартылымдылығы. Олар жылылықты, тыныштықты, үндестікке, молшылық пен қуанышты иеленеді.



Бояу сипаттамасы.

Қазақ ұлттық түсінігінде бояу түсін қабылдау ерекшелігі ең алдымен тарих тұңғиығында бастау алатын философиялық және психологиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Әр ұлттың жанына жылы тиетін, айрықша қастерлейтін өз бояуы,өз түсі болады. Соған орай, ұлттық бояу деген ұғым кең тараған.Ұлттық бояу сол халықтың табиғи болмыс-бітімінен хабар беріп тұрады. Қазақ дәстүрінде бояу түсі кез-келген заттың, ою-өрнектің тағы басқалай нәрселердің мазмұнын, мағынасын ашады. Бұны әсіресе қазақ кілем бұйымдарынан анық аңғарамыз. Ертеде ою-өрнектегі бояу түсі солғындау, күнгірт болса, онда қыздарының барған жеріде көңілі қош болмағаны; ал кілемдегі бояу түсі қанық, көңілге қонымды болса, бұл қыздарының жағдайы жақсы,жайдары болғаны.Бұл кілемдегі сан алуан түстердің адам көңіл-күйін,өмірін баяндайтынын көрсетеді. Қазақ өнеріндегі бояу композициясының көркемдігі, ұшқырлығы мен оның қандай да бір идея әуенінен туындайтыны-өнердің әсерлігін байқатады. Бояу үйлесімдігі, үндестігі, шешімі барлығы адамның көру түйсігіне, сезіміне орай қабылданып, белгілі бір ой- идея туғызады. Қазақ өнерінде « ақ бояу» түсінің көп қолдануы белгілі бір обьективті шындық, заңдылықтан туындаған. «Ақ түс»- бейбітшілік, адалдық, ақиқат, қуаныш, бақыт нышаны. Бұдан бояу түсінің күрделі роль атқаратынын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу арқылы байқаймыз. Демек, бояу түсінің ұлттық өнерде түрлі мәнерде қабылдануы-ұлттың өзіне тән талғамы мен татымы болса керек.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, адамның қандай түсті ерекше ұнататынына қарап, оның мінез-қазиеттерінің кейбір қырларын айтпай-ақ білуге болады.

13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет