15. Аудандық орталық аурухана: оның міндеттері, құрылымы мен функциялары
Орталык аудандык аурухана аудан көлеміндегі ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық жәрдем көрсететiн негiзгi мекеме.Сонымен катар бұл басшылық, ұйымдастырушы медициналык көмектін сапасын, көлемін бақылаушы орталық болып есептелінеді. Орталык аудандык аурухананың құрамына негiзгi мамандықтардан бөлiмдерi бар аурухана және емдеу-диагностикалык кабинеттерімен лабораториясы бар емхана, жедел және шұғыл жәрдем көрсететін бөлім, ұйымдастырушылық медициналык кабинет және қосымша бөлімдер (аптека, медициналық архив и т.б.). Орталық аудандық ауруханын негiзгi мiндеттерi:
• аудан тұрғындарына және ауданның орталығындағыларға жеткілікті көлемде білікті мамандандырылған ауруханалық және емханалық медициналык жəрдеммен камтамасыз ету; ұйымдастырушылык-әдістемелік басшылык жасау және аудан көлеміндегі барлык денсаулык сактау мекемелердің жұмысын бақылау;
• аудандағы денсаулык сактау мекемелердің жұмысын жоспарлау, каржыландыру, материалдык-техникалық жабдықтау;
• аурушылдықты азайту, балалар өлімін және жалпы өлім көрсеткішін төмендету және денсаулыкты нығайту үшін медициналык жәрдемнiн сапасын жоғарлату және түрлі шаралар колдану;
• медициналык кызметкерлерді дұрыс орналастыру және дұрыс пайдалану.
Орталық аудандык аурухананын жұмысын баскару үшін бас дәрігер тағайындалады. Ол барлык профилактикалык емдеу диагностикалық, әкiмшiлiк және каржыландыру жұмысын аткарады. Бас дәрігердің бірнеше орынбасарлары болады: Емдеу жұмысын, аналар мен балалар денсаулығын қорғау,шаруашылық бөлімін басқару.т.б. Аналар және балалар денсаулығын коргау жұмысынан орынбасар аудан көлемінде 70-мыннан астам тургын болғанда тағайындалады, ал тұрғындар саны одан аз болса аудандык бала дәрігері белгіленеді. Денсаулык сактау жұмысын басқару үшін бас дәрігер медициналык кеңес ұйымдастырады, онын құрамына жауапты кызметкерлер және мамандар кіреді: бас дәрігердің орынбасарлары, аудандық СЭС-тің, аудандық дәріхананын меңгерушісі, медицина кызметкерлерінің аудандық кәсіптік ұжымының бастығы, аудандық Қызыл крес және жарты ай қоғамының бастығы, бас мамандар (терапевт, хирург, педиатр, акушер-гинеколог т.б.). Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері аудан бойынша бас дәрігер болып есептелінеді, сондыктан аудан бойынша денсаулык сактау жұмысына жауап береді. Аудандық аурухананың жанынан ауруханалык кенес ұйымы, мейірбикелер ұйымы, Ғылыми ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындарына ауруханадан тыс медициналык жәрдем уйымдастыруда емхананың маңызы өте зор. Халыкка емханалык мынадай және кеңес беру көмегін жүргізу үшін есеппен дәрігерлік жұмыс орындары бекітілген. Орталық аудандық аурухананың штатында дерматолог, фтизиатр,психиатр нарколог дәрігерлері арнайы диспансерлерде жұмыс істеу үшін белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |