Құнанбаева Д.Ə


Өзіндік құнды мақсатты басқару. Таргет-костинг жəне кайдзен-костинг



бет51/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
шб кытап ()

Өзіндік құнды мақсатты басқару. Таргет-костинг жəне кайдзен-костинг


Таргет-костинг – жоспарланған нарықтық бағаға жəне сату- дың күтілетін пайдалылығына негізделе отырып кəсіпорын үшін жаңа өнімнің өзіндік құнын құру, басқаша атауы – «өзіндік құн- ды мақсатты басқару».


Өзіндік құнды мақсатты басқару өзіндік құнды калькуля- циялау басқа əдістемелер үстіне қаланатын əдіс болып табы- лады. Нарықты бастапқы зерттеу тұтынушы пайдалылығы мен сапасына қарай өнімге қанша төлеуге дайын екендігін анықтай алады. Содан кейін өнім өндіріледі, нарықта жылжытылады жə- не клиент төлеуге дайын бағаға сатылады. Өнім ол үшін клиент қанша төлеуге дайындығы туралы алынған ақпарат негізінде мақсатты құнға жасалып шығарылады.
Жалпы мақсаты шығындарды материалды, еңбек шығын- дары жəне басқа құрамдас элементтерге, əрқайсысына мақсатты өзіндік құнды белгілеу үшін бөлуге болады. Өнім осы норматив бойынша шығарылуы тиіс.
Өзіндік құнды мақсатты басқаруды өзіндік құнды басқа кез келген өзіндік құнды калькуляциялау əдісімен бірге үйлестіріп қолдануға болады, егер бір ғана жалғыз шарт сақталатын болса: өзіндік құнның, сапаның жəне сатылатын бағасының əртүрлі деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнды мақсатты басқару – тағайындалған шығындармен өнімді өндіруге тиіс кез келген кə- сіпорын үшін пайдалы.
Бүгінгі күнде таргет-костинг, негізінен, инновациялық сала-
ларда (автомобиль жəне машина жасау, электроника, компью- терлік, сандық технологияларда), сонымен қатар қызмет көрсету саласында қолданылады. Жүйе ең көп Жапонияда (Toyotа, Nis- sаn, Sony, Cаnon, NEC), Америкада жəне Еуропада (Generаl Elec- tric, Dаimler АG, Cаterpillаr, Procter&Gаmble жəне тағы басқа) дамыған.
Қазақстанда бұл əдіс кең таралмаған, ол экономикалық тұ- рақсыздықпен, басқарушылық персоналдың ұлттық типтегі ой- лауымен жəне жоспарлы экономика қалдықтарымен сияқты объективті себептермен түсіндіріледі.
Кайдзен-костинг əдісі (жапон тілінен аударғанда – кіші қа- дамдармен жетілдіру) Жапонияда 1980 жылдардың екінші жар- тысында пайда болған. Бұл əдістің мəні өнімді өндіру саты- сында шығындарды біртіндеп төмендету, осының нəтижесінде рентабельділік үшін қажетті өзіндік құн деңгейі жəне өндірістің пайдалылығы қамтамасыз етіледі.
Бұл əдіс жапондық басқарушылық есеп моделінде таргет- костингпен қатар қолданылады. Екі жүйеде бірдей мақсатқа ие – мақсаттық өзіндік құнға жету. Бірақ бұл мақсат бірінші жағдай- да жаңа өнімді жобалауда жүзеге асады, ал екіншіде – өндіріс кезеңінде.
Егер жобалау кезеңінде сметалық жəне мақсаттық өзіндік құн арасында айырмашылық 5 %-тен көп емес болса, онда өнім- нің өндірісін бастау туралы шешім қабылдауда қарама қайшы- лықтар өндіріс үдерісінде кайдзен-костинг арқылы жойылады деп есептеуге болады. Сметалық жəне мақсаттық өзіндік құн арасында айырмасын қысқарту кайдзен-міндет деп аталады. Ол ұйымның барлық персоналына қатысты – инженерден менед- жерге дейін жəне оны орындау персоналды басқару жүйесі ар- қылы тиісті деңгейде көтермелеу қажет.
Кайдзен-міндет келесі қаржылық жылға, өндіріс жоспары жасалып жатқанда жоспарлау кезеңінде анықталады. Ол əр өнім деңгейінде, сондай-ақ жалпы кəсіпорын деңгейінде қойылады.
Жалпы кəсіпорынға кайдзен-міндетті анықтау үшін жос- парланған жылдық пайданың пайызын, жылдық түсімді жəне айнымалы (сметалық) шығындарды білу керек. Кəсіпорын үшін 2,5 % кайдзен-міндет дегеніміз өндіріс үдерісінде жалпы кəсіп- орынның айнымалы шығындарын 2,5 % төмендету тиіс дегенді білдіреді. Ол үшін əр айнымалы шығындар баптары бойынша өзінің кайдзен-міндеттері бекітіледі. Алынған есептер негізінде компанияның бөлек бөлімдері мен құрылымдық бірліктері бойынша шығындар сметасы жасалады. Тұрақты шығындар бюджеті мен бірге кайдзен-міндет алдыңғы қаржылық жылға бюджет жасау үшін қолданылады.
Кайдзен-костингтің салмақты артықшылығы – шығындарды төмендету жəне өндірістің пайдалылығын қамтамасыз ету. Кем- шілігі – жүйені ұйымдастырудың күрделілігі, адам факторла- рына деген үлкен тəуелділік.
Бұл əдісті шығынды басқару басқа əдістерімен бірге өнді- рістің кез келген саласында қолдану мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет