Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет1/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мухамбетамин Ж


Мектеп алдындағы тобындағы балалардың танымдық процестері мен жеке дара ерекшеліктерін зерттеу

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ................................................................................................ 3
1 МЕКТЕП АЛДЫ ОҚУ ӘРЕКЕТІ БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптағы оқу әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері ............. 9
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде қалыптастатын танымдық қызығушылық ұғымдарының мәні мен маңызы, мүмкіндіктері ......................... 24
1.3 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі және дидактикалық негіздері ........................................................................................... 40
2 ОҚУ ӘРЕКЕТІ БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны ..... 60
2.2 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі ... 73
2.3 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері .................................................................................... 78
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................. 89


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Білімді реформалау жағдайында, аса маңызды шешуді қажет ететін міндет мектеп оқушыларының білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әрбір азаматтың дамуы - оның жеке табысы мен қоғамның алға өрлеуіне байланысты делінген. Сондықтан, білім беруде замана талаптарына жауап беретін жаңаша жетістіктер қажет [1].
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін жасалынып жатқан талпыныстар нәтижесінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде терең білім, ізденімпаз, іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән беріледі. Ал, 12 жылдық жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы бастауыш сатысының негізгі мақсаты - оқушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту [2]. Демек, жас ұрпақты әрекет негізінде тәрбиелеу талабын негізге ала отырып, жекебас тұлғасын тәрбиелеуде оқу әрекетінің мол мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жүйелі мақсатты жұмысты талап етеді.
Сондай –ақ, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген [3].
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [4]. Оны жүзеге асыру – бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы - жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруды қамтамасыз етудің қажетті шартының құралы, сонымен қатар оқу әрекетін игерту, оқушылардың даралығы, жалпыбілімдік біліктілігі, дағдысы болып табылады.
Танымдық қызығушылық-жеке тұлғаның маңызды білімді меңгеру түрі, шығармашылық әрекеті мен белсенді ынталандырушысы болып саналады. Сонымен бірге, танымдық қызығушылық сезімнен ойлауға өтуге, өздігінен ізденуге үйретеді.
Танымдық қызығушылықтың мәні ерекше, әсіресе бастауыш оқыту деңгейіне тән. Өйткені таным-білімнің, оның заңдылықтары мен әдістерін, тәсілдерін меңгеру осы шақта қалыптасады.
Бастауыш саты - оқушының интеллектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі [5]. Сондай-ақ, баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жастағы оқушылардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне, адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық танытуы болып келеді.
Оқытудың тиімділігі оқушыны қоршаған дүниені түсініп, танып-білуіне байланыстылығын Я.А.Коменский «жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге, таныстан бейтанысқа» деген дидактиканың ережесіне негіздеген [6].
Оқытудағы танымдық қызығушылық мәселелерін Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, М.Я.Гальперин, С.Л.Рубинштейн, Д.И.Божович, А.В.Петровский т.б. зерттеулерінде қарастырылған [7; 8; 9; 10; 11; 12; 13].
Оқытудың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы И.Я.Лернер, Б.Г.Ананьев, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина, Н.Г.Морозова, Т.И.Шамова, Н.А.Половникова және т.б. еңбектерінде зерттелген [14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24; 25].
Отандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, Н.Д.Хмель, М.Ә.Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымова, Қ.К.Жанпейісова, А.П.Сейтешев, Ә.М.Мұханбетжанова, Р.С.Омарова, А.С.Мустояпова, Т.И.Қоқымбаева, т.б. өз зерттеулерінде таным жөніндегі идеяларын, уақытқа үйлесімді танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өзбетімен білім алуы дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген [26; 27; 28; 29; 30; 31; 32; 33; 34; 35; 36].
Педагогика ғылымында танымдық қызығушылық проблемасы бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемалары бойынша, мәселен, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру (А.Ж.Едігенова), тілдерді оқыту үрдісінде (З.Б.Ешімбетова), химия пәнін оқытуда ойын арқылы (С.Б.Қоянбекова), математикалық ұғымдар арқылы (Ш.С.Нұржанова), өлкетану материалдары негізінде (М.С.Маженақова), халық педагогикасы құралдары арқылы (О.В.Прозорова), пәнаралық дидактикалық ойындар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру (Б.М.Тажигулова) туралы ғылыми зерттеулер баршылық [37; 38; 39; 40; 41].
Мысалы, Б.Т. Нәбиеваның «Формирование у учащихся познавательного интереса к предмету посредствам взаимосвязи учебных и внеурочных занятий» тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегіне ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқу мен сабақ арасын теориялық негізде байланыстыруға тырысқан [42]. А.Ж. Едігенованың «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру» атты зерттеу еңбегінде күнделікті сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегіге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданып, әдістемелік жолдары ұсынылған.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытып қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге ие болатындығына А.С.Мустояпованың «Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары» атты [35] еңбегінде біршама сипатталған.
Ғылыми әдебиеттерде оқу әрекеті проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған. Оқу әрекетінің құрылымы, оны қалыптастырудың жолдары туралы А.Н.Леонтьев [43]., В.В.Давыдов [44]., Д.Б.Эльконин [45]., Б.Т.Ананьев [46]., Л.И.Божович [47]., Г.И.Щукина [48]., Н.Ф.Талызина [49]., П.Я.Гальперин [10]., оқу әрекетіндегі танымдық белсенділікті әрекет түрінде қарастырған М.А.Данилов [16]., И.Ф.Харламов [50]., Т.И.Шамова [24]., И.Я.Лернер [51]., М.И.Махмутов [17]., М.Н.Скаткин [20]., Т.И.Щукина, т.б. оқу әрекетінің оқушының шығармашылығын дамыту, ойларын жүйелеу проблемалары Л.С.Выготский [52]., Б.Т.Есипов [21]., Л.В.Занков [53]., В.В.Давыдов [54]., М.Н.Скаткин оқу әрекеті барысында өзіндік бақылаудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері Ш.А.Амонашвили [55]., Г.И.Вергелес [56]., В.В.Давыдов., Г.В.Репкина [57]., Е.В.Зайки және т.б. ғалымдардың ұдайы назарында болды.
Қазақстандық белгілі педагог-ғалымдар Р.Г.Лемберг, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, А.Ғ.Қазмағамбетов, Қ.Б.Сейталиев, Ш.К.Құрманалина, А.Х.Аренова, С.Е.Қаңтарбайдың еңбектерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, жолдары әр қырынан талданған [58; 59; 60; 61; 62; 63; 64; 65].
Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі мен оған жағымды қатынастың ескеріле бермейтіндігі айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіру - біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты.
Танымдық қызығушылық оқушының белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатына жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдерімен ұштастыру қажеттігін туғызып отыр.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [2] мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр. Ол құзыреттілікпен тікелей байланысты. Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін танымдық қызығушылықты қалыптастыруға бағыттау оның тиімділігін арттырады.
Бастауыш сыныпта оқушыны оқу әрекеті базасында оқу тапсырмаларын талдау және оның мақсатын анықтау механизмі арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми негізделмеуі, математика, қазақ тілі пәндерінің әдістемелерінде талдауға, тапсырманың мақсатын анықтаудың орын алмауы зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Сонымен аталған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қарастырылмауы зерттеу тақырыбын «Мектеп алдындағы тобындағы балалардың танымдық процестері мен жеке дара ерекшеліктерін зерттеу» деп айқындауға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет