Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе



бет18/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
алпысбаева акмарал

Сөйле СЕ сөз зат есіміне –ла, -ле етістік жасаушы аффиксінің жалғануымен жасалған. Көптеген түркі тілдерінде –з/-й түбір морфемалардың соңғы дыбысының кезектесіп ауысып отыруы нәтижесінде сөйле/сөзле фонетикалық варианты пайда болды. Мәриям Раушанның сөзін мысалға алып сөйледі (Б.Майлин). Басқалар бір сөйлегенде бұл екі сөйлейді (Ғ.Мұстафин).
Сөйле СЕ негізгі сыңар бола отырып етістік сөз тіркесін құрайды. Қазақ жазушыларының бір қатар көркем шығармаларын, сондай-ақ адамдар арасындағы әңгімелерді зерделеу сөйле СЕ сыңарларының кірігу дәрежесімен түрлі сөз тіркестерін құрайтынын көрсетті: зілмен сөйледі (М.Әуезов); көкей сөйледі (Ж.Аймауытов); шабына сөйледі (Ғ.Мұстафин ; шаға сөйледі (Б.Нұржекеев).
Айт СЕ бір мәртелікті, айтылған сөздің дәлдігін көрсетеді. Ол көне түркі жазуларында да қазіргі сөз қоладанысындағы айт етістігі сияқты мағынада қолданылған, ай түбір морфемасынан және уақыт өте келе өзінің етіс мағынасын жоғалтқан -/ы/т өзгелік етіс сөзжасамдық аффикспен тұратын туынды негізді үдетеді. Бұл ойды «Осы орайда оларды гиппераглютинация немесе фузия процесі, жеңілдету нәтижесінде этимологиялық түбір мен аффикстің кірігуінен деп санайтын ғалымдар дұрыс айтады» деп академик Ә.Қайдаров та қостайды. Мұның айқын дәлелі көптеген қазіргі тілдерде бөлшектенбейтін болып табылатын айт түбір етістігі болып табылады. Дегенмен, ол ай түбіріне және «сөйлеу»етіс қатынастарының көрсеткішін сезуге болатын –т формантына бөлшектенеді [28,48].
Мысалы: Оқытқанынан бұрын, Қартқожаның көзі ашылғандай көп сөз айтты (Ж.Аймауытов). Айт Се төлеу сөзді білдіруде негізіг міндет атқарады. Төл сөз төлеу сөзге айналған кезде де етістігі жоғалады да, оның орнына айт етістігі қолданылады. Мысалы: Солығын баса алмай, ышқына кеңкілдеп отырып, естіген сөзін айтты (Ж.Аймауытов). Т. Қапесова ортақ мағыналы сөйлеу етістіктерініңдаму жолдарын анықтап, олардың жасалуының 3 тәсілін атайды:
1.Бір түбір етістіктен сөзжасамдық аффикстері, тұлға жасау аффикстерінен тұратын СЕ;
2.Сөздің аналитикалық тұлғасынан тұратын СЕ;
3.Тұрақты сөз тіркестерінен тұратын СЕ.
Сөйлеу етістіктерін өздерінің семантика-грамматикалық тәсілдер мен жасалу тәсілдері бойынша төмендегідей бөледі:

  1. Лексикалық тәсілмен жасалаған сөйлеу етістіктері:

а) дифференцияланған мағыналы жалқы сөйлеу етістіктері (де, айт, сөйле).
ә) ортақ мағыналы сөйлеу етістіктері (сұра, бұйыр, сайра, бөс, мақта, лепір).

  1. Морфологиялық тәсілмен жасалған сөйлеу етістіктері:

а) –ла, -ле, -да, -де, -та, -те;
ә) –лас, -лес, -тас, -тес, -дас, -дес;

  1. Синтаксистік тәсілмен жасалған сөйлеу етістіктері:

Есім + етістік, етістік + етістік тіркестері.
Сөйлеу етістіктернің семантикалық сыйымдылығы, эмоциялық-стилистикалық мәні айтылған ойдың өте нәзік болуларын білдіретін сөздерді таңдауға мүмкіндік береді. Сол арқылы сөз дәл, мәнерлі және қысқа да нұсқа болып шығады.
Ә. Таразидің «Қорқау жұлдыз» шығармасында ғалым М.Оразов көрсеткен сөйлеу етістіктерінің 6 мағыналық тобы да кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет