95
мақсатында қолдануда оның ерітінді тұтқырлығын реттейтін жəне
эмульсияларды тұрақтандыратын қызметтері маңызды болып
табылады.
Ақуыз негізгі коллоидтарға сүйек пен теріден алынатын сүйек
желім (желатин), соя жəне жүгері ақуыздары, сүттің ақуызды заты
болып саналатын казеин, сонымен қатар жұмыртқа ақуызынан
алынатын альбумин жатады.
Сірне (гель) түзу, ерітінділер
мен эмульсиялардағы тұтқыр-
лықты арттыру коллоидтарға тəн болып келеді.
Қазіргі таңдағы эмульсия техникасында тұрақтандырғыш ре-
тінде целлюлозаның түрлерін кеңінен пайдаланады. Олар,
негізінен, бетке жағатын масканың, сонымен қатар шаш күтіміне
арналған түрлі препараттар құрамында болады. Кейбір коллоидтар
қабыршақ түзе алатындықтан шашқа арналған лактың құрамдас
бір
бөлігі ретінде қолданылып, оның лакты жұмсартқыш рөлін
атқарады.
Сонымен қатар ақуызды коллоидтар тері күтіміне арналған
препараттарды жасауда да жиі қолданылады. Себебі олар түрлі
ұзындықтағы амин қышқылдарының тізбегінен құралған. Бұл тіз-
бекте өңделу əдісіне қарай бос амин қышқылдары болады. Осы-
лайша, оларды ақуызды гилролиттермен салыстыруға əбден
болады.
Поливинильді қосылыстар. Поливинильді қосылыстар деге-
німіз – түрлі винильді қосылыстарды
полимеризациялау арқылы
алынған макромолекулалы заттар.
[H
2
C=CHOH] H
2
C=CH – OOCCH
3
винилді спирт винилацетат
CH
2
Ñ=O
CH
2
CH
2
N CH=CH
2
винилпирролидоне
Жоғарыда келтірілген жəне винильді топтары бар басқа да
қосылыстар екі байланысты ашу жолымен ұзын тізбек түзеді.
Поливинилацетаттар – қаттылығы полимеризациялау дəреже-
96
сіне байланысты өзгеріп отыратын полимерлі зат. Сондықтан да
оларды шашқа арналған лак сияқты заттарда қабыршық түзуде
пайдаланады.
Поливинильді спирт сабындалу əдісі
арқылы поливинилаце-
таттан алады. Оны шаш қатырғыш сұйықтықтарда, тазалағыш
кремдерде тегістегіш зат ретінде қолданады.
Поливинилпирролидон (ПВП) полимеризациялау нəтижесінде
винилпирролидоннан түзіледі. Оның молекулалық массасы көп
көлемде өзгере алады. ПВП белгілі бір дəрежеде гидроскопиялық
зат болып табылады. Ол шаш пен терінің мүйізді қабатын қатай-
тып, тітіркендіргіш жəне уландырғыш заттардың əсерін
төменде-
теді. ПВП қолға арналған крем, шаш күтіміне арналған препарат,
шашқа арналған лак, тіс пастасы, əтір су сияқты заттарды жасауда
косметикада кеңінен қолданыс тапқан. Бояғыш заттармен кешенді
қосылыстар түзу қасиетіне орай шаш бояуларына қосады. ПВП,
сонымен қатар сутегі асқын тотығы ерітіндісін тұрақтандыратын-
дықтан шашты түссіздендіруде де жиі пайдаланылады.
Бұл топқа полиакрилат сияқты басқа да полимерлерді (акрил
қышқылы негізіндегі полимер СН
2
=СНСООН) қосуға болады. Ол
шаш үлгісін бекіткіш жəне қатырғыш лактар жəне тұтқырлықты
арттыратын басқа да препараттар құрамында болады. Бұл жерде
поливинильді қосылыстардың өте қарапайым түрлері қарастыры-
лып отыр. Химия өнеркəсібінде олар түрлі өнім шығаруда бастап-
қы шикізат болып табылады. Əрі қарай модификациялау (жаңаша-
ландыру) арқылы олардың қасиеттерін жақсарта түсуге болады.
Поливиниль туындылары өте көп жəне жан-жақты ізденіс нəиже-
лерінде жаңа
полимер материалдары жасалып, саны одан да арта
түсуде. Бұндай процесті біз қарастырған целлюлозадан жəне басқа
да шикізат топтарынан байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: