Ақша-Қожай – мекен аты. Қос этноним: Ақша және Қожай этникалық топтарының
аты.
Алдабергенсай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен аты. Бұл араб
және қазақ тіліндегі сөздерден бірігіп жасалған атау. Алда – арабтың Аллах – құдай деген
сөзі де, берген – қазақ тіліндегі сөз. Ал соңғы сай сөзі – географиялық термин. Сөйтіп,
Алдабергенсай – гидронимі Құдайберген атауымен синонимдес, мағыналас болып келеді.
Арғанаты – тау, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Атаудың шығу төркінін талдаған
ғалымдар халық этимологиясындағы: 1) «арғын ата»; 2) «арыған ат» сияқты болжамдарды
көрсетеді де, ғылыми этимология бойынша: «монғол тілі негізіндегі арга // аргалын
тұлғасына түркі тілінің ты (ту<ту<тау) морфемасының қосылуы нәтижесінде жасалған
«арқартау» мағынасындағы атау» ретінде пайымдайды (Қойшыбаев, 1985, 50). Бұл пікір
бұдан он жыл бұрын айтылған А.Әбдірахмановтың ой толғамын қайталау сияқты. Онда:
«Атаудың түбірі «арғана» көне алтай заманында «арқар», «тау ешкі» ұғымын білдіріп,
кейін монғол тілінде «арғал», ал түркі тілдеріне «арқар» түріне көшсе керек. Ал –ты
жұрнағы – осы заттың бар екендігін білдіретін, Алматы, Бұғыты, Ырғайты тәрізді
атауларда сақталған туынды сын есім жасайтын көне жұрнақ», – деген еді (Әбдірахманов,
1975, 64). Тау аты арқар сөзімен байланысты да болуы мүмкін. Бірақта тау атының, оның
табиғи құбылысына, көрік-кескініне де байланысты аталуы жиі кездесетін жайт екенін
ескеру қажет сияқты. Мәселен, Алатау, Қаратау. Атаудың «арған» сыңарының түп төркіні
– «арқа». Оның тура мағынасы – «ту сырт, арқа» болса, географиялық термин ретінде
түркі тілдерінде: арга, арқа, аркан тұлғаларында келіп, бірнеше мағнаны білдіретінін
көреміз. Мысалы: тува, хакас тілд-де: арга – «тау орманы», «тайга», «көлбей созылған қыр,
қырат, жота», алт. арка – «тау етегі», «орманның терістік жағы», ноғай, құмықша арка –
«қорған», «шың», «таудың ұшар басы», «тау тізбегі», «таулар», башқ. арка – «тау жалы»,
«биіктік», эвен. аркан – «арқа», «иін».
Бұл дәлелдерге сүйенгенімізде, «Арғанаты» атауының бірінші сыңарындағы арған
(аркан. арқа) сөзін «тау қыраттары, сілемі, тізбегі» деген мағыналы сөз деп білеміз, ал
екінші құрамындағы ат тұлғасын көне түркі – алтай дәуіріне тән көптік жалғау көрсеткіші
деудің реті бар. Ол жалғауды Арқат, Дарат, Нурат және Дулат, Керейіт тәрізді жер-су, ру
аттары құрамынан көреміз. Ал атау соңындағы ы – кейінгі кезеңдерде қосылған қосымша.
Демек, «Арғанаты» атауы «бір-бірімен жалғасқан тау тізбектері, қырат-жоталар, тау
сілемдері» деген мағынаға жуық.
Арғынбай – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Арғынбай аталатын өзен бар.
Атаудың кісі есімінен қойылғанын Арғынбай сөзіндегі бай қосымшасы білдіріп тұр. Ал,
Арғын – Орта Жүздің белгілі ру аты.
45
Ащыкөл – көл. Ол Қоскөл поселкесінің оңтүстік-шығысында жатыр. Көл ағынсыз,
тау аралығындағы ойыста жатыр. Ащыкөл – аудандағы ең ірі көл. Оның көлемі 16 шаршы
км., ұзындығы 6,2 км. Атау «суы ішуге жарамсыз ащы көл» деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |