Негізгі бөлім Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері


Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша несие саясаты)



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4

3.1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша несие саясаты)
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердін банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауарақша тепе-тендік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондыктан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:


  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
    қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің калиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғалық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор -ғимаратгардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жаткызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды қорғаннан қалған бөлігі республикалык бюджетке аударылады. Ұлтгық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен Төлемдерден босатылады.



Қазақстан Республикасының Ұлггық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасьшың Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндетгер жүктеледі:



  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекетгік саясатты жасау және жүзеге асыру;

  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

- банктік және басқа неснелік мекемелердің қызметін
реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердін, салымшылардың мүдделерін қорғау.Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысьш басқару;

  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу
    және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша
    ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік
    актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп
    жүргізу және банктердін есеп беруін ұйымдастыру;

  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудін әдістерінің формаларын талдау;

  • банк ісін бақылау және қадағалау;

  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау; ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және
    тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банктің иесиелік ресурстары мыналардың себінен құраладм:

- меншікті қаражаттары; басқа банктермен тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;



  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджетгің уақытша бос қаражаттарынан.

Ақша-несие саясаты. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік аңша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты маңсаты: ұлттық валютаның тұраңтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.



Ақша - несие саясаты — бұл айналыстан ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінін, қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1. Рестрикіциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақ,ша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ак, сыйақы мөлшерлемесінін, деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондыкқ ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудын, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұраңтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттың банк қатау ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйнес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

• Сый ақы мөлшерлемелерт белгілеу;

• Ен төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;



  • Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы
    бойынша ашық парықтағы операицияларды жүргізу;

  • Банктерге және үкіметке несиелер беру;

  • Валюталқ нарықта интервенциялау;

• Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:


-РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сьшақы мөлшерлемесі;

-«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;


-күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында ұолданылады. Ресми есептік (дисконттың) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлемес болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздың мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйаңы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мелшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сьшақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяңдауы барысында бір түнге берілетін эаемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сьшақы мөлшерлемелері Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша тәлем жургізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 5- кестемен беруге болады.

5-кесте

Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
пайыздар, кезең соңына




Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері

12.2000 ж.

12.2001 ж.

.

12.2002 ж.

1.

2.


3.

4.


Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт займдары бойынша

РЕПО операпиялары бойынша,

оның ішінде:

овернайт

1 жұма

2 жұма


14

12,5


20

-

6,5



5,5

9

8

12



5

5

5,5



7,5

8

9



5,5

5,5


5,5

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарың бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экопомиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2003 — 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 6-кестеде беріледі.
6-кесте

2003—2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі

көрсеткіштерінің болжамы




Керсеткіштер__2002_(бағадау)__2003'>Керсеткіштер

2002 (бағадау)

2003

2004

2005

1.

2.


3.
4.

Инфляция

жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру

жылдың соңына

Алтын-валюта резерві

млн АҚШ доллары

өзгерістер, %

Ақша базасы

млрд теңге

өзгерістер, %


6
7,5


3008

16
207

18,1

4-6
6-7


3355

11,5
237

14,8

4-6
5-6,5


3541

5,5
268

12,9

3-5
4,5-6


3673

3,7
304

13,9


6-кестенің жалғасы






Керсеткіштер

2002

(бағалау)

2003

2004

2005

5.

6.


7.

8.
9.



Ақша массасы

млрд теңге

өзгерістер, %

Банк жүйесіндегі резиденттердін депозиттері

млрд теңге

өзгерістер, %

Экономикаға беретін банктің несиелері

млрд теңге

өзгерістер, %

Халықтың теңгедегі мерзімді депозиттерінің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

707


22,7
544

22,3
439

58,8
13
17,5

865


22,4
671

23,3
571

30,1
11,0
16

1008


16,6
788

17,4
718

25,7
9,0
15

1168


15,9
910

15,5
866

20,8
7,5
13,5

6-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 — 2005 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты 2003 — 2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4 — 6 % және 2005 жылы 3—5% шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004 — 2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында валюталық режимді либерализациялау, бірінші кезекте капиталдың сыртқа шығуы мен ішке келуіне жасалатын валюталық бақылау мен реттеу шараларын жұмсарту, яғни кейбір капитал қозғалысымен байланысты операциялар үшін лицензиялауды алып тастауды көздейтін сияқты шаралар жалғасын табуда. Жалпы алғанда, валюталық режимді либерализациялау үш кезеңде өтеді. 2 кезең бағдарламасын 2005 жылы бастау көзделуде. Либерализациялау бағдарламасы толығымен 01.01.2007 жылы аяқталады деп күтілуде.

Осы жылы Ұлттық банк Процессингтік орталың базасында «Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйесін» енгізу жұмыстарын қолға алуда.

Банк секторы саласында ұлттық банк тәуекелдері басқару жүйесін ендіру және ағымдағы қадағалау қызметін, оның ішінде жиынтық қадағалауды жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін жетілдіруде. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек осы жүйеге мүше банктер ғана халықтың салымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартатындығы туралы айтады.



Ұлттық банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.

2003 — 2005 жылдары Ұлттық банк қаржы есебінің халықаралық стандартына өтуді көздеп отыр.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет