356
357
ғылыми қосымшалар
батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған ба тырлар
қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18
ғасырдың басында ресей отаршыларына қарсы кү рескен. Жа-
рылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата
алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба-Шаған шайқасында
Кебін
қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Сонымен бірге,
Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгенбай ба-
тырмен
сөз қағыстырып, артына тағылымды шешендік сөздер
қалдырған.
Жәнібек хан, Әбу Сайд /XV ғасырдың басы-1470
/—Қазақ
хандығының негізін қалаған хандардың бірі, орыс ханның
ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.
Туысы Керей ханмен бірлесе
отырып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Сондықтан та-
ри хи жазба деректерде болсын, «Хандар шежіресінде» болсын
Жәнібек хан есімі Қазақ хандығының құрылуына
байланыс ты
кездеседі. 1465-66 жылы Керей хан қайтыс болғаннан кейін,
Жәнібек хандық билікке келеді. Бұрындық ханның билік
құрған жылдарын есептемегенде, Қазақ хандығының билігі осы
кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді.
Жәңгір /1801-1845/—Бөкей ордасының ханы (1821/23-
1845), Бөкей ханның баласы. Бөкей
қайтыс болғаннан кейін хан
тағы мұрагерлік жолымен Жәңгірге берілген. Алайда Жәңгір
жас болғандықтан, ол ержеткенге дейінгі ордадағы билік Бөкей
ханның інісі Шығай сұлтанға тапсырылады. Жәңгір 1823 жыл-
ға дейін Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде
тәрбие-
леніп, еуропаша білім алып, хандықты әкімшілік жа
ғы
нан
басқаруды үйренеді. Жәңгір орыс, татар, неміс тілдерін біл-
ген. Жәңгір билік еткен тұста Бөкей ордасында сауда жәр мең-
кесі (хан жәрмеңкесі)
ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше,
дәріхана, архив ашылды, хандықтың алғашқы картасы жа-
салды. Сондай-ақ Жәңгір
хан өз қаражатымен мектеп ашып,
М.С.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, Қ.Шығаев т.б. білім алған.
Достарыңызбен бөлісу: