И м и 7.Мәдениетфункциялар Мәдениеттің бұл рөлі бірнеше функциялар арқылы жүзеге асырылады
Білім беру - тәрбиелеу функциясы. Мәдениет адамды тұлға етеді деуге болады. Индивид қоғам мүшесіне айналады, әлеуметтену шамасына қарай, яғни білімдерді, тілді, символдарды, өз халқының, өз әлеуметтік тобының және бүкіл адамзаттың құндылықтарын, нормаларын, әдеттерін, дәстүрлерін меңгеруіне қарай тұлғаға айналады. Тұлға мәдениетінің деңгейі оның әлеуметтенуімен-мәдени мұраға ортақтасуымен, сондай-ақ жеке қабілеттерінің даму дәрежесімен анықталады. Тұлғаның мәдениеті, әдетте, дамыған шығармашылық қабілеттермен, білгірлікпен, өнер туындыларын түсіне білумен, туған және шетел тілдерін еркін меңгерумен, ұқыптылықпен, сыпайлылықпен, өзін-өзі ұстай білумен, жоғары адамгершілікпен және т.с.с. анықталады. Мұның барлығына тәрбиелеу және білім беру барысында қол жеткізіледі.
Мәдениеттің ықпалдастық және ыдыратушы функциялары. Мәдениетті меңгеру адамдарда - қандай да бір қауымдастық мүшелерінде ортақтық, бір ұлтқа, халыққа, дінге, топқа және т.с.с. қатыстылық сезімін тудырады. Осылайша, мәдениет адамдарды топтастырады, біріктіреді, қауымдастықтың біртұтастығын қамтамасыз етеді. Алайда біреулерді қандай да бір қосалқы мәдениет негізінде топтастыра отырып, ол оларды басқаларға қарсы қояды, әлдеқайда кең қауымдастықтардан және қауымдардан ажыратады. Сондай әлдеқайда кең қауымдастықтар мен қауымдарда мәдени жанжалдар туындауы мүмкін. Осылайша, мәдениет ыдыратушы функцияны да атқаруы мүмкін.
Мәдениеттің реттеуші функциясы. Бұдан бұрын айтылғандай, әлеуметтену барысында құндылық, идеалдар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның өзін-өзі тану бөлігіне айналады. Олар оның жүріс-тұрысын қалыптастырады және реттейді. Мәдениет жалпы алғанда адам әрекет ете алатын және әрекет етуі тиіс шекараларын анықтайды. Мәдениет нұсқаулар және тыйымдар жүйесін ұсынып, адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, тұрмыстағы және т.с.с. жүріс-тұрысын реттейді. Осы нұсқаулар мен тыйымдарды бұзу қауымдастықпен белгіленген және қоғамдық пікірлер және институциялық мәжбүрлеудің әртүрлі нысандармен қолдау табатын белгілі бір санкцияларға әкеледі.
Әлеуметтік тәжірибені беру (тапсыру) функциясын тарихи сабақтастық немесе ақпараттық функция деп жиі атайды. Мәдениет күрделі таңбалық жүйе түрінде болады, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге жеткізеді. Мәдениеттен басқа қоғамда адамдармен жинақталған
тәжрибенің бүкіл байлығын шоғырландырудың тетіктері жоқ. Сондықтан да мәдениетті адамзаттың әлеуметтік жадысы деп санайтыны тегін емес.
Танымдық (гносеологиялық) функциясы әлеуметтік тәжірибені беру функциясымен тығыз байланысты және белгілі мағынада содан туындайды. Мәдениет адамдардың көптеген ұрпақтарының үздік әлеуметтік тәжірибесін шоғырландырып, әлем туралы аса бай білімдерді жинақтау қабілетіне ие болады және осылайша оны тану және меңгеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды. Қоғамды адамзаттың мәдени гендік қорда қамтылған аса бай білімдерді қаншалықты толық пайдалану шамасына қарай зияткерлік деп айтуға болады. Бүгінде әлемде өмір сүретін қоғамның барлық типтері ең алдымен осы белгісі бойынша ерекшеленеді.
Реттеуші (нормативтік) функциясы бірінші кезекте адамдар қызметінің қоғамдық және жеке түрінің әртүрлі жақтарын анықтаумен (реттеумен) байланысты. Еңбек, тұрмыс, тұлғаралық қатынастар саласында мәдениет қалай болса да адамдардың жүріс-тұрысына ықпал етеді және олардың әрекеттерін реттейді және тіпті белгілі бір материалдық және рухани құндылықтарын таңдауға әсер етеді. Мәдениеттің реттеуші функциясы Таңбалық функция мәдениет жүйесінде аса маңызды. Белгілі бір таңбалық жүйе түрінде бола отырып, мәдениет оны білуді, оған иелік етуді көздейді. Тиісті таңбалық жүйелерді зерттемей, мәдениет жетістіктерін меңгеру мүмкін емес. Осылай тіл (ауызша немесе жазбаша) адамдардың қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Әдеби тіл ұлттық мәдениетті меңгерудің аса маңызды құралы ретінде әрекет етеді. Арнайы тілдер музыка, өнер, театр әлемін тану үшін қажет. Жаратылыстану ғылымдарында өзіндік таңбалық жүйелері бар.
Құндылық немесе аксиологиялық функция мәдениеттің аса маңызды сапалық күйін көрсетеді. Мәдениет құндылықтардың белгілі бір жүйесі ретінде адамда белгілі бір құндылық қажеттілік пен бағдарды қалыптастырады. Соның деңгейі мен сапасы бойынша адамдар, әдетте, қандай да бір адам мәдениеттілігінің дәрежесін сынайды. Адамгершілік және зияткерліктің мазмұны, әдетте, тиісті бағалаудың критерийі ретінде болады.
8. Ф. Боастің, Л. Уайттің, З. Фрейдтің, К. Леви-Стросстің, К. Маркстің, Э. Тайлордің, О. Шпенглердің, А. Тойнбидің, Л. Гумилевтің, П. Сорокиндің, С. Хантингтонтің теориялық тәсілдер.