338
отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мəдениеттің
тəжірибесі жəне жетістіктерімен бөлісуге дайын.
Халықтың əлеуметтік өмірі, ұлттық сананың əрекет етуі, ұлттық
мəдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі
ұлттық мемлекеттің модернизациялық жəне өркениеттік тəжірибесінде
ұлттық сана мəдениет универсалийлеріне (əмбебаптарына) қатысты ерекше
бір сарапшы рөлін атқарады: мəселе жалпыадамдық құндылықтардың
этностың дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл
əмбебаптарды сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық
процестер барған сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мəдени
ұйымдасу мен халық типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз
өркениеттік даму кеңмəтініндегі мəдениет
туралы болып отырса, онда
мəдениеттің адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да
ескеру керек. Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мəдени
формаларды ассмиляциялауға қабілетті, «қуатты» ұлттық мəдениеттердің
ашықтығы жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық мемлекет сияқты,
əлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы ретінде ұлттық
мəдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.
Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір формалар
қабылдайтын, дəстүр мен жаңашылдықтың
арасындағы дағдарыстың
нақтылығы мен мəжбүрсіздігін еске алмауға болмайды. Ұлттық мемлекеттің
қалыптасуы
мен
нығаюы
жағдайында
ұлттық
мəдениет
ұлттық
мемлекеттіліктің, ұлттық азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын,
сонымен бірге этноəлеуметтік жəне жалпыадамдық мəдени бағдарларды
өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің, коммуникацияның жаңа формаларының,
озық технологиялық тəжірибенің басымдылығы, ұлттық мəдениет
шектерінде жеңіл сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін
қабылдағаны анық. Модернизациялық процестердегі гумандану жағына
қарай бұрылыс, мəдени əрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген,
жаңа сапалар үшін негіздерді (мəдени, өркениеттік) ашады.
Қазіргі əлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық
процестері
жүзеге асуда, сондықтан этнос мəдениеті əлемдік мəдениет кеңмəтінінен тыс
өмір сүре алмайды. Ұлттық мəдениеттің қайталанбайтындығы оның
адамзаттың өркениеттін қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды.
Адамзат өркениеті тарихында алғашқы рет адамдарды құндылық жəне
тіршілік мəні бағдарлары айқын ажыратып тұр. Бұқаралық ақпарат
құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мəн
бермейтін,
демографиялық
қопарылыстар
жөніндегі
қайталанушы
ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, əлеуметтік жанжалдар мен
соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен терроршылдықты елемейтін, жер
шары тұрғындары бір бөлігінің дүниеқабылдау ерекшілігі, мүмкін,
жердегі
бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне əбден сенуден
тұратын шығар.
Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің əрбірінің əлдебір тектік
жадысында бекітілген жəне соған сай құндылықтар жүйесінде мəдениетпен
339
қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы туралы
иландырады. Алайда ядролық энергия ғасырындағы əлемге деген осындай
жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін жойылу қауіпін
туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, өтіп жатқан
процестерге
деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен күрделікке
жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың жағасында тұр деп
түсінуі, таңқаларлық емес. «Біз ойластыра алатынымыздан, біздің
жауаптылығымыз анағұрлым артық, - дейді Ж.П.Сартр, - себебі ол бүкіл
адамзатқа таратылады».
Сондықтан кім бүгін жаһандану мəселелерін (қазіргі өркениет дамуының
негізгі бағдарларының бірін) тек сұранысты философиялық тақырып деп,
қаптаған кітаптар мен түрлі тектегі декларациялар туралы мысқылдайтын,
ғылыми қауымдастықтың сол мүшелерінің көзқарастарымен біз келіспейміз.
Әрине, тақырыптың спекуляциялануы ғылыми танымда мəселенің
өзектілігінен де туындай алады. Алайда, гуманизмнің қалдықтарын жою
процесін тоқтату жəне өркениетті дамудың перманентті жолына қою үшін,
тек əдемі жəне дұрыс сөздерді пайдалана берудің алдын ала жеткіліксіз.
Адамзат болашағы «шешуші түрде білім,
сауаттылық, мəдениеттің таралуы
мен сипатына жəне олар оның салдары болып табылатын», оларды ол
дүниетүсіну деп атаған, дүниетанымдық əмбебаптарға тəуелді».
Құндылықтардың жаңа жүйесін – «жаһанданған əлемнің этосы» - немесе
күрделі əлемде əрекет етудің əлдебір жалпы ережелерін тану жəне қабылдау
үшін, бүгін планетамызда не болып жатқанын түсіну маңызды. «Ұғынылған
кедергі тек елестерді алып тастамай, сонымен бірге алдымызда тұрған
мəселелердің шынайы мөлшерін көруге көмегін тигізеді», себебі «бүгін
таңдау əдеттегідей жақсылық пен жамандықтың, тұрақтылық пен
өзгермешіліктің арасында емес, ал үлкен жəне кіші жамандықтың, олар үшін
əр түрлі құн төлеуге тұра келетін, əр түрлі
орнықты емес бағыттардың
арасында жүріп жатыр
» (
Достарыңызбен бөлісу: