12-бөлім. Технологиялық процестерді автоматизациялау
535. МГК барлауды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қарастырылады:
1) жарылыс өрт қауіпті учаскелерде персоналдың тұрақты болуын болдырмайтын және МГК барлауы объектілерінің техникалық жағдайы, технологиялық параметрлері туралы ақпаратты алу және тіркеуді қамтамасыз ететін қондырғыларды, технологиялық процестерді, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғанысты автоматизациялаудың максималды деңгейін;
2) блокировкалаудың, қауіпті және авариялық жағдайлар туындаған кезде іске қосылатын қорғаныс және сигнал құрылғыларының көп деңгейлі жүйесі;
3) ауа ортасын автоматтандырылған бақылау және жұмыс аумағының герметикалық еместігін, газдануын, адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсер ету қауіптілігін алдын ала бақылауды;
4) авариялық байланыстың және хабарландырудың автономды жүйесі, персоналды және тұрғындарды мүмкін қауіптілік және төтенше жағдай туралы жедел ақпараттандыру.
536. Автоматизациялау құрал-жабдықтары мен құралдарды дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық және климаттық жағдайларға сәйкес пайдаланылады.
537. МГК барлау объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде бақылау, басқару, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесін әрбір объекті және технологиялық процесс бойынша сынау нәтижесін актілеу арқылы сынау жүргізіледі.
538. МГК объектілерін автоматизациялау үшін бақылау және басқару пунктері қарастырылады:
1) ұңғымаларды, сағалық алаңдардағы жеке құрылғылар мен қондырғыларды бақылау және қызмет көрсету үшін оператор постары;
2) ұңғыма өнімдерін өндіру, жинау, тасымалдау, дайындаудың технологиялық процестерін бақылау және қызмет көрсету үшін операторлық пунктер;
3) көмір сутек өнімдерді дайындау жөніндегі диспетчерлік пункт;
4) мұнай газ өндіру ұжымдарына арналған орталық диспетчерлік пункт.
539. Басқару пунктерінде келесі функцияларды қамтамасыз ететін аппаратуралар қарастырылады:
1) қауіпті авариялық режимдердің пайда болуы туралы авариялық сигнал беру және технологиялық кешеннің әрбір блогы бойынша автоматты іске қосылу;
2) технологиялық процесстер параметрлерін өлшеу және белгіленген режимнен ауытқу туралы сигнал беру;
3) технологиялық параметрлерді автоматты реттеу;
4) технологиялық блоктарды, агрегаттарды, бітегіш арматураларды, атқару құрылғыларымен және механизмдермен дистанционды басқару;
5) МГК барлау объектілерінде жұмыстарды орындау және деңгейі бойынша басқару ақпараттарды тіркеу және беру.
540. Жедел және диспетчерлік пункттер тиісті коммуникациялар, электрмен жабдықтау, байланыс, телеметрия, өмірмен қамтамасыз ететін, күзет және авариялық және қауіпті жағдайларда сыртқы әсерлерден қорғанысы бар барынша қауіпсіз орындарда орналастырылады.
541. Диспечерлік пункттер құрамында келесі ғимараттар қарастырылады:
1) басқару пульттерін, щиттер және тұрақты қадағалау мен бақылауды талап ететін аппаратураларды орналастыруға арналған диспетчерлік;
2) диспетчерлік қызметтің тұрақты қадағалауын талап етпейтін құралдар мен құрылғыларды орналастыруға арналған аппараттық;
3) ақпараттарды өңдеу және сақтауға арналған;
4) БӨҚАҚ жөндеу және қалыпқа келтіру шеберханасы (зертхана);
5) жедел және кезекші персонал жұмыс істейтін;
6) көмекші, қызметтік, күзет және санитарлық-тұрмыстық ғимараттар.
542. Жедел және диспетчерлік пункттер резервті электрмен жабдықтауы болатын бірінші санаттағы электр қабылдағыштарға жатады.
13-бөлім. Байланыс және сигнал беру
543. Жарылыс өрт қауіпті ғимараттар және сыртқы құрылғылар үшін байланыс және сигнал беру құрылғылары жарылыс қауіпсіздігі орындауында қарастырылады.
544. МГК барлау объектілері келесі байланыс және сигнал берумен қамтамасыз етіледі:
1) жалпы өндірістік телефон және телеметрикалық байланыс;
2) өндіріс ішіндегі диспетчерлік және басқарушы (директор байланысы);
3) тарату-іздестіру, ұялы және қатты сөйлейтін байланыс, факсті және электронды байланыс;
4) радификация;
5) күзет және өрт байланыс, бейне бақылау, «Дабыл» сигналын беру.
545. Жалпы өндірістік байланыстың телефон байланысы әдетте диспетчерлердің, операторлар жұмыс орындарымен, басшылық, авариялық-құтқару, өрт және медициналық қызметпен тұрақты байланысты қамтамасыз ететін, орталық жинау пунктінде, УПН және құрылымдық бөлімшелерде орналастырылады.
546. Ішкі өндірістік байланысты технологиялық процестерді соның ішінде диспетчерлердің объектілер мен қызмет көрсететін персоналмен тұрақты байланысын, ұйым және объектілер басшыларының байланысын тікелей орындайтын өндірістік персонал қамтамасыз етеді.
547. Басқарушы байланыс ұйым басшысы, диспетчерлік қызмет, объектілер және өндірістік технологиялық участоктар арасында тәуліктік режимде қамтамасыз етіледі.
548. Тарату ақпаратын бір уақытта беру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша хабарлау үшін кезекші персонал тұрақты болатын ғимаратта орналасатын радификация желісі қарастырылады.
549. Дабыл сигналын беру үшін жедел-технологиялық, өрт және күзет дыбыс және жарық сигнал беру қарастырылады.
550. Байланыс станциясы қауіпті және авариялық жағдайларда ауа газдану мүмкіндігінен қорғауға арналған желдің басым бағыты және жер релефі ескерілетін барынша қауіпсіз орындарда орналыстырылады.
551. Байланыс, авариялық, өрт және күзет сигнал беру құрылғылары тиісті авариялық-құтқару және өрт қызметі, объектілерді күзету ғимараттарында орналастырылады.
552. Байланыс станциясы электр қабылдағыштардың 1-санатына жатады және электр генератор құрылғыларымен және аккумуляторлық батареялармен қамтамасыз етіледі.
14-бөлім. Электрмен жабдықтау және электр қондырғылар
553. Электр қабылдағыштар санаттары осы Талаптың 9-қосымшасында белгіленген нормалармен анықталады.
554. Электр құрылғыларына қызмет көрсететін персоналға қойылатын талаптар және біліктілік топтар электр қауіпсіздігі ережелерімен және технологиялық регламентпен анықталады.
555. Электр құрылғыларды және қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу электр құрылғыларын тұтынушылардың қауіпсіздік техникасы мен техникалық пайдалану талаптарына сәйкес іске асырады.
556. Зақымданға жарылыс өрт қауіпті электр қондырғыларды тиісті жарылыстан қорғану деңгейіндегі электр қондырғыларымен ауыстырылады.
557. Тарату құрылғыларының трансформаторлы шағын станцияларының кірісінде, электр берудің желісінің трассаларындағы тіреулерде, жер асты кабелдері мен басқа электр қауіпті объектілерде электр қондырғыларының қоршауларында қауіпсіздік белгілері мен плакаттар орналастырылады.
558. Жарылыс қауіпті аумақтарда орналастырылған аумақтарда электр сынауларын жүргізу, электр қондырғыларының параметрлерін өлшеу жарылыс қауіпті емес аумақтардан жарылыс қорғанысын бұзбай жүргізіледі.
559. Жарылыс қауіпті аумақтарда дұрыс жұмыс істемейтін тасымалданатын электр құралдары мен жарылыс қорғанысы тобына тиісті емес тасымалданатын шырақшамдарды қолдануға жол берілмейді.
560. Электр техникалық персоналдың қолданыстағы электр құрылғыларында және электр желілерінде операцияларды орындауға, ал басқа қызметкерлердің электр сымдарын және электр аппараттарын басқару жөніндегі әрекеттерді орындауға, тасымалданатын электр шамдарын, электр құралдарын қолдану қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
561. Электр двигательдерінің және басқа электр аппаратураларын іске қосу алдында ылғалдылығы жоғары ғимараттарда және сыртқы құрылғыларда диэлектрикалық қондырғылар мен резиналы кілемшелер орналастырылады.
562. Қорғаныс құралдарын қолдану алдында сынау мерзімі, кернеулікке сәйкестігі зақымданулардың болмауы тексеріледі.
563. Электр құрылғыларының есіктері жабық қалыпта болады.
564. Жұмыстар электр құрылғыларында ұйымдастыру –техникалық шарттар орындалғаннан кейін жүргізіледі.
565. Электр құрылғылары мен қондырғылар диспетчерлік және жұмыс орындарында болатын технологиялық және электр сызбаларына сәйкес нөмірленеді және белгіленеді.
566. Өлшеу хаттамасын және тексеру актісін жасай отырып, жерге қосу құрылғысының техникалық жағдайын анықтау үшін:
1) жерге қосу құрылғысының көрінетін бөлігін сырттай қарау;
2) жерге қосу жәнге жерге қосылатын элементтер арасындағы қосылыстарды тексеру, аппараттарды жерге қосатын құрылғымен қосатын сымдардағы үзілулер мен контактілердің бұзылуын анықтау, қорғаныс құрылғыларының жағдайын тексеру;
3) жерге қосатын құрылғының кедергісін өлшеу;
4) «фаза-ноль» электр тізбегін тексеру;
5) жердегі жерге қосатын құрылғының элементтерін қарау үшін жерді ішінара ашу;
6) тексеру және сынау нәтижелерінің хаттамалары мен актілерін рәсімдеу.
15-бөлім. Сумен жабдықтау, кәріздер және қабатқа су айдау
1-бөлімше. Сумен жабдықтау жүйесі
567. МГК барлау объектілер кешені үшін өндірістік, өртке қарсы және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесі қарастырылады.
568. Су мөлшері мен сапасына қойылатын талаптар пайдалану мақсаты мен шарттары, технологиялық процесс және қондырғыларды тот басу әсеріне байланысты белгіленеді.
569. Сумен жабдықтау жүйесінің ғимараттары резервтік сұранысы ескеріле отырып қарастырылады.
570. Су шығынын өлшеу әрбір су тартқыда, су ағындарында және сумен кері жабдықтау жүйесінде жүргізіледі.
571. Судың құрамы мен сапасы журналға тіркеу арқылы санитарлық нормалар бойынша бақыланады.
Суды сақтау жүйесіне айдау үшін зиянды заттармен ластану және биологиялық әсер ету қауіптілігін болдырмайтын қондырғылар қолданылады. Ауыз суға арналған ыдыстар жабылады және күзетіледі.
Ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін қызметкерлер жүйелі медициналық тексеруден өткізіледі. Денсаулығы сәйкес келмеген жағдайда, жұмысқа жіберілмейді.
572. Ыдыстар, сорғыш құрылғылар, трубақұбырлар мен арматуралар төмен температурада қатуды болдырмау үшін жылу оқшаулаумен және жылу серіктерімен қамтамасыз етіледі.
2-бөлімше. Кәріздер жүйесі
573. Объектілерде қабатты, өндірістік, жаңбыр және тұрмыстық ағынды сулар үшін кәріздер жүйесі жобаға сәйкес пайдаланылады.
Кәріздерге жіберілетін концентрациясынан жоғары болатын мұнай және мұнай өнімдеріне, зиянды және қауіпті заттарға арналған қондырғылар, аппараттар, резервуарларды тазарту және булау өнімдерін шығаруға жол берілмейді.
574. Объектілерде жоба бойынша өнімдерді түсіруге арналған терминалдарды (эстакадалар) қоса алғандағы мұнай, газ және конденсаттарды дайындау, сақтау және тасымалдау кезінде тазарту ғимараттары бар орталықтандырылған кәріздер жүйесі қарастырылады.
Ұңғымалар, сепарациялық және өлшеу объектілер және осындай жеке тұрған объектілер алаңдарында, ағынды суларды ағызу және жинау тазарту ғимараттарына шығарыла отырып, кәріздік жүйеге шығару арқылы кәріздік ыдыста жүргізіледі.
Ағындарды жинаудың жекелеген қондырғыларын жөндеу кезінде инвентарлық түптер мен ыдыстар қолданылады.
575. Персоналдық тұрақты болатын тұрмыстық санитарлық-гигиеналық ғимараттары бар объектілерде тұрмыстық кәріздер қарастырылады.
Тұрмыстық кәріздерді өндірістік кәріздерге қосуға жол берілмейді.
576. Тазартылған қабаттық, өндірістік және жаңбыр ағындары мұнай қабаттарын сумен толтыру үшін қолданылады. Сумен толтыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар сіңіру деңгейжиектеріне айдалады немесе жобаға сәйкес булану гидротехникалық ғимараттарға шығарылады.
577. Қабат сулары (тазарту ғимараттары, сорғыш станциялар және топты сорғыш станцияларына дейінгі су тартқылар) кәріздер жүйесінің ғимараттарының өнімділігі қабат суларының есептік көлемінен 15 % мөлшеріне дейінгі резерві болады.
Ағынды сулар көлемін өлшеу және анализдеу:
1) тазартылған ағынды суларды буландыру су айдындарына шығару алдында тазарту ғимараттарында;
2) ағызу орындарына, мұнай қабаттарының су толтыру жүйелеріне тазартылған қабаттық және ағынды суларды беретін сорғыш станцияларында;
3) сумен толтырудың топты сорғыш станцияларында жүргізіледі.
578. Объектілер алаңдарынан ағынды суларды қабылдау үшін гидро бітегіштері бар, өндірістік ғимараттардан 10 м кем емес қашықтықта орналасатын қабылдау ыдыстары (құдықтар) қарастырылады.
Алаңдарда орналасқан жаңбыр қабылдағыштардан жинау құдықтарына дейін диаметрі 200 мм кем емес трубақұбырлар қарастырылады.
579. Құрамында мұнай болатын кәріздік желілер үшін жанбайтын материалдар қолданылады.
580. Құрамында мұнай болатын өзіндік ағатын кәріздік желілер үшін биіктігі 0,25 м кем емес гидравликалық бітегіштер:
1) кәріздер желісінде (400 м кем емес қашықтық сайын);
2) ғимараттар мен имараттардан, тазарту ғимараттарынан шығар алдында 10 м кем емес қашықтықта;
3) резервуарлар немесе қоршаулар сыртындағы резервуарлар топтары аумақтарынан шығар алдында қарастырылады.
581. Қабаттық және ағынды суларды сумен толтыру жүйесінің топтық сорғыш станцияларына тасымалдайтын қысымды трубақұбырлар әдетте, екі желіде (тиісті негіз болғанда бір желіге салуға жол беріледі) қарастырылады.
582. Қабаттық және ағынды сулар трубақұбырларының профиль өзгеруінің биіктетілген нүктелерінде ауа шығаруға арналған бұрандалар орнату қарастырылады.
583. Қабатты және ағынды суларды тасымалдайтын қысымды трубақұбырларының жөндеу учаскелерінің ұзындығы 5 км артық емес болып белгіленеді.
Авариялық участоктан суды жер бетіне шығаруға жол берілмейді. Жөндеу участогын босату суды жылжымалы құралдармен авариялық участоктан трубақұбырлардың қолданыстағы екінші желісіне айдау арқылы іске асырылады.
584. Қабаттық және ағынды сулардың сорғыш станциялары үшін екі жұмыскерге бір сорғыш, үш жұмыскерге екі сорғыш және одан артық есеппен резервті сорғыш қарастырылады.
585. Қысымы төмен аппараттарда қабаттық суларды тазарту кезінде ғимараттар мен сорғыш станциялары аймақтарында көмір сутек және күкірт сутек газының бөлінуін болдырмайтын дегазация қарастырылады.
Бөлінген газды шығару газ шығару желісіне жүргізіледі.
586. Сумен толтырылған мұнай дайындаудың технологиялық процесіне қайта қайтарылатындай бөлу резервуарларына қайта айдалады.
587. Тазарту ғимараттарынан бөлінген қоспалар мен заттар қоқыс жинағышқа немесе гидроциклондарға жиналады, ал сулар тазарту ғимаратына қайтарылады.
588. Қоқыс жинағышта зиянды заттарды бейтараптау және пайдаға асыру жүргізіледі, қалдықтарды жою үшін полигондарға шығару немесе жабық күйінде сақтау жобаға сәйкес жүргізіледі.
589. Кәріздер жүйесінің қондырғылары мен трубақұбырларының тот басуының, қабаттық және агрессивті ағынды сулардың алдын алу үшін тот басуға қарсы материалдар, трубақұбырлар ішкі беттерін қорғаныс жабулары, тот басу ингибаторлары және басқа қорғаныс тәсілдері қолданылады.
Ингибаторларды енгізу блокты құрылғы пайдалану арқылы жүргізіледі.
590. Жарылыс өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дұрыс жұмыс істемейтін кәріздерді немесе жобаға сәйкес келмейтін гидравликалық бітегіштерді қолдануға, ШЖК, ЗШЖК артық болуына жол берілмейді.
591. Кәріздік құдықтардың каналдарды және трубаларды қарау және тазарту кәріздік объектілерге қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
592. Өндірістік кәріздер құдықтары болат немесе темір бетон сақинадағы мықты қақпақтармен жабылады және 10 м кем емес құм қабаты себіледі.
Құдықтарды жұмыс істеу кезінде олар қоршалады және ескерту жазулар мен қауіпсіздік белгілер орнатылады.
593. Ағынды суларды су айдындарына ағызу шарттары жобада анықталады.
Ағынды сулар құрамын, зиянды заттар, мұнай өнімдерінің концентрациясын және тазарту ғимараттары жұмыстарының тиімділігін бақылау үшін ұйымның техникалық жетекшісі сынамалар алу және зертханалық талдау кестесіне сәйкес жүргізеді.
594. Кәріздерді тазарту, құрамында мұнай және мұнай өнімдері болатын ағынды суларды шығару тұндырғыш ыдысқа немесе резервуарда жүргізіледі.
595. Резервуарлар мен тұндырғыш ыдыстар ораумен немесе қоршаулар жобаға сәйкес қамтамасыз етіледі. Ыдыстар жанбайтын материалдардан жасалған жеңіл алынатын жабулармен жабдықталады.
596. Ағынды сулардың резервуарлары мен ыдыстары электр қауіпсіздігі және жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жұмыс және авариялық қоршаулармен қамтамасыз етіледі.
597. Өндірістік ағынды суларды кәріздерге шығару температурасы 40°С артық болмайды. Тұрақты су шығыны болатын жоғары температуралы коллекторларға жалпы ағын температурасы белгіленген нормадан артық болмайтын есеппен судың шектелген көлемін шығаруға жол беріледі.
598. Қондырғылардан, аппараттардан және резервуарлардан жанатын және зиянды заттарды мен жарылыс өрт қауіпті өнімдерді шығару кәріздер желісіне авариялық жағдайда да шығаруға жол берілмейді. Осы мақсаттар үшін авариялық және дренажды ыдыстар қарастырылады.
599. Кәріздік сорғыш станциялар өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықты орналастыруды және қондырғыларды жарылыс өрт қауіпсіздікті орындаудағы қондырғыларды қолдануды қоса алғанда, жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланады.
3-бөлімше. Сумен толтыру жүйесі
600. Сумен толтыру жүйесі тәсілі (контур сыртындағы, контур маңындағы, контур ішіндегі, алаңдық, ошақтық, блокты, комбинирленген, біртекті, циклді) айдау көлемдері, су қысымы, қысымды ұңғымалар саны мен олардың орналасуы, кен орындарын барлауға арналған қысымды ұңғымалар қорын енгізу, айдалатын сулар сапасы нақты кен орындарын барлаудың қабылданған технологиялық сызбасына сәйкес қабылданады.
601. Сумен толтыру жүйесі үшін келесі сызбалар қарастырылады:
1) блокты немесе топты сорғыш станциялар – қысымды манифольда блогы - жеке жоғары қысымды су тартқылары қысымды ұңғымаларға - ұңғымалар;
2) блокты немесе топты сорғыш станциялар – қысымды манифольда блогы су тарату пункттеріне жоғары қысымды су тартқылары ұңғымалар.
602. Сумен толтырудың қабылданған сызбаларына байланысты келесі ғимараттар қарастырылады:
1) топтық (блокты) сорғыш станциялар;
2) блокты қысымды манифольды (коллекторлар);
3) жоғары қысымды су тартқылары;
4) су тарату пункттері;
5) қысымды ұңғымалардың сағаларын орналастыру.
Сумен толтыру жүйелеріне нақты бір объектілер үшін қолданылатын сумен жабдықтау ғимараттарын (сутартқылары, сорғыш станциялары, су тазарту ғимараттары, топты сорғыш станцияларға апаратын су тартқылары) енгізуге жол беріледі.
603. Сумен толтыру жүйелері өнімділігі су айдаудың максималды көлемінен 15 % дейінгі мөлшердегі резервпен қамтамасыз етіледі.
604. Топты сорғыш станцияларда жобаға және технологиялық жобалау нормаларына сәйкес резервті сорғыш агрегаттарын орнату қарастырылады.
605. Сорғыштардың соратын және қысымды желілерінде қысым өлшеуге арналған құралдар, ал әрбір жоғары қысымды су тартқыларды қысымды манифольда блогынан және су тарату пунктінен қысымды ұңғымаларға шығын өлшеуіштер орнату қарастырылады.
606. Қондырғыларды монтаждау және демонтаждау жүк көтергіш механизмдер арқылы жүргізіледі.
607. Гидростатикалық қысымды және жергілікті орындардың геодезиялық белгілерінің айырмашылығын ескере отырып, есептік өнімділік кезінде сорғыштармен пайда болатын жоғары қысымды су тартқылардың жұмыс қысымы ретінде максималды қысым қабылданады.
Сағалар қондырғылары, сорғыш құрылғылардың арматуралар мен су тартқылардың желілік бақылау бөліктеріне арналған сынау қысымы 1,25 Рраб, топтық сорғыш станциялардың ішінде орналасатын трубақұбырлар, қысымды манифольда және су тарату пункті үшін 1,15 Рраб, бұл жерде Рраб- жобада және дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген жұмыс қысымы.
608. Сумен толтыру жүйесінің қондырғылары мен трубақұбырлары үшін су қату қауіптілігі кезінде жылумен оқшаулау және жылыту қарастырылады.
609. Қабаттық суларды тасымалдайтын трубақұбырларды салу тереңдігі су тығыздығына (минерализация), гидрологиялық және климаттық жағдайларға байланысты. Тереңдікті анықтау кезінде қабат суларының минералдануын азайту мүмкіндігі, су қанықтылығы және жердің ісінуі, топырақтың қату тереңдігі ескеріледі.
610. Бір траншеядағы трубақұбырлар арасындағы қашықтық 0,5 метрден кем емес. Трубақұбырлар саны жобамен анықталады.
611. Қысымды ұңғымаларды жөндеу кезінде жылжымалы түсіру көтеру агрегаттарын қолдану кезінде мачталар (мұнаралар) мен қабылдау сатыларын орнатуға арналған алаңдар қарастырылады.
16-бөлім. Жылумен жабдықтау және желдету
1-бөлімше. Жылыту жүйесі
612. Қызмет көрсететін персонал тұрақты (ауысымда 2 адамнан артық болғанда) болатын өндірістік ғимараттардағы ішкі температураны қолдау қарастырылады.
613. Жылу беру маусымындағы қондырғылары бар ғимараттарда ішкі температура мәні қызмет көрсету персоналының болу мерзіміне қарай қабылданады.
1) плюс 100 – ауысымда 2 адамға дейін персонал жұмыс істегенде;
2) плюс 50 – ауысымда персоналдың 0,5 сағаттан артық емес жұмыс істеу кезінде және кезекші жылу үшін.
614. Технологиялық мақсаттар үшін (қондырғылар мен құралдарды жұмыс істеу қалпында ұстау) жеке алаңдарда орналасқан және жылу беру көздерінен алыс орналасқан, қызмет көрсету персоналы тұрақты болмайтын автоматты режимде жұмыс істейтін өндірістік және көмекші ғимараттарда электр қыздыру құрылғылары қарастырылады.
615. Құрылғылардың өндірістік ғимараттары жарылыс өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жылыту құрылғыларымен және қыздыру құралдарымен жабдықталады.
616. Технологиялық жылу бөлетін өндірістік ғимараттар осы ғимараттарда қондырғылардың жөндеуге қойылған мерзімінде 50 С төмен емес температураны ұстау үшін кезекші жылыту құрылғысымен жабдықталады.
617. Жарылыс өрт қауіпті ғимараттарының едендерінен өтетін жылыту трубақұбырлар лотоктары қақпақтармен жабылады немесе құм себіледі, ішкі және сыртқы қабырғалар арқылы өтетін жолдар тығыздалады және оқшауланады.
2-бөлімше. Желдеткіш жүйесі
618. Өндірістік ғимараттарда табиғи, механикалық немесе аралас желдеткіш қарастырылады.
619. Тартпа ауада 0,3 ШЖК дейінгі зиянды заттардың болуын ескере отырып өндірістік ғимараттардағы ауа алмасу Мұнай кен орындарының мұнай, газ және су жинау, тасымалдау, дайындау объектілерін технологиялық жобалау нормалары ТПЖН-3-85 сәйкес жүргізіледі.
620. Көлемі 500 м3 дейінгі өндірістік персонал тұрақты болмайтын өндірістік ғимараттар үшін (мұнай және мұнай өнімдерін айдау жөніндегі сорғыштарды және газ компрессорларды қоса алғанда) бір ауа алмасуға есептелген, жоғары зонадан табиғи тартпа желдеткіш және ғимараттың толық көлемі бойынша 8 еселік ауа алмасуын төменгі аумақтан жоюға есептелген мерзімді әсер ететін тартпа механикалық желдеткіш қарастырылады.
621. Жарылыс өрт қауіпті алаңдарда орналасқан ғимараттар, имараттарда орналасқан механикалық желдеткіштер жүйесін іске қосу ШЖК деңгейі немесе жалындаудың төменгі концентрациялануынан 20 % кезінде зиянды газ анализаторлар датчиктерінен автоматты жүргізіледі. Негізгі кірістен сыртқы жағынан қолмен іске қосу қарастырылады.
Ғимаратқа кіру алдында желдеткіш қосылып, сыртқы желдеткіш қондырғының жұмыс істеуін сырттай қараумен тексеріледі.
Ғимаратқа кіру 20 минут желдетуден кейін ТО ЖҚҚ қолдана отырып, және тасымалданатын газ анализатор арқылы газдануды тексергеннен кейін жүргізіледі. Жұмыстар ғимарат сыртында қадағалаушы болған кезде, ауаның ШЖК және ЗШЖК сәйкес келуі кезінде жүргізіледі.
622. Өндірістік зертханалық ғимараттардың ауа алмасуы тартпа шкафтары мен жабулардың жойылатын ауалдарының мөлшері бойынша жүргізіледі. Олар болмаған жағдайда, ғимараттың толық көлемі бойынша сағатына 8 еселік ауа алмасу қамтамасыз етіледі.
Өндірістік зертханаларда механикалық желдеткіштен басқа жұмыс істемейтін уақытта және терезелердің ашық бөліктері кезінде сағатына 0,5 көлем мөлшерінде ауаның жойылуына есептелген жоғары аумақтан табиғи желдету қарастырылады.
Қиылысқан ауаны зертхана ғимаратына беру тартпа жүйелерімен алынатын ауа мөлшерінен 90 % кем емес көлемде жүргізіледі.
623. Авариялық желдету жүйесінің өнімділігі қамтамасыз етіледі:
1) сорғыш станциялар және айналатын немесе сақталатын сығылған газдары бар өндірістік ғимараттар үшін ғимараттың толық көлемі бойынша 8 еселік ауа алмасуына кем емес;
2) мұнай сорғыш станцияларды қоса алғанда басқа ғимараттар үшін жұмыс механикалық желдеткішпен бірге ғимаратта ғимараттың толық ішкі көлемі бойынша сағатына 8 кем емес ауысуды қамтамасыз етеді.
624. Ғимаратта бір негізгі желдеткіш жүйесі болған кезде авариялық ауа алмасу өнімділігі жеткілікті болғанда авариялық желдеткіш желісі немесе негізгі жүйедегі резервті агрегат қарастырылады.
625. Ғимаратта бірнеше негізгі желдеткіш жүйесі болған кезде, авариялық ауа алмасу өнімділігі жеткілікті болғанда авариялық желдеткіш желісі немесе агрегаттарды резервтеу қарастырылмайды.
626. Ауа қиылысымен ұйымдастырылған авариялық тарту желдеткіші компенсирленбей ді.
627. Негізгі және авариялық желдеткіш жүйесінің тартпа ауасын шығару жоғары жылдамдықты аэродинамикалық көлеңке аумағынан жоғары жылдамдықты ағындармен, ортадан тепкіш желдеткіштермен басымдықта іске асырылады. Жеңіл газдардың болуы кезінде және ғимарттың жоғары бөлігінен ауа алу кезінде шатырдан 1 м жоғары аэродинамикалық көлеңке аумағына ауа шығаратын остік желдеткіштер қолдануға жол беріледі.
628. Тартпа желдеткіштерінің желдеткіші ғимарат сыртында фундаменттерде немесе алаңдарда орналастырылады.
Барынша суық бес күндіктің орта температуралы аудандарында минус 400 С және одан төмен тартпа жүйесінің желдеткіштері қызмет көрсететін ғимаратта (соның ішінде мұнай сорғыш және газ компрессорлы) және желдеткіш камералар ғимараттарында орналастырылады.
629. Ауа шығарушылар және ауа жинағыш құрылғылардың өзара орналасуы желдеткіш жүйесінде өңделген және газдалған ауаның түсу қауіптілігін болдырмайтындай болып жүргізіледі. Бұл жағдайда желдің басымды бағыты, құрылғылар, ғимараттар арақашықтығы, өндірістік және климаттық жағдайлар ескеріледі.
630. Тартпаны компенсирлейтін қиылысқан желдеткіш ауасы жұмыс аумағына түседі. Жылдың суық кезеңінде қиылысқан ауа жұмыс аумағына түсер алдында жылытылады.
631. Газдардың бөлінуі мүмкін орындарда зиянды заттары бар ауаны соруға арналған құрылғылар орналастырылады.
Автоматты іске қосумен жабдықталған желдеткіштер ескерту жазуларымен қамтамасыз етіледі.
632. Желдеткіш құрылғыларға дайындаушы немесе ұйым белгілеген үлгідегі паспорт пен жөндеу және пайдалану жөніндегі журналдар рәсімделеді.
633. Қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу кестесінде желдеткіш құрылғыларына қызмет көрсету және олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру жөніндегі тиісті жұмыстар қарастырылады. Объектілерді желдеткіш құрылғыларының сәйкес келмеуі және дұрыс жұмыс істемеуі кезінде қабылдауға жол берілмейді.
634. Электр станцияларының ғимараттарында, тарату құрылғылары мен пункттерінде, аралас жарылыс қауіпті ғимараттарда ауаның тұрақты келуін қамтамасыз ететін желдеткіш қарастырылады.
635. Жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпті емес ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған желдеткіш құрылғылар оларды бір камераға орналастыру кезінде жарылыстан қорғалатындай электр қондырғылармен жабдықталады.
636. Желдеткіш камераларда жұмыс және резервті желдеткіш болған кезде ажыратқыш қалқаншаларды орналастыру қарастырылады.
637. Желдеткіш камераларының ғимараттарын олардың қолданылуына байланыссыз мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
638. Ауамен жылыту құрылғысын қиылысқан желдеткішпен бірге орналастыру кезінде ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
639. Желдеткіш құрылғылар технологиялық регламентке және жөндеудің жоспарлы-ескерту кестесіне сәйкес пайдаланылады және қызмет көрсетіледі.
Желдеткіштер, желдеткіш құрылғысының корпусы және ауа құбырлары іске қосу алдында дұрыс жұмыс істеуіне, герметикалығына және қауіпсіз пайдалану шарттарына, ауа ортасының жағдайына сәйкес келуіне тексеріледі.
640. Желдеткіш құрылғыларының жұмысына өндірістік бақылау пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес журналда тіркей отырып жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған және оларды жою кезінде АЖЖ бойынша әрекеттер жасалады.
641. Желдеткіш бітегіштерді, шиберлерді, қиылысқан немесе тартпа саңылауларды жабуға, сырттарын шешуге, желдеткіштерді тоқтатуға және іске қосуға, АЖЖ қарастырылған қауіпті және авариялық жағдайлардан басқа жұмыс жетекшісінің нұсқауынсыз басқа да әрекеттер жасауға жол берілмейді.
642. Желдеткіш құрылғыларының техникалық жағдайына және жұмыс істеуінің санитарлық тиімділігіне бақылау жасауды объектілер жетекшісі тағайындаған тұлғалар жүргізеді, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
643. Өндірістік және көмекші ғимараттарға арналған ауаны кондиционирлеу әкімшілік және жедел басқару, электр техникалық қондырғылар, БӨҚАҚ ғимараттарында дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген пайдалану және қызмет көрсетудің техникалық шарттары бойынша қарастырылады.
644. Қолайсыз климаттық жағдайлар аумақтарында жұмыс аумағы ауасының параметрлері желдеткіш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет көрсетуші персонал тұрақты болатын ғимараттарда ауаны кондиционирлеу қарастырылады.
645. Ауаны кондиционирлеуге арналған қондырғыларды таңдау ғимараттың ауа ортасына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ылғалдылықты реттеуді талап етпейтін ғимараттар үшін автономды кондиционирлер қарастырылады. Көлемі үлкен ғимараттар үшін шағын климат құралдары мен құрылғылары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |