3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.
Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
-
Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
-
Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
-
Мүлікті жалға беру арқылы;
-
Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
-
Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
-
Сотқа кеткен шығындар;
-
Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
-
Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
-
Ұрлаудан болған шығын;
-
Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).
Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Рентабельділік көрсеткіштері
Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері:
-
Өндіріс рентабельділігі:
АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны.
Кнег – негізгі қорлар құны.
-
Бұйым рентабельділігі:
-
Айналым рентабельділігі:
Vр – айналым (сату көлемі).
-
Капитал рентабельділігі:
3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді
1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет.
Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды.
Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар).
Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.
Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.
Фирма инфрақұрылымы:
-
өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;
-
өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.
Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға.
Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;
-
зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;
-
онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;
-
ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;
-
фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.
2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер)
Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets):
-
маркетингілік қызметке (Marketing);
-
зерттеулерге және дамытуға (Research and development);
-
үстеме шығындар (Overhead);
-
әкімшілік шығындар (Department overhead);
-
рентаны төлеу (Rental costs);
-
өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);
-
өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).
Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.
Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.
3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер
Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер:
-
жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;
-
таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда;
Салыстырмалы көрсеткіштер:
-
пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);
-
пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);
-
пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);
-
пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);
-
пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды.
Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады:
-
сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);
-
сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets);
-
айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);
-
материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).
Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.
Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:
-
негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы;
-
капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees).
4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады.
Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда.
Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.
Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:
Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.
Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды
Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген.
Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды.
Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..
Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды.
Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды.
Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt).
Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.
Тақырып 8. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау
Өндірістік бағдарлама. Бұл бөлімді өндіріспен тікелей шұғылданатын кәсіпкерлер жасақтайды. Басты мақсат - потенциалды серіктестерді, болашақ инвесторларды нандыру үшін кәсіпкер қандай мөлшерде, сапалы, қажетті мерзімінде қызмет көрсете алатынын көрсету керек. Өндірістік бағдарлама мына сұрауларға жауап беруі тиіс:
- қызмет көрсету жұмыс істеп тұрған кәсіпорында өндіріле ме, әлде жаңа өндірістік қуат жасақтау керек пе? Өндіріске қандай құрал жабдықтар керек? (негізгі машина, т.б. құралдардың станоктардың тізімі, саны және оның қысқаша сипаттамасы);
- керекті құрал-жабдықтарды қайдан алады? Жабдықтаушылармен алдын-ала келісім шарт бар ма?
- қызмет көрсетуге кооперациялану керек пе? Әлде қызмет көрсетудің барлық операциясын өзі жасай ма?
- егер кооперациялану керек болатын болса, ол жағдайда кіммен бірігу жөнінде келісім бар? Оның қоятын шарты келісуге тұрарлық па?
- шикізат, материалдар, іріктеп жинақталатын құралдар қайдан алынады? Оған жабдықтаушылармен келісім бар ма? Бағасы қандай?
- қызмет көрсету сапасын бағалау қалай ұйымдастырылады? Бақылау құрал-жабдыктары бар ма? Оны игерген мамандар бар ма?
Шығатын жалпы шығын қандай болуы мүмкін? Қызмет көрсетудің бір бірлігіне шығын қанша болады? Олардың болашаққа динамикасын келтіру.
Өндірістік бағдарлама. маңызды элементі технологаялық схема - онда қайдан, қалай шикізат, құрал-жабдықтар қай жерге, қандай ретпен жеткізетінін көрсету, ол қалай өңделеді, әзір өнім - тауар қайда түседі т.б. Технологиялық схема жасағанда оның рационалдығын, еңбек ақылығынын, уақытты, материалдардың шығынын қалай қысқартатындығын көрсету, сонымен бірге өндіріс барысында қызмет көрсету түрлерін өзгерту мүмкіндігін ойластыру керек.
Тақырып 9. Өндірістік қуаттың дамуын басқару.
Көлік кәсіпорнының қуатын оңтайландырудың екі тәсілі бар: басқару және техникалық-экономикалық.. Біріншісі көбінесе көліктің ірі территориялық құрылымына қолданылады (темір жолдар бөлімшелері, кеме қатынасы және т.б.), белгілі участокте қолайлы режиммен тасымалдауды оперативті басқару құралдарының мүмкіндігіне байланысты. Екіншісі жеке алынған сызықтық кәсіпорынға бейімделген және дәстүрлі техникалық-экономикалық есептеулер негізінде кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін оңтайландырудан тұрады. Өндірістік қуаттың көрсеткіштері натуралды және құндық көрсеткіштер болуы мүмкін: Натуралдық – жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемі, қозғалмалы составтың саны және жүк көтергіштігі, көлік двигателдерінің жалпы қуаты, негізгі өндірістік қызмет ауданы (территория) немесе көлік көздерінің созылуы, запас бөлшектер мен материалдарды тұтыну көлемі;
Құндық – белгілі уақыт ішіндегі құн түріндегі өндірістік қызмет нәтижелері (табыстар, шығындар, пайда), негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны.
Көлік қызметінің нәтижелері тікелей қандай да бір көрсеткішпен өлшенуі және көрсетілуі мүмкін емес. Натуралды көрсеткіштер жүйесі өндірістік мүмкіндіктерді толық сипаттайды. Негізгі өндірістік қорлардың құны, әсіресе олардың актив бөлігінің құны кәсіпорынның техникалық деңгейін және оның өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Көлік кәсіпорындары қуатты сипаттау және өлшеу үшін мынадай көрсеткіштерді жиі қолданады: келтірілген тонна-километр,жүкті жіберу көлемі, жолаушыларды жіберу көлемі, тиеу түсіру жұмыстарының көлемі, пайдаланылатын линия ұзындығы.
Көліктің барлық түрлерінде ең көкейкесті міндеті кәсіпорын көлемін және олардың дамуын басқаруды оңтайландыру. Көлік кәсіпорындарының көлемін оңтайландырудың басты мақсаты еңбектік және материалдық ресурстарды үнемдеу, пайдалану қызметінің сапасын жақсарту, қозғалмалы составтыңтоқтауын әне соның салдарынан болатын экономикалық зиянды азайту.
Экономикалық-математикалық әдістер негізінде қолайлы кәсіпорын көлемін табу механизмі мен техникасы әр түрлі. Сызықтық емес программалау тәсілдері қолданылады..Көлік кәсіпорнының өндірістік қуатын олардың тасымалдау қабілеті сипаттайды. Тасымалдау қабілеті көліктің өту (пропускной), тасу (провозной), және қайта өңдеу қабілетімен анықталады.
Өту қабілеті тұрақты құрылғыларды, қозғалысты ұйымдастыруды және жұмыс технолнгиясын ең жақсы пайдаланғанда, қарастырылатын объект арқылы тәулік ішінде немесе тәулік бөлігінде өтуі мүмкін поезд, кеме, авто машиналар және басқа көліктің максималды саны. Тасу қабілеті қозғалмалы составтың, энергияның (отынның) және қызмет көрсетуші персоналдың болуына байланысты, кәсіпорынның осы көлікпен тасуы мүмкін қозғалмалы составтың ең үлкен саны немесе жүк тоннасы (жолаушы).
Қайта өңдеу қабілеті жүк өткен кезде өз формасын өзгертетін сорттайтын қоймалардың, айлақ объектілерінің өндірістік қуатымен сипатталады. Қайта өңдеу қабілеті өңделген жүк тоннасының санымен немесе есепті кезең ішіндегі (сағат, ауысым, тәулік)қозғалмалы состав санымен өлшенеді.
-
Тақырып 10 . Көлік логистикасы
Логистика – тасымалдауды, қоймалауды және де басқа материалдық , материалдық емес шикізаттар мен материалдарды және жартылай фабрикаттарды өңдеуге, дайын өнімдерді тұтынушыларға, олардың тілектерін және талаптарын ескере отырып жеткізуге, тиісті ақпаратты беруге, сақтауға және өңдеуге қатысты операцияларды жоспарлау, бақылау және басқару жөніндегі ғылым.
Логистика мақсаты - өнімді дәл мерзімінде жабдықтауға, сақтауға, өндіруге, қаптауға, өткізуге және көлікке аз шығынданып, жеткізу.
Көліктік логистика міндеттері: көліктік жүйелерді құру, көліктік процестерді бірігіп жоспарлау, көліктік-қоймалық процестің бірлігін қамтамасыз ету, көліктік-қоймалық және өндірістік процестерді бірігіп жоспарлау, көліктік құрал түрін таңдау, көліктік құрал типін таңдау, жеткізудің тиімді маршрутын анықтау.Көлік түрлері жалпы пайдаланудағы: темір жол, автокөлік, әуе және жалпы пайдаланбаудағы: теңіз, ішкі су, құбыр болып бөлінеді.
Темір жол көлігінің артықшылықтары:
- жоғары дәрежеде өткізу және тасымалдау мүмкіншілігі;
- ауа райы мен уақыт жағдайына тәуелсіздігі;
- тасымалдаудың жоғары тұрақтылығы;
- басқаларға қарағанда төмен тарифтер
- транзиттік тасымалдауларға қарағанда жеңілдіктер
- үлкен қашықтыққа жоғары жылдамдықпен жеткізу.
Темір жол көлігінің артықшылықтары:
- тасымалдаушылардың шектелген саны
- көп қаржы сыйымдылығы
- көп материалдар қуат сыйымдылығы
- тұтынудың соңғы нүктелеріне жеткізудің төмендігі
- жүктердің жоғары дәрежеде сақталмауы.
-
Практикалық сабақтар мазмұны
Тақырып 1. Көлік кәсіпорны - материалдық өндірістің маңызды саласы
Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (1 сағат)
Сабақ мақсаты: студенттерге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның міндеттері, оның ішкі және сыртқы орта элементтері, ұйымдастырушылық-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық формалары жайлы түсінік беру.
Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 7 сұрақтан тұрады)
-
Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?
-
Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?
-
Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?
-
Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.
-
Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары
-
Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.
-
Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.
Әдебиет
-
ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
-
Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.
-
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 75-111 б
-
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.
-
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б
-
Тақырып 2. Қазақстанның көлік кешені
Семинар сұрақтары:
Қазақстанның көлік кешенінің жағдайын бағалау. Көліктің жекелеген түрлерін дамыту жағдайы және келешегі. Қазақстан Республикасының көлік саясаты.
Тақырып 3. Көлік кәсіпорындарының негізгі және айналым қорлары
Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.
Студенттерді айналым капиталы ұғымымен, айналым қорлардың құрамымен, зу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.
Есептер
1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде — 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.
1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз:
Бастапқы құны — 10 млн. теңге.
Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.
Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.
Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.
1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:
Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.
Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.
Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.
Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.
Өнімділігі — 30 мың дана жылына.
Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.
Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.
1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.
1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.
1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).
Әдебиет
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.
-
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 150-167 б
-
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 146-165 б.
-
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 12-24 б
-
«Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б
ЕСЕПТЕР
2.1. Ағымдағы және сақтық қорды табу
Жеткізу датасы
|
Жеткізу құны (млн. теңге)
|
Жеткізу датасы
|
Жеткізу құны (млн. теңге)
|
15.01
|
100
|
01.05
|
100
|
20.02
|
200
|
02.08
|
250
|
01.03
|
150
|
10.10
|
200
|
20.03
|
210
|
01.12
|
150
|
Достарыңызбен бөлісу: |