2-тарау. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу
5. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу өрт қауіпсіздігі талаптарының мазмұны мен атау тізімін оларды алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату кезінде белгілеу үшін қолданылады.
6. Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыс материалдарын жіктеу ғимараттарды (құрылыстарды) конструкциялық орындауға және олардың өртке қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптардың атаутізімі мен мазмұнын белгілеу үшін пайдаланылады.
7. Заттар мен материалдардың өрт қауіпті заттар мен материалдардың агрегаттық жай-күйінің әрбір сыныбы үшін белгіленген өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерімен сипатталады.
8. Заттар мен материалдардың агрегаттық жай-күйіне байланысты олардың өрт-жарылыс қаупі мен өрт қаупі көрсеткіштерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде берілген.
9. Заттар мен материалдардың өрт қаупі көрсеткіштері оларды қолдану жөніндегі талаптарды нормалау үшін, өрттің қауіпті факторларының өсу динамикасын болжау үшін және заттар мен материалдарды өрт қауіпсіздігі бойынша салыстыру үшін пайдаланылуға тиіс.
10. Заттар мен материалдардың өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерінің нақты мәні мен оларды анықтау әдістері осы Техникалық регламенттің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
11. Өрт қауіпсіздігі бойынша заттар мен материалдарды жіктеу (құрылыс, тоқыма және былғары материалдарынан басқа) олардың қасиеттеріне және өрт пен жарылыстың қауіпті факторларының пайда болу қабілеттілігіне негізделеді.
Заттар мен материалдар жанғыштығы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1) жанбайтын – ауада жануға қабілетсіз заттар мен материалдар. Жанбайтын заттар өрт-жарылыс қауіпті болуы мүмкін (мысалы, сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекеттескен жағдайда, жанғыш өнімдер бөлетін қышқылдар немесе заттар);
2) қиын жанатын – жану көзі әсер еткен кезде ауада жануға қабілетті, бірақ оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетсіз заттар мен материалдар;
3) жанғыштар – өздігінен жануға, сондай-ақ тұтану көзі әсерінен жануға және оны жойғаннан кейін өздігінен жануға қабілетті заттар мен материалдар.
12. Сұйықтықтың жанғыштығы бойынша жанғыш сұйықтықтарға (ЖС) және жанбайтын сұйықтықтарға (ЖбС) бөлінеді.
Жанғыш сұйықтықтардың сыныбында тез жанатын сұйықтықтар (ТЖС) жеке топқа бөлінеді.
13. Газдың жанғыштығы бойынша жанғыш газдар (жарылыс қауіпті) және жанбайтын газдар болып бөлінеді.
14. Шаңның жанғыштығы бойынша жанғыш (жарылыс қауіпті және өрт қауіпті) және жанбайтын шаңдар болып бөлінеді.
15. Заттар мен материалдарды жанғыштығына сынау әдістері стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.
16. Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарын өрт қаупі бойынша жіктеу олардың қасиеттеріне және өрттің қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.
Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі мынадай сипаттамалармен сипатталады:
1) жанғыштық;
2) тұтану;
3) үстіңгі беті бойымен жалынның таралуы;
4) түтін түзу қабілеті;
5) жанатын өнімдердің уыттылығы.
17. Құрылыс материалдары жанғыш (Ж) және жанбайтын (ЖБ) болып бөлінеді.
18. Жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
1) Ж1 (әлсіз жанатын) – түтінді газдарының температурасы 135oС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 65% артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 20% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 0 с артық емес құрылыс материалдары;
2) Ж2 (орташа жанатын) – түтінді газдарының температурасы 235оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 30 с артық емес құрылыс материалдары;
3) Ж3 (қалыпты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық емес құрылыс материалдары;
4) Г4 (қатты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450oС артық, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық құрылыс материалдары.
19. Ж1 – Ж2 жанғыш топтарына жататын құрылыс материалдары үшін сынау кезінде балқыған заттың ыстық тамшыларының түзілуіне жол беріледі.
20. Құрылыс материалдары өрт қауіптілігімен ғана сипатталады.
Жанбайтын құрылыс материалдары үшін өрт қауіпсіздігінің басқа көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.
21. Жанғыштығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) Т1 (қиын тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
2) Т2 (орташа тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м2 кем емес, бірақ 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
3) Т3 (тез тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м 2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары.
22. Үстіңгі беті бойынша жалынның таралу жылдамдығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) РП1 (тарамайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 11 кВт/м 2 артық жанғыш құрылыс материалдары;
2) РП2 (әлсіз тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 8 кВт/м 2 кем емес, бірақ 11 кВт/м 2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
3) РП3 (орташа тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2 кем емес, бірақ 8 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
4) РП4 (қатты тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары;
23. Түтін түзетін қабілеті бойынша жанғыш құрылыс материалдары түтін түзу коэффициенті мәндеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) Д1 (түтін түзетін қабілеті аз) – түтін түзу коэффициенті 50 м2 /кг кем емес, бірақ 500 м2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
2) Д2 (түтін түзетін қабілеті орташа) – түтін түзу коэффициенті 50 м2 /кг кем емес, бірақ 500 м2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
3) Д3 (түтін түзетін қабілеті жоғары) – түтін түзу коэффициенті 500 м2 /кг кем емес, бірақ 500 м2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары.
24. Жанатын өнімдердің уыттылығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
1) Т1 (аз қауіпті);
2) Т2 (орташа қауіпті);
3) Т3 (жоғары қауіпті);
4) Т4 (төтенше қауіпті).
Жанатын өнімдердің уыттылық көрсеткішінің мәні бойынша жанғыш құрылыс материалдарын жіктеу осы Техникалық регламентке 17-қосымшаның 2-кестесінде берілген.
25. Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі топтарына байланысты өрт қауіптілігі сыныптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшаның 1-кестесінде берілген.
26. Тұтануы бойынша тоқыма материалдары мен былғары материалдары тез тұтанатын және қиын тұтанатын материалдарға бөлінеді. Мата (маталы емес төсемше) егер сынақтр кезінде мынадай шарттар орындалса, тез тұтанатын материал болып жіктеледі:
1) қабаттан тұтату кезінде сыналған кез келген үлгілердің жалындап жану уақыты 5 секундтан артық құрайды;
2) қабаттан тұтату кезінде сыналған кел келген үлгілер оның жиектерінің біреуіне дейін қойылады;
3) мақта матасы сыналатын үлгілердің кез келгенінде тұтанады;
4) кел келген үлгілердің қабаттық ұшқыны қабат немесе жиек арқылы тұтану нүстесінен 100 мм астам таралады;
5) қабат немесе жиек арқылы жалын әсер еткен кезде сыналған кез келген үлгілердің көмірге айналған учаскесінің орташа ұзындығы 150 мм астамды құрайды.
27. Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарды жіктеу үшін заттар мен материалдардың тұтануға, қабат арқылы жалынды таратуға және жылу бөлуге қабілетін сипаттайтын шартты шексіз көрсеткіштің (I) жалынның таралу индексі мәні қолданылуы тиіс. Жалынның таралуы бойынша материалдар мынадай топтарға бөлінеді:
1) жалынның таралу индексі 0, қабат арқылы жалынды таратпайтын;
2) жалынның таралу индексі 20-дан аспайтын, қабат арқылы жалынды баяу тарататын;
3) жалынның таралу индексі 20-дан астам, қабат арқылы жалынды дереу тарататын.
Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарының өрт қауіптілігі жіктеу көрсеткіштерін анықтау бойынша сынау әдістері өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленеді.
1-кесте
Құрылыс материалдарының қасиеттері мен өрт қауіптілігі сыныптары
Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі қасиеттері
|
Топтарына байланысты құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі сыныбы
|
КМ0
|
КМ1
|
КМ2
|
КМ3
|
КМ4
|
KM5
|
Жанғыштық
|
НГ
|
Г1
|
Г1
|
Г2
|
Г2
|
Г4
|
Тұтанғыштық
|
-
|
В1
|
В1
|
В2
|
В2
|
В3
|
Түтін бөлу қабілеті
|
-
|
Д1
|
Д3*
|
Д3
|
Д3
|
Д3
|
Жану өнімдерінің уыттығы
|
-
|
Т1
|
Т2
|
Т2
|
Т3
|
Т4
|
Едендердің жабынына арналған қабат арқылы жалынның таралуы
|
-
|
РП1
|
РП1
|
РП1
|
РП2
|
РП4
|
Ескертпе – "*" белгісі материалға түтін бөлу коэффициенті Д < 1000 м 2 /кг болғанда КМ2 сыныбын беруге болады дегенді білдіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |