Өмірлік цикл бойынша жаңа өнімнің толық шығындарын анықтау келесі шарттарды орындауды талап етеді:
есептіліктің толықтығы, яғни өмірлік циклдің барлық ке- зеңдері бойынша шығындарды есептеу;
тұтынылатын барлық ресурстардың есебі;
цикл сатыларын анықтаудың бірынғай методологиясын жəне шығындардың құрамы мен мазмұнының бірыңғай жікте- луін қолдану;
өмірлік циклдің кезеңдеріне сəйкес келетін шығындарды есептеу əдістерін қолдану.
Өнімнің экономикалық өмірлік циклі бойынша ресурстар- дың жиынтық шығындары ресурстардың барлық түрлерін қол- данумен байланысты ҒТТКЖ бастап істен шығу немесе ути- лизация кезеңдеріндегі шығындардың құндық қалпы болып табылады.
Осындай жалпы шығындар тауардың экономикалық бəсеке- ге қабілеттілігін анықтайтын тұтыну бағасын (Бтұт) құрайды. Сондықтан тек тауардың толық экономикалық өмірлік циклінің шығындары өнім өндіретін кəсіпорынның тиімді қаржылық-ша- руашылық қызметі үшін маңызды болып табылады.
Өнімнің экономикалық өмірлік циклінің кезеңдерінде есеп- ке алынатын шығындардың іріктелген құрамы 4.2-кестеде сипатталады.
Өмірлік циклдің жеке кезеңдеріндегі шығындар көлемі – өнімнің сипаттамаларына, оның техникалық күрделілігіне жəне жаңашылдығына байланысты. Түбегейлі жаңа, техникалық күр- делі жəне ғылыми сыйымды өнім ҒЗТКЖ-ына, кейбір жағдай- ларда өмірлік циклдің басқа кезеңдеріндегі шығындардан бір- неше есе артық шығындарды талап етеді.
Экономикалық өмірлік цикл кезеңдері белгілі түрде шы- ғындарды есептеу əдістемесіне əсер етеді. Мысалы, ҒЗТКЖ ке- зеңінде шығындарды іріктеп жұмыс кезеңдері бойынша есеп- тейді. ҒЗЖ кезеңінде шығындар бəсекеге қабілетті бағамен анықталатын шекті, лимиттік болып белгіленеді. Өнім үлгісін əзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды орындағанда шығын-
дардың жалпы сомасын анықтау дəлдігі жоғарылайды: ТКЖ шығындары жəне өндірісті дайындау шығындары нақтыланады, өндірістің лимиттік шығындары үлестік еңбексыйымдылық пен материалсыйымдылық көрсеткіштерді есептеумен толықтыры- лады. Өнімнің үлгісін жасау жəне сынау кезеңінде ресурстар шығынын нақтылау деңгейі, оларды өнімді дайындау кезеңінде іріктелген жоспарлау нормалары мен нормативтері ретінде қа- былдауға мүмкіндік береді.
4.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |