Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет32/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46

МАГИСТРАТУРА ЖАҒДАЙЫНДА

ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
Бекжанова Б. Ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің

PhD докторанты
Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл мамандар дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап етеді, оның мазмұны үнемі өзгеріске ұшырайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайда тиімді әрекет етуге дайын болатын, шығармашыл, кәсіби ұшқыр, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Осындай талаптарды кәсіби тұрғыда мамандарға акмеология қояды. Акмеологиялық әдіс-тәсілдер мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдар өз жұмыстарын арнады: кәсібилікке қол жеткізу (А.А.Бодалев, 1998; А.К. Маркова, 1996; А.А. Деркач, 2004); мемлекеттік қызметкерлердің гуманитарлық – технологиялық дамуы (А.С. Гусева, А.А. Деркач, 1997); оқытушының іс-әрекеті (Н.В. Кузмина, 1990), әскери еңбектің тиімділігі

(Л. Г. Лаптев, 1998), тренинг (А.П.Ситников, 1996); бейімдеу мектебінің мұғалімдері (Л. В. Антропова, 2004); акмеология: білім берудің жаңа сапасы (В. Н. Максимова, 2004); мұғалімнің құзырлылығын дамыту (О.А. Козырева, 2006) және т.б. Бірақ қазіргі таңда магистратура жағдайында ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындаудың акмеологиялық астарлары қарастырылмаған.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің қазіргі жүйесіндегі акмеологиялық әдіс-тәсілдерді қарастыру шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға ықпал етеді, болашақ педагогтің кәсіби іс-әрекетінде жетістікке қол жеткізу үшін тұлғалық ресурстарын пайдалануға және анықтауға мүмкіндік береді.

Тұлғаны дамыту туралы акмеологиялық ойларды көптеген философтардың еңбектерінен байқауға болады. Мысалы, тұлғаныңшығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру базистік акмеологиялық ұғымы Платонның ендірген «өзін-өзі жылжыту» ұғымымен мағыналық қатынаста байланысты. Ал «акмеология» ұғымын (грек тілінен аударғанда акме – шың) жас ерекшелік психологиясы бөлімін белгілеу үшін бірінші рет1928 жылы

Н.А. Рыбников енгізген. Осы термин 20-шы жылдары ақыл-ой және әлеуметтік ізденіс, эвриология (П.Энгельмейер), эргонология (В.Н.Мясищев), рефлексология (В.М.Бехтерев) ғылыми бағыттарының пайда болуы барысында айқындалды /1,2,3,340б/.

ХХ ғасырдың ортасында Б. Г. Ананьев акмеологияның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтады, ал 90-шы жылдары (А. А. Деркач және А. А. Бодалев) Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясында кәсіби іс-әрекет психологиясы және алғашқы акмеология кафедрасы ашылды. Екі жылдан кейін Санкт-Петербургте «Акмеологиялық ғылымдар Академиясы» деп аталатын қоғамдық ғылымимекеме құрылды. 1995 жылы Санкт-Петербургте акмеологиялық академия (А. М. Зимичева) ашылды, ал бүгінгі күні ол – Санкт-Петербург психология және акмеология институты.

Акмеологияның нысанына есею кезеңінде даму үстіндегі тұлға жатады. Кең мағынадағы пәні – бұл есейген тұлғаның дамуына ықпал ететін немесе кедергі болатын объективті және субъективті факторлар, өзінің кәсіби іс-әрекетіндегі, шығармашылығындағы, қатынастарындағы, дамуындағы нәтиженің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізе алатын жағдайлар, шарттар.

Гректер«акме» сөзімен адам өміріндегі есейген жастық кезеңді белгілейді, жастық шақтың осы кезеңінде адам өз қабілеттерінің жоғарғы шыңына жетеді, осы кезең адам күштерінің нығайып, қанат жайып, гүлденген кезі болып табылады /4,11б/.

А.А. Деркачтың (2004) пікірінше, акме – бұл адамның көп қырлы жағдайы, оның өмірінің үлкен уақыт шеңберін қамтиды, кәсіби ретінде қаншалықты қалыптасқандығын көрсетеді /2/.

«Акмеология ғылым ретінде психология мен педагогикада жоқ ұғымдар жүйесін құрайды. Осы ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіби іс-әрекет, шеберліктің шыңы, кәсібилік» /5/.

«Акмеология – бұл адам туралы ғылымдар жүйесіндегі ғылыми білімнің және адамның кәсібиліктің шынына жетудің жаңа саласы»/6,184б/.«Акмеология – бұл адамның шығармашылық әлеуетінің шыңына қол жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын, тәсілдерін, шарттарын және есею кезеңінде іс-әрекет барысында оның өзін-өзі жетілдіруінің амалдарын зерттейтін кіріктірілген ғылым» /7, 5б/.

С.Д. Пожарский акмеологияның генезисін және өзіндік тәжірибесін талдау негізінде келесі әдіснамалық қағидаларды қарастырады /8/:

- шыңына жету қағидасы (акмеология жеке іс-әрекеттің кез келгн түрлерінің шыңына жету заңдылықтарын зерттейді);

- біртұтастық қағидасы (акмеология ғылымның әртүрлі салаларынан алынған білімді жинақтайды);

- тарихилық қағидасы (акмеология әртүрлі тарихи кезеңдердегі акмеологиялықты айқындайды);

- жан-жақтылық қағидасы (акмеология іс-әрекеттің барлық салаларындағы оның акмесін құрайтын шыңдарына жетуін зерделейді);

-дамытушылық қағидасы (акмеология адамның өзін-өзі дамыту үдерісін оның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруы ретінде зерделейді).

Мамандардың жоғары кәсібилігі және шығармашылық шеберлігі – ғаламдық дағдарыстық мәселелердің тиімді шешімінің факторы болып анықталатын адами ресурстардың ең маңыздысы. Осы әлеуметтік-мәдени мәнмәтінде акмеология ғылымы ерекше маңызға ие болды. Осы ғылым кәсіби іс-әрекет түрлерінің тиімді жүзеге асуының акме-формалары ретінде кәсіпбилік пен шығармашылық дамудың заңдылықтарын және технологияларын зерттейді.

Әдіснамалық тұрғыда акмеология іргелі-қолданбалы сипатта кешенді ғылым ретінде анықталады. Оның іргелілігі басқа ғылымдар саласымен зерттелінбейтін ақиқаттың заңдылықтарын танумен анықталады. Акмеологияның қолданбалы сипаты тәжірибеге бағдарланған акмеологиялық технологиялардың негізінде көрініс табады.

Дамудың қазіргі кезеңіндегі акмеологияның негізін салушы категорияларға келесілер жатады: кәсібилік, шеберлік, құзырлылық, шығармашылық, креативтілік, шығармашылық әлеует, кәсіби даму.

Педагогика ғылымы акмеологияның дамуында маңызды орын алатынын акмеология тарихы көрсетеді, өйткені «акмеологияның пән ретінде құрылуы педагогикалық акмеологияның пайда болуымен түсіндіріледі» /9,18б/.

Басқаша айтқанда, В.Н. Максимованың пікірінше (2004), aкмеология адам сапасы және өмір сапасы туралы ғылым. Алпедагогикалық акмеология – бұл педагог еңбегінде кәсібилік пен құзырлылыққа қол жеткізудің жолдары туралы ғылым.Бірақ осы анықтама көптеген зерттеушілердің көңілінен шықпады. Өйткені, педагогикалық акмеология «субъективті және объективті тұрғыда педагог еңбегіндегі кәсібилік пен құзырлылыққа қол жеткізудің жолдары туралы ғылымретіндегі ғылымға қарағанда кең мағынада қарастырылады» /9,24б/.

Осы анықтамаларды талдай отырып, «педагогикалық акмеологияға» келесі анықтама береміз: педагогикалық акмеология адамды тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивид ретінде зерттеп, жалпы алғанда ақыл-ой әлеуеті қалыптасқан көпқырлы біртұтас адам ретінде оның жеке ерекшеліктерін анықтайды, адамның қол жеткізген нәтижелерін зерттеу негізінде оның әлеуетінің заңдылықтарын және жолдарын қарастырады. Осы педагогикалық акмеология білім сапасын арттыруда өте үлкен маңызға ие, болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығын жаңа моделін құруға жол ашады және адам капиталын дамыту мәселерін шешуге бағытталады.

Кәсібилік – акмеологияның мазмұны жағынан кең тараған категориясы. Б.А.Тұрғынбаеваның пікірінше, кәсібилік – еңбектің субьектісі ретіндегі адамның дамуының жоғары деңгейі. Егер «кемелдену» өмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде жүзеге асыра алу деп атап көрсетеді /10,106б/. Оны шешімдер қабылдаумен байланысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға жеткілікті тәжірибенің, білім,білік және дағдылардың деңгейінен бейнелейтін мамандардың іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаты ретінде түсінеміз. Кәсіби құзырлы педагог – кәсіби білім мен біліктерді игерген; тек қана өз іс-әрекетін жобалауға қабілетті ғана емес, сонымен бірге білім беру үдерісінің кез-келген өзгерістеріне жауап беретін, педагогикалық үдерісті басқара білетін маман.

Н.В. Кузминаның (1990) пікірінше, педагог іс-әрекетінің кәсібилігі педагогтың оқушылардың мәселені өнімді шешуге дайындығын қалыптастыру өнерін меңгеруімен, өзінің оқу пәнінің көмегімен және өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушы тұлғасын дамыту, келесі педагогикалық жүйеге табысты енуге дайындау біліктерін игеруімен сипатталады. Жалпы айтқанда, педагогтың кәсібилігі оның оқушыларды оқуға қалай үйретуді, қалай тәрбиелеуді білетіндігімен, оларды оқығандығығының, білімділігінің, тәрбиелілігінің бір деңгейінен екінші деңгейіне тез және ұтымды тәсілдермен ауыстыра алуы.

«Акмеологиялық тұрғыда іс-әрекеттің кәсібилігі еңбек субъектісінің жоғары біліктілігі мен құзырлылығын бейнелейтін сапалық мінездемесі, оның қасиеттері, тиімді (шығармашылықты шешімдерге негізделген) кәсіби дағдылары мен біліктерінің әрқилылығы, белгілі бір іс-әрекетті жоғары және тұрақты өнімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келелі мәселелерді шешудің заманауи алгоритмдері мен тәсілдері; дамытуға тән сипаттамалар» /11,145б/.

Кәсіби құзырлылық – маманның АКМЕ жағдайға жету алдындағы кезеңі, жоғары деңгейінің көрсеткіші. Кәсіби құзырлылық акмеологиялық тұрғыдан – бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімдердің сипаттамасы ретінде қарастырылады.

«Кәсіби құзырлылықты» жеке тұлға нәтижелі кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын қамтамасыз ететін маңызды тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіру негізінде іс-әрекеттің өнімді технологиялар кешенін игеру ретінде қарастыру ыңғайлы. Кәсіби құзырлылық жалпылаушы психологиялық және акмеологиялық категория болып табылады.

Креативтілік – ойлауда, сезінуде, қарым-қатынас жасауда, сондай-ақ іс-әрекеттің жеке түрлерінде, жеке тұлғаны немесе оның жеке жақтарын, іс-әрекет өнімдерін, оларды жасау үдерісін сипаттауда байқалуы мүмкін адамның шығармашылықты мүмкіндіктері (қабілеттері). «Креативтілік (П.Торренс) – мәселелерді, алынған білімдегі ақауларды немесе үйлесімсіздікті сезінудің байқалу үдерісі, осыларды анықтау, олардың шешімін іздестіру, болжам қою, оны тексеру, болжамды өзгерту және қайта тексеру, ең соңында мәселені шешу нәтижелерін түзу және хабарлау».

Сонымен бірге, креативтілікті дамыту жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және оның тұлғалық, кәсіби шыңға жету (акmе) үдерісінде маманның шығармашылықты жетілуге мүмкіндік жасайды. Креативті тұлғаны өзін-өзі жетілдірудің жоғары деңгейінде маманның шығармашылықты жетілуі барынша орнықтыланса, шығармашылықты жетілудің қайнар көзіне айналады/12/.

Шығармашылық әлеует - іс-әрекеттің ақыл-ой алғы шарты ретінде

(Д.Б. Богоявленская), әр адамда болатын интегралдық динамикалық тұлғалық құрылым ретіндегі дарын болып (А.И.Савенков), адамның тектік қасиеті, жаңалықты өнімділендіру қабілеттілігі ретінде (А.И. Санникова) анықталады. А.М. Матюшкиннің пікірі бойынша, шығармашылық әлеует адамның шығармашылыққа деген көзқарасын бейнелейтін тұлғалық қасиет. В.И. Андреев, Е.В.Бондаревская, Я.А. Пономарев, А.В. Хуторской шығармашылық әлеуеттің дамуына тұлғалық белсенділіктің ақыл-ой, субъектілік және т.б. түрлері ықпал етеді.

Педагогикалық шығармашылық өте күрделі феномен болып табылады. Педагог шығармашылығының жаңашылдығы мәні неде? В.А. Кан-Калик және Н.Д. Никандров педагогикалық шығармашылықты «адамның адамды күрделі түрлендіруі» ретінде қарастырады /13/.Бұл ұғымның біржақты анықтамасы жоқ. С.Л. Рубинштейн аталған ұғымды «қоғамдық маңызы бар жаңа материалдық және рухани құндылықтарды дүниеге алып келетін адам іс-әрекеті» ретінде сипаттайды /14/.

В.И. Андреев (1988) шығармашылықты адам іс-әрекетінің бір түрі ретінде анықтай отырып, оны біртұтас үдеріс ретінде сипаттайтын бірқатар белгілерді ұсынады /15/:


  1. мәселелік жағдаятта немесе шығармашылық міндеттерде қайшылықтың болуы;

  2. қоғам мен тұлғаның дамуына өз үлесін қосатын әлеуметтік және жеке маңыздылық пен қарқындылық;

  3. шығармашылық үшін объективті алғышарттар (әлеуметтік, материалдық) мен жағдайлардың болуы;

  4. шығармашылық үшін субъективті алғышарттардың (тұлғалық сапалардың — білім, біліктер, әсіресе оң мотивация, шығармашылық қабілеттер) болуы;

  5. үдерістің немесе нәтиженің жаңалығы мен сонылығы.

Кәсіби даму –мамандықты меңгеру және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында еңбек адамының пихикасында және тұлғалық сапаларында қарқынды өзгерістердің пайда болу үдерісі оның тұлғалық қалыптасуымен тығыз байланысты.Акмеология кәсіби дамуды оңтайландыру жолдарын зерделейді, өзін-өзі барынша толық жүзеге асырудың, кәсібиліктің шыңына жетудің тәсілдерін белсендіре отырып адамды өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде ынталандырудың тәсілдерін жасайды/11,105-106б/.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау нәтижелері магистратурада ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау акмеологиясының астарларын зерттеу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдерге сүйену қажеттілігін көрсетті:

- педагогикалық жүйенің барлық компоненттерін (магистранттарды оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, қағидасы, түрлері, әдістері) тығыз байланыста қарастыратын жүйелік әдіс-тәсілдер ( В.В.Краевский, Г.П.Щедровицкий, Э.Г.Юдин және т.б.);

- акмеологиялық жүйенің жүйетүзуші факторы болашақ маманның тұлғасы, яғни өзінің жеке іс-әрекетімен және акмеологиялық технологиялардың көмегімен тікелей өзін-өзі дамыту және жетілдіру субъектісі болып саналады (Б.Г.Ананьев, А.А.Деркач, Н.В.Кузьмина, С.Л. Рубинштейн және т.б.);

- болашақ маманның құзырлылығын қалыптастыруды көздейтін және магистратураның білім беру ортасында мамандар даярлау сапасын анықтау тұрғысында базалық болып саналатын құзырлылықты әдіс-тәсілдер (И.А.Зимняя, Дж.Равен,

А.В. Хуторской және т.б.);

- іс-әрекетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, құралы және басты шарты ретінде қарастыратын; жеке тұлғаны қоршаған әлемді барынша тиімді түрлендіруші ретіндегі шығармашылықты еңбекке ұйымдастыруға бағыттайтын; іс-әрекет үдерісінде тұлғаны дамытудың оңтайлы шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекеттік тәсілдер (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Брушлинский және т.б.);

- адам мен мәдениеттің дамуын құндылықтар жүйесі ретінде және адамның өзін дамытуы, оның шығармашылықты тұлға және мәдениет субъектісі ретінде қалыптасуы ретінде қарастыратын мәдениеттанушылық әдіс-тәсілдер (В. Л. Сластенин,

Е. В. Бондаревская, Н. Д. Никандров және т.б.).

Осы әдіснамалық әдіс-тәсілдерге қатысты алғанда акмеологиялық әдіс-тәсілдер, бұл болашақ маманның барынша жоғары деңгейде кәсіби жетістікке жету, жоғары оқу орнынан кейін білім алу кезеңінде өзін-өзі толық жүзеге асыру бағыттарының қалыптасуын бағдарлайды (Н.А.Рыбников, Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев,Н.В.Кузьмина, А.А.Деркач,).

Қорыта айтқанда, магистратура жағдайында болашақ мамандарды дайындаудың акмеологиялық астарлары осы үдерісті акмеологиялық әдіс-тәсілдер тұрғысынан қарастыруды көздейді. Сонда оның негізгі категорияларының бірі ретіндегі болашақ мамандардың кәсіби құзырлылығы мен акмеологиялық құзырлығының арасындағы негізгі айырмашылықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік туады.


Әдебиет

  1. Энгельмейер П.К. Теория творчества. СПб. -1971. - 178 с.

  2. Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионализма Москва-Воронеж, 2004. -750 с.

  3. Психология. Словарь / Под. Обш. Ред. А.В. Петровского, М. Г. Ярошевского. – 2-е изд., испр. И доп. – М.: Политиздат, 1990. – 494 с. –С.340

  4. Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества подготовки специалистов образования. М., 2001 – С.11

  5. ТарасоваВ.Н. Акмеология. Научная сессия. / Под редакцией Н.В. Кузьминой-Гаршиной, A.M. Зимичева. СПб.: СПбАА, 1997 – С.174

  6. Кузьмина Н.В. Акмеология 2000. Методические и методологические проблемы. / Под редакцией Н.В. Кузьминой, A.M. Зимичева. СПб.: СПбАА, 2000 – С. 184

  7. Хозяинов Г.И. Греческо-русский словарь. М; ГЛК Ю.А.Шичалина, 1991.С-5.

  8. Пожарский С. Д. Синергетическая акмеология. Докторская диссертация. Санкт - Петербург, 2002.

  9. Зазыкин В.Г., Смирнов Е.А. Психология и акмеология лидерства. – М.: Издательство «Элит», 2010. – 304 с. – С.145

  10. Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика. Алматы:Алатау, 2011. – 179б.

  11. Акмеологическийсловарь / Под общ. ред. А.А. Деркача. – М.: Изд-во РАГС, 2004. – 161 с.- С.47-48

  12. Вишнякова Х.Ф. Кретивная акмеология. Докторская диссертация. Мoсква 1996.

  13. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество.М.: Педагогика, 1990.-140с.

  14. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М.: Педагогика, 1986. -245 с.

  15. Андреев В.И. Эвристика для творческого саморазвития. Казань -1994 -247 с.

МІНЕЗІ ҚИЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ– ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА
Бекова Ж.К.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Шабденова А.

«Астана» университетінің 2 курс студенті
Қазіргі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Мінезі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Мінезі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Ережелер - оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.

Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ғұламаларының ішінде Әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім. Әл–Фарабидің білуінше, «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» - деп ескертеді /1, с. 64-74/. Ғұламаның бұл пікірінен – адамның санасы мен мінез - құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығын түсінеміз. Одан басқа Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе, адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Басқа жолмен озамын демектiң бәрi - ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. Өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi /2, с. 34- 44/.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады /3, 259с./. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Дамып келе жатқан бала бойында ауан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен қатар, елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, шынайы адалдық, жақсы – жаманды айыра білушілік, ибалық, алдағы өмір жолына ұмтылушылық, үлкенге сый- құрмет таныту жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, өзінен жасы кіші болғанды басыну, үлкеннің тілін алмай кері әрекет көрсету, шамадан тыс еркелік, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады.

Балаға назар аударғанда байқалатын қасиеттерге: өзіне - өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілік және әділетсіздікті аңғаруы, ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы, сабырлығы және іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер тікелей өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасатын болса, бала қайырымды, байсалды, қарапайым, сабырлы, бірізділікті сақтайтын, қайсар, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал бала бойында ынжық мінез қалыптасса, онда жалқаулық, күйгелектік, еріншектік, қорқақтық, шапшаңдық танытпай баяу қимылдау, ойын жетік түсіндіре алмағаннан мылжыңдық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп – білуге ұмтылады. Бұндай ұмтылыс барысында: өз ойын дұрыс жеткізе білу, басқалармен достық қарым-қатынасқа түсу, пікірлесу, айтқан сөзінің растығын дәлелдей білу сияқты мінез – құлық қалыптасады. Баланың дамып, нақтыланып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің яғни тәрбиелеудің маңызы айтарлықтай орасан зор.

Оқушының мінез- құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдер көрсетілген:

1.Оқушының тәртібін, өзін-өзі ұстауын сабақ үстінде және сабақтан тыс кезінде бақылау;

2.Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын, т.б.)

3.Оқушыдан өзін не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу ;

4.Әр бала бойында белгілі мөлшерде еліктеушілік қасиеті бар болғандықтан, бұл қасиеттін алдын алу мақсатында баланың жанында үнемі бірге жүретін достары жөнінде әңгіме жүргізу;

5.Оқушы жөнінде өзінің қоршаған ортасы қандай ойда екенін білу үшін достармен, ата – анасымен әңгіме жүргізу.

Бала мінезін тәрбиелеудің сан қарлы жолдары бар. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеу негізгі екі арнадан тұратынын көреміз. Біріншісі - бала көзін жеткізу (біз белгілі бір мәселені құптап, дұрыстығын айтсақ, оның шынымен дұрыс екеніне мысалдар немесе тәрбиелік мәні бар әңгіме, жыр-дастандар және шынайы болған өмірлік оқиғалар арқылы баланың көзін жеткізу), екінші – әдет – ғұрыпқа дағдыландыру ( этикалық және эстетикалық нормаларды таныту). Осы екі арна бір-бірін толықтырып берік байланыс құрғандықтан, екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай жүрсгізетін болса, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.Cонымен қатар мектеп қабырғасында, сабақ кезінде ғана тәрбиелемей, оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық және т.б. іс-әракетті үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менінің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

Қозғап отырған мәселеміз оқушылардың жеке басының қасиеттерін зерттеу болғандықтан , онымен жүргізілетін жұмыстардың әдіс – тәсілдеріне тоқталайық. Бала бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отырады. Сондықтан, оқушыларға арналған күнделік жүргізу артық етпейді. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылып жүреді. Ол әрі қысқаша түрде, нақты жазылады.

Оқу жылының соңғы аптасында «Мен қандай оқушымын» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделігімен оқушыны танысады. Әр оқушының мінез – құлқына талдау жасап, «сенің бойыңда мынадай жақсы қасиеттер бар. Сол үшін сені бәрі ұнатады» немесе «сенің бойыңда мынадай жағымсыз қасиеттер бар деп, ол өзіңе болашағыңның жарқын болуына сәл де болса зиянды әсерін тигізеді», -деп түсіндіріп отыру қажет.

Әрбір оқушының жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын ғана алып қоймай, сонымен қатар оқушының оқу ісін жүргізетін, тұрғылықты үйінің жалпы жағдайын және қарым – қатынас жасайтын, яғни араласатын қоғамдық ортасын білу қажет. Ол үшін әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы ата- аналармен тығыз байланыста болуы керек: әңгімелесу, ата- аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата- аналардың психологиялық және педагогикалық білімдерінің әрі интеллектінің деңгейімен танысу /4, с.142-155/.

Оқушының ары қарай жетілуінің бағдарламасын құрамастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы өзіндік бақылау және өзіндік талдау жасауға жәрдемдесуі керек. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге болады: «Сіз қарым – қатынас жасай аласыз ба?», «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?», өнегелік тақрыптағы диспут, дискуссиялар: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Өзіңді таны және жетілдір!» т.б. /5, с. 114-125/.

Мінез – құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен роль атқарады. Осыған байланысты біз оқушылардың өзіндік бағалауы қандай екенін анықтау үшін А.И.Липкинаның «Үш баға» әдісін қолданамыз. Әдісті жүргізу үшін – оқуыларға : «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?» деген тақырыпта шығарма жазып келу тапсырылады. Шығарма мұғалімдермен бірге отырып бағаланады. Әр мұғалім өз бағасын қояды /6, 119 с. /.

Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата- ана. Өкінішке орай кейбір деректерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой - өрісі, алған білімінің шамасы жетпейтін ата – аналар да кездесіп қалады.Олар баланы қаншалықты дәрежеде тәрбиелей алады?! Міне, осыдан бұрыс тәрбиеленген немесе мүлдем тәрбие алмаған баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы тарбие берме­уден алшақ болуы қажет. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар окушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.

Қорыта келе, бала бойында тұрақты жағымды қасиетер , дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:


  1. Баланың өз қолынан келетін іске толық түрде ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпес үшін оқушы өздік жұмыстардың орындауын қадағалау.

  2. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа , табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ , қорқақ етеді. Ал , тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру , баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп шығарады.

  3. Қазіргі заманауи технологиямен жұмыс істеудің құмарлығына шек қою және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет