438
439
Көгарт – Памир жотасы жəне Құрым, Қарақұрым тауларының батысындағы тау-
лардың жалпы аты. Ертеде Қытай мен Батыс əлемінің арасындағы керуен жолы осы
Көгарт тауынан өткен. «Му Тянзы баянында» “Шоң тау”
деп аталса, Хəн дəуірінде
“Сұңлиң” (яғни “Жуалы асуы”) деп аталды. Таң əулеті тұсында өмір сүрген тарихшы
Ян Шыгу: “Шыңдары биік əрі жуа көп өсетіндіктен осылай атаған”, – дейді. Махмұт
Қашқаридың «Түркі сөздігінде» де Көгарт деп аталған. Арт – «асу» деген мағынада.
Перғана – ежелгі Үйсін елі.
Чұгұпан – байырғы Зеғып елі. Ол қытай жылнамаларында “kĭa puan”, “kĭwo puan”,
“ĭwo kĭa” деп те жазылады. Ал Түбіт жазбаларында “Чұгұпан” немесе “чұгобан”,
ежелгі ұйғыр ескерткіштерінде “чəкүк”, санскритше “чакұкалка” деп жазылған.
Қытайша дыбысталуы мен түбітше жазылуын ескеріп Чұгұпан деп алдық. Бұл елдің
орны оңтүстік Шынжаңдағы Қағлық (Қарғалық) ауданы.
Йұрпан елі (∞ĭwa#t puan) – бұл елді əр ел ғалымдары əрқалай транскрипциялаған.
Қытай ғалымы Юй Тəйшəн ежелгі оқылуын jiuat peən
деп көрсете отырып, оны
аварлар деген көзқарасын ұсынады. Ал Томашек оны түркі тілдеріндегі жапан дала
деген мағынадағы “ябан” сөзімен қатысты деп қарайды
(Tomashek Central Asia Studies,
Sogdiana, Jusian, 1877, p. 23). Аристов Чубань атауымен байланыстырады
(Аристов,
1894; Албани. Тарих танымы, 1994, 233-б.). Бақыт Еженханұлы Албан деп
(Юебань
этнонимі туралы. Шығыс, 2004, №1), Шюе Зұңжың “Яғма” деп көрсетеді. Біз синолог
Го Шиляң мырзаның сөздігі бойынша транскрипциялап, “йұрпан” деп жаздық.
Достарыңызбен бөлісу: