13-кесте. Дене тәрбиесі сабағын бақылау гистограммасы
№ … орта мектеп. Сабақ жүргізуші ... « » ... 200... ж.
Сабаққа бақылау, талдау жүргізушілер....
№
р/с
|
Мазмұны
|
Балл
|
Ескер-
тулер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
I
|
Кіріспе бөлім
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Оқушылардың сыртқы түрі
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Басталуы, сабақ міндетін түсіндіруі
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Өзіне сенімділігі, дауысы, оқушылармен
қарым-қатынасы
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Дене қыздыру жаттығуларын таңдауы, беруі
|
|
|
|
|
|
|
|
II
|
Негізгі бөлім
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Тапсырманы түсіндіруі, орындатуы
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Берілген жаттығуларды дұрыс таңдауы
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Оқушылардың тәртібі, жат-ы орындауы
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Сабақ бөлімдеріне, негізгі жаттығуларға
уақыт дұрыс бөлінуі
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Сабақ тығыздығын ойластыруы
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Жүктемені дұрыс беруі
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Үйрету, қайталау үрдісіндегі нәтиже
|
|
|
|
|
|
|
|
III
|
Қорытынды бөлім
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту
жаттығуларын дұрыс беруі
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Сабақ қорытындылары
|
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Үй тапсырмасын беруі
|
|
|
|
|
|
|
|
IV
|
Сабақтың жалпы параметрі
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Сабақ конспектісі
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Сабақ орнын дайындауы
|
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Сабақ құрылысының сақталуы
|
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Сабақтың жалпы, қозғалтушы тығыздығы
|
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Жүктеме мөлшерін дұрыс беруі
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Өзін-өзі бағалауы
|
|
|
|
|
|
|
|
V
|
Жалпы алған балл сандары
|
|
|
|
|
|
|
|
VI
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты бағалауға қатысқан кезде алдын ала дайындалған гистограммадағы 20 түрлі мәселелерге жауап беріп, баға жазылған бағаналарға «+» қойып отырамыз. Сабақ аяқталғаннан соң «+» қойылған бағаларды «балл» деп жазылып тұрған бағанаға 1-5 балл түрінде толтырамыз. Барлық балдар санын қосып, 20 санына бөлу арқылы сабақтың орта арифметикалық бағасын шығарамыз. Бұл гистограмманың бір тиімділігі барлық мұғалімдерді бір түрлі ортақ мәселе, параметрлер арқылы бағалай аламыз.
№13-Лекция. Тақырыбы: Әскери қарулы күштердегі дене даярлығы
Жоспары:
Әскери күш қатарындағы дене дайындығының мазмұны мен құрылымы
Дене дайындығының мақсаты мен міндеттерінің өзіне тән ерекшеліктері
Әскер қатарындағы жауынгерлердің дене дайындық түрлері
Үлкендер мен кәрілер дене тәрбиесі
Мақсаты: Студенттерге әскери күштердегі дене тәрбиесі дайындығын оқытып үйрету
Әскери күштердегі дене тәрбиесі әскери кәсіптік қызметтің деңгейін анықтайды. Оны оқып, үйренудегі терең теориялық және әдістемелік дайындық болашақ мамандардың идеялық қалыптасуына жағдай туғызады.
1. Әскери күш қатарындағы дене дайындығы мына кәсіби-қолданбалы спорт түрлерін қамтиды: жеңіл атлетика, гимнастика, самбо, қоян-қолтық ұрыс, спорттық ойындар, жалпы және арнайы дене дайындығы.
Дене дайындығы әскери күш қатарындағы жауынгерлерді кәсіби дайындаудың негізі болып табылады. Дене дайындығының басты қызметі – батыл, ержүрек, адамгершілік, интеллектуалдық, әскери-психологиялық және жоғары жауынгерлік шеберлікті меңгерген, отанын қорғаушыларды жан-жақты дайындау болып табылады.
2. Әскери күштердегі дене дайындығы үдерісінде төмендегідей міндеттерді шешу жүктелген:
- жауынгерлердің салауатты өмір сүру бейнесін, жетілдірілген кәсіби-қолданбалы дене дайындығын және психологиялық табандылық ұстанымын қалыптастыру;
- дене дайындығы үдерісінде шұғылданушы әскерлердің денсаулығын нығайту, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен шеберліктерін жетілдіру, өзін-өзі басқара білуге үйрету.
Әскерилердің дене дайындығы оқу сабағы үлгісінде және күн тәртібінде дене шынықтыру жаттығулары үлгісінде жүзеге асырылады (таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, самбо, қоян-қолтық ұрыс секцияларында). Дене дайындығы жаттығулары сабағы аптасына 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әскерлердің дене дайындығы сабағы мына үш бөлімнен тұрады: кіріспе-дайындық бөлім (ұзақтығы-15 минут), негізгі бөлім (ұзақтығы-60 минут) және қорытынды бөлім (ұзақтығы – 5 минут).
Әскери күш қатарындағылардың дене дайындығы мыналардан тұрады:
1.Жеңіл атлетика. Қысқа, орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру тәсілдерін жетілдіру, төзімділікті дамыту.
2. Гимнастика. 16-санды гимнастикалық жаттығулар кешенін орындауды меңгерту. Белтемірде орындалатын жаттығулар: тартылу, аударылып түсу, жарыспалы сырықтағы жаттығулар.
3. Самбо. Арнайы дайындық жаттығулары, күрес әдіс-тәсілдерін тұру және партерде орындату. Қарусыз және қаруланған қарсыластың соққысынан қорғану тәсілдері.
4. Қоян-қолтық ұрыс. Арнайы дайындық жаттығулары. Қолмен соғу және аяқпен тебу. Қорғаныс әрекеттерін үйлестіру. Қорғану, қарсы шабуылдау және қолға түсіру. Оқу-жаттығу ұрыстары.
5. Спорттық ойындар. Футбол, үлкен теннис, баскетбол, волейбол.
Әскери күш қатарындағы жауынгерлерге қарсыластың шабуылына қарсы әдістер қолданып оны қолға түсіруде күрес пен ұрыс өнерінің көмек берері даусыз екені белгілі. Ал жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар мен жалпы және арнайы дене дайындығы шұғылданушылардың дене мүмкіндерін жан-жақты даярлап, оларды шапшаң, епті және күшті болуын қамтамасыз етеді.
Әскери-қолданбалы дене дайындығының мақсаты мен міндеттері Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) белгілі бір кәсіптің талаптарымен ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылатын дене тәрбиесінің ерекше мамандандырылған түрін ұсынады. “Қолданбалы” термині аса тәжірибеге сүйенген жеке адамның негізгі өмірінде және қоғамдық қызметінде –кәсіби еңбекте қолданылатын дене мәдениетінің саласы болып табылады.
КҚДД негізгі міндеті – адамның психикалық және дене сапаларының ең жақсы деңгейде сүйемелдеу және бағытты дамытуға нақтылы кәсіби қызметтің арттырылған талап етілуі сұралатын, сонымен бірге бұл қызметтің жағдайына ағзаның қызметтік төзімділігін, тұрақтылығын дағдыландыру және еңбектің сыртқы ерекше жағдайына байланысты басымырақ қажетті қолданыстағы қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру. Көптеген ғылыми мәліметтер бойынша КҚДД кәсіптік оқытып, үйрету сапасын арттыруға елеулі әсер етеді және еңбек дағдыларын меңгеру мерзімін қысқартады, тұрақты және жоғары жұмыс қабілеттілігінің алғы шарттарын жасайды, сонымен бірге адам-машина жүйесіндегі адамның сенімділігін арттырады.
КҚДД сонымен бірге, өндірістік ортаның қолайсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттырады және ауруды азайтады, жұмысшылардың мамандар құрамының кәсіби ұзақ жасауына мүмкіндік туғызады.
Бұл айтылғандардың барлығы КҚДД педагогика жүйесінің маңызды принциптерінің бірінде, яғни дене тәрбиесінің еңбек қызметінің тәжірибесімен органикалық байланысы принципінде нақтылы іске асады. Әрбір кәсіби мамандық адамға және көбінесе оның дене және психикалық сапасына, қолданбалы дағдыларына өте жоғары спецификалық талап қояды. Осыған байланысты жастарды еңбекке дайындау кезінде жалпы дене дайындығын арнайы мамандандырылған кәсіби-қолданбалы дене дайындығымен үйлестіруде дене тәрбиесі процесінде мамандыққа (профильге) дайындау қажеттілігі туындайды.
Жалпы дене дайындығы табысты кәсіби қызмет үшін негізгі алғы шарттарды жасайды, яғни денсаулық жағдайын, дене дамуы деңгейін, ағзаның қызметтік жүйелерінің аэробты және анаэробты қуатының деңгейін, күшін және бұлшық ет төзімділігін және т.б. сияқты дене жұмыс қабілеттілігінің қозғаушы күштері арқылы жанама түрде оларда көрінеді. Сондықтан, ЖДД (жалпы дене дайындығы,). КҚДД-ң негізі ретінде қызмет жасайды.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығының кез-келген түрінің міндеттері мен мазмұны егер адамға кәсіби мамандық объективті талабы белгілі болса анықталған болуы мүмкін. Сондықтан да, КҚДД ғылыми-ілімдік негіздемесі бәрінен бұрын кәсіби қызметтің қозғаушы күштерін зерттеумен және оның жағдайлары, адамның дене және қолданбалы дайындығының басқа жақтарының талаптарының басымырақ ескерілуіне байланысты (белгілі бір қозғалыс және психикалық сапаларға, ағзаның сыртқы орта әсеріне қызметтік төзімділігі, қолданбалы біліктілікті, дағдыларды және осыларға байланысты білімді меңгеруі).
Мұндай қозғаушы күштерге мыналар жатады (Загорский Б.И.,1984ж):
қызметтің қамтамасыздандырылу ерекшеліктері;
негізгі жұмысшы қозғалысы сипаты;
қызметтің ерекше сыртқы жағдайы.
Адамның еңбек қызметі орындалатын әрекеті мен сыртқы орта туралы ақпаратты тұрақты қабылдау және талдаумен негізделеді. Бұл ақпараттарды қабылдау белгілі бір анализаторларға артығырақ күш түсіреді (көру, есіту, қозғалыс және т.б.) және назар аудару, зерделеу, жедел ойлау, жүйке-сезіну, күштену және т.б. сияқты психикалық процестер ілеседі. Тағы да, психикалық процестердің ерекшеліктері көбінесе шұғылданушының мінізіне, қабылданатын ақпараттың көлеміне және адамның оны еңбек қызметі кезінде қабылдау жағдайына байланысты болады. Бұл жерде айтылып тұрған сөздің шындыққа жақындығы (модальность), сигналдардың түрі, қарқындылығы және олардың қарқындылығының өзгеруі, уақыт бірлігінде түсетін ақпараттардың саны, қабылдау жағдайы (уақыт лимиті, нысанның немесе субъективті қозғалу кезінде немесе бөгет болғанда қабылдауы).
Көрсетілген белгілерді зерттей келе нақтылы кәсіби қызметте (мысалы, операторлардың, автокөлік жүргізушілерінің) олардың айтылу дәрежесін (сындық мәнін), оның спецификалық талабын және адамның психикалық және қозғалыс сапасына белгілеуге болады.
КҚДД-ң басқа анықтаушы ақиқат қозғаушы күштеріне жұмысшы қозғалысының сипаты жатады. Оның бөлінуі еңбек процесіндегі қозғалыс қызметі құрылымын талдауға негізделеді. Еңбек әрекетінде оның қозғалыс компонентерінің жәрдемімен жұмысшы қозғалысындағы еңбек құралы еңбек пәні жаңадан құрылады және алға қойылған мақсатқа жетеді және де көптеген қызмет түрлеріне әрекеттің қайталануы тән, өйткені сол бір еңбек міндеті көп рет орындалады. Сол себепті жұмысшы қозғалысы өзінің тобында стереотипті (көшірме, қайталау түрлері) және сол уақытта сапасы жағынан әртүрлі.
Нақтылы кәсіби қызметте жұмысшы қозғалысының өзіне тәндігі және оның ағзаға спецификалық психо-физиологиялық әсерін қамтамасыз етеді. Сондықтан, “негізгі жұмысшы қоғалысының сипаты” ұғымын бөліп көрсету заңды. Мұнымен барынша көрсетілген сол кәсіби қызметтің мазмұнын құрайтын еңбек әрекетіндегі жұмысшы қозғалысының ерекшеліктерін түсіндіреді. Көрсетілген еңбек әркетінің моторлы ерекшеліктерін қозғалыс түрін (қысу, соққылы, айналмалы және т.б.), қол, аяқ, кеуде қозғалысының үйлесімділігі мен бірізділігінің ерекшеліктерін (кеңістіктік, уақытпен және динамикалық парометрлермен) және басқа сипаттамаларды, сонымен бірге сандық көрсеткішпен ұсынумен сипаттауға болады.
Кәсіби спецификалық талапқа адамның дене дайындығы, сонымен бірге ерекше сыртқы қызмет жағдайына да байланысты болады. Мұнымен қозғаушы күштердің ілеспелі әрекеті түсіндіріледі, яғни еңбек процесінің және қолданбалы қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын меңгеруді талап ететін кейбір жұмыс түрлерінде мұнымен қозғаушы күштердің ілеспелі әрекеті түсіндіріледі. ¤ндірісті қоса қолайсыз сыртқы жағдайлар (қолайсыз жұмыста тұру қалпы, ыстық микроклимат, тербелу және т.б.) ағзаның қызметіне қосымша күштенуді талап етеді және жұмысшы қозғалысы параметрлерін нашарлатады. Кестеде ағза жағдайындағы әсерімен еңбек және әртүрлі кері әсер етуші қозғаушы күштердің өзгерістері туралы кейбір мәліметтер көрсетілген.
Адамға ортаның кейбір қозғаушы күштерінің әсері экстемальды сипат алады. Мұндай жағдайда кәсіби қызмет сезім күштенуі аясында жүреді және мұндай стрест құбылыс, сонымен бірге ағзаның қызметтік қорларын жұмылдырады.
Көп жылдық еңбек қызметі процесінде психикалық және дене сапаларының спецификалық құрылымымен белгілі бір ерекшелік белгісімен және құнды бағдарларымен сипатталатын жеке тұлғаның кәсіби бейнесі қалаптасады.
Адамға кәсіпке деген спецификалық қолданбалы талапты зерттеу маңызды және еңбектің әрбір түрі үшін белгілі бір сапаны, қолданбалы дағдыны, біліктілікті және білімді айқындауға мүмкіндік береді.
Кәсіби қабілеттің құрылымы негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негізгі қабілет бұнсыз қызмет түрі үйлесімді орындалмайды және бұл құрылымның басқа қабілеттерімен орны толтырылмайды.
Қосымша қабілеттері елеулі, бірақ міндетті емес, және олар басқа компоненттермен алмастырылуы мүмкін.
Бұл ғылыми ережені есепке алу оқу процесін жекелендіру процесінде, сонымен бірге сол кәсіптің қабілеті үшін басты тәрбиеге назарды шоғарландыру жоспарында КҚДД ілімі мен тәжірибесі үшін принципті маңызға ие. Оның даму деңгейі көп дәрежеде кәсіби жұмыс қабілеттілікке тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |