30
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
1.4 Білім беру зерттеулерінің негізгі ұғымдары
мен кезеңдері
Білім беру зерттеулерінің негізгі ұғымдары мен құрамдас
бөліктерін
зерделеу барысында біз, ең алдымен,
нақты парадиг-
маға (сандық, сапалық немесе аралас зерттеу) қарамастан, оның
құрылымының басты элементтерін қарастырамыз. 1.3-суретте
білім беру зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізудегі тоғыз негізгі
қадам көрсетілген, олардың әрқайсысы осы оқу құралының келесі
бөлімдерінде қарастырылады.
№
4 мысал. Мектеп таңдау партиципаторлық парадигма
тұрғысынан зерттеу тақырыбы ретінде
Дұрыс ұйымдастырылған партиципаторлық зерттеуде мектеп таңдау мәсе-
лесін тану сыртқы зерттеуші деңгейінде емес, қоғамдастық деңгейде жүр-
гізіледі. Мектеп таңдау тақырыбын негізгі бірлескен зерттеуші болып қа-
лыптасатындардың түрлі категориялары тұрғысынан қарастыруға болады.
Мысалы, зерттеуші ата-ана, білім алушы, мұғалім, директор сынды катего-
риялардың мектеп таңдауға деген көзқарасына назар аударып, оларды бір-
лескен зерттеуші болуға шақыруы мүмкін. Тәжірибелі зерттеуші оларды өз
қоғамдастығындағы мектеп таңдау мәселесін зерттеуде белсенді рөл атқа-
руға ынталандырып,
зерттеу сұрақтары жөнінде, деректерді жинау, тал-
дау жайлы және зерттеу нәтижелері жөнінде өз пікірлерін білдірту арқылы
зерттеу жұмысына ықпал етеді. Қатысушы-телзерттеушілер
алынған
нәтижелерді түсіндіруде өздерінің рефлексиялық ұсынымдарымен, кеңе-
стерімен бөліседі. Аталмыш парадигма трансформациялық парадигмамен
байланысты болғандықтан, негізгі бірлескен зерттеушілер, мысалы, әлеу-
меттік-экономикалық жағдайы төмен отбасыларынан шыққан ата-аналар
болуы мүмкін. Өз балалары үшін мектеп таңдаудың маңыздылығын бір-
те-бірте түсіну партиципаторлық зерттеудің трансформациялық тиімділі-
гіне айналады.