«
20 сұрақ – иә-жоқ деген жауап»
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ
қойылып жатқан адам «иә» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы
бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған
бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигура екенін табуы керек.
«Жұмбақ зат»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін
арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді.
Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды.
Оқушылар шешімін
табуы қажет.
«
Жұмбақ сөздер»
Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны
таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.
«
Жұппен жұмыс»
Бұл жұмыс түрінің мақсаты –
балаларды басқа адамды естуге,
тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен
санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі
таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен
қарым-қатынасқа жасауға
үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: