Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш аймағының экономикалық-экологиялық проблемасы / Э. Өмірсерікқызы // Экологическое образование в Казахстане. – 2006. №3. – 16-18 б



Дата09.06.2016
өлшемі54.44 Kb.
#124071
Өмірсерікқызы, Э.

Іле-Балқаш аймағының экономикалық-экологиялық проблемасы / Э. Өмірсерікқызы // Экологическое образование в Казахстане. – 2006. - №3. – 16-18 б.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда. Оның мәні - экономика, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекеттестігінің бірқатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары жасалған және біз нақты экологиялық мәселелерді шешуге бел шеше кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады. Солардың ішінде бізді аса толғандыратын, көлемі жағынан және шаруашылықтағы маңызы жағынан үшінші орында тұрған ағынсыз су қоймасы — Балқаш көлі.


Іле-Балқаш су алабының Кытай және

Қырғызстан территориясынан келетін су

Көлемінің мәселелері.

Іле-Балқаш алабы Қазақстанның оңтүстік-шығысында және Қытайдың солтүстік-батысында аумақты территорияны алып жатыр. Оның ауданы 413 мың шаршы шақырым алады, алаптың бүкіл территориясының 85%-ын алып жатқан 353 мың шаршы километрі Қазақстанға кіреді. Аймақтың басты су артериясы болып саналатын Іле өзені Балқаш көліне шамамен 75% суын құяды.

Іле өзенінің жалпы ұзындығы - 1439 км, ал оның Қазақстан территориясындағы ұзындығы — 815 км.

Ілe өзені алабының негізгі ағынын түзетін бөлігі Қытайда орналасқан. Қазақстан территориясында оған ондаған тау өзендері қосылады, атап айтқанда, Хоргос, Шарын, Шелек, Түрген, Талғар, Қаскелең. Балқаш көлінің шығыс бөлігіне бірқатар дербес өзендер құяды: Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас. Көлемі бойынша Іле-Балқаш алабында екінші орынды алатын Алакөл көлі Тентек, Еміл, Үржар, Мақаншы өзендерінің ағындарымен, сонымен қоса, тез құрғап кететін кіші су ағындарымен қоректенеді.

Іле-Балқаш аймағының тіршілігінің өту негіздері су ресурстары болып табылады.

Жер беті және жер асты суларының қолайлы климат жағдайларымен үйлесуі аймақта өндіруші күштердің дамуына ықпал етуде.

Алапты шаруашылық жағынан игеру жасанды суқоймаларының пайда болуына алып келді: Іле өзенінде - Қапшағай суқоймасы, Шелек өзенінде Үлкен Алматы каналы салынған Бартоғай суқоймасы және Күрті өзенінде — Күрті суқоймасы.

Сонымен қатар, Ақдала және Шеңгелді массивтеріне күріш суару жүйелері жасалынды, ирригациялық және қалдық шығарушы каналдар ретінде жасанды гидрографиялық торап пайда болды.

Іле-Балқаш аймағындағы суарылмалы жер шаруашылығының үлесіне тұтынылатын барлық судың 82%-ы келеді. Суару жүйелерінің КПД-сы 40-50%-дан аспайды, ал негізгі мелиоративті қорлардың тозығы жетуі 40%-дан асып түседі. Су шаруашылығы қызметін қарқынды түрде пайдаланудың барысында Балқаш көлінің табиғи гидрологиялық тәртібі бұзылды. Егер Қапшағай СЭС-ның салынуына дейін келген деңгейі 341 мен 342 м белгі аралығында тұрса, онда 1984 жылдан 1989 жылдар кезеңінде бұл деңгей төмендеп кетті және 1987 жылы абсолютті минимум 340,65 м болтаны байқалды. Осыған сәйкес көл беткейінің ауданы кішірейіп, Балқаш қаласы ауданында судың тұздылығы жоғарылады. Соңғы жылдары Балқаш көліндегі су деңгейі тұрақтанса да, су сапасы алаңдаушылық туғызып отыр. Балқаш көлінің шығыс бөлігінде сульфат, нитрит, органикалық қосылыстар, пестицидтер және ауыр металдардың құрамы жоғарылағанын байқаймыз.

Ластаушы көздерге негізінен өндіріс орындары, әсіресе, Балқаш тау-металлургиялық комбинаты, онымен қатар колекторлы-дренажды және Алматы қаласы мен басқа да қала, ауылдардың тұрмыстық ағын сулары жатады.

Су ресурстарына спецификалық әсер ететін тамақ өнеркәсіп орындары — қант зауыттары, құс фабрикалары, фермалар және т.б. Олардың ағын көлемі айтарлықтай емес, алайда олар органикалық қосылыстарға өте бай. Іле өзеніндегі ластанулар Қытай территориясынан да келеді.

Су қайнар көздерінің санитарлық күйінің төмендеуі, су сапасының нашарлауы, күріш егу, жат түрлердің инпродукциясы, бәрі-бәрі балық қорларының едәуір азаюына әкеп соқты. 60-жылдары жылына 30 мың тоннаға дейін балық ауланатын, тіпті соның 70%-ын бағалы балықтар құрайтын. 90-жылдардың соңында ауланым жылына 6,6 мың тоннаға дейін төмендеді, яғни 4,5 есеге азайып кетті. Бағалы түрлі балықтар саны жүздеген есе қысқарды.

Жер беті суларының ластануы бірқатар жергілікті жерде және бұрынғы шаруашылық бөлімшелерде ауыз су тапшылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Су және жылу энергетикасына арналған күшті ресурсты потенциялы бола тұра, Іле-Балқаш аймағы өз-өзін электр энергиясымен қамтамасыз ете алмайды. Сонғы жылдары Іле-Балқаш алабында Күрті және Балқаш шаруашылықтарына арналған мал шаруашлығының азық-түлік базасы ретінде қызмет ететін және жабайы жануарлар үшін тіршілік ету орындарына айналған - қамыс шоқтарының көлемі азайып кетті. Бүгінде түрлі омыртқалылар Қызыл кітапқа енгізілген. Мұнда құстардың 120 түрі ұя салған, оның ішіндегі 12 түрі Қызыл кітапқа енді. Іле өзені дельтасында тіршілік ететін бірқазандар үйірі біздің елімізде ең соңғылардың біріне айналып отыр.

Республика бойынша Іле-Балқаш аймағында елді мекенділердің табысы өте төмен, ал жұмыссыздық деңгейі жоғары күйде қалып отыр.

Болжамға сәйкес, суарылатын жер көлемін жоспарлы түрде кеңейтуге байланысты Қытайдағы су тапшылығы, жылдан-жылға арта бермек. Маман­дардың есебі бойынша, Іле өзенінен оның жалпы көлемінен 10-15 % суды қосымша іркіп алу Балқаштың тұздануына, сарқылуына және күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелері көп Арал тәрізді экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда өзіміздің жеке су ресурстарымыз­ды үнемді, рационалды пайдалану үшін жедел зерттеулер жүргізу қажет. 80-жылдардың соңында жасалған. Іле-Балқаш алабының су ресурстарын кешенді пайдалану сызбасын ҚХР (Қытай Халық Республикасы) мүмкін болатын жоспарларына сай жаңарту қажет. Сонымен қатар, 1992 жылы ҚХР-мен бірге бастаған, яғни Хоргос трансшекаралық өзенінің су ресурстарын басқару мәселесін шешетін "Хоргос өзеніндей біріккен гидротүйін жобасын" нақты іс жүзінде асыру жөніндегі жұмыстарды жаңарту мүмкіндігін меңгерту керек.

Қазіргі кезеңде ҚХР трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалану және қорғау жөніндегі бір келісімге қол қойылды. Қазақстандық, Қытайлық жұмыс тобы құрылып, ары қарай серіктестік етуде.

Балқаш тау-металлургиялық комбинатының экологиялық бағдарламасы жасалып, нақты іс жүзінде асырылуда. Оның басты шарасы қалдық газдарды (негізінен қорғасын диоксиді) бейтарап-таңдыруға арналған кешен тұрғызу.

Құрылыс жайын бақылау үшін экология министірлігі "Қазақмыс" корпорациясымен және Қарағанды облысы әкімімен бірге өзара түсіністік және әрекет ету жөнінде үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, құрылыстың аяқталуы 2006 жылдың басына, бастапқы-жөндеу жұмыстары-келесі жылдың аяғына дейін бітіру жоспарла­нып отыр.

Қорыта келгенде, Балқаш көлі алабының өзендер ағыны ресурстарының экологиялық бағасы және Іле-Балқаш аймағындағы жер асты сулары ресурстарын пайдалану преспективаларының бағамдары: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді тиімді пайдаланып, Балқаш көлінің деңгейі төмендеп, құрғап кетпеуіне барынша мүмкіндік жасау біздің ең басты мәселеміз болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гельдыева Г.В., Надыров Ш.М. Проблемы совместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона // Материалы международной юбилейной научно-практической конференции. А., 2001.



2. Геоконфликтология и подходы к совместному использованию водных ресурсов в странах Центральной Азии / География, общество, окружающая среда: развитие географии в странах Центральной Азии и Восточной Европы. Калининград, 2001.

3. Надыров Ш.М., Пердегулова Г.Е., Латынаев Ш.Т. Водные ресурсы трансграничных рек Центральной Азии как потенциальный источник конфликтов // Казахстан — спектор, №2, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет