Жалаири еңбегінің тарихи ескерткіш болуымен қатар, тіл тарихын зерттеуде де мəні зор екенін көре аламыз. «Жылнамалар жинағының» авторы қазақтың бай тілін жақсы меңгерген. Ол көрген- білгенін шеберлікпен суреттей білген, жақсы сауатты жазушы болған. Сондықтан бұл еңбек тек тарихи мұра ғана емес, сонымен бірге бағалы əдеби шығарма. Бұл еңбек тарихи жəне əдеби ескерткіш болумен қатар, қазақ халқының рухани байлығының ең басты жəне бай саласы — тіл тарихын зерттеуде де мəні зор. Кітапта көптеген жер-су аттары, түрлі мақал-мəтелдер көп кездеседі білген.
Халқымыздың қадірменді ұлы Қадырғали Жалаиридің қаламынан туған көне қазақ тіліндегі тарихи еңбектің қысқаша мазмұны осындай. Біздің ойымызша, бұл еңбекке жəне оның авторына біз тарихи тұрғыдан, атап айтқанда, XVI ғасырдың өлшемімен қарауымыз керек. Ал бұл тұрғыдан алғанда, Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағының» мəні өте зор.