ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
106
Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның өсу жолдары мен кәсіби қызметін кешен-
ді тұрғыда қарастырған З. Дүкенбаева зиялы ұғымына біршама кең мағына беруге ұмтылады.
Ол зиялыны өз тағдырының халық тағдырымен тығыз байланыстылығын жақсы ұғынған,
халық мүддесін бәрінен жоғары қойып, халықтың жоғын жоқтаушы, ұлттық мұраттар жо-
лындағы күрескерге теңейді. Ол «Саяси жағынан зиялы бостандықтың, демократияның, ұлт-
тық және мемлекеттік тәуелсіздіктің жаршысы. Зиялылардың шығармашылық мұрасы олар-
дың ұлт тәрбиешісі болғандығын көрсетеді» деп элитаға тән сапалық белгілерді санамалай
келіп, «өзге елдерде интеллигенцияны «халықтың ары» деп атайтын болса, қазақта халықтың
ары болған түгел интеллигенция емес – зиялы перзенттер» (Дүкенбаева З. Қазақтың шығар-
машылық интеллигенциясының тарихы (1917–1941). Алматы, Ғылым, 2003. – 330 б.) деген
тұжырым жасайды. Осы тұжырым арқылы зерттеуші қазіргі заманғы элита категориясына
біршама жақындағанымен зерттеу тақырыбына сай зиялыларға ешкімге ұқсамайтын, «сыңа-
ры жоқ» (Шәкәрім), қайталанбас бейне, замандастарының алды, теңдесі жоқ шығармашыл
тұлға деп анықтама береді. Демек, бұл анықтама бойынша дәстүрлі қазақ қоғамының осы ка-
тегориясындағы зиялыларды қызметтік сипатына, тұлғалық өлшемдеріне сай шығармашы-
лық элита қатарына қосамыз.
Тақырыпқа тікелей қатысты Ә.М. Ауанасованың (Ауанасова А. Национальная интел-
лигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. –
260с.) зерттеу еңбегі отандық тарихта Түркістан интеллигенциясын алғашқы болып дербес
зерттеуімен ерекшеленеді. Бұл еңбектің маңыздылығы, онда Түркістан тарихы отан тарихы-
ның құрамды бөлігі ретінде жан-жақты қарастырылуы деп білеміз. Ә.М. Ауанасова Түркіс-
тан ұлттық интеллигенциясы басшыларының кеңестік тәртіптің қуғын-сүргінінен бой таса-
лап, эмиграциялық жағдайдағы ұлт-азаттық күресті одан әрі жалғастырған қызметіне бірша-
ма жан-жақты тоқталған. Ол мұғажырлық жағдайдағы Түркістан ұлттық интеллигенциясын
ұлттық белгісінен бұрын олардың саяси көзқарастарына қарай жіктейді. Еңбекте өлкедегі
интеллигенция тұтас бірлікте қарастырылғандығына қарамастан тақырыптың өзекті желісі
ретінде қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен қызметі басты назарға алынғандығын
ескеруіміз қажет.
Интеллигенция тақырыбында осы аталған және басқа ғалымдардың еңбектерінде ұлт-
тық элитаның қалыптасуы мен қызметі ішінара қарастырылғанымен оған барынша объектив-
ті баға беріледі. Бұл еңбектерде қазіргі заманғы зерттеудің ғылыми-теориялық және әдісна-
малық негіздері кеңестік тарихнаманың тұжырымдарын қайта қарау арқылы тың деректік
материалдар негізінде ХХ ғ. бас кездегі ұлт-азаттық қозғалыстың отандық тарихнамада
тәуелсіз концепциясы қалыптасады.
Тақырып тарихнамасының қомақты бөлігін тұлғатануға қатысты еңбектер құрайды.
Соған сәйкес элиталық теория негізінде зерттеу жүргізудің бір тәсілі ретінде тарихи таным-
ды элитаның жеке құрамының саяси өмірбаяны арқылы қарастырудан бас тарта алмаймыз.
Бұл тәсілдің көп қатпарлы тарихи оқиғалар тізбегінде эпизодтық сипаты басым болғанымен
де жекелеген желілерді терең де байыпты қарастыруға мүмкіндік береді.
Академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зә-
ру мәселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қаты-
насы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне
төмендетілді. Қайраткер – жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесі-
мен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген тұжырым
жасайды. Әрине, бұл сапалардың элита қызметіне тән екендігіне талас жоқ болғандықтан да
ғалымның тұжырымын элитатануға қатысты деп айта аламыз. Жоғарыдағы ойды одан әрі
өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз
тұғырына қондыру керек» (Қозыбаев М.Қ. «Өркениет және ұлт». – Алматы: 2001. – 366 б.)
деген пікірді айтады. Тарих мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікір тұлғата-
ну тақырыбын зерттеулерді элиталық әдістемемен жүргізудің негізділігін алға тартады.
|