Мазмұны кіріспе І негізгі бөлім



бет1/5
Дата03.10.2022
өлшемі0.89 Mb.
#461852
  1   2   3   4   5
Мазмұны кіріспе І негізгі бөлім-dereksiz.org


Мазмұны кіріспе І негізгі бөлім
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .............................................................................................................2

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Технологиялық процесс сипаттамасы ...................................................4
1.2. Консервілер классификациясы ..................................................................6
1.3. Құрылғының конструкциясы, жұмыс істеу принципі .........................8


ІІ ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Еттің жалпы көрінісі ........................................................................10
2.2 Консерві кинематикалық сұлбасы........................................................11
2.3 Консерві өндірісінің технологиялық сұлбасы.........................................12


ІІІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1.Технологиялық есептеулер .....................................................................13
3.2.Кинематикалық есептеулер ....................................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................17

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ ................................................18
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ет және сүт өнеркәсіптерін дамыту еліміздің алға қойған мақсаттарының бірі болып табылады.Өнеркәсіпті дамытудың басты көзі  шикізатты толығымен және тиімді пайдалану, уақытты тиімді пайдаланып, яғни аз уақытта көп көлемді , көп ассортиментті және жоғары сапада өнім алу. Бұл мәселені шешу және оңтайландыру мен қарқындау - ет өнеркәсібін заманға сай ағынды механикаландырылған , автоматтандырылған құрылғыларды орнатып, олардың жұмыс істеу принциптерін жетік меңгеру.
Тамақ өнеркәсібінде ұсақтау - өте маңызды процестердің бірі. Ұсақтау деп механикалық кұштер әсерiнен материалдардың бөлшектерге бөлiну процесiн айтамыз.Ол процесс қатты материалдарды бөлшектерге бөлу арқылы өндіру барысында биохимиялық және диффузиялық процестердің жылдамдығын арттыру сонымен қоса қалдықтарды өңдеу кезінде қолданылады.Егер бөлшектердiң өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiлмей ұсақталса оны ұнтақтау немесе ұсақтау деп, егер бөлшек өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiп кiшiрейсе оны кесу деп атайды.
Етті жұқа ұсақтау үшін куттерлеу процесі қолданылады.Ал бұл процесс куттерде іске асырылады.Куттер— шұжық өндірісінде етті ұсақтау үшін, піскен шұжықтарға, сосискаларға және сарделькаларға арналған фарш дайындауда қолоданылатын, шикізаттарды біртекті етіп майдалап, оны басқа құрауыштармен араластыратын машина. Олардың үстел үстінде немесе еденде орналасқан, ашық және герметикалық, ортақ бір электрқозғалтқышы бар және бөлек жетекті кескіш білігі мен ыдысы бар, қос бағытты және тек бір бағытта айналатын кескіш білікті, бір,екі немесе үш жылдамдықты немесе сатысыз жылдамдықты кескіш біліктері бар, өнімді қолмен немесе механикалық түсіргіштермен, қолмен немесе программамен басқарылатын түрлері болады.Куттердің мұндай көп түрлілігі оның функционалдық мүмкіндіктерін көтеріп қоймай, сонымен бірге алынатын фарштың сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Кері айналмалы(реверсті) және кескіш біліктің айналу жылдамдығын өзгертіп отыратын куттерлер көмегімен фаршты біртекті массаға келтіріп араластыруға болады.Бұл жағдайда кескіш біліктің жылдамдығы төмен болуы керек, ал араластыру оның артқы қайралмаған жағымен іске асады.
Фарштың сапасы кескіш біліктің айналу жылдамдығына тікелей байланысты: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым куттерлердің қолданылу аймағы кең болады.Мерзімді әрекетті куттерлерде пышақ саны екіден кем емес.Пышықтардың конструкциясын таңдау барысында ыдыстың ішкі жағы мен кесетін шетінің арасындағы саңылаудың кішкентай болуына көңіл аударылады. Куттердің ыдысын қолмен немесе арнайы тиеу құрылғылары арқылы тиейді.Мерзімді әрекетті куттерлерде өнімді қолмен , ыдысты аудару арқылы немесе түсіргіш тәрелкелер немесе қырғыштар көмегімен тығыны бар орталық тесіктен өткізіп арбашыққа түсіреді.
Куттерге тиелген шикізат айналғыш ыдыс көмегімен кесу аймағына үнемі беріліп отырса, тез ұсақталады. Ұсақтау дәрежесі куттерлеудің ұзақтығына , пышақ санына және өткірлігіне байланысты болады.Процесс барысында куттерге су немесе мұз түйіршіктері салынады.Осылайша фарштың рецептурасы бақыланады, температурасы төмендеп, бір қалыпты болады.
Куттерлеу процесі аяқталған кезде фарш арнайы механизммен ыдыстан түсіріледі.Олардың ең қарапайымы - ыдысқа түсірілген жазық жалғастырғыш көмегімен. Айналу барысында фарш жалғастырғышқа тіреліп, ыдыстың шетімен қойылған сыйымдылыққа түседі.Мұндай механизм ыдысы төмен сыйымдылықтағы куттерлерде болады.Ал ыдысының сыйымдылығы 100л-ден асатын куттерлерде түсіру үшін тісті берілісті, электрқозғалтқыштан айналатын тәрелке орналастырылады.Айналған кезде тәрелке фаршты ыдыстан астауға лақтырып отырады.
Қазiргi куттерлердiң жаңа тұрлерi жоғары өнiмдiлiктi машиналар болып табылады. Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.Әмбебап куттерлер ет тартқышты, араластырғышты, куттердi, микроҰсақтағышты толығымен алмастыра алады. Ал олардың кейбiреулерi қалыптайтын, вакуумдейтiн және пiсiру құрылғысымен жабдықталған. Олар жоғары өнiмдiлiктi процестi автоматтандырылған жұйемен басқарумен, пышақты бiлiк пен тостағанның жетектi құрылғысының ұлкен диапазонды өзгермелi айналыс жылдамдығымен жабдықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет