2-тапсырма
Өзіңіз 1-тапсырмада анықтаған өнімге агрессивті сату сценарийін жасаңыз.
5) тікелей сату –клиентке тікелей делдалсыз сату. Тікелей сату делдалдардың қызметтеріне жұмсалатыншығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Егер сіз свитер тоқып, Instagram-аккаунт арқылы сатсаңыз – сіз тікелей сату жасайсыз.
6) жанама сату – соңғы клиентпен байланыс жасамай, делдалдар арқылы сату, оған телефонмен сату кіреді.Егер сіз свитерді тоқып, оларды сатуға киім дүкеніне өткізсеңіз, бұл дүкен соңғы сатып алушылар мен сіздің араңыздағы делдал болады. Бір жағынан, өзіңіз тоқыған свитерден түсетін табыс азаяды, ал екінші жағынан сіз Instagram-аккаунтты жылжытуға, тапсырыстарды жеткізуге және т.б. бас қатырмайсыз.
7) бейтаныс адамдарға сату – ұсынылған өнімге қызығушылық танытпаған және сатушымен қарым-қатынас жасауды күтпеген клиенттерге сату.Бейтаныс адамдарға сатудың таныс адамдарға сатудан айырмашылығы – клиентпен байланыс орнатудың қиындығы болып табылады. Егер сен дүкенде сатушы болып жұмыс істесің, онда сен – қожайынсың, ал клиент –қонақ. Клиент өзі келді, демек онда қызығушылық бар. Бейтаныс адамдарға сатуда бәрі басқаша, сіз тіпті телефон тұтқасын кім алатынын да білмейсіз.Телефон тұтқасын хатшы да, бас директор да алуы мүмкін.Оған қоса сізбен ешқайсысының сөйлескісі келмейді, клиенттің назарын аударып, қызықтыруөте қиын.
Бейтаныстарға сатуда сату скрипті ерекше рөл атқарады. Сіздің сөйлесу модуліңіздің қаншалықты дұрыс құрылуына ісіңіздің сәттілігі тәуелді болады.Бейтаныстарға сатуға дайындалудың келесі маңызды кезеңі – өнім мен бәсекелестерді мұқият зерттеу. Бейтаныстарға сатуларда кекештенуге, мүдіріп қалуға және сұрақтарға сенімсіз жауап беруге болмайды.Бейтаныстарға сатумен айналысатын сатушының стреске төзімділігі өте жоғары болуы керек.Бір жұмыс күні ішінде бейтаныс адамдарға қоңырау шалатын сатушылар ондаған бас тартуларды естиді, көбісі дөрекітүрде айтылады.Әрбір жаңа клиентпен оң қарым-қатынас жасау үшін сәтсіздіктерге көңіл бөлмей және эмоцияларға берілмей, әрбір жаңа клиенткебірқалыпты көңіл-күйменқойғырау шалу керек.
Бейтаныс адамдарғақоңырау шалулардың айналымы
Егер сіз бейтаныстарға сатумен айналысатын болсаңыз, ерте ме, кеш пе, бәрібір өз нәтижелеріңізді болжамдай аласыз. Басқа сатулардағыдай барлығы сату сүзгісіне (айналым)бағынады. 100 қоңыраудың ішінде: тек 70 адам қоңырауға жауап береді; сіз тек 40 адаммен қарым-қатынасжасай аласыз; тек 20-сына ғана өнімді таныстыра аласыз; 10 адамды өнім қызықтырады, бірақ олардың өнімді бүгін сатып ала алмауының себептері болады; 3 адам сатып алуға келіседі; және 1 қаражат аударады.Бейтаныстарға сатуда айналымсатушылардың жетістіктерін бағалауға қажет, нашар нәтиже көрсеткен сатушыларды жұмысқа алмаған жөн:мұндай жұмыскер шектеулі базаны құртады.
Достарыңызбен бөлісу: |