Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы 1 Том


Түйін. Қор > қоржын > жын // боқ. Малдың ішек-қарнынан (алынған) көшірілген заттық уәждер. Түйін



бет19/30
Дата26.02.2016
өлшемі2.31 Mb.
#26439
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

Түйін. Қор > қоржын > жын // боқ. Малдың ішек-қарнынан (алынған) көшірілген заттық уәждер.

Түйін. Саба > көк (тері) > көнек (тері ыдыс).

Көнек. Жасынан пісіп-ќатып, кµнтерлі, шыдамды болсын, дейді ѓой (М-Ж., ЌШ, 36); Шоштанның қызынан жұртта туып қалған Тоңболат, мұнан Баскөнек, мұнан боқыш... (М-Ж., 41). Мысалға: Көнтері мен баскөнек сөздердің шығу тегі жағынан да, жасалуы жағынан да бір. Биенің сүтін сауатын ыдысты көнек – дейді (С. М., – Б. 105).

Монғолиядағы және республикамыздың солтүстік шығыс аймақтарындағы қазақтар тілінде көнек деп құдыққа қауға ретінде салатын ағаштан жасалған шелікті не теріден жасалған ыдысты айтады. Көнек жеке сөз ретінде кей облыстарда мүлдем қолданылмайды, бірақ ол жерлерде көнектей сын есімі жиі айтылады. Көнек сөзі түркімен тілінде де қолданылады: онда көнек (кө+нек) деп тұз салатын тері қапты айтады. Бұл – сөз көбінесе мөлшерден тыс үлкен, қампиған, көлемді деген мағынада қолданылады. Сол себепті де көнектей сөзі ісік зат есімімен жиі тіркеседі. Көнек зат есімінің түбірі көн болуы керек, -ек оған қосылған кішірейткіш жұрнақ (Ж.Б.) (ҚТҚЭС, 1966: 105).



Көнек – түбірі көн (тері) -ек (-лек) қосымша. Көнек>көн ек (төсек, бөстек, кесек, көйлек (көнлек) құрамындағы жұрнақ. Кöнеккожаный подойник (КРС), конок – кожаное ведро для доения кобыл (Рсл). Көнек түркі тілдерінде: `теріден тігілген, сауғанда ұстайтын ыдыс, теріден тігілген ыдыс, шелек, тері шелек` мағынасында кеңінен мәлім. Б. Орузбаева көнектің түбірі көн-нің орнына көң: «Киргизское көнек `посуда из выделанной верблюжьей кожи`, по нашему мнению, образовано от основы көң `кожа (кустарной выделки)` при помощи аффикса -ак по образцу тарак `гребень`» – дейді (Словообразование в киргизском языке. С. 96, 98) [10, б.16]. Салыстырыңыз: кöңlöк, кöңнäк, кöңнöк, конгlак. Архаикалық -ң – ды Н. К. Дмитриев атап өткен болатын (С. Аманжолов, 241). Жазба ескерткіштерде: Хаутсма көнчек = йім = ічтон `шалбар, ыштан, сым, жұқа матадан тігілген ішкі киім`, СС. Тз. Көнчек; Ибн М. Күнчүк; салс. Тат. күнчек `өңделген терінің жұрнағы`, қаз. Көйлек-көншек `ішкі киім`(Құрышжанов, 1970: 148). К.Г. Менгес: коншак сөзін көншек сөздерін көн `тері` түбірінен шыққанын айтады. Бұл туралы (қос – деген бөлімде айтылды). Осы формаға ұқсастықты көне түркілік: күнчäк, күнчүк `қалта` (МК, I,с. 444), чағ. Кончак – колчак `өңезделген тамақ, ыдыс, қазан. Кÿнÿчöк `шелек` (Рсл, 547, 1441) табамыз. Бұл деректердің бәрінің де шыққан түбірі көн `тері`. Көнек//көнлек болуы мүмкін -л дыбысы дыбыстың ассимиляциялануы нәтижесінде түсіп қалған. дж. тат. كون күн, кунь, тур, ад. гöнъ, кожа животныхъ, въ тат. выдланная кожа, كونجيопоекъ, кожевникь, скорнякъ, كونايلاكوجي сыромятникъ, кир. алт. كونوك, كوناك кöнöкъ, кожаный подойникъ или ведро (въ которые доятъ кобылъ), (дожь) лилъ какъ изъ ведра, كونلامك обить кожей – деп түсіндіреді (Будагов, 1871: 164). Жалпы, көнек пен көйлек сөзінің түбірі бір > көн (тері). Көнек – алт. Диалек. Көң тере `өңделген тері`. ГӨ: Н тур.; köн (тур., аз).; gön (тур.).; көн кир., ног.; ккалп., кон уз.; кожа (крупного рогатого скота); көнек `кожаное ведро` (Севортян: 73). Кöнöкъ подойникъ (Будагов, 413). Алалкөнек: сүті кейде аз, кейде көп сиыр (С. Аманжолов, 1959: 354).

Түйін. Гöнъ (көн) > тері > көнек > көйлек > қанар > тағар > дағар (тері ыдыс). Мәшһүр-Жүсіп көнтері және баскөнек сияқты формада қолданған. Мәшһүр-Жүсіп қымыз құятын ыдыстың бір түрін «сүйретпені» атайды. Сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен (М-Ж., ҚШ. – Б. 29).

Қанар тағар дағар. Дағар (дорба) – көптеген түркі тілінде қап деген мағынада қолданылады. 1. қап, дорба, үлкен қап, мешок холщевый – тув. (для процеживания кислого молока при изготовлении творга), тұқым салатын қап, аттың екі жағында ілулі тұратын қап, қой мен ешкінің жүнінен тоқыған қап т.б. мағынасы бар. Будагов дағар // тағар сөзін парсы сөзі дейді. Г. Дёрфер жоғалып кеткен тіл дейді. Монғ. Қап; халх. Мұрын ормал; чағ сөмке; койб тұрпайы сөмке т.б. Қазақ тілінде тағаршық болуы мүмкін. Оның түбірі тағар етістігі. Серб тілінде дагара, қазақ тіліндегі даңғарадай сөзінің шығу тегі бір болуы мүмкін. Дағар ~ тағар: мешок, торба, большой мешок, мешок для зерна, мешок холщевый (для процеживания кислого молоко при изготовлении творга) (Севортян, 121).

Тагар - мшокь изъ грубого холста, вм щающій въ себ вь Туркестан около 4 пудовъ, въ батманъ входитъ три тагара (по объясненію о. *Iоканинөа батманъ содержитъ 5 3/10 мшка или 21 путъ 12 фунть. См. Земелевд. Риттера, стр. 198 и 409 прим. Григорьева. Въ закавказскомъ кра в съ тагара бываеть различный по роду зерна, напр. Для ячменя тагаръ содержитъ 30 пудовъ; ауыч тыгариы (ауыз тағары) занчитъ: мра земли, засваемой теремя тагарами или 90 путами ячменя) (Будагов, 2 т. 397). Будаговтың *Iоканинөа – деп отырғаны Никита Яковлевич Бичурин, Иакинф монахтың атымен әйгілі болған. Оны Ш. Уәлиханов жақсы білген – А.Қ.

Тағар – мешок, пэр тағар тарығ уғуп – тро размолол один мешок проса (РСл., III, 796 (Малов, 109). Дағар – кожаный мъшокъ, сума (Радлов, 1611); Дағара п. [تغار тәғар: 1. большая глиняная лохань; квашиня; корыто; 2. ист. Мера сыпучих тел. Равная 100 манам; 3. принудительно взимаемый провиант для войск] – 1. обл. Большая чашка, таз; 2. большая мешок; 3. большой, огромный (Рүстемов, 84). Дж. تيكْدي тйғре мъшокъ кожаный или войлочный (Будагов, 1 том: 419). Дағар: қанар, үлкен қап; дағара: темірден я мыстан жасалған үлкен шара (С. Аманжолов, 1959: 370 б.). Орыс барып ұстап алғанда басымда дағарадай сәлдем бар еді (М-Ж., 59). Тағар мен қанар қолданылуы жағынан бірдей зат.

Дорба. Жем ілді кілем дорбамен Жонышқа таза салады (М-Ж., 235); Дорба ад توربا (=توبره ) мшокъ (Будагов, 388). Торба мъшокъ, ранецъ (Радлов, 1189). М-Ж. Көпеев дорба сөзінің орнына қапшық, қалта қап, шанаш қап, қап сөздерін де қолданады. Қапшығын қайыршылық тоқып алған (М-Ж., 103); Тыға берсе қапшыққа жатыр сыйып (М-Ж., 153); Қалта қып ішіне он гауһар салды (М-Ж., 63); Меніњ ќолымда тезек салѓан шанаш ќапты береді, отты ќалай отыр деп, н±ќып – т‰ртіп ќояды, сонысы ѓана жаныма батады, - дейді екен (М-Ж., 36); Тең теңін олжаламақ, тезек қабын, Болмайды саған енді ешкім құмар! (М-Ж., 104). Үріп қойған шанаштай Мұнша неге дардидың? (Манас). Чанак – глинная чашка, блюда, миска (Радлов. т. 3. ч. 2. 1856). Шанаш пен чанак түбірлес сөздер екеуі де ыдыс-аяқтың атаулары. Радлов: чанак – шана, чанак – музыкалық аспап, чанач – торсук сияқты мағыналарын атаған (1856). Демек, ағаштан, теріден, құмнан жасалған заттарды да осылай атаған.

Шанаш – старый кожаный мшокъ (изъ выдланной кожи) (Будагов, 948). Канарьплавательныя перья у рыбы (Будагов, 65). Кир. тозан - мшокъ кожаный для воды – ыдыстың бір түрін атайды (Будагов, 393). Сумал – `мешок`, узун сумал `длинный, большой мешок`; монг. Ринчинэ, 184 (Малов, ЯЖУ, 106).

Түйін. Қанар > қанжыға. Деректің аздығы көрінеді. Қан ~ тағар ~ дағар ~ қап ~ шанаш > көк (көн) > торсық (тері ыдыс). Балықтың қанары мен қанар түбірлес сөздер сияқты. Қанар (қан-су>-ар) деуге болар ма екен. Алыс семантикасы су мен байланысты сияқты. Сол сияқты Будагов дж. торба, торбе, торбан, п. т (о) рма. 1) ткань изъ тонкой шерсти (шаль). 2) торбан, торба родь плетёной одежды, надваемой дервишами – деп жазды (Будагов, 389). Бұл деректі келтіріп отырғанымыз, бас киім бөліміндегі шәлі (тоқылады) не дәуріштер бастарына дорба сияқты бас киім киген теріден тігілген демек, дорба (ыдыс) мен бас киім торба екеуі (тюрбан) түбірлес сөздер деген қорытынды шығаруға әбден болатын сияқты.

Торсық. Қоржын жоқ ет пен нан салатұғын, Торсығың сусын құйып алатұғын (М-Ж., 72); Жанторсыққа ұсады, Жеті кәміл бабасы (Қобыланды, 78);

Турсукъ – изъ бараньей кожы (Будагов, 274). Сÿйротпе – большой турсук (Ильм); Сÿрöтпö – турсук для хранения кумыса (Рсл). Турсук – кожаная фляга для жидкостей (Потанин, 114). Торсук - кожаный мъхъ для молоко (Радлов, 1189). Екінші жерде мех из козлиной шкуры деп түсіндірген (Потанин, 342). Жанторсук – дорожная кожаная фляга для кумыса и айрана (Потанин, 342). РСЛ.: кöккöр – турсук, баспак – кожаный мешок, қойға – миска, посуда; тааур – кожаный турсук для хранения водки [77, б.18-19]. Жанқазанға ас қайнат, Қазы менен жал қайнат (Манас) (қазан – бөлімін қараңыз). Күкнар – іÿінаръ кожаный кувшинъ (Будагов, 159). Кадынъ – болшая посуда для вена (Будагов, 8). Ноѓ. Тулык `шарап ќ±йып ќоятын ыдыс, таулыќтардыњ т±тас алынѓан тері ќабы` (НРС, с. 365); Жолаушылағанда қанжығаға байлайтын кішкентай ыдыс – жанторсық (С.М., – Б. 105).

Талыс. С‰йел ќолды ќара ±ста, Сайманды сал талысќа (Жанс‰гіров); Сен б±зау терісі – шµншіксіњ, Мен µгіз терісі – талыспын (Б±ќар; М-Ж. ауыз әдебиеті жинағынан алынды).

Радлов: маленькій мшокъ для храненія шилъ и сапожныхъ инструментовъ, карманчикъ, кисетъ деп түсінік берген (887). Қаз. талыс `ішіне біз, тарамыс т.б. салатын тері боќша` (Ильминский, 1861. С. 106 ); Талыссмочка кожаная, в которую кладутся шило, тарамыс и др (Жанпейісов, 62). Шеберлік аспаптарын салатын сірі – көнді – талыс, т.б. дейді (С.М., – Б. 105).

Талыс – (тал+ыс) µгіз терісініњ талдыњ жалынымен ысталѓан кµнек (ыдыс) деуге болар еді, бұл – тал (ағаш) емес, алдамшы түбір тұлғасы демек: тал <> тұл > тұлып > тері варианты (тұла бойы, тал бойы). Будагов тұл тұлғасына қатысты былай: талъ – тальникъ (дерево), қара тал, кир. көп тал малокитникъ. 2) Кир. бантикъ на конц косы. 3) тур. втвъ – деп түсіндіреді (1869: 728). Ал тағы бір - тал деген түбір тұлғасы бар ол – Талас өзені дегендегі (тал+ас). Ас//аш (Балқаш, Бақанас) – көне түркі тілінде су деген ұғымды берген. Тал (ағаш) дара (дарақ) тұл > тал (жалғыз) тал // тұл (жесір) (тұлдау, тұлып, тал бойы // тұла бойы (фонетикалық вариант), тал түс (даралық сипаты бар), талақ//тылақ (тұл қысқа), бір тал шаш, тал (ағаш) семантикасы бір (даралығы жағынан) түбірлес сөздер. Тал (су – деген ұғымды берген) (Талас) өзеннің аты омоним сөздер алдыңғы талмен байланысы жоқ. Ал, көне түркі тіліндегі шалаш, сал (сал жасады) деген лексемалар осы – талмен семантикасы байланысты болуы мүмкін. семантикалық мағынасы жуық мәндес сөздер. Радлов тал сөзін: сýдýн тал ортазында, какъ разъ въ середин рки – деп түсіндіреді (Рад. 876). Телегей (телегей - теңіз) > талай > далай > дала (көк теңіз) > тал > су. Тасаттық – деген бөлімде біз «суға» қатысты дерек келтірген едік, көне түркі тіліндегі (Ертіс) өзенінің құрамындағы тіс, кет тіліндегі сес//шеш//тес//таш `өзен, су` деп қарастырады кейбір зерттеушілер. Демек, тасаттықтың құрамындағы тас `өзен, су` деген ұғым береді деп жорамалдауға болады.

Шµншік – теріден жасаѓан ќалта (карман или торба, сшитая из кожи) Шев. ГО. (Аманжолов, 421); Л. Будагов: алт. Чöчу, монғ. Цучігекъ (блюдечко, тарелка) шай ішетін боялған қытай ыдысы. Дж. جورتما шортпа ашыған сүтті құйып дайындайтын түбі шұңғыл ыдыс – дейді (492, 493). В. Радлов чöн 1) ссорь, щепка, мусоръ, грязъ, зерно, трава; 2) подходяшій, впору-постой я еще малъ, вырасту и одежда мнъ будтеь впору! (1905: III том. 2 часть. 2047). Радловтың сөзігінде: чонтаі – кожаный мшочекъ – деп берілген (Рад. 2018). Шонтай мен шөншік түбірлес сөздер. Ер баланың жыныс мүшесін де шонтай – дейді. Чöн~шөн (шөн+шік) -шөн – кішкене; -шік (көлшік) жұрнақ. Р. Сыздық талыс, шөншік сөздерін қолданғанда ыдыс туралы емес, үлкен, кіші-көп, аз рулар туралы болып тұр-дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, 2004: 456).

Мыс былқылдап еріген кезінде шал, Шөншіктен* ұсақ қара алды қырып (Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазмемкөркемәдеббас, – Алматы, 1961. - Б. 325). *Шөншікшөптің басына шығатын дән, түтінін шығарып, түтікпен тартады – деп түсінік берілген. Енді шөншік ескілігіне келсек: Шөншік (1). Дорбашық. Қалташық. (Абай тілі сөздігі. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, – Алматы, – Б. 703). В. Радлов чöн 1) ссорь, щепка, мусоръ, грязъ, зерно, трава; 2) подходяшій, впору – постой я еще малъ, вырасту и одежда мнъ будтеь впору! деп түсіндіреді (сол кездің транскрипциясымен жазып отырмыз – автор) (Радлов: 1905: III том. 2 часть. – Б. 2047). Шµншік – теріден жасаѓан ќалта (карман или торба, сшитая из кожи) Шев. ГО. (С. Аманжолов, 421); Чöн~шөн (шөн+шік) -шөн - кішкене; -шік (көлшік, үйшік) дегендегі кішірейткіш жұрнақ. Академик Р. Сыздық: «талыс, шөншік сөздерін қолданғанда ыдыс туралы емес, үлкен, кіші-көп, аз рулар туралы болып тұр» – дейді (Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, 2004: – Б. 456). Будагов пен Радловтың сөздігінде шөншік сөзі кездеспеді. Будагов: тат. шонтай (о), қыр. шонтайы, – кожаный мшечекъ ауқ шонтай (оқ шонтай) патронташъ (пришиваемый киргизами къ поясу) (Буд. 1 том, 501). Біздің ойымызша осы шон // чон // шөн түбірлес сөздер.

Түйін. Торсық <> көк (көн)< >талыс < мес (тері ыдыс) шөншік бәрі де теріден жасалған ыдыстың түрлері. Демек, шөншік – шөптің басына шығатын дән емес екен, теріден жасалған кішкене ыдыстың түрі болады. Мәтінге көңіл бөліңіз: шөншіктен ұсақ қараны қырып алады – деп анық жазылған.

Мес. Меспенен, тегенемен шұбат әкеп (2003: 313); Шешіп алып көйлегін мес қып буды (М-Ж., 49); Былқылдақ бір домалақ мес сықылды (М-Ж., 87); Мес – турсук из козьей кожи (КРС), Мес – турсук из целой бараньей или козьей шкуры (Рсл). Ешкі терісін бітеу сойып, пұшпақтарын байлайтын көн ыдыс – мес (шанаш) – дейді (С.М., – Б. 105).

Түйін. Мес>көк (көн)<қауға (тері ыдыс). Фонетикалық өзгеріске түскен. Тегене түрі де қолданылған. Тегене>тегершік түбірі бір сияқты.

Қауға. Шынжырлы қауға тақтырған, қайыңнан астау шаптырған (М-Ж., 29); Қауга – большая бадья из кожи, ведро, которым достают воду (КРС); Қауға – ведро для колодца, сделанный из головной шкуры лошади (Рсл); Құдықтан су тартатын көң шелекті – «қауға» – дейді (С.М., – Б. 105). Қауға: в литературном языке оно означает только «кожаное ведро, приспособленное для черпания воды из колодца», а здесь; шелек, т.е ведро (обыкновенное) (С. Аманжолов, 1959: 429 б.). Қауға сияқты ыдыстың бір түрі -толық. Долук – мешок, которым вытаскивают землю из колодца, когда его роют (КРС), долук – кожаный мешок из целой, неразрезанной шкуры овцы, козы, теленка (Рсл); Толан дж. 1) кувшинъ для воды (дөне к. Сл.): 2) дж. Толан (о) лощадъ по 5-му году (Будагов, 404). Сара-шара - сяльница, над которой сють муку (Радлов, 314).

Шелек. Шелек сөзі де кездеседі: Ішінде сырлы шелек саумал келді (М-Ж., 125); Малманың болған үйір шелегіне (М-Ж., 7); Шелек (шел+ек) -ек қосымша (көнек, төсек) мен көзіңді шел қаптадыма тіркестегі шел лексемасымен тығыз байланысы бар сияқты. Шил - глазъ восполенный – деп түсінік береген (Будагов:1871: 407). Ерте уақытта әкем малдың көзін шел қаптапты деп, жұқа ақ етін сылып алып жатқанын талай көрдім.

Түйін. Қауға ~ долық ~ (толық) ~ шелек > көк (көн) (тері ыдыс). Теріден жасалған ыдыстың түрі – қоржын.

Қоржын. Иініне ала қоржын салған алды (М-Ж., 191); Шетінен тістеп алады, Қоржынға батыр салады (Қобыланды, 101).

Курждун – кожаная переметная сумка (Потанин, 82). Қоржын а. [خرج хурдж-ун: вещевой мешок; п. Хруджин] – двойная сумка для багажа, перекидываемая через спину вьючного животного, переметная сума (Рүстемов, 166). Қор > қоржын (қор + жын) қор – қымыздың қоры мен байланысты, жын (қарын ішіндегі жиналған қалдық) ішіңде жының бар ма? дейді. Қоржын > шөншік > талыс < көк (көн) (тері ыдыс).

Бөктергі. Бөктергідей босқа ұшып болдым арық (М-Ж., 139); Бµктерішін бµктеріп, Ерлер жортар мал ‰шін (М-Ж., 48);

Қырғыз тілінде «қанжыға» сөзімен қатар «бөктергі» сөзі қатар жұмсалады. С. Аманжолов: Бµктергі: бµктергі (копчик). К. Сл., 1951, 69; 1954, 117 [24, б.368]. «Бөктеру» етістігі қырғыз тіліндегі «бөктөрге» сөзімен байланысты туған. Хакас тілінде «қанжыға» – «тиргі» – деп аталады. Қырғыздардың «бөктөрге» – екі түбірдің қосындысы: «бөк» және «төрге». Хакастарда: поғ – байлау; саха тілінде: төргүү – жіңішке қайыс. Тілімізде «қанжыға» сөзі орныққаннан кейін, «бөктергі» сөзі қысқарып түсіп (бөктер), етістік қалпында сақталған дейді [100, б.68-69].



Қанжыға алғашқы мағынасынан алшақтап, бөктергі сөзі жиі қолданыла бастаған. Бµктергі бµксе, бөстек сөзімен тығыз байланысты болуы м‰мкін. Бөстектің де шығу тегі де бір сияқты. Е. Жанпейісов: Бөстек – сеңсеңнен яғни аң терісінен құрап тіккен төсеніш дейді [37, б.127]. Т. Байжанов қазақ, қырғыз тілінде «бөктеру» (қанжығаға байлау) бөктермек сөзі «жолға шыққанда қанжығаға байлап алып жүретін азық-түлік, тамақ», осман түріктерінің тілінде бөксімек сөзі «нан, нанның бір түрі» ұғымын білдіреді. Бөктеру сөзінің «азық-түлік, қор тамақ» мағынасы басқа түркі тілдерінде кездеседі. Қырғыз тілінде бөк «майға бөгу, асқа майды мол етіп салу» бөктері етістігі «қанжығаға байлау» мағынасында қолданылады дейді (Киргиз-рус. Сл. С.151). Т‰ркі тілінде тергі сµзі жіњішке ќайыс деген ±ѓым берген. М±ның ‰стіне ќазаќ тілінде бµг (т±ну) Кµженіњ ќоюуы т‰біне бµгіпті сияќты да мағынасы бар. Бөг пен жық сөздерінің де аз да болса, мағынасы жағынан жақындығы бар. Бµктеру етістігі де осы түбір сөзден ќалыптасќан сияќты.

Қанжыға. Кейбір ескі сөз сөйлеушілер жауға аттанғанда қанжығалы болып, қанжығасы құр келіп көрген емес. Сондықтан, қанжығалы атанған деседі (М-Ж., 46); Ќалмаќы ќара ‰зењгі, биік ќасты ер, Ќанжыѓамда байлаулы жіптен шідер (Абай, 214); Ќодардыњ ќанжыѓада басын кµріп, Берелік деп шулады «уєде» десіп (ЌКБС, 93); ...т‰неугі ысќа берген теріні ќанжыѓасына байланѓан Шешенбай желе жортып келе сала… (Шєкєрім, 509); Тамаша ќырлы ауылдан т‰лкі ауласам, Тамаша ќанжығамды ќандап қайтсам (Халыќ єні) Тат. قانجغا канджуга غنجوغه,قانجوغه кир. قانشيغه (монг. ганзыга) торока, ремни у сдла, которыми привязывютъ къ сдлу легкую каладь, дичь и пр. (п. شكاربند), قانجغلا привязать къ торокамъ (Будагов, 1871: 27). Ердің артқы жағына қоржын немесе аң, құс сияқты шағын жүкті байлайтын бөктергі, қанжыға деп аталатын қайыс тағылады (С.М., – Б. 119).

«Қанжыға» – деп ердің екі қапталының артқы қасынан кейінгі екі ұшына тақау жерге бірдеңе байлап қою үшін тесіп өткізілетін қайыс немесе жіпті айтады (ҚТҚЭС, 1966: 116). Қанжыға зат. Әр түрлі бөктіріншек байлау үшін ердің артқы қасының астын ала екі қапталдығының кейінгі жақ шетіне, өткізіліп қойылатын таспа тәріздес қайыс (ҚТТС, 1961: 33).



Қанжыға сөзі қырғыз, өзбек, қарақалпақ тілдерінде де дәл осы мағынада қолданылады. Бұл сөз башқұрт тілінде каньяға, алтай тілінде кандьага, монғол, бурят-монғол тілдерінде ганзага, қалмақ тілінде ганзгь түрінде кездеседі. Әзірбайжан, түрік тілдерінде қанжығаны tәrki (jәһәr tәrki) дейді, хакас тілінде бұл сөз тиргі (алтын тиргі – алдыңғы қанжыға; кизін тиргі – артқы қанжыға) болып айтылады, бірақ та «қанжығаға байлау» деген мағынада тиргіле, тиргілет етістігімен қатар ханчағыла, ханчағылат етістігі де қолданылады (Хакасско-рус. Сл. М., 1953). «…алт. каnзаga торока < монг. Үаuүа, ср. совр. Монг., бур. Ganzaga» (Рассадин, 71) (Жанпейісов, 108). Кейбір зерттеушілер бұл сөз монғол тілдерінен ауысып келген және оның мағынасы осы тілдерде «салбыратып асу, асып байлап қою, салақтап тұру» деген мағыналарда кездесетін Һанжыха, Һанжаха сөзімен тығыз байланысты болу керек дейді (Бурят – монг. – рус. Сл. М., 1951; Монголмко-русск. Сл. М., 1957).

Қанжыға сөзі түркі тілдеріне конкретті бір мағынада ауысып келген монғол сөзі болар деп шамалайды (ҚТҚЭС, 1966: 116). Қанжығаң қан болсын! – фигурально представляет образ охотника, возвращающегося с охоты с большой добычой, т.е. С притороченными шкурами волков, лисиц, карсаков, тушами диких животных (джйеранов, сайгаков, зайцев и.др.) и различной дичью, что, естественно, окрашивает кровью тороки охотника (Ә. Қайдар, 2003: 202). Академик Ә. Қайдардың этнографиялық сипаттамасы қанжыға сөзінің уәжін толық түсіндіре алады деп айтуға толық негіз бар. Қанжыға > аңшының аңнан алған олжасын байлап алуы. Қан+жық (жық-етістігі) соқ (соғым)(ғ) құлатумен байланысты сияқты. Қанжығы > қанар > қор (жын) > боқша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет