611-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдау туралы сұрау салуды қанағаттандырғаннан және осындай беруге шет мемлекеттің уәкілетті органының келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы адамды Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға беру орнын, уақытын және тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырманы қылмыстық-атқару жүйесінің органына береді.
2. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының қабылданған азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасында жазаны орындау немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген тәртіппен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, рақымшылық немесе кешірім жасау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату немесе оны қолдануды өзгерту жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оның соты үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің уәкілетті органына мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаны өтеуді немесе мәжбүрлеп емдеуді аяқтаған;
2) осы Кодекстің 604-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары қайтыс болған немесе қашқан жағдайда жазаны немесе мәжбүрлеп емдеуді орындаудың жай-күйі мен нәтижелері туралы хабарлайды.
612-бап. Шет мемлекет соты үкімінің немесе қаулысының өзгеруі немесе күшін жоюы туралы хабарлама
1. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын қайта қарауға байланысты кез келген мәселелерді үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің соты шешеді.
2. Шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы өзгерген немесе күші жойылған жағдайда осы шешімді орындау туралы мәселе осы Кодексте көзделген тәртіппен қарастырылады.
3. Егер шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысының күші жойылса және жаңа сотқа дейінгі тергеу немесе жаңа сот талқылауы тағайындалса, қылмыстық іс жүргізуді кейіннен іс жүргізу туралы мәселені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодекске сәйкес шешеді.
613-бап. Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін тану және орындау
Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін Қазақстан Республикасында тану және орындау, сондай-ақ осындай соттар бас бостандығынан айыруға соттаған адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-бөлім. Іс жүргізу келісімі жасалған істер бойынша іс жүргізу
63-тарау. Іс жүргізу келісімі, оны жасаудың ерекше тәртібі
614-бап. Іс жүргізу келісімі жасалған кезде сотқа дейінгі тергеу
1.Жасалған іс жүргізу келісімі шеңберіндегі қылмыстық істерді тергеу мынадай:
1) кінәні мойындау туралы мәміле нысанында – кішігірім, орташа ауырлықтағы не ауыр қылмыстар бойынша – күдіктінің, айыпталушының сезіктенумен (айыптаумен) келісуі жағдайында;
2) ынтымақтастық туралы келісім нысанында – қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеуге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша жүргізіледі.
2. Іс жүргізу келісімі кәмелетке толмағандармен және қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылумен ауырған адамдармен жасала алмайды.
3. Іс жүргізу келісімін жасау адамды жәбірленуші деп танылған адамның алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасауға арналған талаптар
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімі мынадай талаптар болған:
1) іс жүргізу келісімін жасауға ерікті түрде ниет білдірілген;
2) адам күдікті (айыпты) және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерді, оларға келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін дауламаған;
3) іс жүргізу келісімін жасауға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімі:
1) қылмыстардың жиынтығына қатысты, егер олардың ең болмағанда біреуі осы бапта және осы Кодекстің 614-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер күдіктілердің, айыптылардың ең болмағанда біреуі іс жүргізу келісімін жасауға қарсы болса, адамдар тобы жасаған қылмыстар бойынша;
3) егер жәбірленушінің ең болмағанда біреуі іс жүргізу келісімін жасауға келіспесе, жасалмауы мүмкін.
616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасаудың салдары
1. Мыналар:
1) сотқа дейінгі іс жүргізу іс жүргізу келісімін жасаған кезден бастап, осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімде аяқталады;
2) осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы істі сотта талқылау;
3) іс жүргізу келісімін жасауға келісім берген жәбірленушіні залалды өтеу мөлшері туралы талапты одан әрі өзгерту құқығынан айырукінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасаудың салдарлары болып табылады.
2. Күдіктінің, айыпталушының іс жүргізу келісімінен сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бас тартуға құқығы бар.
3. Іс жүргізу келісімі жәбірленушіні азаматтық қуыным ұсыну құқығынан айырмайды.
4. Тараптардың іс жүргізу келісімінен бас тартуы оны қайтадан жасау туралы өтінішхатты мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты қарау тәртібі
1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген кезінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіден, айыпталушыдан не қорғаушыдан осы Кодекстің 615-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты алып, үш тәулік ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге іс жүргізу келісімін жасау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді;
2) мәлімделген өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
3. Іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қылмыстық қудалау органының қаулысына күдікті, айыпталушы не оның қорғаушысы қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға шағымдануы мүмкін.
4. Прокурор күдіктінің, айыпталушының іс жүргізу келісімін жасау туралы мәлімделген өтінішхатын қарау кезінде:
1) адам жасалған әрекеттің кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу туралы іс жүргізу келісіміне жататынын не жатпайтынын;
2) іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты адамның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасаудың салдарлары туралы білетіндігін;
3) адамның жиналған дәлелдемелерді және әрекетті саралауды дауламайтынын;
4) адамның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық қуынымға келісетінін;
5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың жоқтығын тексеруге міндетті.
Аталған мән-жайларды анықтау үшін прокурор өтінішхатты берген адамды, оның қорғаушысын шақырады (күзетпен ұсталатын адамның жеткізілуін талап етеді). Өтінішхатты берген адамға прокурор іс жүргізу келісімін жасау салдарын, оны жасаудан бас тарту құқығын түсіндіреді.
5. Іс жүргізу келісімін жасаудың талаптары жазылуға тиіс мәлімделген өтінішхатты қараудың қорытындылары бойынша прокурор, жәбірленушінің пікірін ескере отырып, ол болған кезде үш тәулік ішінде қорғау тарапына:
1) іс жүргізу келісімін жасау, оның ішінде өзінің талаптарын жаза отырып жасау ниеті туралы;
2) өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Жәбірленуші іс жүргізу келісімін жасауға келіспеген кезде прокурор бұл туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға хабарлайды және жалпы тәртіппен тергеуді жүзеге асыру үшін қылмыстық істі қайтарады.
6. Іс жүргізу келісімін жасаудан прокурордың бас тартуына шағым жасалмайды.
618-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасау тәртібі
1. Прокурор іс жүргізу келісімін жасасу ниеті туралы қорғау тарапына хабарлама жібергеннен кейін үш тәуліктен кешіктірмей күдіктіні, айыпталушыны және қорғаушыны қатыстыра отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу туралы іс жүргізу келісімін жасайды.
2. Іс жүргізу келісімінде:
1) оның жасалған күні мен орны;
2) іс жүргізу келісімін жасаушы прокуратура органының лауазымды адамы;
3) келісім жасаушы күдіктінің, айыпталушының тегі, аты және әкесінің аты, туған күні мен жері, тұрғылықты орны және айналысатын жұмысы, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты;
4) қылмысты оның жасалған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелдеуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;
5) іс жүргізу келісімін жасағаннан кейін күдікті, айыпталушы жасауға міндеттенетін іс-әрекеттер;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін тармағы, бөлігі, бабы;
7) талаптарды сақтаған және іс жүргізу келісімінде көрсетілген міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға қатысты қолданылуы мүмкін қылмыстық жауаптылық пен жазалауды және қылмыстық заңның нормаларын жеңілдететін мән-жайлар;
8) ол туралы прокурор сот алдында өтініш білдіретін жазаның түрі мен мөлшері;
9) осы Кодекстің 616-бабында көзделген іс жүргізу келісімін жасаудың салдары;
10) іс жүргізу келісімін жасауға жәбірленушінің келісуі туралы көрсетілуге тиіс.
3. Іс жүргізу келісіміне прокурор, күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы қол қояды. Іс жүргізу келісіміне қол қойғанға дейін күдіктінің, айыпталушының өз қорғаушысымен оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.
619-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін жасағаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының іс-әрекеті
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісіміне қол қойғаннан кейін іс бойынша тергеу және іс жүргізу әрекеттерін жүргізу қажет кезде прокурор істі сотқа дейінгі тергеу органына жібереді.
2. Тергеуші, анықтаушы күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.
3. Егер сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде іс жүргізу келісімінде көзделмеген қылмыс жасаудың өзге де мән-жайлары белгілі болған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 617 – 618-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімі жасалғаннан кейін тергеу және іс жүргізу әрекеттерін жүргізудің қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіге хабарланады.
620-бап. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі
1. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының және сотталған адамның осы Кодекстің 614-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына және 621-бабына сәйкес ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық процесті жүргізетін органға немесе прокурорға жүгінуге құқығы бар.
2. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін сотқа дейінгі сатысында тергеу судьясы, сот сатысында – мәні бойынша істі қарайтын судья бекітеді.
3. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхат сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап және үкімді орындау сатысына дейін қоса мәлімделуі мүмкін.
621-бап. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау тәртібі
1. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адам жазбаша түрде береді және міндетті түрде қорғаушының қойылған қолымен бекітіледі.
2. Егер қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе сотталған адам, оның заңды өкілі немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының немесе сотталған адамның тапсырмасы бойынша басқа адамдар шақырмаса, онда қорғаушы немесе қылмыстық процесті жүргізетін орган не жазаны орындаушы орган қамтамасыз етеді.
3. Қылмыстық іс жүргізуінде жатқан тергеуші, анықтаушы, жазаны орындаушы органның басшысы ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты алған кезде оны бір тәулік ішінде прокурорға жібереді.
4. Сотталушының ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатын сот прокурорға ол келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде жібереді.
5. Сотталған адам жазаны орындаушы орган арқылы өзі аумағында жазасын өтеп жүрген облыс прокурорының атына іс жүргізу келісімін жасау туралы өз өтінішхатын беруге құқылы.
6. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі 617-баптың төртінші бөлігінің 1) – 2) тармақтарында және бесінші бөлігінде, 618-баптың бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1) – 8) тармақтарында, үшінші бөлігінде көзделген мерзімдерді сақтай отырып және тәртіппен, қажет болған кезде 47-баптың қағидалары бойынша оның құпиялылығын сақтай отырып және осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, прокурордың, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның арасында жасалады, және бекіту үшін тергеу судьясына, мәні бойынша істі қараған судьяға жіберіледі.
622-бап. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін соттың бекіту тәртібі
1. Судья келіп түскен іс жүргізу келісімі бойынша күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның:
1) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін өз еркімен жасағанын және оның құқықтық салдарын түсінетінін;
2) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінде көрсетілген жаза түрімен және мөлшерімен келісетінін;
3) азаптауларға және адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер мен басқа да қатыгез жазалау түрлеріне ұшырамағанын;
4) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісіміне байланысты барлық шарттармен және талаптармен танысқанын анықтайды.
2. Тергеу судьясы, мәні бойынша істі қараған судья қылмыстық істі және ұсынылған (сұратылып алынған) қосымша материалдарды зерделейді, ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасаудың заңды және нақты негіздерін тексереді, сондай-ақ келісімнің нысанасы болып табылатын әрекеттерді орындау бойынша күдіктінің (айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның) ниетінің сипатына баға береді.
3. Оған ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі келіп түскен күннен бастап бес тәулік ішінде тергеу судьясы, мәні бойынша істі қараған судья прокурордың, күдіктінің (айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның) және оның қорғаушысының қатысуымен сот отырысын өткізеді.
4. Сот отырысының қорытындылары бойынша тергеу судьясы осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген тәртіппен ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін бекіту не бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.
623-бап. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі бойынша прокурордың және соттың іс-әрекеті
1. Сот, тергеу судьясы ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін бекіткеннен кейін прокурор жасалған келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстардың ашылуын және тергелуін ұйымдастыруға дереу шаралар қолданады.
2. Егер ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің нысанасына қатысты қылмыстарға жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша, күдікті (айыпталушы, сотталушы, сотталған адам) қылмыстық топ құрамындағы аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды жасаған адамдарды әшкерелеуге ықпал еткен кезде оларға қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса және/немесе күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылса не айыптау үкімі шығарылса, прокурор ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің талаптарын орындауға шаралар қолданады.
3. Ынтымақтастық туралы келісім жасаған және оның талаптарын орындаған сотталған адамға қатысты прокурор осы Кодекстің 476, 478-баптарына сәйкес өтінішхатпен сотқа жүгінеді.
64-тарау. Қылмыстық істерді сотта келісу іс жүргізуінде қарау
624-бап. Келісу іс жүргізуін қолдану үшін негіздер
Сот, егер:
1) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында іс жүргізу келісімі жасалса;
2) іс жүргізу келісімі сот талқылауы барысында жасалсаісті келісу іс жүргізуінде шешеді.
Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін іс жүргізу келісіміне келісім білдірілмесе, келісу іс жүргізуіне жол берілмейді.
625-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған іс жүргізу келісімімен келіп түскен іс бойынша судьяның іс-әрекеттері
1. Судья іс жүргізу келісімімен және істі келісу іс жүргізуінде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған іс жүргізу келісімінің заң талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:
1) келісу іс жүргізуінде талқылау тағайындау туралы;
2) егер келісу іс жүргізуін қолдану үшін негіздер болмаса, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы;
3) егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық қуыным мөлшерімен келіспесе, жаңа келісім жасау мүмкіндігін ұсына отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Тараптар жаңа іс жүргізу келісімін жасағаннан кейін қылмыстың саралануы, азаматтық қуыным мөлшері, жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері бойынша сот қаулысына сәйкес прокурор қылмыстық істі жаңа іс жүргізу келісімімен бірге оны келісу іс жүргізуінде қарау үшін сотқа жібереді.
3. Судья жаңа іс жүргізу келісімімен келіспеген кезде ол істі келісу іс жүргізуінде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және ол бойынша жалпы тәртіппен іс жүргізуді жүзеге асыру үшін істі прокурорға жібереді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шешім қабылдау үшін сот осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен істі алдын ала тыңдау жүргізеді.
626-бап. Істі келісу іс жүргізуінде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар
Келісу іс жүргізуі жанындағы сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық қуынушы және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды.
Сот олардың сот талқылауына қатысуын коммуникациялық техникалық құралдардың көмегімен келісу іс жүргізуінде ұйымдастыра алады.
627-бап. Келісу іс жүргізуіндегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері
1. Сот отырысында бас тартулар мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін төрағалық етуші іс жүргізу келісімін қараудың басталғаны туралы жария етеді және прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.
2. Прокурордың сөйлеген сөзінен кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған іс жүргізу келісімінің мәнін түсінгенін және онымен келісетінін не келіспейтінін сұрайды. Қажет болған кезде төрағалық етуші сотталушыға іс жүргізу келісімінің мәнін түсіндіреді, одан кейін келісім жасаудың мән-жайын сотқа хабарлауды ұсынады және іс жүргізу келісімінің оның еркіне сәйкестігін және ол оны қолдайтынын не қолдамайтынын және осы іс бойынша сотқа бірдеңе хабарлағысы келетінін анықтайды.
3. Сотталушының позициясын анықтай отырып, төрағалық етуші қорғаушыға және прокурорға іс жүргізу келісіміне қатысты олардың пікірін хабарлайды, сондай-ақ іс жүргізу келісімінің күшінде қалатынын не қалмайтынын анықтайды.
4. Төрағалық етуші сот отырысында қажет болған кезде іс жүргізу келісімін жасаудың заңда көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан, сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алады.
5. Іс жүргізу келісімін қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай мерзімқажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Сотталушыға сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы да берілуге тиіс. Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын хабарлайды.
6. Істі келісу іс жүргізуінде қарау келісу іс жүргізуінде талқылау тағайындалған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Көрсетілген мерзім судьяның дәлелді қаулысымен орынды мерзімге ұзартылуы мүмкін.
628-бап. Келісу іс жүргізуіндегі сот шешімі
1. Іс жүргізу келісімін келісу іс жүргізуінде қарау қорытындылары бойынша сот мынадай дәлелді шешімдердің бірін:
1) егер келісу іс жүргізуін қолдануға негіз болмаса, прокурорға қылмыстық істі қайтару туралы қаулы;
2) егер сот іс жүргізу келісімінде көрсетілген қылмыстың саралануымен, азаматтық қуынымның мөлшерімен не жаза түрімен немесе оның мөлшерімен келіспесе, жаңа іс жүргізу келісімін жасау үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
3) егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, келісу іс жүргізуінен бас тарту туралы және қылмыстық істі қайтару туралы және қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
4) егер осы Кодекстің 35-бабында тізбеленген мән-жайлар анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
5) іс жүргізу келісіміне сәйкес азаматтық қуыным және басқа да жазалар жөніндегі шешіммен сотталушыға жаза тағайындай отырып, ақтау үкімін шығарады.
2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген қаулыны шығарған жағдайда, қылмыстық іс жалпы тәртіппен тергеу ісін жүргізу үшін прокурорға қайтарылады.
3. Тараптар қылмысты саралау, азаматтық қуыным мөлшері не жаза түрі немесе оның мөлшері мәселелері бойынша сот қаулысына сәйкес жаңа іс жүргізу келісімін жасағаннан кейін прокурор сотқа оны келісу іс жүргізуінде қарау үшін жаңа іс жүргізу келісімімен бірге қылмыстық істі жібереді.
4. Жаңа іс жүргізу келісімімен келіспеген кезде судья келісу іс жүргізуінде істі қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және прокурорға жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру үшін қылмыстық істі жібереді.
629-бап. Келісу іс жүргізуінде қаралатын іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы және мазмұны
1. Келісу іс жүргізуінде қаралатын іс бойынша шығарылған үкімнің кіріспе бөлігі осы Кодекстің 396-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Келісу іс жүргізуінде шығарылған айыптау үкімінің сипаттау-дәлелдеу бөлігінде іс жүргізу келісіміне арналған сілтеме қамтылады және мыналар:
1) жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық әрекеттің сипаты;
2) жасалған әрекеттің саралануы;
3) жаза тағайындаудың дәлелі;
4) азаматтық қуыным бойынша шешімнің дәлелі, оны орындаудың тәртібі мен мерзімі;
5) заттай дәлелдемелердің тағдыры және іс жүргізу шығындарын өндіріп алу туралы көрсетіледі.
3. Үкімнің қарар бөлігінде:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті тармағы, бөлігі және бабы бойынша сотталушының кінәсін тану;
2) жазалау шарасы;
3) іс жүргізу шығындары туралы азаматтық қуыным және мәселе бойынша шешім;
4) іс жүргізу келісімінің талаптарына сәйкес келтірілген залалдың орнын толтыруға арналған мерзімі;
5) үкімге шағымдану тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
4. Үкімнің қаулысымен бірге бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында тізбеленген мәселелер соттың шешуіне жатады.
Үкімнің көшірмесі сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға бес тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі.
Сотталған адам және оның қорғаушысы үкімнің көшірмесін алған күннен бастап он бес тәулік ішінде оған жалпы тәртіппен шағымдануға құқылы.
630-бап. Басты сот талқылауы барысында келісу іс жүргізуін қозғау
1. Сотталушы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.
Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхат келіп түскен кезде сот өтінішхатпен бірге қылмыстық істі прокурорға жібереді.
2. Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімі сотта осы Кодекстің 621-бабында көзделген тәртіппен жасалады.
3. Прокурор ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасаудан бас тартқан не келісімнің талаптары бойынша келісімге қол жеткізбеген жағдайда іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |