ШЫҒАЙҰЛЫ ДӘУЛЕТКЕРЕЙ /1820-1887/
240. «Бұлбұл»
(I нұсқа)
Әйгілі күйші Сағырбайұлы Құрманғазы бір даудың салда-
рынан істі болып, сол кездегі Бөкей ордасының әкім сұл таны
Шығайұлы Дәулеткерейдің алдына келіпті дейді. Құрманғазы-
ның күйшілік даңқына Дәулеткерей сыртынан қанық екен,
ықыласпен қарсы алады. Ауыл-елдің амандығы сұралып, сый-
құрмет көрсетілген соң, Құрманғазы келген шаруасын айтады.
Сонда Дәулеткерей: «Құрман аға, бір ғана базына шартым бар.
Теріс дау болса да пайдасын сізге шешейін, тек бір-бірімізге
айтар сөзімізді күймен жеткізіп көрсек қайтеді»,—деп, ашық
шыраймен күтпеген қолқа салады.
Құрманғазы үшін көкірегін кернеп келген мұң-сырын
күймен жеткізу жеңіл. Сондықтан да, іркілместен келісім
береді.
Дәулеткерей: «олай болса, сіз қонақсыз ғой, күйді мен
бастайын»,—деп, бір күй тартады. Бірден сергек басталған
күй Құрманғазының жүрегін баурап, іш-бауырына еніп, буын-
буынына түскендей жанына жағады. Күй біткенде Құрманғазы:
«Апырай, мынауың бұрын естімеген тамаша күй екен, бұл не
күй?»—деп сұрайды. Дәулеткерей болса сәл жымиып алып, «Біз
күй тілімен сөйлесуге тоқтадық емес пе, егер күйім шынымен-
ақ сізге ұнаса, онда мұның аты «Бұлбұл» болсын»,—дейді.
Сонда Құрманғазы да домбыраға қол созып, аз-кем тол-
ғаныстан кейін бір күйді бастай жөнеледі. Әлгінде ғана жүрегін
шарпыған ыстық сезімді өкшелей қуып, ізін суытқы сы кел-
мегендей домбыраны лекіте қағады. Тың сарын қат-қаты-
мен түсіп, қыранның қауырсынындай жымдасып, мүдірмей
төгіледі. Бір мезгілде домбыра сағағын қақтай сауып, таңдайы
тақылдап, өліп-өшіп, әлденені қадалып айтқандай болады да,
іле кері серпіліп, сабасына түскендей, сыбырлап-сыңқылдап
барып тынады.
Дәулеткерей де әсерін жасыра алмайды: «Тамаша екен, бұл
не күй?!»—деп сұрайды. Енді Құрманғазы жымия күліп тіл
қатады: «Тілдің емес, күйдің айтқышын бұлбұлға теңеген өзің
емес пе, менің күйімнің де аты «Бұлбұл»,—дейді.
226
227
күй және күйшілер туралы аңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |