Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет4/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«Алдын-ала берілген атаулар» 
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау 
(терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, 
мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. 
Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша 
яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім 
бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген 
атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға 
болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл
терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және 
сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара 
қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.
«
Алма, шие, өрік, банан» 
 
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады.
Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: 
«Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің 
атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, 
өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру 
қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы 
жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. 
 
«Алфавит» 
 
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл 
көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес 
тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, 
қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.» 
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын 
дамытуда көмекке келеді. 



 
«Ара ұясы» техникасы 
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды 
және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп 
сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. 
Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері 
қорытындыланылады, өңделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет