Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



бет1/9
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#11356
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысы

     

      «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 728 қаулысымен
бекітілген     

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы



1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Іске асыру мерзімдері

2015 – 2019 жылдар

Нысаналы
индикаторлар

Индикатор атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1. Агломерациялар халқының саны, мың адам

Барлығы

5 894,6

5 999,1

6 106,2

6 215,8

6 328,2

Астана

964,2

992,6

1 021,9

1 052,1

1 083,2

Алматы

2 763,9

2 820,8

2 879,3

2 939,2

3 000,8

Шымкент

1 567,8

1 581,1

1 594,4

1 607,9

1 621,5

Ақтөбе

598,7

604,6

610,6

616,6

622,7

2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарлама шеңберінде), мың теңге

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

20,7

22,7

25,2

30,2

30,9

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

32,4

37,1

36,9

43,0

45,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моно-қалалар)

21,9

23,4

30,3

31,6

33,0

тірек ауылдық елді мекендерді (бұдан-әрі – АЕМ) және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

24,0

24,2

27,2

30,2

31,2

3. Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, %

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

Астана

19,94

20,0

21,05

22,0

22,5

Алматы

0,33

0,45

0,5

0,6

0,7

Шымкент

11,8

12,2

12,9

13,1

14

Ақтөбе

10,1

11

11,9

12,4

13,2

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), %

7,8

8,4

9,05

9,9

10,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар), %

5,5

6,1

6,9

7,3

7,9

ауылдық аумақтар, оның ішінде шекара маңындағы аумақтар, %

4,9

5,2

6

6,7

7,15

4. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қолжетімділік, % оның ішінде:

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), оның ішінде:

сумен жабдықтау

81

85

87

91

94

қалалар

85

88

92

96

100

АЕМ

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

52

57

64

70

77

қалалар

77

82

87

94

100

АЕМ

12

13

15

18

20

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары

сумен жабдықтау

90

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

сумен жабдықтау

87

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

тірек АЕМ және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

сумен жабдықтау

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

12

13

15

18

20

Қаржыландыру   Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және
көздері мен    жергілікті бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан
көлемдері      Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
               көздер есебінен және олардың шегінде жүзеге асырылатын
               болады.
               Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:
                                                      млн.теңге





2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

РБ*

367 234

345 469

418 771

494 268

489 014

ЖБ*

17 219

17 552

18 383

19 006

19 806

Бюджеттен тыс қаражаттар

199 561

201 839

64 883

68 717

59 599

Барлық қаражат

584 014

564 860

502 037

581 991

568 419

*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануына қарай нақтыланады.

2. Кіріспе

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.


      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясаттың «доктринасы» болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарға сай жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сарапшылар қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.
      Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған өңірлік саясаттың екі тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың 2004 – 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сонымен қатар, көптеген бағдарламалық құжаттар, оның ішінде әлеуметтік блоктың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалар, жұмыспен қамту және басқа да бағдарламалар қабылданды (және қазіргі уақытта қолданыста). Олардың барлығы да реттелетін салалардағы өңірлік дамудың жекелеген аспектілерін белгілі бір шамада қозғайды.
      Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттар шектеулі ведомстволық тәсілді көздей отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдықтарына әлсіз тоғыстырылғанын мойындаған жөн. Сондай-ақ, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сыни тұрғыдан талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстардың іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігін, көбінесе бір-бірін қайталайтынын анықтады.
      Осындай жағдайларда жоғарыда аталған барлық бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің – өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды.
      Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде перспективалық экономикалық өсу орталықтарын басым дамытудың тиімді теңгеріміне және экономикалық әлеуеті төмен өңірлерді (елді мекендер жүйелерінің әртүрлі типтерін) өмір сүру сапасы стандартының ең төменгі жеткілікті деңгейінде ұстап тұруға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте осындай бірыңғай Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ тұтастай ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты және түсінікті құралдарын қамтитын болады.
      Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020».
      Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтауды, су бұруды дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды.
      Бұл ретте Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, әсіресе «Су ресурстарын басқару», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020» сияқты бағдарламаларда белгіленген негізгі салалық басымдықтармен тікелей байланысты.
      Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.
      Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлерді дамыту жөніндегі уәкілетті орган арқылы орталықтандырылған түрде қарау қажет.
      Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы салалық және бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлерді дамыту жөніндегі уәкілетті органның келісімімен, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысында іске асырылатын болады.
      Осы құжаттармен бір кешенде Бағдарлама 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.
      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:
      1) агломерация – өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық-қалалардың айналасында жақын орналасқан елді мекендердің урбанизациялық топталуы.
      Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
      орталық-қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейтіндіктен, оның Қазақстан жағдайында маңызы зор;
      өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;
      ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;
      экономикалық әлеует, яғни орталық-қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);
      2) моноқала – бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (монобейінді), қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын кәсіпорындарда шоғырланған қала.
      Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар мына критерийлердің бірімен сипатталатын:
      Қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 %-нан астамын құрайтын (мономамандану);
      қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 %-дан астамы жұмыс істейтін;
      қала құраушы кәсіпорындары ішінара істейтін немесе қызметін тоқтатқан қалалар кіреді.
      Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болады;
      3) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;
      4) тірек ауылдық елді мекен – абаттандырылған елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады;
      5) шекара маңындағы аумақтар – Мемлекеттік шекарадан 50 километрге дейінгі арақашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары;
      6) экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «ауқым әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).
      Осы Бағдарламада экономикалық даму орталықтарының қатарына:
      ел ауқымында – «бірінші деңгейдегі» қалалар (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары);
      өңір ауқымында – «үшінші деңгейдегі» қалалар (перспективалы шағын және моноқалалар), аудан орталықтары, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ), оның ішінде тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар енгізілген;
      7) «бірінші деңгейдегі» қалалар – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар;
      8) «екінші деңгейдегі» қалалар – дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын облыс орталықтары, сондай-ақ Семей және Түркістан қалалары;
      9) «үшінші деңгейдегі» қалалар – экономикалық даму және халық санының өсу перспективалары бар шағын және моноқалалар;
      10) депрессивті өңір – өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, телефон байланысы, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау) салдарынан жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік;
      11) уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      12) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру үшін жауапты облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      13) өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
      14) «зәкірлік» инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және шағын немесе моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 50 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген орташа инвестициялық жоба.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет