Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
35. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.
Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін мемлекеттік сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
36. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
37. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
38. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабардар ету
40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету Заңның 18-бабына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында бар мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 41 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекен-жайы;
2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы;
4) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;
7) әлеуетті өнім берушінің егер осындай төлем конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері;
8) әлеуетті өнім берушінің өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алу жөніндегі өкілеттіктердің болу шарты.
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 42-тармақ өзгертілді
42. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгішпен не бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушіге (оның уәкілетті өкіліне) береді.
Егер конкурстық құжаттамада конкурстық құжаттаманы бергені үшін төлем алу көзделген болса, онда конкурстық құжаттаманың көшірмесі әлеуетті өнім берушіге дәл осы күні ол көрсетілген төлемді енгізгеннен кейін ғана беріледі. Төлемнің мөлшері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін дайындауға шығыстарынан аспауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 43 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі , ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерін құжатты растаманың болуын тексереді;
2) әлеуетті өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізу туралы құжатты растаманың болуын тексереді;
3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына осы Ереженің 44-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойдыра отырып конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді;
5) осы Ереженің 45, 47, 76-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
44. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналында мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің атауы мен мерзімі;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жері;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері және байланыс телефоны;
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі алған уақыт пен күн;
6) егер осындай төлемді алу туралы нұсқама конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемнің енгізілу фактісі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 45-тармақ өзгертілді
45. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылының ішінде конкурс тәсілімен барлық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 46 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
46. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 47 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді, жариялауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді, конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу Заңның 20-бабында белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мыналарды қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, сондай-ақ олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарын және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған сарапшылар туралы ақпаратты;
2) олардың тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпаратты, сондай-ақ осындай адамның конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде әлеуетті өнім берушіні ұсыну өкілеттігін растайтын құжатты;
3) олардың көзін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы ұсынылған сұрауларды;
4) әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауаптарын;
5) бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне не қажеттіліктің жоқтығына нұсқаманы.
48. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олар уәкілеттік берген өкілдер қол қоюға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 49 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
50. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
51. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;
құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.
Өтінім сондай-ақ осындайлар болған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігін, беруді тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын;
5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
6) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігін растау үшін) қамтуы тиіс.
52. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
53. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.
54. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
55. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)» және «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі)».
56. Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
57. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.
58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктеріне құжаттамалық растаманың болуын тексереді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356
Достарыңызбен бөлісу: |