2-бөлімше. Блокты құрылғылардың трубалы пештері мен отты қыздырғыштарын пайдалану
341. Трубалы пештер мен отты қыздырғыштар типтері мен сипаттары қауіпсіз пайдалану шарттары осы Талаптың 8-қосымшасында және технологиялық регламентте келтірілген ВНТП 3-85 технологиялық нормалар бойынша жобада, дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетіледі.
342. Өнім ағынының пешке енуі және шығуы алдында бітегіш арматура орнатылады. Бітегіш арматурадан кейін кері қалқанша орнатылады.
Көп ағынды трубалы пештерде бітегіш арматура және кері қалқанша әрбір ағында орнатылады.
343. Өнімдерді пешке апаратын трубақұбырларда 342-тармақта көрсетілген арматурадан кейін дистанциялық басқару бар қосымша бітегіш орнатылады. Көп ағынды трубалы пештер үшін дистанционды басқаруы бар бітегіш арматура жалпы ағында, пешке ену алдында (ағынды ажыратқанға дейін) орнатылады.
Өнімнің пештен шығуы алдында дистанциялық басқаруы бар бітегіш арматураны және қорғаныс қалқаншаны орнату, пешті басқа пештермен қосуды технологиялық сызбаға сәйкес жобалық ұйым анықтайды.
344. Көп ағынды пештерді қолдану кезінде өнімдерді ағындар бойынша біркелкі таратуға арналған құрылғылар мен отын шығындарының жеке реттеуіштерін орнату, қауіпсіз орындардан ағындарды тарату ысырмаларын басқару қарастырылады.
345. Қыздыру құрылғыларын (жылан түтік) үрлеуге арналған азот немесе су буын жеткізу қарастырылады. Азот немесе бу жеткізу трубақұбырларында оларды жылан түтікке қосу алдында кері қалқанша мен екі бітегіш құрылғы орнатылады, ал олардың арасында бітегіш арматура мен конденсатты төгудің герметикалығын бақылауға арналған атмосфераға үрлеу бұрандасын орнату қарастырылады.
Бу немесе азот ағынының екінші ысырмасы дистанциялық басқарумен орнатылады. Кері қалқанша екінші ысырмадан кейін және бу немесе азоттың жылан түтікшеге кесіп орнату орнына тікелей орнатылады. Көп ағынды пештер үшін трубақұбырларды әрбір ағында айдау үшін азот немесе су буын жеткізу қарастырылады.
346. Отын газын жеткізетін трубақұбырларда:
1) конденсаттың отын камерасына түсуін болдырмау үшін сепаратор мен қыздырғыш;
2) манометр, өлшеу диафрагма, жылдам әсер ететін кескіш қалқанша және газ қысымын өлшеуіш;
3) ажыратқыш құрылғыдан кейін, тікелей форсункалар алдында манометр және жарықтағыш пен факельге шығаратын отын газы жүйесін үрлеу желісі орнатылады.
347. Үрлеу жарқылдақтары жобада көрсетілген қауіпсіз орынға шығарылады. Жарқылдақ биіктігі жабу үстінен 2 м кем емес. Жарқылдақ от ұстағышпен бірге орнатылады. Жарқылдақтарда бітегіш арматура орнатылмайды.
348. Автоматика жүйесімен:
1) отын қысымы белгіленген шектен төмендеген кезде;
2) пештегі өнімнің жалпы шығынының белгіленген шектен төмендеген кезде;
3) пештен шығатын түтін газдары температурасының рұқсат етілген шектен артық болғанда;
4) оттықтағы жалынның сөнуі кезінде блокировкалау (отынды өшіру) қарастырылады.
Трубалық пештер форсункаларға сұйық немесе газ тәріздес отындардың берілуі тоқтаған кезде немесе белгіленген рұқсат етілген технологиялық параметрлерден ауытқу кезінде іске қосылатын сигнал берушілермен қамтамасыз етіледі.
349. Пештер мен қыздырғыштар газ қауіпсіздігі мен қауіпсіз жұмыс істеудің газ бүркеулерімен қамтамасыз етіледі.
Пештің жану, мұнайдың қызу камералары, түтіндіктер өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Өрт сөндіру трубақұбырларының бұрандалары пештен 10 м кем емес қашықтықта қауіпсіз орындарда орналастырылады.
350. Пайдалану процессінде қыздыру құрылғыларының, трубақұбырлар, арматуралардың, пеш конструкциясы және технологиялық параметрлермен блокировкалау элементтерінің техникалық жағдайының бақылауымен қамтамасыз етіледі.
352. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде қыздыру камераларын ашық ұстауға жол берілмейді.
353. Арматураларды, қорғаны және кері қалқаншаларды герметизаторларды, қысу болттарын реттеу трубалардағы қысым атмосфералыққа дейін төмендегеннен және қыздырғыштың өнімнен босағаннан, олардың температурасының технологиялық регламентте көрсетілген температураға дейін төмендегеннен кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
354. Пайдалану кезінде пеш камераларында жанудың регламентті режимі форсункалардың біркелкі жүктелуі мен жалынның бірдей ұзындықтары кезінде қамтамасыз етіледі.
Форсункалардың жануын бақылау кезінде персонал ЖҚҚ, қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланады және қарау құрылғысының бүйір жағынан тұрады.
Пештерді жағу алдында оттықтан от (факел) тартылуын тескеруге жол берілмейді.
Жану камерасын алдын ала азот немесе бумен айдамай пеш форсункаларын жағуға жол берілмейді. Үрлеу технологиялық регламент және дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Форсункаларды жағу дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес азот, бу, ауаның және желдеткіштің болуы тексерілгеннен кейін жүргізіледі. Жаққаннан кейін қызметкер және бақылаушы бүйір жағында болады және трубақұбырлардағы бұрандаларды біртіндеп ашу жүргізіледі.
Жағу үшін технологиялық регламентте қарастырылмаған оңай от алатын сұйықтар мен тәсілдерді қолдануға жол берілмейді.
Форсункаларға газбен бірге конденсаттардың түсуі кезінде пешке газдың берілу бұрандалары жабылып конденсат төгіледі.
355. Форсункаларды іске қосу және жаққанға дейін, жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейін технологиялық регламентке сәйкес пештегі тартулар тексеріледі.
356. Форсункаларды жағу алдында:
1) люктерді ашу және оттық камераларын тексеру;
2) барлық форсункалардағы жұмыс және бақылау бұрандаларының герметикалығы, БӨҚАҚ жағдайы, реттеуші құрылғылар мен блокировкаларды тексеру;
3) оттық желісінен конденсаттарды төгу;
4) сызба және регламент бойынша трубақұбырларды үрлеу;
5) камераларды азот және бумен үрлеу жүргізіледі.
Жағу процедурасы мен форсункалар жанулары бұзылу кезінде отын желісі бітегіш бұрандамен ажыратылады, газ желісі үрленеді және бұзушылық себептері анықталады, жойылғаннан кейін камераны азот және бумен үрлеу жүргізіледі және қайта жағу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Бұзушылықтар себептері журналға жазылады және бақылау тұлғасына хабарланады.
357. Қыздыру жүйесінің герметикалық еместігі кезінде технологиялық регламентке сәйкес пешті пайдалану тоқтатылады.
358. Жұмыс істемейтін форсункаларға газ беру трубақұбырларында журналға тіркей отырып бітегіштер орнатылады.
359. Газ отынындағы трубалы пештерді пайдалануға тиісті біліктілігі және газ қондырғысын қауіпсіз пайдалану жөніндегі рұқсаты бар персоналдар жіберіледі.
3-бөлімше. Жалынсыз панельді оттықтары бар пештерді пайдалану
360. Панельді оттықтарды жандыру алдында технологиялық регламентке сәйкес коллекторлардағы газдар қысымы тексеріледі.
361. Панельді оттықтарды жандыру үшін дистанциялық іске қосу құрылғылары қолданылады.
362. Қолмен жандыру кезінде жандырылған факель енгізіледі, оны бірінші оттық алдына қойып, газ беру бұрандасы ашылады және оттықтың жұмыс істеуіне көз жеткізеді. Оттықтарды әрі қарай жандыру технологиялық регламентке сәйкес оларды орналасу ретіне қарай жүргізіледі.
363. Панельді оттықтар блоктарын жандыру екі адаммен жүргізіледі.
364. Пештерді пайдалану кезінде оттықтардың тарату камераларының сыртқы камераларының температурасы бақыланады және оның нормадан артуы кезінде оттық ажыратылады.
365. Тұрақты жану бұзылу кезінде отын құбырының оттығы ажыратылады және сопло тазартылады.
4-бөлімше. Электрмен тұзсыздандыру құрылғыларын пайдалану
366. Жоғары алаңдағы трансформаторлар мен реактивті катушкалардың шілтерлі немесе торлы қоршаулары және «Жоғары кернеу - өмірге қауіпті» ескерту жазулары бар плакаттары, қауіпсіздік белгілері болады.
Электродегидраторлар алаңдарында ескерту жазулары және электр кернеулігінің қауіптілігі туралы қауіпсіздік белгілер орнатылады.
367. Электродегидраторлар жұмыс істеуі кезінде қоршаудың сыртына шығуға болмайды.
368. Электродегидраторлар алаңының қоршауында қоршауларды ашу кезінде электр энергиясын ажыратуға блокировкалау орнатылады.
369. Электродегидраторлар аппараттағы мұнай деңгейі төмендеген кезде кернеулікті ажарататын құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Блокировкаларды тексеру дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық регламентке сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.
370. Электродегидраторларды мұнаймен толтыру және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттары мен технологиялық регламент бойынша жүргізіледі. Электр кернеулігін беру алдында жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау кезінде газ және мұнай буларын шығару жүргізіледі.
371. Құрылғыларға электр энергиясын беруді бақылау тұлғасының нұсқауы бойынша электротехникалық персонал жүргізеді электродегидраторлардың іске қосылу дайындығы туралы журналға жазу жүргізіледі.
372. Өрт қауіптілік кезінде электр энергиясы жедел ажыратылады және объектілер, авариялық-құтқару және өрт қызметтерінің жекетшілеріне хабарланады.
373. Электродегидраторлардан және тұндырғыштардан суды дренаждау герметикалығы қамтамасыз етілген жағдайда автоматты жүргізіледі.
5-бөлімше. Өнімдерді сепарациялау
374. МДҚ өнімдерін сепарациялау, көмекші құралдар және ғимараттар газдың аралық, шикізат және аралық резервуарларына түсуін технологиялық регламентке сәйкес болдырмауды қамтамасыз етеді.
375. Сепараторлар дистанционды басқару және бақылау, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесімен, қорғаныс қалқаншаларымен, деңгей көрсеткіштерімен және дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес мұнайды автоматты төгу құрылғыларымен жабдықталады.
376. Сепараторларды тазарту және үрлеу кезінде үрлеу желісіндегі бітегіш арматуралар біртіндеп ашылады.
6-бөлімше. Блокты қыздыру құрылғылары
377. Бөлік блоктарын іске қосу алдында оттықтар күюі және коалисцирлеуші толтыруларды сіңірудің алдын алу мақсатында сумен толытырылады.
Бөліктердегі су деңгейі дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес келеді.
378. Блоктың қыздырғыштары форсункаларын жандыру технологиялық регламентке сәйкес бөліктерді сумен толтырғаннан кейін жүргізіледі.
379. От қыздырғыштағы температураға жеткеннен кейін технологиялық регламентке сәйкес, эмульсиялық мұнайларды беру жүргізіледі. Трубақұбырларды ысырмалар біртіндеп және баяу ашылады.
380. Технологиялық регламентте көзделген рұқсат етілген температурадан жоғары мұнайды қыздыруға жол берілмейді.
381. Берілетін эмульсиялық мұнай мөлшері түсіру қалқаншаларының жіберу қабілеттілігінен артпайды.
382. Блок жұмыс істеу кезінде технологиялық регламентте көзделген параметрлердің артуына жол бермейтін қысымда бақыланады.
383. От қыздырғыштар бөліктерінен су жіберу және дренажды патрубкалар арқылы тұндыру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
384. Фланцті қосылыстардағы, дәнекерлеу тігістерінде және қыздырғыш оттықтарындағы деформацияланудағы герметикалық болмаған кезде блок технологиялық регламентке сәйкес тоқтатылады.
385. Мерзімді ашу арқылы су және мұнайды шығару желістеріндегі түсіру қалқаншаларының жағдайы ауысым сайын тексеріледі.
386. Коалисцирлеуші толтыруларды тиеу үшін блоктарда сатылар, алаңдар және қоршаулар қарастырылады.
387. Жұмыс алаңдарынан бақылау-өлшеу құралдарынына, қорғаныс қалқаншаларына, аппараттың жоғарғы бөлігінде орналасқан бітегіш арматураларға қызмет көрсету жүргізіледі.
7-бөлімше. Тұрақтандыру құрылғылары
388. Су жоқ колонналарды суландыруға тұрақтандыру сұйықтары беріледі.
389. Корпуста және тұрақтандыру колонналарының элементтерінде герметикалық еместік анықталған жағдайда құрылғы тоқтатылады және технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік шаралары қабылданады.
390. Дұрыс жұмыс істемейтін құрылғылары бар конденсатор-мұздатқыштарды пайдалануға жол берілмейді. Шығарылатын суларда мұнай өнімінің белгілері пайда болу кезінде конденсатор – мұздатқыш қолданыстағы аппараттардан бұзушылықтарды жою үшін ажыратылады.
8-бөлімше. Трубақұбырларында мұнайларды деэмульсациялау
391. Трубалық деэмульсациялау үшін деэмульгаторларды беретін сорғыштағы қысым трубақұбырлардағы мұнай қысымынан артық болады.
392. Мұнайы бар трубақұбырлармен қосылу орнында деэмульгаторлар беру желісінде бітегіш құрылғы орнатылады.
393. Деэмульсация процесінде бөлінген суларды жинау үшін ағынды суларды пайдаға асыруға арналған тазарту ғимараттары мен қондырғылар қарастырылады.
394. Кәріздер жүйесі бөлінген судың барлық көлемінің шығуын қамтамасыз етеді.
9-бөлімше. Мұнай, газ, конденсат және суды есепке алу
395. Ұңғымалар және МДҚ өнімдерін есепке алуға арналған қондырғылар мен құралдар жобада қарастырылады.
396. Қайта айдау режимі ағынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және жобалық және дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген көлемі, салмағы және қысымы бойынша рұқсат етілген ауытқулардан артпайды.
397. Мұнай және газды тіркеуге арналған құралдарды қауіпсіз пайдалану үшін:
1) жұмыскерлер, өлшеу және қосалқы құралдары бар резервті және бақылау өлшеу желілері (фильтрлер, ағынды тұрақтандырғыштар, шығындарды қайта түрлендіргенге дейін және одан кейінгі тікелей учаскелермен, ағуларды бақылау құрылғысы бар тіркейтін бітегіш-реттеуші арматуралармен);
2) циркуляциялық сорғыш, автоматты ағынды анализатор-ылғал өлшегіш, тұз өлшегіш, автоматты ағынды тығыздық өлшеуіш, автоматты сынама алушы, термометр, манометрі бар сапаны бақылау блогы;
3) қайталама өңдеу, сақтау, индикациялау және өлшеу нәтижелерін беру құралдары;
4) труба поршенді құрылғылар қарастырылады.
398. Мұнай және газдарды тіркеу приборлары турбиналық қайта түрлендіргіштер мен фильтрлер қақпақтарын ауыстыру жүргізуге мүмкіндік беретін шағын механизация құралдарымен жабдықталады.
399. Өлшеу желілері мен фильтрлерді тазарту, мұнай және газды тіркеу құралдары дренажды ыдыстарда жүргізіледі.
7-бөлім. Резервуарлы парк
400. МГК, МДҚ барлау объектілері үшін жобада ұңғыма өнімдері және тауарлық мұнай қоры қарастырылады.
401. Резервуарлар типтері мен мақсаттары, оның жарықтандырылуы, тот басуға қарсы шаралар, монтаждау тәсілдері өнім көлемі, технологиялық процесс, климаттық жағдайлар, орта сипатына байланысты және жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып жобамен негізделеді.
402. Резервуарларды монтаждау және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша жүргізіледі.
403. Монтаждаудан кейін резервуарларды пайдалануға қабылдауды акт және іске қосу құжаттарын жасай отырып, жобалық құжаттарға сәйкес жұмыс сапасын тексергеннен кейін комиссия жүргізеді.
404. Резервуарды іске қосу алдында мықтылық пен герметикалыққа сынау жүргізіледі, түбінің сыртқы контурының көлденеңділігі, резервуар қабырғаларының геометрикалық формасы тексеріледі.
405. Пайдаланудағы резервуарлар келесі құжаттармен қамтамасыз етіледі:
1) монтаждау және құрылыс жұмыстарының жобасымен;
2) бітегіш арматуралар, тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларының төлқұжаттарымен (сертификаттармен);
3) пайдалану мерзімі көрсетілген резервуарлардың техникалық төлқұжаттарымен (сертификаттарымен);
4) понтонға арналған техникалық төлқұжаттармен;
5) резервуардың градуирленген таблицасымен;
7) тот басудан қорғау сызбасымен;
8) өртке қарсы қорғаныс сызбасымен;
9) негіздерді нивелирлеу сызбасымен;
10) найзағайдан қорғану және статикалық электрлер пайда болу құбылысынан резервуарларды қорғау сызбасымен;
11) жинақтау тізімі мен резервуарлар қондырғыларының техникалық жағдайының актісімен;
12) резервуарлар құрылысы және пайдалануға іске қосуға арналған атқару құжаттарымен;
13) техникалық қызмет көрсету журналымен;
14) жерге қосу жағдайын, найзағайдан қорғау құрылғыларын бақылау журналымен қамтамасыз етіледі.
406. Резервуарларды орналастыру жобаға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес аумағын жоспарлау қатты жабу, бекіту, қоршау, жолдар, өтетін жолдар, коммуникациялар, жарықтандыру құрылғылары қарастырылады. Коммуникацияларды салу және жөндеумен байланысты бекітулерді әзірлеу кезінде, осы жұмыстар аяқталған кезде бекітулерді қалпына келтіру жүргізіледі.
407. Резервуарлық парк аумағына бекітудің немесе қоршаудың екі жағынан бірдей кіру үшін таяныштары бар, жеке тұрған резервуарлар үшін екіден кем емес, резервуарлар топтары үшін төрттен кем емес,баспалдақ, өтетін жолдар орнатылады.
Бекітулер арқылы басқа орындарға өтуге жол берілмейді.
Резервуардың жоғары алаңының борт биіктігі 0,1-0,15 м кем емес биіктігі 1 м кем емес таянышы, таяныштарға қоса жапсырылған баспалдақтар болады.
Шатырдың қоршалған алаңдарында өлшеу люктері, өлшеу құрылғылары және басқа арматуралар болады.
Резервуарлық баспалдақтардың дұрыс жұмыс істеуіне, таяныштардың мықтылығына, шатырдағы қоршауларға тұрақты бақылау орнатылады. Алаңдар мен баспалдақтар сатылар таза ұсталады, мұзбен қардан биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ағаш күректермен тазартылады.
Басталдақтар мен алаңдарда басқа заттар мен қондырғылардың бөлшектерін тастауға оларды резервуар шатырында тікелей орын алмастыруға жол берілмейді. Қолданыстағы резервуарлар мықтылығын бұзуға жол бермеу мақсатында соққы құралдарын (балға, кувалда) қолдана отырып, жұмыс істеуге жол берілмейді.
408. Резервуарлардың қауіпті аумағында объект жетекшісімен және өрт қызметімен келісілген рәсімделген рұқсат беру бойынша қақпақша трубасында ұшқын сөндіру бар және жылдамдығы 5 км/сағ дейінгі шектеулі көліктің жүруіне жол беріледі.
Пайдаланылатын резервуарға автокөліктің кіруіне 20 м артық емес қашықтықта жол беріледі.
409. Мұнай өнімдерін құю орындарында герметикалық емес анықталған жағдайда сіңірілген топырақ тазартылады, бөлінген орынға алынып тасталады, ал қалыптасқан алынған орын таза топырақпен немесе құммен жабылады.
410. Резервуарлық алаң аумағында жанатын және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді. Жөндеу жұмыстарына арналған жер кен орындары және траншеялар қоршалады, ал жұмыстар аяқталған соң, алаңның жоспарлануымен жабылады.
411. Резервуарлық парктер және жеке тұрған резервуарлар жобаға сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Өрт сөндіру құралдары персоналдың еркін баруын және жедел пайдалануды қамтамасыз ететін орындар дұрыс жұмыс істеу қалпында болады.
Резервуарлық парктер және жеке тұрған резервуарлар алаңдарында темекі шегуге және ашық оттар пайдалануға жол берілмейді.
Жарылыс өрт қауіпсіздігі орындауындағы жарықтандыру мен электр қондырғылар қолданылады.
Аумақтар мен резервуарларда жарылыс өрт қауіпсіздігі туралы ескерту және тыйым салу, объектіде темекі шегуге тыйым салынатын және ашық отты пайдалануға тыйым салатын жазулар орналастырылады.
Резервуарлар арматураларын қыздыру бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі.
412. Резервуарлар газ теңестіруші жүйемен, тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларымен, от шектеушілермен, деңгей өлшеуіштермен, сынама алушылармен, деңгейдің сигнал берушілерімен, артық құйылудың алдын алу құрылғыларымен, автоматика және телеметрия құралдарымен, БӨҚАҚ, өртке қарсы қондырғылармен, қабылдау тарату құрылғыларымен, тазарту құрылғыларымен, желдеткіш құрылғыларымен, люктермен, баспалдақтармен, алаңдар мен қоршаулармен, дайындаушының техникалық құжаттарымен қамтамасыз етіледі.
413. Дистанционды және телеметриялық басқару арматуралы жобаға, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес орнатылады.
Резервуарлар газдар, булар, ауа шығару, мұнай өнімдерінің азаюын жинау және көбікті өрт сөндіруді қоса алғандағы өрт сөндірудің стационарлық жүйесімен қамтамасыз етіледі.
414. Резервуарда жуылмайтын бояумен технологиялық сызбаға сәйкес келетін белгілер мен нөмірлер, резервуарды (деңгей өлшеу және өлшеу люктері маңында) толтырудың максималды деңгейінің белгілері мен мәндері жазылады.
Тереңдетілген резервуардың нөмірі мен белгілері орнатылған тақтайшада көрсетіледі.
Резервуарлар сұйықтың шектік мәнінің және авариялық сигнал берулерімен қамтамасыз етіледі.
415. Әрбір резервуарға келесі мәліметтер енгізілетін төлқұжаттар жасалады:
1) резервуардағы сұйықтардың максималды және минималды деңгейі (сантиметрде);
2) резервуардағы сұйықты қыздырудың рұқсат етілетін максималды температурасы (Целсий градусында);
3) тыныс алу және қорғаныс қалқаншаларының типі, мөлшері және жіберу қабілеттілігі;
4) резервуарлардың (сағатына куб метрде) толтырудың және асып кетуінің максималды өнімділігі;
5) іске қосылған бу су қыздырғыштардағы (сантиметрде) мұнайдың рұқсат етілген максималды және минималды деңгейі.
416. Бітегіш арматуралардың және резервуарды басқаруға және қауіпсіз қызмет көрсетуге арналған басқа құрылғылардың мақсаты мен белгілері технологиялық сызбада көрсетіледі.
417. Резервуарлар жерге қосылады. Резервуарларды жерге қосу құрылғыларының кедергісі топырақты барынша төмен өткізгіштегі кезінде жылына бір реттен жиі емес өлшенеді. Резервуарлар статикалық электрлерден қорғаныспен қамтамасыз етіледі, оның дұрыс жұмыс істеуі ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша тексеріледі.
418. Тыныс алу арматуралары, ескерту және сигнал беру құрылғылары, БӨҚАҚ резервуарда рұқсат етілетін артық және сиретілген қысымға сәйкес орнатылады.
419. Резервуарлар жобаға және дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес қатпайтын тыныс алу қалқаншаларымен және жылыту жүйелерімен жарақтандырылады.
420. Резервуарлық парктер аумағы бекітудің сыртқы және ішкі жағынан таза ұсталады. Аумақтардың мұнай өнімдерімен, қалдықтармен ластануына жол берілмейді. Күзету аумағын шегіндеге өсімдіктер жойылады.
421. Резервуарлық парк аумағында тәуліктің қараңғы кезінде тасымалданатын жарылыстан қорғалатын 12 В шырақшамдар (аккумуляторлы және батареялы) қолдануға жол беріледі.
Шырақшамдарды жағу және сөндіру резервуарлық парктің бекітуінен тыс жерде жүргізіледі.
422. Автоматты және қолмен басқару кезінде ысырмаларды қосу басқарудың сызбасына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Бітегіш артматуралар мен басқа да құрылғылар технологиялық сызбаға сәйкес олардың қалыптары мен белгілерімен қамтамасыз етіледі.
423. Резервуарларды БӨҚАҚ, бітегіш арматуралардың қорғаныс қалқаншаларының, сигнал беру құралдарының, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің, қоршаулардың газ теңгеретін жүйесінің, баспалдақтар, алаңдар мен басқа да элементтердің зақымданулары мен деформациялары, дұрыс жұмыс істемеуі анықталған кезде оларды жойғанға дейін пайдалануға жол берілмейді.
424. Резервуарды толтыру және босатудың көлемділік жылдамдығы технологиялық регламентте көзделген тыныс алу қалқаншаларының жіберу мүмкіндігінен артық болмайды.
425. Резервуар ішінде бу немесе жылу қыздырғыштары орналасқан кезде сұйықтарды шығаратын құрылғылар қарастырылады. Қыздырғыштар тіреулерде бекітіледі, трубаларды қосу дәнекерлеумен жүргізіледі.
Резервуарлардағы мұнай қыздырғышқа берілетін жылу тасымалдағышпен жылытылады. Қыздырғыш үстіндегі мұнай деңгейі 0,5 м кем емес қолданады. Жылу тасымалдағышты іске қосу алдында қыздырғыштың өткізгіштігі тексеріледі, конденсат алынады.
Жылу тасымалдағышты іске қосу кезінде ысырмалар біртіндеп ашылады. Жылытқыштар герметикалығы жылу тасымалдағыш шығыны және қысымы бойынша бақыланады.
Жылыту температурасы мұнайдың қайнау температурасынан төмен белгіленеді және технологиялық регламентте көрсетіледі.
Қызу температурасы бақыланады, мәліметтер журналға жазылады. Резервуарларды мұнаймен толытыру кезінде жылыту немесе ұзақ уақыт сақтау үшін оның деңгейі ыдыс биіктігінен 95 % артық болмайды.
426. Резервуарлардан өнім астындағы суларды жобада, дайындаушының техникалық құжаттарда көрсетілген құралдармен алады. Өнім астындағы суларды төгу кезінде сумен мұнайдың ағуына жол берілмейді.
Резервуарлардың су төгетін ысырмалары мен сифонды бұрандалары жанбайтын материалдан жасалған оқшаулармен оқшауланады.
427. Резервуарлар люктерін ашу, мұнай деңгейін өлшеу, мұнай өнімінің сынамасын алу, өнім астындағы суларды ағызу және резервуарды ашумен және оны байлаумен байланысты басқа жұмыстар кезінде персонал жел бағыты бойынша люктің бүйір жағында болады.
Сынамалар алу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
428. Қызметкерлер сынама алу және мұнай деңгейін өлшеу алдында келесі қауіпсіздік талаптарын орындайды:
1) арнайы мақтақағаз (антистатикалық) киім және арнайы аяқ-киім кию, ТО ЖҚҚ және тасымалданатын газ сигнал берушілердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
2) сынамалар деңгейін өлшеу, алу және тасымалдау құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру;
3) газ теңгеретін жүйе ысырмасын жабу;
4) лаборантпен бірге тасымалданатын газ сигнал беру құралымен жұмыс істеу орнындағы люктерді ашқанға дейін және одан кейінгі ауа ортасын бақылау.
429. Сынамаларды резервуарға мұнай айдау аяқталғаннан кейін екі сағаттан кем емес уақыттан ерте болмай өлшеу люктері арқылы алуға жол беріледі.
Резервуарлардан мұнай деңгейін өлшеу және сынамасын алу жүргізілмейді:
1) жұмыс орнының ШЖК, ЗШЖК артық газдануы кезінде;
2) мұнайды айдау және қайта айдау кезінде;
3) күн күркіреу кезінде;
4) жел жылдамдығы 8 м/с артық болғанда;
5) көктайғақ және тұман кезінде;
6) бақылаушы болмаған және қауіпсіздік жағдайда сәйкес келмегенде.
430. Резервуарлық паркте жаяу жүргіншілер жолдарымен резервуарларды өтетін жолдардағы бекітулер арқылы қозғалуға жол беріледі.
431. Сынамалар алу кезінде қызметкерлермен келесі талаптар орындалады:
1) жұмыс орнындағы газдануды бақылау;
2) резервуар шатырында траптармен қозғалуға жол беріледі, резервуардың тікелей шатырында қозғалуға жол берілмейді;
3) мұнай айдау және қайта айдау кезінде резервуар шатырында болуға жол берілмейді;
4) резервуарлардан мұнай сынамаларын алу және деңгейін өлшеу газ байлауындағы газ теңгеретін жүйенің жабық ысырмасы кезінде жүргізіледі.
5) зиянды булармен және газдармен улануды болдырмау мақсатында ашық люктер үстінде болуға жол берілмейді.
6) резервуарларда мұнай деңгейін өлшеу кезінде өлшеу құралдары ұшқын пайда болуын болдырмау үшін қалып бағыты бойынша, баяу, жұлқусыз және соққысыз қозғалады;
7) өлшеу құрылғысын түсіру және көтеру мақтақағаз қолғаптармен жүргізіледі;
8) сынама алу ыдыстарынан сынамалар герметикалық ыдысқа құйылады;
9) резервуарға басқа құралдардың түсуіне жол берілмейді;
10) өлшеу люктері арқылы резервуарға мұнай мен мұнай өнімдерін құюға жол берілмейді;
11) люк қақпағын ашу және жабу кезінде оның ұрылуына жол берілмейді;
12) түнгі уақытта қызметкерлер жарылыстан қорғалатын орындалған аккумуляторлы немесе батареялы шырақшамдар қолданады және оларды бекітуден тыс жерде немесе резервуардан 20 м кем емес қашықтықта іске қосады;
13) қауіпті аумақта шырақшамдар шамдарын, батареяларды, аккумуляторларды іске қосуға және ажыратуға, жөндеу және ауыстыруға жол берілмейді.
432. Жұмыс аяқталғаннан кейін:
1) герметикалық төсемдерді қолдана отырып, люктерді жабу және бекіту;
2) егер сынама алу кезінде резервуар шатырына мұнай түссе, ол ластанудан тазартылады;
3) газ теңгерім жүйесінің ысырмасын ашу;
4) сынама алу, жинау құрылғысын тазарту және сүрту, тасымалдау үшін сүрту материалдарын сөмкеге немесе контейнерге жинау;
433. Резервуарлардағы өлшеу люктері ашуға арналған және ұшқын қауіпсіз тығыздағыш құрылғысы бар герметикалық қақпақпен қамтамасыз етіледі.
Деңгей өлшеу немесе сынама алу аяқталғаннан кейін өлшеу люктерінің қақпағы құлау, соғылу және ұшқын пайда болуын болдырмай жабылады.
434. Резервуар негіздері жер үсті суларымен жуылудан қорғалады, ол үшін тазарту құрылғылары кәріздер бойынша тұрақты ағумен қамтамасыз етіледі. Резервуарларды тазарту кезінде пайда болған ағынды сулар жеке трубақұбырлар арқылы зиянды заттарды пайдаға асыру және бейтараптау үшін қоқыс жинағыштарға шығарылады.
436. Қолданыстағы резервуар:
1) тікелей резервуардан мұнай ағуы кезінде;
2) дренажды құдықтар немесе басқару камерасының бақылау трубаларынан мұнай анықталған кезде;
3) қауіпті немесе авариялық жағдай пайда болғанда ажыратылады және мұнайдан тазартылады.
Газ теңгерімдік жүйеге қосылған резервуарды пайдаланудан шығару кезінде:
1) газ байламына ажырату;
2) газ құбырындағы ысырмаларды жабу;
3) бітегіштер орнату.
Бітегіштерді орнату және алу журналда жазылады.
Резервуардағы герметикалық бұзылған жағдайда олар трубақұбырлардан, коммуникациялардан ажыратылады және зақымданулар жойылады.
437. Пайдаланудағы резервуарлар техникалық жағдайын, жөндеу түрін, пайдаланудың қалдық мерзімін анықтайтын техникалық куәландыруға және диагностикалауға жатады.
438. Резервуарларды куәландырудан, ревизиялаудан және жөндеуден кейін техникалық жетекшінің жазбаша рұқсатынан кейін қабылдау актісі негізінде іске қосу жүргізіледі.
439. Егер өлшеулер және басқа мәліметтер бойынша резервуарларды толтыру және босатудың қалыпты жағдайы бұзылғаны анықталған кезде, бұзушылықтар себептерін анықтау және оны жою жөніндегі шаралар қабылданады. Авариялық жағдайда операциялар технологиялық регламент және АЖЖ сәйкес тоқтатылады.
440. Резервуарларды толтыру және босату қызмет көрсету персоналы қайта айдаумен байланысты ысырмалар қалыптарының сәйкес келуін тексергеннен кейін жол беріледі. Ысырмаларлы ашу және жабу баяу жүргізіледі.
Қолданыстағы резервуарларды іске қосу және ажырату жөніндегі ысырмалармен бір уақытта операциялар жүргізуге жол берілмейді.
441. Резервуарларды қайта қосу кезінде толтырылатын резервуарлардағы ысырмалар ашылады және резервуардағы толтырудан ажыратылатын ысырма жабылады.
442. Резервуарлық парктегі ысырмаларды автоматты қайта қосу трубақұбырлар қысымның артуынан қорғалған жағдайда жүргізіледі.
443. Жергілікті және дистанционды басқару электр ысырмалары болған кезде ысырмалардың бітегіш құрылғысының қалыптарын көрсететін сигнал берулер қарастырылады.
444. Резервуарларда будың серпімділігі жобалықтан артық болатын өнімдерді айдауға жол берілмейді.
445. Жерасты резервуарларын пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Пайдалану кезінде жарық люктер төсемдері бар қақпақтармен жабылады. Оларды жөндеу немесе ыдыстарды тазарту кезінде ғана желдету үшін ашуға жол беріледі.
Желдеткіш трубаларының биіктігі жоғары жабудан 2 м кем емес құрайды.
Жер асты камераларында (шахта) орналасқан арматуралар дистанционды басқарулармен қамтамасыз етіледі. Камераларға түсу үшін стационарлық металл баспалдақтар қолданылады.
Камералар дефлекторлармен қамтамасыз етіледі.
Жер асты ыдыстарын қалдықтардан тазарту гидромониторлар, гидроэлеваторлар қолдана отырып механизацияланған тәсілмен жүргізіледі.
Люктер арқылы жер асты ыдыстарын түсіру үшін ыдыс түбіне дейін баратын қоршауы бар баспалдақтар қолданылады.
446. Резервуарлар мен сығылған газдар мен тұрақсыз бензинге арналған ыдыстарды пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Өлшеу шынылары зақымданудан қорғалады, ал бұрандалар шыны зақымданған кезде автоматты жабылады. Шыныға ыдыстағы шектік деңгей көрсеткіші орнатылады.
Әрбір ыдыстағы температураны бақылау үшін термопар немесе термометр орнатылады.
Айдалатын өнім температурасы ыдыстағы рұқсат етілген жұмыс қысымын қамтамасыз ететін булар серпімділігіне сәйкес келеді.
Ыдыстардағы қысымды бақылау үшін дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес манометрлер орнатылады. Манометрге апаратын желіге өнім сынамасын алуды қосуға жол берілмейді.
Сұйық деңгейі, температурасы және қысымы журналда жазыла отырып бақыланады және белгіленеді.
Ыдыстардан сынама алуды осы ыдыстарға қызмет көрсететін персоналмен немесе қадағалаушымен бірге ТО ЖҚҚ қолдана отырып, сынама алушы жүргізеді.
Ыдыстарға трубақұбырларды, бітегіш арматураларды, ыдыстарды булау және қауіпті немесе авариялық жағдайда бу шілтерлерін қалыптастыру үшін бу құбырлары немесе жылу құбырлары жалғанады.
Ыдыстар сыртында немесе ішінде жылыту құрылғыларын орнатуға жылу тасымалдағыш температурасы ыдыстағы қысымның есептіктен артық болуын болдырмайтын жағдайда жол беріледі.
Ыдыстар сулардың кәріздерге ағуына арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
Су ағызуға арналған штуцер қатпайтын қалқаншамен жабдықталады.
Күн сәулесімен қызудан қорғау үшін ыдыстар ашық түске боялады.
Ыдыстағы өнімнің 45°С артық кезде қызуы мүмкін климаттық жағдайда ыдыстың қатты қызуының (жылу оқшаулау, көлеңкелі тыстар, сумен суландыру) алдын алатын шаралар қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |