«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БƏЙІТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет128/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БƏЙІТТЕРІ
Түркі халықтарының бəйіттері – М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» кітабына 
енген өлеңдер. Ə.Ибатов пен Қ.Бекетаев аударып дайындаған М.Қашқаридің «Түбі 
бір түркі тілі» кітабында (1993) жарияланған материал негізінде берілді.
ОҒЫЗ-НАМА
Үйсін мемлекетінің жерінде оғыз-қыпшақ тобының тілінде жазылған 
генеалогиялық аңызға негізделген эпикалық шығарма. «Оғыз-нама» – түркі тектес 
халықтарға ортақ көне əдеби мұра. Дастанның бірден-бір түпнұсқасы Париж 
қаласындағы Франция Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Зерттеушілер бұл 
мұраны осы қолжазба бойынша жариялап, аударып, зерттеу объектісі етіп келеді. 
«Ұйғыр қолжазбасы» деп аталып кеткен бұл дастан көне түркі дəуірінің туындысы 
болып саналады. Алғаш орыс тіліне аударған – академик В.В. Радлов. Одан кейін 
қолжазбаны қайта аударып, зерттеген орыс ғалымы А.М. Щербак мұны дəл түпнұсқа 
емес, алғашқы түпнұсқаның бірінші, яки екінші көшірмесі болса керек деген пікір 
айтады. Дастанның авторы ұйғыр деп ұйғарылып келген. Алайда В.В. Бартольд 
мұның авторы ұйғыр емес, қайта бір кезде оғыздар мекендеген қырғыз (қазақ) 
даласының тұрғыны болу керек деген батыл пікір айтады, мұны зерттеуші П. Пелльо 
да мақұлдайды. Дастанның екінші нұсқасын (Əбілғазы Баһадүр ханның 1661 жылы 
жазылған «Шаджарайи-таракима» шығармасын) академик А.Н. Кононов 1958 жылы 
«Родословная туркмен, Соч. Абул-газы хана Хивинского» деген атпен жарыққа 
шығарды. Үшіншісі – Есқали Қоңыратбаевтың 1915 жылы Рашид-əд-Дин, Əбілғазы, 
«Шайбани-наме» деректеріне сүйеніп жазған нұсқасы мен Лондондағы Британ 
музейінде сақталған (1888) нұсқасы. Оғыз бейнесін дəл тарихи тұлға ретінде емес, 
қалыпты əдеби образ ретінде алып қарастыру жөн сияқты. Дастанның мазмұны мен 
құрылысында да көркемдік, тілдік ерекшеліктері мен образдар жүйесінде де біздің 
ертегілеріміз бен эпикалық жырларымызға тəн көптеген ұқсастықтар бар. Айталық, 
біздің эпикалық дастандарымызда батырдың ерлігі өзіне лайық жар таңдау жолында 
көрінетін болса, мұнда Оғыз өз жауы – Мүйізтұмсықты жекпе-жекте өлтіру арқылы 
көзге түсіп, танылады. Дəл осы жайт біздің ертегілеріміздегі батыр жігіттің сүйген 
қызы үшін жалмауыз айдаһармен жекпе-жек күресін еске түсіреді. Сондай-ақ Оғыздың 
төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қаңғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тəрізді бейнелер 
өздерінің іс-əрекеттерімен біздегі Желаяқ, Көлтауысар, Мерген образдарымен ұқсас, 
үндес болып келеді. Мұның үстіне аталған кісілер қазақ халқының құрамында əлі 
күнге сол ру қалпымен аталатынын ескерсек, дастанның этникалық жағынан да 
жақындығы аңғарыла, айқындала түседі. Бұдан тыс көптеген жер-су аттарының 
(Итіл, Қаратау, Мұзтау) ұқсастығы мен жиын-тойға оң қанат (Ақ қойлы), сол қанат 
(Қара қойлы) болып бөліну дəстүрлері де, сондағы хан ұрпақтарының Боз оқ, Ұш 
оқ болып бөлінуі де этногенездік туыстықты аңғартады. Мұндай туыстық белгілер 
дастанның тілінен де айқын көрінеді. Мəселен, Итіл (Еділ) өзені бойындағы соғысты 
бейнелегенде: «Сіп-сіңгірдей болды» деген тіркес ұшырасады. Дəл осындай өзге 
де бірлік-туыстық белгілер ерекше мол ұшырасады дер едік. «Оғыз-нама» дастаны 
бірыңғай қара сөзбен ғана жазылмай, ара-тұра жыр үлгісі де ұшырасатын шығарма. 
Бұл сипат ежелгі жыраулық поэзия дəстүрін еске түсірумен қатар, бұларға тəн арғы 
мəдениет тарихын аңғартады.
«Оғыз-нама» дастаны алғаш рет М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер 
институтының бір топ ғалымдарының көп жылғы ізденістері арқасында түркі 
тілдес халықтарға ортақ тағы бір əдеби жəдігер – «Мұхаббат-нама» дастанымен 
бірге жеке кітап болып жарық көрді. Дастан мəтіндерін көрнекті ғалым, Қазақ КСР 
ҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профес сор 
Ə.Ж.Дербісəлин (1929–1986), бүгіндері есімі елімізге белгілі филология ғылымдары-
ның докторы, профессор, белгілі ақын Ө.Н.Күмісбаев пен филология ғылымдарының 
докторы, профессор М.Жармұхамедұлы қазақ тіліне аударып, үлкен текстологиялық 
жұмыстар жүргізді, дастан тарихнамасы мен оның қазақ əдебиетіне қатысы туралы 
көлемді зерттеу мақала жазды. Томдағы дастан мəтіні осы басылым бойынша («Оғыз-
наме». «Мұхаббат-наме». – Алматы: Ғылым, 1986. 36–48-бб.) беріліп отыр.
М.Жармұхамедұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет