Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау
Вакуум-сүзгінің құрылысы сүзетін қабырғашалар қозғалысының сипатынан үлестіріп беру механизмі құрылғысынан тәуелді болады. Барабанды вакуум-сүзгі дайындаушы зауыттан бақылаумен жинаудан, ретке келтірген және сынақтан өткізгеннен кейін жеке тораппен жеткізіледі. Сүзгіні құрастыруды, барабанның барлық жүктенуін қабылдайтын сүзгі корпусымен іргетастың төменгі астауына орнатудан бастайды. Астауды шеткі қабырғадан іліп алып траверске іліп қояды. Ажырату жазықтығы бойынша астауды қатаң көлденеңдікке тексереді. Ең соңғы тексеру іргетас болттарын бекіткеннен кейін жүргізіледі. Барлық бөлшектермен тораптардың үйкелетін беттерін консервациялық майларынан тазалайды, керосинмен жуып құрғатады. Астаудың екі жағы бойынша іргетаста немесе рамада шығарылған мойынтіректерді оларға барабанды орнатқаннан кейін барабанның, корпустың мойынтірек жапсырмаларының қатаң ось сәйкестігі болатындай орналастырады. Жетек жағынан корпусы барабан цапфасына кигізілген червякты дөңгелек ұшы кіріп тұратындай червякқа редукторды орнатады.
Сурет 3.4. Сүзгі-прессінің рамасы
Редукторды шынжырлы дөңгелек шынжырдың ілінісуі сапасын тексергеннен кейін біржолата бекітеді. Аймақтарға реттеу схемасына сәйкестаратушы құрылғысын жинау мен ретке келтірудәлдікті қажет етеді. Реттеу бас тиегі жиегіндегі цафаның дискасына сиятын пружина біркелкі тартылған болуы қажет, бұл қисаюды болдырмауға мүмкіндік береді, демек сұйықтын шығарылуын немесе ауа соруды болдырмайды. Барабанның шнектің жетегін, сүзгі корпусының қақпағын, өткізу құбыршаларын жинауды бір бригада жүргізеді[6].
Тұнбаларды кесіп алу үшін пышақты, кесіп алынған тұнбаның барлық ұзындығы бірдей қалыңдықта болатындай етіп орнатады. Барабанды сүзетін матамен орау сүзгіні пайдалануға қосу алдындағы соңғы операция. Бұл операцияны пайдалану жөндеу кезінде жиі орындауға тура келеді. Барабанның бетін екі қатар тормен; алдымен легирленген болат сымдардан жасалған ірісімен, ал одан кейін фосфоритті бронзалы сымнан жасалған майдасымен орайды. Бірінші тор сүзгіатты немесе шаю сұйығын сорып алу, сонымен бірге инертті газды беру үшін қызмет етеді; екінші тор сүзетін материалды төсейтін негіз болып табылады.
Сүзетін матаны барабан бетінде керіп созады болмаса «қарлығаш құйрығы» деп аталатын формадағы орындалған барабанның бетінің ұзына бойындағы және көлденеңіндегі ойыстарда бекітеді. Ойыстарда мата алюминий немесе қорғасын сымдардың көмегімен ұсталып тұрады. Барабан бетіне матаның тығыз жатуы үшін, матаны барабанның барлық ұзындығы бойынша спиральды оралатын диаметрі 2мм бронзадан жасалған сыммен қысып байлайды. Жеткілікті түрде тартылатын сымның біркелкі төселуі, қозғалысқа өз жетегмен келтірілетін винтпен айналатын барабан сүзгіінің ұзына бойына қозғалатын арнайы орайтын құрылғыны қолданумен жеткізіледі.
Жөндеу басталғанға дейін босатылған және өнімнен жуылған сүзгі инертті газбен мұқият үрленеді. Цапфа арқылы өтетін дыбыс беретін құбырда сұйықтың пайда болуы барабан корпусындағы дәнекерлеудің ішкі бөлігіне жалғанған өткізу құбырларының бұзылғандығы жөнінде куәландырады. Ақауларды табумен оларды жою үшін корпусты ашады және алдымен барабанды одан кейін коммуникацияны сығымдайды. Егерде барабанның ауамен сығымдалатын жеке участкесін төменгі астауға құйылатын суға батырса, ақаулар жеңіл табылады.
Оралған сымды қаттылап тарту, сүзетін мата бастырылуының бұзылған участкесін қалпына келтірумен корпус кескіні бойынша сальниктерді тығыздап толтыру, май өткізгіштерді және лубликаторларды, шнек мойынтірекпен редукторларды жөндеу. Тарату құрылығысындағы золотниктің планшайбаға тығыз жатуын қамтамасыз ету үшін шабровка жасауға тура келеді. Жинағаннан кейін пружиналы қысатын стаканын жеңіл айналуымен тербелуі болмауына тексереді. Сүзгіні құрастырғаннан және жөндеуден кейін мойынтіректерді, редукторлармен тексеруден өткізеді[6].