Облыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.88 Mb.
#22169
1   2   3   4

Ауыз сумен қамтамасыз ету
2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша шараларды орындау аясында Ақтөбе облысы бойынша сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 29 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге жұмыстар орындалды.

Жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру аяқталды. Қарастырылған қаражат есебінен тұтынушылар үйлерінің шекараларына дейін жеткізуші жүйелерді есепке алумен құрылыс және 246 км су құбыры желілерін қайта құру бойынша жұмыстар орындалды, нәтижесінде 22 мыңнан астам адамды сумен жабдықтауға мүмкіндік берді.





2012 жылға арналған міндеттер:
2012 жылы 18 АЕМ-дегі 183,7 шақырым су құбыры желілерін салу бойынша жұмысты орындау, бұл 9 мыңға жуық тұрғынды құбыр суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Газдандыру

2011 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарғалы ауданы Петропавловка және Ш.Қалдаяқов ауылдары, Мұғалжар ауданы Ембі қаласы және Алға ауданының Тоқмансай ауылы газдандырылды. Барлығы 113 км газ құбыры салынды, 15,4 мың адам газбен қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Алға ауданы Шибаевка ауылына және Байғанин ауданы Байғанин кентіне ұзындығы 99,6 км жеткізуші газ құбырлары құрылды.

2011 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


2012 жылға арналған міндеттер:

Республикалық бюджет қаражат есебінен газдандыру нысандарының құрылысы жоспарланған, оның ішінде Хромтау ауданының Абай, Никельтау ауылына, Мәртөк ауданы Қаратоғай, Саржансай (Нагорное) ауылдарына газқұбырларын тарту және Қобда ауданының Қобда ауылына жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбырының газ тарату станциясының құрылысы.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен газбен жабдықтау 4 нысанының құрылысын бастау жоспарланып отыр, оның ішінде Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына, Ырғыз ауданының Шетырғыз-Ырғыз, Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылына, Хромтау ауданының Табантал ауылына.

2012 жылы жергілікті бюджет есебінен Мұғалжар ауданының Жем, Бірлік ауылдарын, Мәртөк ауданының Родниковка, Алға ауданының Қарабұтақ, Шалқар ауданының Жылтыр және Ақтөбе қаласының Белогорка ауылдарын газдандару жоспарланып отыр.


Электроэнергетика

2012 жылдың 1 қантарына облыстық электр жүйелер ұзындығы

14,8 мың шақырым және жалпы саны 2058 дана төмендету стансаларын құрады.

Жаңажол ГТЭС екінші кезегін енгізумен, сондай-ақ ГТЭС-45 («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ) екі - машиналық тәртіпте тұрақты жұмыс жасау арқылы электр энергиясының өндірісі2010 жылғымен салыстырғанда 175,7 млн. кВт/сағ. ұлғайды. Орташа облыс бойынша электр қуатын тұтынуының жыл сайынғы артуы 3-8 % құрайды

Жаңартылып тұратын энергия көздері объектілерін орналастыру мақсатында әлеуетті инвесторлардың назарын аудару бойынша жұмыстар басталды.

2012 жылға арналған міндеттер:

Облыс орталығы мен жаңа құрылыс аудандарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 2012 жылы РБ трансферттерінің есебінен жүргізу қажет:

- ПС 220/110/35/10 кВ «Ақжар 2» құрылысын жалғастыру;

- сомасы 340 млн.теңгеге салынып жатқан құрылыстағы «ВЛ 110 кВ Ақжар 2 -41 разъезд» және «ВЛ 110 кВ Ақжар-2- Қаратоғай» қосымша станциясынан электр жеткізуші желілерінің құрылысы;

- «ФНБ Самұрық Қазына» АҚ бірлесе отырып, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ негізгі құрал-жабдықтарын қайта жаңарту және қондырғысын жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін қарастыру.
Тұрғын үй құрылысы

Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жыл ішінде облыста 2710,5 мың ш\метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл алдыңғы 15 жылда енгізілгеннен 2 есеге артық. Осы кезең ішінде 23 мың жанұя жайластырылған тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 6,5 мың жанұя бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын коммуналды және несиелік тұрғын үйіне ие болды.

2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 410,8 мың ш.м. тұрғын үй салынып пайдалануға берілді, яғни жылдық жоспардың 122,4 % және 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6 %. құрады.

Облыста 3042 жанұя жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұрғындардан коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлерден облыстың 487 жанұясы пәтер алды.

Жергілікті бюджет есебінен мүгедектерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Ақтөбе қаласындағы «Болашақ» ауданында 72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы, Ойыл селосында 8 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және Қобда селосында 1 бөлмелі 4 тұрғын үйдің құрылысы және Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғау Министрлігінің 140 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй құрылысына 23,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 118,0 пайызды құрайды. Тұрғын үйлер құрылысының нысандарына тек қана бюджет қаражаты есебінен 4714,5 млн. теңге сомасында қаражаттар жұмсалды, оның ішінде 3609,9 – республикалық және 1104,6 – жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыру ауқымында 2011 жылы тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 8575,7 млн. теңге бөлінді, соның 362,5 км инженерлік желілер, оның ішінде 107,2 км - электр қуатымен жабдықтау, 53,86 км - сумен жабдықтау, 38,5 км - кәріз, 8,71 км - жылумен жабдықтау және 154,29 км - газбен жабдықтау желілерін пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

«Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй нысандарының құрылысы жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде Хромтау ауданының 100 оралман жанұяларына 7,8 мың. ш\метрлі тұрғын үй салынып пайдалануға тапсырылды. 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, сонымен қатар жалғастырылған және тұрғын үй салынып жатқан аудандағы ішкі орамды жалпы ұзындығы 67,2 км инженерлік желілер жүргізіліп жатыр.
2012 жылға арналған міндеттер:
- жоспарлы көлемі 346,1 мың. ш\метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды қамтамасыз ету, оның ішінде:

- «Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы» көлемі 38,3 мың. ш\метр пайдалануға тапсырылатын тұрғын үй құрылысы жобасын жалғастыру;

- әлеуметтік жағынан қорғалған азаматтар үшін жалға берілетін 11,9 мың.ш\метр тұрғын үйлердің құрылысын жалғастыру.

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы алаңы 3,92 мың ш\метр жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау;

- көлемі 97,0 мың. ш\метр және сәйкесінше 195,0 мың. ш\метр пайдалануға тапсырылатын коммерциялық және жеке тұрғын үйдің құрылысының басталуына ықпал жасау;

- тұрғын үй құрылысының жер телімін инженерлік желілер және коммуникациямен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен қарастырылған 4353,4 млн. теңгені, тұрғын үй құрылыс бағдарламасы және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражатты игеру.



Сәулет және қала құрылысы

Заманауи қала құрылысы нормасына сәйкес аумақтарды тиімді және орынды пайдалану үшін әрбір елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бойынша кезеңдік жұмыстар жүргізіледі

Бүгінгі күнде облыс аумағында Ақтөбе қаласын қоса алғанда тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын 15 елдi мекен орналасқан, оның ішінде, 10 елді мекен жаңа бас жоспармен қамтамасыз етілген немесе 66,7 %.

Сонымен қатар тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi 4 елдi мекеннің жаңа бас жоспары әзірленді. Оның ішінде 3 елді мекеннің бас жоспары 2011 жылы әзірленді, қазіргі уақытта келісу және бекіту сатысында.

2011 жылы облыс орталығының бас жоспарын түзету жөніндегі жұмыстар басталды. Табиғи – климаттық жағдайы, дамудың әлеуметтік – экономикалық жағдайы, аумақты инженерлік қамтамасыз ету бойынша бастапқы деректер толық жиналды. Көлік инфрақұрылым және экологиялық жағдайы бойынша деректерді жинау және өңдеу аяқталуда. Қаланың шаруашылық – экономикалық кешені мен оның даму тенденциясын бағалау аяқталды. Бау-бақша өсіру және саяжай құрылысын дамыту концепциясы орындалды. Аумақты инженерлік-геологиялық аудандастыру схемалары орындалды. Тірек жоспары 45%-ға (қала аумағын қазір пайдалану схемасы) дайындалды. Кестеге сәйкес жұмыстарды 2012 жылдың соңына таман аяқтау қарастырылуда.

Миллиондық қала мәртебесіне қол жеткізу бағдарламасы аясында және қазіргі таңда түзетулер енгізіліп жатқан Ақтөбе қаласының бас жоспарына сәйкес, аумақты игеруде үшін болашағы бар деп қаланың солтүстік-шығысында орналасқан «Актөбе Сити» ауданы анықталды. Бірінші кезекте массивті игеру алаңы 250-280 га., онда 60-70 мың адамды қоңыстандыруға болады. Болашақта 500 га. қосымша игеру және 240 мың адамға дейін қоңыстандыру жоспарлануда,

Нақты жоспарлау жобасының құрамында барлық инженерлік желілер құрылысы қарастырылған. Аталған массивте тұрғын үй бағдарламасы мен әкімшілік блок (қалалық әкімшілік және т.с.с.) объектілерін, мәдени-тұрмыстық маңызы бар бір қатар (театрлар, АХАЖ, көрме кешендері және т.с.с.) объектілерді орналастыру жобалануда.

Шағын ауданда көп қабатты тұрғын үйлерді салу жобаланды. Қазірдің өзінде 9 қабатты тұрғын үйдің 28 блок –секциясының осьтерін бөлу жұмыстары орындалды.

Электронды Үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік базалық деректерді «Мекен-жай регистрі» Ақпараттық жүйесіне» енгізу бойынша және базалық деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР 2011-2013 жылдардағы аумақтарын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеу үшін бастапқы деректерге жинақтау жүргізілді.


2012 жылға арналған міндеттер:

- 3 шағын қалалар мен 9 ауылдық елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу;

- Ақтөбе қаласының бас жоспарын түзетуді әзірлеуді аяқтау;

- облыс бойынша «Мекен-жай регистрі» ақпараттық жүйесінің деректер базасын толықтыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Көлік инфрақұрылымының дамуы
Ақтөбе облысының аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары 6090,7 шақырымды құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 1864 шақырым, облыстық – 1098,5 шақырым және аудандық – 3128,2 шақырым. Жалпы ұзындығы 4226,7 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 150 көпір және 1855 су өткізгіш құбыр бар.

2011 жылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 14 690,2 млн.теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарының 105 км қайта салынды, 109 км орташа жөнделді.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын іске асыру шеңберінде «Самара- Шымкент» автомобиль жолының 215 км ұзындығымен «Қарабұтақ-Ырғыз» бөлігі пайдалануға берілді. «Орал-Ақтөбе» бөлігі ұзындығы 55 км қайта салынды, жұмыстарды аяқтау 2013 жылға жоспарлануда. «Самара-Шымкент» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 109 км «Ақтөбе-Қарабұтақ» бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 3702,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 632,7 млн.теңге және жергілікті бюджеттен – 3069,8 млн.теңге.

Бөлінген қаржыға 126 шақырым автомобиль жолы, оның ішінде күрделі жөндеу – 49,8 км; орташа жөндеу – 20 км; ағымдағы жөндеу – 56,2 км және 2 көпір жөнделді.

«Покровка-Темір-Кеңкияқ», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты станциясы», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Әйтекеби ауданының «Құмқұдық-Жабасақ» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 47 %-ға немесе 1986 шақырымды құрады (2010 ж. - 44%).



Жолаушылар көлігі

2011 жылы «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» және «Жем-Шалқар-Жем» әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялауға облыстық бюджеттен 284,7 млн. теңге бөлінді. Есептік кезеңде 228,4 жолаушы тасымалданды.

2010-2011 жылдары Ырғыз ауданының Ырғыз ауылындағы әуежай қайта құрылып, 86,9 млн. теңге игерілді. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Ақтөбе-Ырғыз-Ақтөбе» әуе рейсі ашылып, тасымалды «Аэро» әуе компаниясы жүзеге асыруда. Осы маршрут бойына әуе тасымалын субсидиялауға 2011 жылы жергілікті бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді.

2012 жылға арналған міндеттер:

- 1 805,1 млн.теңге қаражатты игеру, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 205,1 млн.теңге және жергілікті бюджеттен – 600,0 млн.теңге;

- бөлінген қаражат есебінен «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автожолының 7 км. қайта құру, 34 км автожолды және 3 көпірді жөндеу, оның ішінде, «Покровка-Темір-Кеңкияқ», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты станциясы», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолдарын күрделі жөндеу.
Байланыс және телефондандыру

2011 жылы «Қазтелеком» АҚ облыстық филиалымен мынадай жұмыстар орындалды:

- Құрашасай селосындағы ТК желісін жаңғырту;

- Ішкіаймақтық желіні жаңғырту - Ақтөбе-Мәртөк учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысы, Ембі-Жаңажол учаскесінде ТОБЖ құрылысы, Ақтөбе қаласы аймағында Құрашасай бағытында;

- Ақтөбе қаласы маңындағы Жаңақоныс а. мен Ақжар-2 а. мультисервистік қатынау желісі мен таратушы желінің құрылысы;

- Жерсеріктік жабдық базасында Ойыл ауданының Ойыл-Сарбие учаскесінде стансааралық байланысты жаңғырту;

- ТОБЖ базасында, Шалқар-Біршоғыр учаскесінде көліктік ортаны жаңғырту;

- Ақтөбе қаласы маңындағы Красносельское а. ДТ торабын ұйымдастыру;

Ақтөбе-Мәртөк, Ембі-Жаңажол учаскелерінде DWDM технологиясы базасында 2 Гбит/с дейінгі деректерді тарату желісінің өткізу қабілеттілігін кеңейтілді.

4 ауылдық елді мекенде (АЕМ) ID-TV қызметі енгізілді.

Темір ауданының Темір қ., Шұбарши а. және Мұғалжар ауданының Жем қ. деректерді тарату (ДТ) тораптарын пайдалануға енгізілді.

17 нысанда CDMA-450 сымсыз қатынау желісі орнатылды.

КЖҚ абоненттерінің порттық сыйымдылығын 17 мың портқа кеңейту жүргізілді, 23 CDMA-450 базалық стансасында EVDO технологиясы бойынша сымсыз КЖҚ енгізілді.
2012 жылға арналған міндеттер:

- Ақтөбе қ. 8328 тұтынушыны КЖҚ-ға қосу үшін FTTH абоненттік қатынаудың оптикалық желісінің құрылысы;

- Ақтөбе қ. құрылысы жүріп жатқан "Ақтөбе Сити" тұрғын үй кешенінің ТК желісі көліктік ортасының құрылысы;

- Ақтөбе қ. - Бадамша а. бағытындағы ТОБЖ құрылысы;

- DWDM жабдығы базасында Ақтөбе - Қызылжар, Ақтөбе - Қарабұтақ, Ақтөбе - Комсомол, Ақтөбе - Қарауылкелді, Ақтөбе - Қобда, Ақтөбе - Бадамша учаскелерінде көліктік желіні жаңғырту;

- 6 ауылдық елді мекенге ДТ тораптарын ұйымдастыру;

- 6 ауылдық елді мекенді сымсыз қатынау құралдарымен телефондандыру.
Денсаулық сақтау

Денсаулық саласында басымдықтарды және 2011 жылға қойылған міндеттерді орындау үшін қаржыландыру 25,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде тұрғындарға кепілді мемлекеттік тегін медициналық көмек көрсету - 19,0 млрд.теңгеден асты.

Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласына 16 медициналық пункт пен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қарғалы елді мекенінде қалалық аурухананың 80 керуеттік перзентхана бөлімшесінің және ауысымына 500 қабылдау жасай алатын қалалық емхана құрылысы аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау саласындағы үлкен объектілердің бірі 300 төсектік көп салалы клиникалық аурухана құрылысының 1- кезеңі аяқталды.

Медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді.

Жаңа заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған шұғыл көмек көрсетуге арналған 8 реанимобил, 1 жылжымалы қан дайындау бекеті, жылжымалы флюрографиялық және мобильді кешендер алынды. Бұл кешендер облыстың алыс-шалғай елді-мекендеріндегі тұрғындарға облыс орталығының тәжірибелі дәрігерлері мен медициналық университетінің ғалым-дәрігерлерінің көмек беру мүмкіндігін арттырады, 50 ауылдық елді мекенге шығу жүзеге асырылды.

Жыл қорытындысы бойынша оң демографиялық трендке қол жеткізілді: туудың ұлғаюы, нәресте және ана өлімінің төмендеуі, өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұлғайды.

Өткен жылы барлығы - 17612 нәресте дүниеге келді (2010 ж – 17373). Тұрғындардың облыстық жалпы өлім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен (1000 тұрғынға шаққанда 8,82 қарағанда 7,47). Тұрғындардың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 15,39 дейін өсті (2010 ж. – 14,66). Орташа өмір сүру ұзақтығы 2010 жылғы 69,3 жасқа қарағанда 2011 ж – 69,7 жасқа дейін ұлғайды (ҚР – 68,41).

Әлеуметтік маңызды аурулар түрлері бойынша да оң серпінге қол жеткізілді. Қан айналым жүйесі ауруларынан өлу 25 %-ға – 100 мыңға шаққанда 2010 жылғы 322,8 қарағанда 2011 жылы 246,7 (ҚР – 316,0) төмендеді. Қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болу 23% - 2010 жылғы 98,3 қарағанда 84,3 (ҚР – 99,9) төмендеді. Есепті жыл қорытындысы бойынша 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауру 2010 жылғы 79,3 қарағанда 76,4 (ҚР – 86,8), туберкулезден өлу 2010 жылғы 8,8 қарағанда 7,0 құрады (ҚР – 8,1).

Облыста ауруларды алғашқы кезеңде табу үшін ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Амбулаториялық-емханалық мамандар есеп беру жылында 203 мыңнан астам баланы қарады.

125 мың ересек жүрек қан тамыр аурулары жүйесінің ауруларына, ал 45 мыңнан астам әйелдер қатерлі ісік ауруларының алдын алу табуға, 543 мың адам туберкулезге қаралды.

13 денсаулық нығайту орталығы, 4 темекіге қарсы күрес кабинеті, 2 жастар денсаулық орталығы, 169 денсаулық мектептері ашылды (артериялдық гипертонияның , қант диабетінің, демікпенің алдын-алу және отбасын жоспарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыру) .

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуметтік психологиялық көмек қызметі ұйымдастырылды – психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер лауазымдары енгізілді.

Өзіміздегі кардиоорталықта да жас балалардың жүрегіне ота жасалуда. Өткен жылы жүрегінің туа біткен ақауы бар 43 балаға ота жасалды.

2011 жылы салынған облыстық балалар ауруханасы ғимаратында Батыс Қазақстан аймағының әртүрлі ақауы бар жаңа туған балаларына жоғарғы мамандандырылған көмек көрсету үшін Өңірлік хирургия орталығы ұйымдастырылды. Облыстың денсаулық сақтау саласында алғашқы рет бүйрегі ауыратын балаларға қазіргі заманғы әдістер қолданылып, ағзасына детоксикация жүргізілді. Медициналық қызметкерлердің алдында тұрған міндет – денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамның барлық күштерін шоғырландыру, негізгі акцент аурудың алдын алу және бастапқы кезеңде анықтау болуы қажет.


Медициналық қызметтің сапасы туралы

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Департаментімен 2011жылы денсаулық сақтау субъектілерінде 159 (195-2010ж) тексерістер жүргізілді.

Жоспарлы тексерістердің қорытындысы негізінде 13 әкімшілік шара қабылданды, сондай-ақ экономикалық шара қолдану үшін Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облыстық департаментіне тексеру актілері жіберілді.

2011жылы қаралуға тиісті 67 өтініштің барлығы уақытылы қаралды.

Жалпы, тексеру нәтижесінде қаралған өтініштердің 20-сы расталды, 17-і жартылай расталды, 30-ы расталған жоқ.

Тұрғындардан түскен өтініштердің негізгі бөлігі медициналық қызметтің сапасының нашарлығына шағымданған. Барлық өтініштерді тексеріс нәтижесінде 2011 жылы 18 жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, басқа жағдайларда тәртіптік және басқа да әсер ету шаралары қолданылды.

39 жоспардан тыс тексерістер нәтижесі бойынша, оның ішінде:

2011жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тапсырыстары негізінде 17 жағдайда жалпы сомасы 3,1 млн. теңгеге әкімшілік шаралары және экономикалық әсер ету шаралары жүргізілді;

Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша 21 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары қолданылды және бір жағдайда мерзімінің өтіп кетуіне байланысты іс қозғалмады.

Есепті жылы инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Оба, тырысқақ, күйдіргі, сібір жарасы, туляремия, іш сүзегі, қызылша, дифтерия, қызамық, сіреспе, полиомиелит, геморрагиялық қызба індеттері, сонымен қатар елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, медициналық мекемелерде қоғамдық тамақтану мен сумен жабдықтау объектілерімен байланысты топтық тамақтан улану тіркелген жоқ.

2010 жылмен салыстырғанда туберкулез аурушаңдығы 1,5%, жіті ішек инфекциясы 15,2%, соның ішінде бактериалды дизентерия 28,6%, перинатальдық кезеңдегі аурушаңдықтың 16,4 %-ға төмендегені байқалады.

Вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен 87,2 млн. теңге жұмсалды. «А» вирустық гепатитіне қарсы 71,2 млн. теңгеге 33660 мөлшер вакцина сатылып алынды және 2009 жылы туылған 15 830 бала егілді, сонымен қатар 16,1 млн. теңгеге тұмауға қарсы 25000 мөлшер вакцина сатып алынды.

Ауыз су сапасының көрсеткіштері жақсарды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы 1,5%, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 1,8%.

Кедендік одақ аясында шеттен әкелінетін және таратылатын сауда орындарындағы, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі, бөлшек сауда орындарындағы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді. Азық-түлік өнімдерінің микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалары 1,2%, санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 0,3% екендігі анықталды. Ақтөбе облысы аумағында радиациялық жағдай тұрақты.

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру тиімділігін арттыру үшін 2012 жылы төмендегі мәселелерді шешу қажет:

- Меморандум индикаторларына сәйкес өлімді төмендетуді және облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 2012 жылы сәйкесінше 7,3 және 70,0 жасқа дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

- облыс тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекетті күшейту ауқымында темекі тарту, алкоголь өнімдерін қолдану, семіздік ауруының көрсеткіштерін 1,5% төмендету;

- денсаулық сақтаудың 14 объектісін пайдалануға енгізу, оның ішінде 300 төсектік облыстық клиникалық ауруханасы және 12 шағын ауданда 500 қабылдауды жүзеге асыратын қалалық емхана және Қарғалы ауылында перзентхана;

- материалдық-техникалық базасын жаңғырту арқылы, оның ішінде лизинг негізінде, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықпен жарақтандырылу көрсеткішін 75% дейін ұлғайту;

- Кедендік одақ аясында облыс аумағына шеттен әкелінетін және таратылатын азық-түлік өнімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету.




Білім беру

Білім беру жүйесін жыл сайын тұрақты әрі өсімді қаржыландыру нәтижесінде облыста білім беруді дамытудың басты көрстекіштерінің позитивті өсуіне қол жетті.

Білім беруді қаржыландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге жоғарылап (2010 жылы - 36,1 млрд. теңге) 40,8 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы білім беруге арналған шығыстар облыстық бюджеттің 32,7 % құрады.

көрсеткіштер/жылдар

2006

2007

2008

2009


2010


2011

Қаржыландыру көлемі (млрд. тенге)

13,9

19,8

26,0


31,4

36,1

40,8


Мектептің 1 оқушысына жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

70,0

98,0

109,0


139,0

173,0

175,0


МДҰ-да 1 балаға жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

67,1

81,7

75,0

96,0

97,0

99,0


КЛ-дің 1 оқушысына жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

72,4

92,2

117,5

149,7

190,8

219,0



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет