Негізгі орта білім беру


Ұстаздық шеберлікті бағалау технологиясы



бет7/9
Дата08.10.2022
өлшемі84.04 Kb.
#462189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Калыбаева Нұрай курстық жұмыс

2.3 Ұстаздық шеберлікті бағалау технологиясы
Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады[2].
Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзссіз білімді нақты игере алады. Яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім береді. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:
1) Нәтиже көрсеткіші. Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы:
- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры;
- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді шешу);
- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну;
-оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі;
-маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық және
экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру);
-жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті.
2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады:
-мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы (біліктілігін арттыру курстары);
-сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы;
-оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке көзқарасты
жүзеге асыру әскерлігі;
-балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары.
Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі:
Екінші санатты мұғалім – 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы жұмыс жасайды.
Бірінші санатты мұғалім – екінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы. Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де ескеріледі. Жоғары санатты мұғалім – бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және олардыжетілдіреді. Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар шығарады[12].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет