Дәріс мақсаты: ҚР-ның жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының іс-әрекетімен құрылымын, мемлекеттің аймақтық саясатын және дамыған елдердегі аймақтық басқару тәжірибесін анықтау. Аймақтық экономиканың дамуын талдап және жоспарлап, әр аймақтың ерекшелігіне сай түрлі мәселелерді шешуді үйрету. Муниципалды менеджменттің қалыптасу барысы мен құрылымы Ел экономикасын тиімді басқаруды жетілдірудің жолдарын іздестіру мен оған қол жеткізуді мақсат етуде, әр аумақтың табиғи-экологиялық, ресурсты - өндірістік, еңбек, интеллектуалдық ресурстарының көмегімен жергілікті шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер ететін объективті сипаттағы негізгі мәселелер біртіндеп өз шешімін таба береді. Аталмыш ресурстар, өнеркәсіп орындары, өндірістің әлеуеті аумақ шаруашылығының материалды негізі болса, оның табиғи әлеуетін жер, су, орман және жануарлар әлемінің ресурстары құрайды. Осылайша, жергілікті басқару мен оның шаруашылық құрылымын анықтау барысында ең алдымен, оның осы табиғи-экономикалық әлуетінін маныздылығын анықтауға ерекше көніл бөлінеді. Жергілікті шаруашылықтың ресурстық-өндірістік әлеуеті өндірістік капиталдың (негізгі және айналым капиталы, айналыс қоры, айналым құралдары) нақты нысандарына қызмет етеді. сонымен бірге, дамуына да аталмыш табиғи байлықтар көзінін қосатын үлесі қомақты. Сондай-ақ, оның ресурстық-өндірістік базамен қамтамасыз етілуі басты екі шарттың орындалуына мүмкіндік береді. Олар: белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жергілікті деңгейде шешімінің табылуы және тұтас әрі дербес құрылымда әлеуметтік-экономикалық жүйенің болуы. Табиғи жағдайлар шаруашылық жүйеге де, аумақ халкының еміріне де күшті әсер етеді. Қазақстанның әр аймағында орын алған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың сан алуан болуына себеп - табиғи байлықтардың әр түрлі орналасуы, халықының шұғылданатын ісі, олардың емірінің біркелкі еместігі. Сонымен, жергілікті басқару мен оның шаруашылықтың қалыптасуына әсер ететін факторларының тағы біреуі - саяси-шаруашылық жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |