Сахнаның екі жағына кезек- кезек барып біреуді іздейді.
Қыз: Ей, жігіт, мені естисіз бе?
Төртінші сурет: Ол сені естімейді.
Қыз: Ол келеді. Мына таяқты алу үшін оралады. Ей, жігіт, сіз мені алдап
кетпегеніңізге шексіз сенемін. Сіз оралатыныңызға да! Бұлар білесізбе, менен
барлығын қызғанады. Олар мені қинап барады. Түсінесіз бе, мен керең
емеспін, шын айтамын. Сіз қайта келіп маған мына таяғыңызбен
«Сарабанданы» ойнап беріңізші. Мен сізді еститін боламын, рас айтамын, мен
бұл жолы сізді еститініме сенімдімін. Өтінем, қайтып оралыңызшы, мені
жалғыз тастамаңызшы! Менің жаным өртеніп барады. Ыстық жас бетімді
күйдіріп барады. Өтінем, мені жалғыз тастамаңызшы, қайтып келіңізші, менің
сізге айта алмағандарым бар ғой. Сіз мені міндетті түрде тыңдауға тиіссіз.
Менің де міндетті түрде Сарабанданы тыңдағым келеді.
Қыз бұл сәтте жылап тұрды.
Бесінші сурет: Ол оралмайды.
Алтыншы сурет: Босқа үміттенесің.
Жетінші сурет: Сен суретсің!
Сегізінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз артына жалт бұрылып, ортаға жүгіріп келеді.
Қыз: Менің махаббатым оны қайта әкеледі.
Тоғызыншы сурет: Бұл ой.
Қыз: Менде шексіз махаббат бар.
Оныншы сурет: Тағы ой.
Қыз: Мен жылап тұрмын, тағы күле де аламын.
Қыз күлуге тырысады, бірақ ол өзінен тек бос дыбыс ғана шыққанын естиді, және езуін тарта алмайды.
Бірінші сурет: Сен соңғы рет жыладың.
Екінші сурет: Сенде күлкі жоқ.
Үшінші сурет: Сен суретсің!
Төртінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: ЖОқ, ешқашан! Мен күле аламын.
Ол қанша тырыссада езуін тарта алмады, тек түсініксіз ебедейсіз дауыс ғана шығады, күлкі жоқ.
Бесінші сурет: Бұл соңғы әрекет!
Алтыншы сурет: Күлкі жоқ.
Жетінші сурет: Қайғы жоқ.
Сегізінші сурет: Махаббат жоқ.
Тоғызыншы сурет: Адам жоқ.
Оныншы сурет: Соңғы әрекет ғана.
Бірінші сурет: Енді бәрі бітті.
Екінші сурет: Сен суретсің!
Үшінші сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Төртінші сурет: Бәрімізді тек Нұх пайғамбар кеп құтқарады.
Бесінші сурет: Ол тағы біз үшін келе жатыр.
Алтыншы сурет: Сен бізге қосылуға тиіссің.
Қыз: Мен неге күле алмай тұрмын, мен өзімнің күлкімді естіп тұрмын ғой. Менің миым менің рахаттана күліп жатқанымды айтады маған.
Жетінші сурет: Бұл ой.
Алтыншы көрініс
АДАМ САНАСЫНЫҢ АЗАТ ЕТІЛУІ
(Кешегісінен, бүгінінен және ертеңінен)
Сурет қабырғада ілулі тұрған Леонарда да Винчидің «Монна Лизасын» алып шеңбердің ішіне тастайды.
Бірінші сурет: Адамның езу тарту әрекеті (күлкісі) аяқталды.
Екінші сурет: Ол өлді.
Үшінші сурет: Күлкі енді мәңгілік тазару отына шомылды.
Қыз: Мүмкін емес, мен өзімнің күлкімді естіп тұрмын.
Сурет тағы бір картинаы алып, ондағы көріністі суреттейді де, шеңберге лақырады.
Төртінші сурет: Жарылыс алдындағы соңғы рет күліп тұрған бойжеткен.
Франиция. 2015 жыл.
Қыз: Болмайды, олар маған керек, лақтырма.
Бесінші сурет: Ол тағы сурет.
Қыз: Олар мені естиді, олар менімен бірге өмір сүріп жатты. Оларды отқа лақтырмаңдар!
Қыз шеңберге түскен картиналарды алуға тырысады, бірақ оның қолы шеңбер ішіне кіре алмайды. Қыз шеңбер ішіндегі жалынан сескенеді.
Сурет тағы бір картинаны алып, ондағы көріністі суреттейді де, тағы да шеңберге лақытырады.
Алтыншы сурет: «Варлаам мен Иосафат туралы аңыздан алынған адам өмірінің аллегориясы». «Псалтырь және Мәриям Қыз Сөзінен» алынған миниатюраның жұрнағы, Франция, ХІІІ ғ. Пьерпонт Морган кітапханасы, Нью Йорк.
Қыз суреттердің алдын тосуға, оларға мүмкіндік бермеуге тырысады бірақ олар өз істерін жалғасыра береді.
Қыз: Оларға тиіспеңдер! Олар күйіп кетеді ғой.
Жетінші сурет: Адам санасы енді бәрінен азат етіледі.
Сегізінші сурет: Бәрінен азат етіледі.
Тоғызыншы сурет: Өзін «Эскимос» деп атағаны үшін жылап тұрып тірі балықты отқа тастаған жеті жастағы Иннуиттік ұл. Гренландия. 1960
Достарыңызбен бөлісу: |