Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны


II. ОРНЫҚТЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР



бет7/14
Дата08.06.2016
өлшемі5.6 Mb.
#122933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

II. ОРНЫҚТЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР
2.1 Биоалуантүрлілікті орнықты пайдалану және сақтау бойынша ғаламдық стратегиялық жоспардың мақсаттық міндеттері

Концепция: «табиғатпен үйлесімді өмір сүретін әлем, «2050 жылға биоалуантүрлілік жетістігі бойынша бағаланып, сақталып, қайта қалпына кедіп, экожүйелік қызметтерді және ғаламшардың сау қалпын ұстап, ұтымды пайдалан барлық адамдарға пайда алып келетні болады».

Міндеттері 2020 жылға дейін экожүйелердің резиденттілігін және үнемі қызмет етуін қамтамасыз етіп, сонымен бірге ғаламшардағы өмірдің алуантүрлілігіне және адамдардың жақсы тұрмыс тіршілігіне өз үлесін қосу, сәйкес әрекеттердің трансформациясы себептерін бағалау негізінде кедейлікті болдырмауға кепілдік беріп, биоалуантүрліліктің жоғалуын болдырмау бойынша тиімді және жылдам шараларды қолдану болып табылады (298 Сур.).

29 Сур. – Биоалуантүрліліктің сақталуының концептуалды тәсілдерінің сызбасы
Стратегиялық мақсаттар

  1. Биоалуантүрлілік жоғалуының негізгі себептерімен күресуді енгізу (биоалуантүрліліктің проблемаларын ескеру)

  2. Тікелей әсерлерді қысқарту және орнықты пайдалануды ынталандыру

C. Экожүйелерді, түрлерді және генетикалық әртүрлілікты тікелей сақтау бойынша шараларды қабылдау

D. Биоәртүрлілік және экожүйелік қызметтермен қамтамасыз етілетін барлық адамдар үшін пайда көлемінің артуы

E. Қоғамдық жоспарлау, білімдерді басқару және әлеуетті құру есебінен тиімділікті арттыру

А Стратегиялық мақсаты. Үкімет және қоғамның іс-әрекетіне биоәртүрлілік тақырыптарын енгізу жолымен биоәртүрлілікті жоғалтудың негізгі себептерімен күресу

1 Мақсатты міндет. 2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін адамдар биоәртүрліліктің құндылық бағасы туралы және оны сақтау мен тұрақты пайдалану үшін қабылдай алатын шаралар туралы хабардар болуы тиіс.

2 Мақсатты міндет. 2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін адамдар биоәртүрліліктің бағалық құны ұлттық және жергілікті даму стратегияларына, кедейлікті қысқарту, жоспарлау үрдісіне енгізілуі тиіс және сәйкес жағдайларда ұлттық ескеру және есептеу жүйелеріне ендіріледі.

3 Мақсатты міндет. 2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін биоәртүрлілікке зиян келтіретін субсидиялар, ынталар жойылуы тиіс, кезегімен жойлып, немесе минимум шамаға келтіру мақсатында өзгерту немесе кері әсердің алдын алу керек. Конвенция мен басқа сәйкес халықаралық міндеттерге сай және ұлттық әлеуметтік-экономикалық шарттарды ескеріп биоәртүрлілікті орнықты пайдалану үшін оңды шаралар әзірленіп, пайдаланылуда.

4 Мақсатты міндет. 2020 жылға, одан кем емес мерзімге дейін, үкімет, іскерлік орта және барлық деңгейдегі қызмет субъектілері өндіру және тұтыну орнықтылығына жету мақсатында шаралар қолдану және жоспарлар енгізу және де табиғи қорларды пайдалану салдары экологиялық тұрақтылықты бұзуына жол бермеу керек.

В Стратегиялық мақсаты. Биоәртүрлілікке тікелей күштердің түсуін қысқарту және орнықты пайдалануды ынталандыру

5 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін ормандарды қоса алғанда барлық мекен ету ортасын жоғалту қарқынын ең аз шамаға дейін төмендету, деградация және фрагментацияны азайту.

6 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін барлық қорларға шегін белгілеу, оның ішінде: балықтар, омыртқасыздар, су өсімдіктеріне, орнықты пайдалану үшін заң негізінде және экожүйелер тарапынан тәсілдерді пайдалану арқылы балық қорларын шамадан тыс пайдалануды болдырмас үшін барлық таусылған түрлердің орнын толтыру шаралары мен жоспарлары енгізілді. Балық аулау кәсібі қауіпті түрлерге және осал экожүйелерге қолайсыз әсерін етеді; балық аулаудың экожүйелерге, балық қорына, түрлеріне әсері экологиялық қауіпті шектеден аспауы тиіс.

7 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін ауыл шаруашылығы орын алған аумақтарды, аквадақылдар және ауыл шаруашылығын орнықты басқаруды, биоәртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ету.

8 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін қоршаған ортаның ластану дәрежесін экожүйелер мен биоәртүрлілікке зиян келмейтіндей деңгейге дейін төмендету.

9 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін артықшылығы бойынша идентификациялау және жіктеу, басым түрлер реттеледі немесе тездетіледі және де олардың интродукция және ену қаупін алдын алу үшін орын ауыстыру жолдарын реттеу шаралары қабылданады.

10 Мақсатты міндет. 2015 жылға дейін климаттың өзгеруі немесе мұхиттардың қышқылдануы әсер ететін маржан рифтері мен басқа да осал экожүйелердің тұтастығы мен қызметіне жағдай жасау үшін көптеген антропогендік қысымдарды минимум шамаға жеткізу.

C Стратегиялық мақсаты. Экожүйелерді, түрлер мен генетикалық әртүрлілікті сақтау жолымен биоәртүрліліктің жағдайын жақсарту стратегиясы

11 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін құрлықтың және ішкі сулардың минимум 17% және жағалаулық және теңіздік аудандардың 10% сақтау, биоәртүрлілікті сақтау және экожүйелік қызметтерді қамтамасыз ету үшін өте маңызды аудандар тиімді және әділеттң басқару есебінен сақталады. Экологиялық репрезентативті және қорғалатын аудандар жүйесінің өзара жақсы байланысын қорғау және тұрақты пайдалану және аудандық негізде табиғатты қорғау шараларын қолдану және оларды құрлық және теңіз ландшафттарына енгізу.

12 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін белгілі жойылу қаупі бар және саны қысқарып бара жатқан, қалпына келтіріліп, орнықты түрлердің жоғалуына жол бермеу. предотвратить исчезновение известных угрожаемых видов, и статус их сохранности, и в частности видов, численность которых более всего сокращается, улучшен и поддерживается.

13 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін қопсытылатын өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы және үй жануарлары мен жабайы жануарлардың, әлеуметтік-экономикалық және мәдени көзқарас тұрғысынан құнды түрлердің генетикалық алуан түрлілігін сақтау. Генетикалық эрозияны минимумға жеткізу және олардың генетикалық алуантүрлілігін сақтау бойынша стратегиялар әзірленіп, жүзеге асырылды.

D Стратегиялық мақсаты. Биоәртүрлілік пен экожүйе қызметтерімен қамтамасыз етілетін барлық адамдар үшін пайда көлемінің артуы

14 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін әйелдердің қажеттілігін, жергілікті қоғам мен халықтың кедей және осал топтарын ескере отырып, сумен байланысты қызметтер, адам денсаулығын, тіршілігін және әл-ауқатын сақтаумен байланысты маңызды қызметтер көрсететін экожүйелер қалыптастырылып, қорғау алынды.

15 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін табиғатты қорғау мен қалыптастыру арқылы көміртекті жинаудағы биоәртүрліліктің үлесін арттыру және экожүйелердің төтеп беру қабілетін көтеру. Деградацияға ұшыраған экожүйелердің минимум 15 % қалпына келтіру климаттың өзгеру салдарының жеңілдетуге және осы ортаға бейімделу мен шөлдену үрдісімен күресуге қолайлы болады.

16 Мақсатты міндет. 2015 жылға дейін Генетикалық қорларға қолжетімділікті реттеу және әділ, тепе-тең негізде табысын бірге пайдаланудың Нагоя хаттамасы ұлттық заңнамаға сәйкес күшіне енеді және қызмет ете бастайды.

E Стратегиялық мақсаты. Қоғамдық жоспарлау, білімді басқару және әлеуетті қалыптастыру есебінен жүзеге асыру тиімділігін арттыру

17 Мақсатты міндет. 2015 жылға дейін әрбір Тарап саяси құрал ретінде тиімді берге жасалған және жаңартылған ұлттық стратегияны және биоәртүрлілікті сақтау бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлеп, қабылдайды.

18 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану үшін маңызды жергілікті және тұрғылықты халықтарының дәстүрлі білімдерін, жаңа туындыларын және тәжірибелерін енгізу және олардың биологиялық қорларды дәстүрлі пайдалануы ұлттық заңнамалар мен халықаралық талаптарға сәйкес құрметтеледі. Конвенцияна жүзеге асыру үрдісіне енгізілген және барлық сәйкес деңгейлерде жергілікті және тұрғылықты халықтардың жаппай және тиімді қатысуынан көрінеді.

19 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін биоәртүрлілікпен және оның құндылық бағасымен, осы саладағы орны мен тенденциялары, оны жоғалту салдарымен байланысты білімдер, ғылыми база және технологиялар беріліп, пайдаланып, кеңінен қолданылуы жетілдірілетін болады.

20 Мақсатты міндет. 2020 жылға дейін және одан кем емес мерзімде 2011-2010 жылдарға биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласындағы стратегиялық жоспарды тиімді жүзеге асыру үшін және Қорларды жұмылдыру стратегиясы шеңберінде келісілген үрдістерге сәйкес қаржы қорларының деңгейін кеңейту. Бұл мақсатты міндет Тараптар әзірлейтін және ұсынатын қорлардың қажеттілігін бағалауға байланысты түзетулер енгізіледі.
2.2 Биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарының Мақсатты міндеттері

  • Ағымдағы бағдарламаларды және Биологиялық Әртүрлілік Қызметі Жоспарының Ұлттық Стратегиясын (1999ж.) талдау.

  • БӘ бойынша ұлттық мақсатты міндеттерді жасау және оларды бағалау индикаторларын анықтау.

  • Биологиялық Әртүрлілік Қызметі Жоспары мен Ұлттық Стратегиясының құрылымын келісу.

  • ЕҚТА даму үлгісін және Қазақстанның экологиялық желілерін әзірлеу.

  • Секторлық салаларына (орман, балық, ауыл шаруашылығы, туризм) биоәртүрлілік мәселелерін енгізу.

  • Генетикалық эрозияны минимумға жеткізу және генетикалық әртүрлілікті сақтау бойынша стратегия әзірлеу.

  • Биоәртүрлілікпен, оның құндылық бағасымен, қызметімен, және де оны жоғалту салдарымен байланысты білім беру бағдарламалары.

  • Қорларды жұмылдыру стратегиясын әзірлеу (мемлекеттік бюджет, траст қоры, бизнес-құрылым құралдары).

Қазақстан биоәртүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша іс-әрекеттер Жоспары және Ұлттық Стратегиясы 1999 жылы Қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорлары министрлігімен әзірленіп, бекітілді. Берілген құжаттың концептуалды негізі экологиялық сұрақтар бойынша «Қазақстан Республикасыныі 2030 жылға даму стратегиясы» бөліміне сәйкес келеді, мұнда басым мақсаттар мен міндеттер айқындалған.

Стратегиялық міндеттер in-situ, ex-situ сақталудың, биоәртүрлілікті орнықты пайдалану және орнын толтырудың, басым мәселелері мазмұнында қарастырылып, қойылған міндеттерді шешу үшін республикадағы алғышарттар бағаланды. Стратегия нормативті-құқықтық базаны, биологиялық қорларды пайдалану мен ЕҚТА желісін ұйымдастыру кезінде басқару және тексеру желілерін жетілдіруге бағытталған. Елдің орнықты дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес Ұлттық Стратегия бірнеше басым міндеттерді орындауды міндеттеді, оның ішінде:



  • биологиялық әртүрлілік жағдайы мен өзіне тән ерекшеліктерін игілігі мен құндылығы ретінде бағалау;

  • антропогендік әсер ету кезінде түрлер мен экожүйелерге келетін қауіптерді анықтау және жою;

  • мемлекеттің өз қорларына тәуелсіз құқықтарын пайдалану, әсіресе ерекше нысандарды және қорларды сақтау жауапкершілігі;

  • жергілікті халықтың биоәртүрлілікті, сонымен қатар агробиоәртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалануға халықты сауда-саттық, денсаулық сақтау, отын-құрылыс, шикізат, кәсіптену, техникалық, рекреациялық және басқа ресурстардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында дәстүрлі тәуелділігін орнату;

  • қоршаған ортаны сауықтырудың оңтайлы шарттарын нықтау және биоәртүрлілікті сақтай отырып СО2 (көміртек эмиссиясы) көбеюі нәтижесінде жылулық эффектінің төмендеуін айқындау;

  • биоқорлардың жою және сақтаудың нормативті-құқықтық негіздерін әзірлеу, биологиялық қорларды аймақтық және жергілікті деңгейде сарқылмайтын пайдалану арқылы экономикалық және әлеуметтік экологиялық пайда балансын анықтау;

  • қауіптің әлсіреуі және биологиялық әртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ету;

  • биологиялық әртүрлілік мәселелері бойынша қызметтерді үйлестіру жүйелерін жетілдіру;

  • бұзылған экожүйелердің экологиялық қайта құрылуы және қалыптастыруы;

  • биологиялық әртүрлілікті сақтау және балансты пайдалану мәселелері жөнінде жергілікті тұрғындарды, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдарды ақпараттандыру және хабарландыруды қамтамасыз ету. Стратегияны жүзеге асыру үшін Биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша іс-әрекеттер жоспары әзірленді. Басым міндеттері бірнеше критерилер бойынша сараптамалық баға беру арқылы анықталды:

  • сирек, шаруашылық құнды және экологиялық маңызды түрлер мен экожүйелер, биологиялық әртүрліліктің әлсіз зерттелген топтарын есепке алуды аяқтау қажеттілігі;

  • биологиялық әртүрліліктің жоғары дәрежесі, сыртқы әсерлерге осалдығы және деградацияға ұшырауы, ресурстық-экономикалық маңызы;

  • мәдени өсімдіктердің сорттары мен үй жануарларының орнықты түрлерін жасау үшін әлеуетті қорлар генофондының бай болуы (генофондтың табиғи ошақтары);

  • биологиялық әртүрлілікті сақтаудың құқықтық және экономикалық алғышарттарын жетілдіру қажеттілігі.

Биологиялық әртүрлілік нысандарының ішінде бұл басымшылықтарға – жолақтық және аралдық ормандар, жабайы жемісті және тоғай ормандары, сирек тау ормандары, қарашіріктердегі құрғақ дала, шөлдердің сирек экожүйелері, өзен және көл экожүйелері.

Іс-әрекеттер жоспары, ең алдымен, ортақ экологиялық трансшекаралық және ұлттық мәселелердің шешіміне, және де есепке алуды аяқтаудағы, мониторингті басқару және ұйымдастыру жұмыстарын жақсартудың басты іргелі мәселелеріне бағытталған.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау және балансты пайдалану бойынша іс-әрекеттер жоспары 27 жобаны біріктірді, оның ішінде алты бөлім: есепке алу, сақтау, орнықты пайдалану, тексеру, халықаралық байланысты нығайту және институционалды негіздерден тұрады.

1999 жылы әзірленген Ұлттық стратегияны Үкімет бекітпегендіктен, Биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша X және XI Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес жаңа Ұлттық Стратегия әзірлеу қажет. Дегенмен, алдында жасалған стратегияның талдауы биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану сұрақтары бойынша негіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, ЕҚТА даму үлгісі мен Қазақстанның экологиялық желісін әзірлеу үшін тұжырымдамалық негіздердің бірі ретінде олардың аумағын кеңейту бойынша бас схеманы пайдаланған жөн. Бұл жағдайда «Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы» шеңберінде сирек кездесетін жануарлар-өсімдіктердің жоғалып бара жатқан түрлерін, бірегей экожүйелерді және биологиялық әртүрлілік түрлерінің мекен ету ортасын сақтау үшін әзірленген іс-шараларға сәйкес 2020 жылға дейін оңтайлы даму сценариі кезінде ЕҚТА ауданы 1 615 867,00 га ұлғайтылады, ал ЕҚТА қазіргі жалпы ауданы 14 811 205,9 га, республика ауданының 5,44% құрайды. 2030 жылға ЕҚТА ауданын оңтайлы дамыту сценариі кезінде табиғи қорғалатын аумақтар желісіне су-батпақты, дала, орман, шөлейт, тау, жағалаулық экожүйелерді сақтаудың халықаралық критерилеріне жауап беретін жаңа ЕҚТА кіретін болады.

Жалпы қорықша қорын дамыту сценариі бойынша бұл ЕҚТА 2030 жылға дейін құру жоспарлануда. Қорғалатын аумақ ауданы 827 162,0 га кеңейеді. Жалпы, 2030 жылға дейін қорғалатын аумақтардың жалпы ауданы 25 514 364,0 га немесе республика ауданының 9,4% құрайды.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша ұлттық стратегияны әзірлеу және іске асыру үшін республикада жақсы алғышарттар құрылған.

Реформа жылдары республикада дамудың ұзақ, орташа және қысқа мерзімдік артықшылықтар жүйесі қалыптасты, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану сұрақтары келесі стратегиялық құжаттарға енгізілді: «Қазақстан – 2030». «Қазақстан Республикасының өндіріс күштерінің 2015 жылға дейін даму және орналасу схемасы». «Қазақстан 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары», Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті бес жылдық жоспары, Үкімет қызметінің Жоспарлары мен бағдарламалары, Қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық жоспар, Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы, Қоршаған ортаны қорғау және 1992 жылғы даму бойынша Рио-де-Жанейро декларациясының ұстанымдары мен XXI ғасыр күнтәртібінің ережелері, «РИО + 20» - «Бізге қажет болашақ» (Рио-де-Жанейро қ., 2012ж.) және Тұрақты даму (Йоханнесбург қ., 2002 ж.) бойынша Дүниежүзілік саммиттер Шешімдері, Астана бастамасы – «Энергия экологиялық стратегия» және ««Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасы».

Қоршаған орта жағдайының нормативті көрсеткіштеріне жету арқылы экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету Қазақстанның бағдарламалық құжаттарының ережелерін кезеңімен іске асыруды жоспарлайды. Қоршаған ортаның ластану дәрежесін төмендету және оны тұрақтандыру іс-әрекеттері жоспарын әзірлеу. Қоршаған орта сапасы көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғатты пайдалану талаптарын жақсарту. Қоршаған орта сапасын жетілдіру және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы жағдайын қалыптастыру.

Ол үшін климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының жұқаруына ықпал ететін антропогендік әсерді азайту бойынша; биоәртүрлілікті сақтау және шөлдену мен жерлердің деградацияға ұшырауы бойынша; экологиялық қауіп аймақтарының, әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарын оңалту бойынша; Каспий теңізі қайраңының ластануы; су ресурстарының таусылуы мен ластануын бақылауға алу; тарихи ластануды жою және болдырмау; ауа бассейнінің радиоактивті, бактериялық және химиялық, трансшекаралық ластағыштармен ластануы; өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың жиналу көлемін азайту; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойынша міндеттерді шешу қажет.

Алға қойылған міндеттер келесі жолдармен шешіледі: республика заңнамасын жетілдіру және жүйелеу, табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін жетілдіру; мемлекеттік экологиялық бақылау және экологиялық мониторинг жүргізу, табиғат пайдалану және экологиялық сараптаманың рұқсат етілген жүйелерін оңтайландыру; Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, экологиялық экология статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат жүргізу, халықаралық қарым-қатынасты кеңейту, экожүйелердің биоәртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану сұрақтарын дамыту.

Соңғы үш онжылдықта биоәртүрлілік дағдарысына келісілген жауап беруімен танылды. Жойылу қаупі бар түрлердің сақталуына бағытталған халықаралық конвенциялар әзірленді. Оған 1973 жылғы жойылу қаупі бар жабайы флора мен фауна түрлерінің халықаралық саудасы бойынша Конвенция (СИТЕС) және 1979 жылы жабайы жануарлардың миграцияланатын түрлерін сақтау бойынша Конвенция (Бон конвенциясы) жатады. 90 жылдары түрлердің жойылу мәселелеріне қатысты маңызын бағалағандардың бірі Биологиялық әртүрлілік бойынша Конвенцияны қабылдау болып табылды. Бұл биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша ғаламдық сипаттағы бірінші келісім болды. 2008 жылы шілдеде Қазақстан ратификациялаған Конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы трансшекаралық сауда және ағзалардың тірі генетикалық модификацияларының кенеттен ұлғаюының потенциал қаупін төмендетуге шақырады.

Қазақстан, өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық қарым-қатынас нысаны ретінде, басқа ТМД елдері секілді, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық актілеріне қосылып, табиғи ортаны ұтымды, тиімді және қауіпсіз пайдалануға бағытталған міндеттерді өзіне алды. Мысалға, республикамыз биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласында бес басым мемлекетаралық келісім шарттарға қосылып, қол қойды және ратификациялады. Оның ішінде Биологиялық әртүрлілік бойынша Конвенция, Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау бойынша Конвенция, Миграцияланатын жабайы жануарларды сақтау Конвенциясы, Сулы-батпақты жерлер туралы Конвенция, Жойылу қаупі бар фауна мен флораның жабайы түрлерімен халықаралық сауда бойынша.

Біздің еліміз Еуразияның аридті бөлігінде орналасқанына қарамастан, табиғи экожүйелердің айтарлықтай бөлігін су-батпақты жер кешендері алып жатыр, яғни Каспий теңізі мен ірі көл жүйелерінен басталып, ауқымды дала жазықтығында таралған тұщы және тұзды көлдермен аяқталады. Еуразия континентінің су-батпақты жерлерінің қазақстандық бөлігімен– Орталық Азия –Үнді және Сібір – Шығыс Африка екі әлемдік өткін жолы өтеді. Қазақстан құстардың ұшып-қонатын жолдарында тұрған халықаралық айлақ болып табылады. Еуразия континентінің сулы-батпақты жерлері өткінінің жолдарында болып табылады. Қазақстанның сулы-батпақты қоныстары Батыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Арктикалық жағалаулардан ұшқан құстардың ұялау және қректену орны болып табылады. Қазақстанда Азиядағы суда жүзетiн құстарының ең көп 130 түрден астам популяциясы тіркелген. Әр жарты жылда Қазақстан арқылы 50 миллионнан астам құстар ұшып келеді. Олардың 20 пайызы Қазақстанның аумағында ұя салады.

Қазіргі кезде сулы-батпақты қоныстарды халықаралық деңгейде қорғаудың негiзгi тетігі суда Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция (Рамсар, 1971 жылғы 2 ақпан) болып табылады. Оның шеңберінде конвенцияның ерекше қорғау болатын Халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар тізімі жасалды. Рамсар конвенциясына қосылу шарттарының бiрi қатысушы-ел үкiметтiнің өз аумағындағы кем дегенде бiр Рамсар алқабын хабарлау болып табылады. Бүгiнгi күнi Конвенцияға 157 мемлекеттер қосылды, ал Рамсар алқабының жалпы саны 1 708 асты. Қазақстан ресми түрде конвенцияға тізімге Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесін қосқаннан кейін бірікті.

Қазақстанда табиғат қорғау конвенциялардың шараларын жүзеге асыру үшін табиғи капиталды сақтау және орнықты қолдану сұрақтарына тікелей және жанама қатысты бірнеше халықаралық жобалар жұмыс iстейдi.
2.3 Биоәртүрлілік мәселелері бойынша бағдарламаларды, жобаларды шолу

Биоәртүрлiлікті сақтау бойынша жобалардың арасында (2009-2012гг.) төменде көрсетілгендер ең нәтижелi болып саналады.



Далаларды ұтымды пайдалану және қорғау. Осы жобаның мақсаты Қазақстанның далаларының ғаламдық мәні бар биоәртүрлiлігін сақтау болып табылады. Негiзгi міндет ерекше қорғалатын дала экожүйелері жүйесiн кеңейтуде. Жобаны іске асыру мерзiмі 2009-2013 жылдар. Болжанатын нәтижелер: Әртүрлi табиғатты қорғау тәртiптерi бар дала экожүйелерінің қайтанатын жерлерін ЕҚТА ұлттық жүйесіне енгізу. Дала экожүйелерінің табиғи қорларын жоспарлау және тиiмдi қолданудың шаруашылық аралық тетiктерi жасалып, өткiзiлген. Табиғатты қорғау қызметінің тиiмдiлiгі әлеуетті жүйелiк, институционалдық және дара деңгейлерде нығайту арқылы жоғарылатылған.

Қазақстан Республикасында климаттың өзгеруі мен стратегиялық жоспарлау сұрақтарының бірігуі арқылы орнықты даму саласындағы әлеуетті күшейту. Жобаның мақсаты мүдделi тараптарды қатыстыру, оның қабылдануы және тиiмдi орындалуын тартуы арқылы Орнықты даму бойынша Ұлттық Стратегияны әзiрлеу болып табылады. Жобаның орындау мерзiмі 2009-2010 жылдар. Нәтижелері: Ұлттық және халықаралық келісім сөз кездесулерінде Конференция тараптарының топтары және қатысушылары арасында таралуы үшiн бірқатар стратегиялық құжаттар дайындалды. Ұлттық орнықты даму бойынша мемлекеттiк Стратегияға және Бөлiмнiң дамуы бағдарламасына ұсыныстар енгізілді. 2012 жылдан кейiн Киото хаттамасының мiндеттемелерiн орындау шаралары бойынша Жол картасы дайындалды. Конференция Тараптарына даярлауға көмектесу бойынша Сараптамалық Секретариат құрылды.

Орталық Азияның бес мемлекетінде жер қорларының деградациясымен күресу стратегиясын және бірегей тәсілін орындау үшін ұлттық және халықаралық деңгейде әлеуетін күшейту бойынша халықаралық жоба. Жобаның мақсаты - Ұлттық негіздемелік бағдарламаның қызмет етуi шеңберінде жер қорларының деградациясымен күресу бойынша әлеуетті күшейту. Жобаны орындау мерзiмі 2009-2013 жылдар. Жобаны аяқтау нәтижесінде ұлттық саясатта және заңнамада жер қорларын орнықты пайдалану қағидаларын жетiлдiру туралы; кадрлық ресурстарды дамыту арқылы мемлекеттiк органдар мен жерді пайдаланушылардың өзара әрекеттесуін жоғарылату туралы ұсыныс жасауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет