Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау



Дата11.07.2016
өлшемі126.15 Kb.
#192505

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Биология және экология кафедрасы
6М060800-Экология мамандығының магистранттарына арналған

Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_____________ Ахметов Қ.Қ.

2012 ж. «___»____________

Құрастырушы: б.ғ.д., профессор _______________ Ұлықпан Қаман

Биология және экология кафедрасы



6М060800-Экология мамандығының магистранттарына арналған

Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________2012 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
2012 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ___________ Жумадина Ж.М. 2012 ж. «____» ________


Химиялық технология және жаратылыстану факультет оқу -әдістемелік кеңесімен құпталған 2012 ж. «__»______ №_ хаттама
ОӘК торайымы ________________________ Р.Ж. Нургожин


Оқытушы туралы мәліметтер:

Химииялық технология және жаратылыстану факультеті

Биология және экология кафедрасы

б.ғ.д., докторы Ұлықпан Қаман.

Тел. (8-7182) 67-36-85 (ішкі.1257)

Қабылдау сағаттары сәрсенбі – сағат 1500 -1600 № ауд.358


2 Пән туралы мәлімет: пән 1 семестрде оқытылады, оқытылу мерзімі 15 апта. Пәннің жалпы еңбек ауқымдылығы 225 сағат, оның ішінде 45 сағат аудиторияда жүргізіледі және 180 сағат магистранттардың өздік жұмыстарына берілген. Сабақ түрі бойынша аудиторияда өткізілетін уақыт күнтізбелік жоспарда берілген.

3 Пәннің ауқымдылығы

семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша сағаттар саны

МӨЖ сағаттарының саны

Бақылау түрі

барлығы

дәріс

зертханалық

практ.

барлығы

ОМӨЖ

1

3

225

30

-

15

180

45

емтихан


4 Пәнді оқытудағы мақсат - студенттерді өздерінің ғана мемлекетінің емес, Конвенцияны құптаушы басқада мемлекеттердің биологиялық әртүрлілігіне зиян келтіретін биоресурстарды игеру процесінде бақылау әдістерімен, генетикалық ресусртарды және биотехнологиялық әдістерді пайдалану ережелерімен танысу.

Пәнді оқытудағы міндет – магистранттардың білімін экологияның негізгі заңдарына сүйене отырып тереңдету, қазіргі экологияның дамуының қарқынын оқыту, эколого-экономикалық қауптілікті бағалау және басқаруды оқыту, табиғат ортасының тероиялық нанымын нығайту. Пәнді игеруде алған білімдерін экологиялық проблемаларды шешу, алдын-алу шараларына тиісті мәселелерді шешуде қолдана білуге уйрету.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттардың:

− жергілікті халықтың мұқтаждарын, азық-түлік, денсаулықты сақтау, шикізат, жылу-жүйелері, техникалық, рекреациялық және басқа ресурстармен қамтамасыз ету, биологиялық әртүрлілілкті қорғау және тиімді пайдалану принциптерін;

− қазіргі экологиядағы қолданылатын зерттеу әдістері, сонымен қатар табиғи және антропогенді мониторингтік зерттеулерді жүргізу принциптерін;

− қоршаған ортаны қорғаудың негізгі тәсілдерімен жолдарын білуі.

− Экологиялық қолайлы жағдайды, кәсіби міндеттерді және туылған қаупті жағдаяттарды шешуже қолдана алуда;

− алған білімдерді теорияда және тәжірибеде қолдануда;

− экологиялық жағдайларды және табиғатты қоршаған ортаның сараптауда икемді болуы қажет.



6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: ғаламдық экология, жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қоғау, экологиялық нормалау және сараптама, ҚР экологиялық мәселелері, биологиялық экология, биогеохимия және экотоксикология.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгері кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: әлеуметтік экология, экологиялық сараптама, табиғат қорғау заңдары.


8 Тақырыптық жоспар

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

ДӨЖ

1

Пәнге арналған кіріспе.

3







16

2

Экожүйенің тұрақтылығы және биологиялық әртүрлілікті қорғау жөнінде мониторингті зерттеулерді жүргізу принциптері.

4

2




16

3

Биологиялық әртүрліліктің өзгеруінің жалпы тенденциялары және оған төнген қауіп.

4







16

4

Биологиялық әртүрлілікті сапалы пайдаланудың Ұлттық стратегиясы

5

1




12

5

Жер бетіндегі және судағы әкожүйелер, олардың сипаттамасы.




3




18

6

Қазақстан территориясын экологиялық аймақтарға бөлу-биологиялық әртүрлілікті қорғаудың негізі.

5







16

7

Қазақстанның және ТМД елдерінің қорықтары.




3




18

8

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар және биологиялық әртүрлілік.

5








16

9

Биологиялық әртүрліліктің көпшілігін қорғау.

4







16

10

Популяция- биоценоздың негізгі құрылымының өлшемі.




3




18

11

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың заңды негіздері.




3




18

БАРЛЫҒЫ:

30

15

1

180


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пән экологиядағы түйінді мәселелердің туындау себебін және оларды шешудің жолдарын қарастырады. Экологиялық тәуелділік, оны бағалау жолдары, экологиялық-экономикалық тәуелділікті жоға салу; табиғи ортаны оңтайландырудың қағидалары; қоғам мен қоршаған ортаның арақатынасын үйлесімділеу мәселелері. Пәнді зерттеу нәтижесінде тұрақты даму стратегиясы, оны жүзеге асыру жолдары үйретіледі.

10 Курстың компоненттері

1) 2 Тақырып. Экожүйенің тұрақтылығы және биологиялық әртүрлілікті қорғау жөнінде мониторингті зерттеулерді жүргізу принциптері.

Биологиялық әртүрліліктің қазіргі жағдайына экологиялық баға беру. Мониторинг жүйесін жетілдіру, зерттеулерді жүргізудің принциптрі.

2) 4 Тақырып. Биологиялық әртүрлілікті сапалы пайдаланудың Ұлттық стратегиясы.

Стратегияның маңызы. Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың стратегиясы. Ұлттық стратегияның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары.

3) 5 Тақырып. Жер бетіндегі және судағы әкожүйелер, олардың сипаттамасы.

Биосфера және экологиялық жүйелер. Жер бетіндегі экожүйелер және оларды қорғау. Су экожүйелері, олардың экологиялық проблемалары, алдын-алу және биологиялық әртүрлілікті қорғау.

4) 10 Тақырып. Популяция- биоценоздың негізгі құрылымының өлшемі.

Популяция құрылымы. Популяцияның тұрақтылығы және оны сақтаудың әдістері. Популяцияның қызметтері және олардың биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы маңызы. Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар, антропогендік ықпал.

5) 11 Тақырып. Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың заңды негіздері.

Биологиялық әртүрлілікті қорғаудың халықаралық қатынасы. Биологиялық әртүрлілікті қорғаудың заңды негіздері, олардың жүзеге асуы.

СӨЖ-дің мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Дәріс сабақтарына қатысу

30


2

Практикалық сабақтарға қатысу

Жұмыс дәптері

Конспект

50

3

Бақылау шараларға дайындық

Бақылау жұмыс

МБ 1, МБ 2

40

4

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды оқу

Конспект

Сабаққа қатысу

60

Барлығы

180


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1) Қазақстан территориясын экологиялық аймақтарға бөлу-биологиялық әртүрлілікті қорғаудың негізі.

2) Биологиялық мониторинг жүйесі және оны ұйымдастыру.

3) Табиғи және антропогендік экожүйелердің түрлік құрамы және популяциялық бірлестік.

4) Қазақстанның табиғи ресурстары және олардың қазіргі жағдайы мен болашағы.

5) Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті қорғаудың және пайдаланудың заңды негіздері.

6) Қазақстанның экологиялық жағдайы, биоресурстар және оларды тиімді пайдалану.

Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі

Бақылау түрлерінің үлестері




Нәтижелік бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6


11 Курстың саясаты

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әрбір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмай, белгілеп болғаннан кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал, белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босатқаны үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:


  • орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау және қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан бағасы

Білімді бағалау балдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті балдар санын жинау үшін студент барлық сабақ түрлеріне белсенді қатысуы қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі. Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі. Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:



    • 90-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

    • 60-70 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

    • 50-60 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

    • 70-89 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

    • 50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

    • 0 балл – жауабы болмаған жағдайда.


12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1) Воробьев А.Е., Пучков Я.А. Человек и биосфера: глобальное изменение климата. М.: Издательство Российского ун-та дружбы народов, 2006. − 912с

2) Гальперин М.В. Общая экология. М.: Изд-во «Форум», 2006. – 336с

3) Баганба В.Р. Социальная экология. М.: Высшая школа, 2005. – 309с

Қосымша:

4) Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. М., 2002. -532с

5) Горелов А.А. Экология. М.: Юрайт, 2002. – 280с

6) Никаноров А.М., Хоружая Т.А. Глобальная экология. М.: «Книга сервис», 2003. – 320 с.



7) Степановских А.С. Общая экология. М.: «Юнити», 2002. – 510с

8) Щукин И. Экология для студентов ВУЗов. Ростов-на-Дону.: «Феникс», 2004. – 224 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет