Құнанбаева Д.Ə


Шығындарды басқару қағидалары



бет7/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
шб кытап ()

Шығындарды басқару қағидалары


Кез келген кəсіпорынның табысты жұмыс істеуі оның бəсе- кеге қабілеттілік деңгейіне байланысты. Бəсекеге қабілеттілігі жоғары кəсіпорында өндірілетін өнім ең оңтайлы «баға-сапа» қатынасына ие болады.


Тауар бағасы оның өндіріс шығынымен анықталатыны белгілі. Кəсіпорынның болашақ пайдасы оның шығында- рына байланысты. Неғұрлым пайда жоғары болған жағдайда, өндірісті кеңейту мен техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа өнім түрін əзірлеу мен енгізуге көп шығын жұмсалады. Сон- дықтан кəсіпорынды дамыту мен кеңейтудың негізгі шарты өнімді өндіруге кететін шығындарды тиімді басқару болып табылады.
Шығындарды басқару үшін кəсіпорынның бəсекеге қабілет- тілігінің негізін құруға мүмкіндік беретін бірқатар қағидаларды ұстану қажет. Шығындарды басқару қағидалары басқарудың барлық деңгейіндегі тəжірибелік қызметте ескерілетін жəне орындалатын ең жалпы, іргелі ережелер мен ұсыныстар.
1.2-суретте шығындарды басқару негізгі қағидалары көрсе- тілген.





1.2-cурет. Шығындарды басқару қағидалары

Шығындарды басқару негізгі қағидалары тəжірибеде қалып- тасқан жəне келесілерді қамтиды:



  • шығындарды басқаруға жүйелі көзқарас. Мысалы, шы- ғындарды басқару тиімділігі жүйенің əлсіз звеносының тиімділі- гімен бағаланады. Қандай жағдай болмасын: шығынды норма- лаудың төменгі деңгейі, қызметкерлердің шығынды төмендет- кені үшін шамалы денгейде мотивациялау жəне ынталандыру, көлемі жеткіліксіз жəне сапасы төмен сараптама, басшылықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етпейтін шығын есебінің жүйесі – ол жүйенің қызметіне əсер етеді. Əлсіз звено барлық өндірістік жүйенің, яғни кəсіпорынның тиімділігін анықтайды. Шығындарды басқарудың бір функциясына жеткіліксіз көңіл аударылса, ол бар- лық жұмыс нəтижесін нөлге əкелуі мүмкін;

  • шығындарды басқарудың əртүрлі деңгейінде қолданыла- тын əдістердің бірлігі. Əртүрлі деңгейде шығындарды басқару- дың əдістемелік бірлігі кəсіпорында ақпаратпен қамтамасыз ету- ге, шығындарды жоспарлау, есептеу жəне талдауға бірдей талап қойылатынын білдіреді;

  • өнімнің экономикалық өмірлік кезеңдерінің барлық саты- ларында, яғни өнімнің пайда болуынан жойылуына дейін шы- ғындарды басқару;

  • өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету мен шығындарды төмендетудің өзара органикалық үйлесімділігі. Кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігі баға жəне сапаның қатынасымен анық- талатын өнімнің бəсекеге қабілеттілігіне байланысты болады. Бірақ өнімнің сапасын көтеру шығындардың өсуіне, сондықтан бағаның көтерілуіне алып келеді. Өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында сапа мен бағаның арасында оңтайлы тепе- теңдік зерттеу мен экономикалық есептеулер арқылы құзыретті басқарумен қол жеткізіледі;

  • артық шығынға жол бермеу;

  • шығындарды азайтудың тиімді əдістерін енгізу;

  • шығын деңгейі туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді же- тілдіру;

  • шығындарды төмендетуге кəсіпорынның өндірістік бөлім- дерінің қызығушылығын арттыру.

Шығындарды басқару қағидаларын толығымен сақтау кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілік негізін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет