(Н.Ә.
Назарбаев. Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол» Жолдауы. 2014 жыл. 11
қараша).
Елбасының ойына сүйенсек, ұлттық идея тек бүгін пайда болған
жаңалық емес, ол миллиондаған адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің
жемісі болып табылады. Біздің міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты
бірлестіруші факторға айналдыру, яғни мықты ұлттық идея қалыптастырып,
329
бүкіл халықтың арман-мүддесін жүзеге асыру. Елдер мен елдердің, ұлттар мен
этностардың мақсат мұраты ескерілмеген жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс
қарамауы, бір халықтың екінші халықты кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің
екінші тілді қыспаққа алу, бар болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын
алса, ұлттық идеяға қауіп төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол
бермеуіміз керек. Сол себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру,
ауызбіршілік, ынтымақтастықта əр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап,
еліміздің абыройын асқақтата отырып, əлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің
əр бір азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір
сүруі қажет.
Ұлттық идея – ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық
мүдденi мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты əрекет-
қимылына сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны.
Қазақтың ұлттық мүддесi не? Ұлттық мүдде – ұлттық құндылықтар.
Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың əр параграфынан құралады:
атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, ортақ салт-дəстүрi, төл əдет-
ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея – ұлттық құндылықтардың жаһандастыру
дəуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре алатын жағдайын көксеген мұраттың көрiнiсi.
Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған
рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи
болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы.
Тəуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі – адамдардың
бойында еліміздің тəуелсіздігін айрықша қастерлейтін қасиет – ұлттық рухты
нығайту. Енді рухани мəселелерге ден қоятын уақыт та келіп жетті. Себебі,
рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім көрінгеннің
таптаурын болған ескі жұртын шиырлап жүрсек, дамыған елу елмен иық
тірестіру түгіл, егемендікті сақтап қалудың өзі қиынға соғады. Өйткені,
материалдық байлығымен танылған ғана емес, рухани құндылықтарын
дəріптеген, ұлттық ерекшелігі сақталған, тарихы таза мемлекет қана ертеңгі
күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болады. Ұлтты
ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған мекені ғана емес, оның тілі мен
ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дəстүрлері мен философиясы, əрине ұлттың
рухы. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі
дəстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді айтпау мүмкін емес. Бүгінгі күндегі
біздің қоғамымыздағы рухани дүниедегі, елдік пен бірлікке негізделген
жоғарыдағы келтірілген қасиеттер ұлттың құндылық бағытына айналуы қажет.
Әсіресе егер ұлт – ол ашық əлеуметтік жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда
өзіндік ұлттық ерекшелігі мен өзіндік сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін
түсіну қиын емес. Өйткені қоғамда əртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасау,
сақтау, қирату сияқты процесстер, онда дəстүрлі құндылықтар, салт-дəстүрлер,
институттардың жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа институттардың енуі,
басқа мəдени идеялардың орнығуы, басқа халықтардың тəжірибесін
пайдалануы сияқты процесстер де жүріп жатады. Сол себептен де əсіресе
жаһандану кезеңіндегі өзіндік ұлттық ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де,
қажетті болып табылады. Ол ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық
330
рухтың негізінде, қазіргі қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін
сақтайтын мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дəрежеде қалдыру міндет.
Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгіннің
мəдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мəн
мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеологиямыз жоғары, тарихи үлгі
өнеге тұтар парасатты, ой толғаныстары күшті ел болу еш күмəн тудырмайды.
Ұлттық «Менді» қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан.
Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан
сəбидiң құлағына естiлетiн əн мен үнге дейiн кiредi. Солардың бəрiнiң басын
қосатын, бəрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн.
Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою
оңай мiндет емес. Ол шiркiн əлi күнге дейiн жоқ та. Ал қажеттiгiн отансүйгiш
рухтағы əрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат. Армансыз
адам - қанатсыз құспен тең, дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала
берсек қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша елде
жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн атқарып
шығатындай көрiнедi. Ұлттық идеясы жоқ қазақстанда өмiр сүру қазақтан
басқаның бəрiне майдай жағатын шығар, бiрақ түптiң түбiнде өкiнiште
қалатыны – қазақтар. Өзiн-өзi жарылқамағанды басқалар ұшпаққа шығарады
деудiң еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаhанданудың
табанында жаншылып қалмау үшiн де ұлттық идеяның өзектiгi мен қажеттiгi
күн санап артып келедi. Демек қарап отыруға болмайды.
Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу
керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нəсiлдiк,
ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дəрiптеуден алыс тұрғаны абзал.
Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының
мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дəстүрлi, этникалық
ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға
айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның
хронологиялық бастапқы сəтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз
жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты
ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да
түсiнiктi жайт..
Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын əлеуметтiк қауым
арасында мейлiнше дəйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тəрбиеленушi
бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға
жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – мамандар мен зиялылардың
ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн қалыптастыру. Осылардың санасына,
өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне
күмəн жоқ.
Көптеген батыс ойшылдары əлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі
ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. Поппер еркін
демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді дейді. Тоталитарлық
қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен жасырмаған, орасан зор ішкі
күштердің əсерінен құлады. Алдымен өзінің қалдықтарының астына біріңғай
331
Кеңес империясының темір жұдырыған көміп, өте топтасқан жəне мызғымастай
болған шығыс еуропалық диктатура жойылды.
Біз ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық идея
Қазақстанда жүріп жатқан мəдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен əлемдік
өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында
қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік негіздеріне өркениеттің
ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес Одағы тарқағаннан кейін
батыстандыру мен америкаландырудың жаңа пəрменге ие болуы, бұқаралық
мəдениет үлгілерінің жаңа тəуелсіз елдерде барынша таралуы, этникалықтан
өркениеттіліктің басымдылыққа ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық
идеяның қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы
(православтық,
мұсылмандық
жəне
конфуцийлік),
мəдени-əлеуметтік
транзиттік, тоталитарлық жəне атеистік сана қалдықтары, номадалық діл
архетиптері ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, Қазақстанда ұлттық
идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Қазіргі өркениеттік жəне
ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс əлемдегі елу озық елдердің
қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Тек халықтың мəдени өзіндік бірегейленуі оның əлемдегі орнын
көрсетеді. Тек ұлттық мəдениет жоғары эстетикалық, этикалық, əлеуметтік
талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген ретіндегі
жалпыадамдық мəдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық мінездердің əр түсті
көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мəдениет немесе руханилықты толық
ескермеумен қатар жүретін таза материалды мұқтаждықтарды өтеуге, немесе
қайсыбір жалғыз «этнографиялық дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған
тіршілік формаларын басқа барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді.
Ұлттық мəдениет өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара»
ұғымымен шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі
мен қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық
концепцияға сай мəдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да алмайды.
Мəдени дəстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани болмысының бөлігіне
айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады. Әрбір адамда мəдениет өткен
шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мəдени-тарихи даму бірбағытта емес, ол
айналмалы. Мəдениет эволюциясы тұйық мəдени шеңбер шектерінде жүріп
жатады.
Посткеңестік
кеңістіктегі
ұлттық
мəдениеттерге
қатысты
əмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл батыстық,
шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту, гуманизм, зерделіліктің
жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық мəдениетті тек бір руханилықтың
əмбебапты үлгісінде саналы түрде қайтадан жасап шығару талабына жатады.
əрине, тек бір мəдениетті таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне
қазіргі жағдайларда мəдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді,
оның алғышарты ретінде қарастырылды. «Идеологиялық текетірестің соңы
болып табылатын жəне қарама-қарсы тұру мəдени шекаралар, өркениеттік
арқылы өттетін, əлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене отырып, Қазақстан үшін
332
айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік барған сайын маңызды бола
бастайды»
Достарыңызбен бөлісу: |