Бақылаушы блок
Тест сұрақтары
1-нұсқа
Соз қоздырғышын ашқан ғалым:
А. Нейссер
К.Шига
А.В.Григорьев
С.Флекснер
Д.Сальмон
Адамдарда болатын генераацияланған бірінші реттік созылмалы ауру:
Гонорея
Мерез
Алапес
Бленнорея
Оба
Бастапқы атауы Вейль-Васильев деп аталған табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру:
Хламидиоз
Ишерехиоз
Лептоспириоз
Сифилис
Соз
Адам бронхопневмониясы мен орнитоз ауруын қоздыратын бактериялар тобы:
Лептоспиралалар
Микоплазмалар
Менингококк
Пневмококк
Хламидиялар
1937ж алғаш рет Дианес пен Эдзалл бөліп алған бактерия туындататын ауру:
Хламидиоз
Лептоспироз
Микоплазмоз
Соз
Мерез
Атжалмаңдық бөртпе сүзегінің екінші атауы:
Табардилло
Хайне-медин
Су қызбасы
Лепра
Мерез
Жаңа дәуірдің екінші ғасырында Талон ұсынған термин:
Гонококк
Менингококк
Пневмококк
Гонорея
Бленнорея
Алапес ауруының 85пайызы қай жерде тіркелген?
Қазақстанда
Азия мен Африкада
Азияда
Ресейде
Африкада
Соз ауруының жасырын кезеңі
2-10 күн
5-6 күн
2-4 күн
1-2 күн
3-14 күн
Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі?
Бактериологиялық
Серологиялық
Жеделдетілген
Бактериоскопиялық
Генетикалық
Медициналық маңызы бар микоплазма түрлері
4
3
6
5
2
Хламидия ауруының жиі кездесетін түрі:
Пневмония
Орнитоз
Уретрит
Рингивит
Периодонтит
Алапес ауруының емдеу уақтылығы?
2-10 күн
1-2 ай
2-5 жыл
3-10жыл
6 ай
Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы байланысты
Парентеральды
Педикулез
Ректалды
Вагиналды
Пероралды
Лептоспираның бактериясының пішіні?
Сфера
Сопақша
Ирекше
Таяқша
Ү тір
II нұсқа
1.Несеп жыныс жүйесінің аурулары:
a) орхит
b) блефарит
c) фарингит
d) ринит
e) холецистит
2.Қалыпты жағдайда несепте болуы мүмкін:
a) көк іріңді таяқшасы
b) протей
c) дифтероидтар
d) лактобактериялар
e) ішек таяқшасы
3.Колониялар сипаттамасына жатпайды:
a) мөлшері
b) түсі
c) айнала шетінің сипаты
d) консистенциясы
e) глюкозаның ыдыратуы
4.Қандай микробтар соз қоздыра алады:
а) стрептококк
b) менингококк
c) пневмококк
d) гонококк
e) микоплазма
5.Соз қоздырғышына қолданылатын бояу әдісі:
а) Циль-Нильсен
b) Грам
c) метилен көк
d) Нейссер
e) Ожешко
6.Несепті микробиологиялық зерттеу:
a) центрифугалаудан кейінгі тұнбадан себеді
b) алынғаннан соң 2 сағаттан соң себеді
c) Нейссер әдісімен бояйды
d) 2 есе сұйылтып барып себеді
e) аталғандардың барлығы
7. Қоректі ортада өнген кезде гонококктар түзеді:
a) қатқыл қабық
b) нәзік қабық, бірқалыпты бұлыңғыр
c) диффузды бұлыңғыр
d) түйіршікті тұнба
e) мақта үзіндері тәрізді тұнба
8. Ең алғаш гонококкты ашқан:
а) Кох
b) Пастер
c) Вексельбаум
d) Нейссер
e) Бильрот
9. Гонореяның негізгі жұғу жолы:
а) тағам арқылы
b) тұрмыстық- қатынас (жыныстық)
c) су арқылы
d) жәндіктер арқылы
e) қан арқылы
10.Алғашқы екпені ойлап тапқан кім:
а) Нейссер
b) Листер
c) Пастер
d) Дженнер
e) Левенгук
11.Серологиялық диагностиканы жасау үшін қолданады:
а) іріңді
b) қан сарысуын
c) зәрді
d) қақырықты
e) өтті
12.Мерез диагностикасында келесі реакцияны қолданады:
а) Райт
b) Бюрне
c) Вассерман
d) Асколи
e) Манту
13.Кандида үшін тән сипаттама:
а) өскен колониялар саны есепке алынбайды
b) бөліну, бүршіктену әдісімен көбейеді
c) жасанды қоректік орталарда өспейді
d) грамтеріс
e) оптималды температурасы 430 С
14.Сепсис кезінде қан алып себеді:
а) байыту ортасына 10 мл
b) Сабуро ортасына
c) элективті ортаға
d) себіндіні бірнеше рет қыздырады
e) тоңазытқышта сақтайды
15.Инфекцияның қан арқылы тарлуы қалай аталады:
а) парентералды
b) трансплацентралы
c) тағамдық
d) тұрмыстық
e) трансмиссивті
Жауаптар эталоны
1-нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
а
|
с
|
с
|
е
|
С
|
а
|
д
|
В
|
с
|
д
|
в
|
а
|
д
|
в
|
С
|
2-нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
а
|
е
|
е
|
d
|
B
|
а
|
b
|
d
|
b
|
с
|
b
|
с
|
b
|
а
|
а
|
5-тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Вирустық жұқпа қоздырғыштары
Мақсаты:
- Вирустық жұқпа қоздырғыштары жайлы вирусологиялық әдіс жөнінде ақпарат беру.
-Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
-Білім алушыларды теориядаға алған білімдерін тереңдетуге баулу.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша теориялық білімін тексеру.
3. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық.
4. Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
5. Жұмыс нәтижесін тексеру, талдау және бағалау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың жүру барысы
Тапсырма 1.Стандарт: Әр түрлі зертханалық ыдыстарда өсірілген патогенді микроорганизмдердің дақылдарын жою техникасы.
Мақсаты: әр түрлі зертханалық ыдыстарда өсірілген патогенді микроорганизмдердің дақылдарын жою техникасын үйрету.
Жабдықталуы: арнайы металл ыдыс, 2-5% сілті ерітіндісі бар хлорлы су, патогенді микроорганизмдердің дақылдары бар зертханалық ыдыстар, патогенді материалды жоюға арналған автоклав.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Вегетативті формадағы патогенді микроб культурасы бар пробиркалар мен табақшаларды арнайы металл ыдысқа салыңыз;
2. 2-5% сілті ерітіндісі бар салқын су құйыңыз;
3. Ыдыстың қақпағын жауып, отқа қойыңыз;
4. Қақпақтың бу шығуға арналған бірнеше саңылауы болуы керек;
5. Әлсіз отта 1,5-2 сағат қайнатыңыз.
Тапсырма 2.Стандарт: Агглютинация реакциясын болжамды қою техникасы
Мақсаты: агглютинация реакциясын болжамды қою техникасын үйрету.
Жабдықталуы: зерттелетін микроб дақылы, арнайы сарысу, NaCI ерітіндісі, заттық әйнек, пастер түтікшесі, бактериологиялық тұзақ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Заттық әйнекті майсыздандырыңыз;
2.Залалсыз пастер түтікшесімен 2млагглютиндеуші сарысуды және 1 тамшы изотониялық ерітіндіні тамызыңыз. Тамшылар арасында қашықтық болғанын қадағалаңыз.
3.Стеклографпен заттық әйнекке сарысу мен изотониялық ерітіндінің тамшыларын маркерлеңіз;
4.Дақылдың бір тамшысын изотониялық ерітіндіге, бір тамшысын сарысуға енгізіңіз;
5.Әр тамшыны біртекті қоспа пайда болғанша араластырыңыз;
6.Нәтижесін 1-3 мин кейін бағалаңыз.
Ескерту: Сарысу бақылауы – мөлдір.
Антиген бақылауы –бірқалыпты лай.
Теріс нәтиже – бірқалыпты лай.
Оң нәтиже – мөлдір сұйықтықтағы қабықша
Тапсырма 3. Стандарт: Кеңейтілген агглютинация реакциясын
қою техникасы
Мақсаты: кеңейтілген агглютинация реакциясын қою техникасын үйрету.
Жабдықталуы: диагностикумдар, сарысу, изотониялықерітінді, штатив, пробиркалар, түтікшелер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Сары сулардың 1:50 ден 1:1600-ге дейінгі сұйылтуларын дайындаңыз;
2.Штативке қажетті мөлшердегі пробиркаларды салыңыз;
3.Әр пробирканың сыртына сұйылту дәрежесін белгілеңіз;
4.Бақылауға арналған пробиркаларға «СБ»- сарысу бақылауы, «АБ»- антиген бақылауы деп жазыңыз;
5.Барлық пробиркаларға 1 мл-ден изотониялық ерітінді құйыңыз;
6.1-ші және «СБ» пробиркаларға 1мл-ден сұйылтылған сары суларды құйыңыз;
7.1-пробиркадағы сұйықтықты араластырып, залалсыз түтікшемен 1мл-ін 2-ші пробиркаға, 2-ден 3-ге және осы тәртіппен барлық пробиркаларға құйып шығыңыз. Соңғы пробиркадан 1мл сұйықтықты зарарсыздандырғыш ерітіндіге құйып тастаңыз;
8.Барлық пробиркаларға антиген-диагностикумнан 2мл-ден құйыңыз, «СБ» - сарысу бақылауынан басқасына;
9.Мұқият араластырғаннан кейін пробиркаларды термостатқа 2 сағатқа салыңыз (болжамды нәтиже). 20 сағаттан кейін – нақты нәтиже.
10.Бақылау пробиркаларынан бастап нәтижесін есептеуді жүргізіңіз.
Ескерту: Сарысу бақылауы – мөлдір.
Антиген бақылауы – лайлы.
Оң нәтижеде мөлдір сұйықтықта агглютинат қабықшасы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |