Мұғалімнің кәсіби дамуын ынталандыру
Мұғалімнің кәсіби өсуіне, өзін-өзі дамытуға, өз жұмысының өзектілігін көрсетуге жағдай жасаудың әртүрлі маңызды факторлары мен ынталандыру формасы қолданылады. Төменде ғылыми-әдістемелік жұмысқа белсенді қатысып және кәсіби дамудың тиімділігі бойынша мектепте жиі қолданылатын мұғалімдерді ынталандыру мен марапаттаудың тізбесі келтірілген.
Еңбекке ынтасы
|
Марапаттау /сый беру/
|
Педагогикалық шығармашылық қызметке өз ынтасы мен өзін жұмсауы.
|
Қала не ауданда мұғалімге арнап өз шебер-сыныбын ашу. Мұғалімнің дербестігін арттыру: қызықтырған бағдарламасы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі, сыныпты таңдауы. Өзінің авторлық бағдарламаны жасауға, бекітуге және оны ауданға, қалаға таратуға көмектесу.
|
Жеке даму ынтасы, жаңа ақпаратты алуы.
|
Курсқа, сынақтан өту курсына жолдама беру. Әдістемелік жұмысқа уақыт беру (үйде жұмыс істеуге). Каникул уақытында шығармашылық демалыс беру.
|
Әлеуметтік жетістікке жетуі, өзі таныту ынтасы.
|
Әртүрлі проблемалық конференция, семинарда тәжірибесімен алмасуға және сөз сөйлеуге жолдама беру. Тәжірибесін жинақтауға, өз жұмыстары мен құралдарын баспаға дайындауға көмектесу. Мектептің әдістемелік бөлімше басшылығына тарту. Мектепте өз әріптестеріне лекция, курс, семинар өткізу құқығын беру.
|
Ұжым ісіне араласуға қажеттілігі.
|
Мектеп өмірінің маңызды проблемаларын шешетін әртүрлі ұйым құрамына ену.
|
Тұрақтылығы, қорғауы
|
Ұжымда осы жағдайының /беделінің/ сақталуына кепілдік /гарнтия/.
|
Достарыңызбен бөлісу: |