Қостанай 019 ж. ӘОж 75/76 ббж 85. 15



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата24.05.2024
өлшемі4.33 Mb.
#501792
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Сәпиев Ә.С. Академиялық сурет

Сыналау әдісі 
Сызықты перспективамен жасау барысында қағаз бетіне көкжиек 
сызығын белгілеп алып, өзің таңдап алған көру нүктесінен салынатын 
заттардың көрінісін орналастыруға болады. Сонымен қатар жарық пен 
көлеңкені табуды ұмытпаған жөн. 
Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырма–
шылығы – мұның кеңістік сипаттары көбірек. Сызықтар деп өзіндік дер-
бес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих – қысқа сызық, әрі ол 
басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. 
Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың 


35 
сұлбасын (контур) жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң–рең береді. 
Сөйтіп, жеңіл, болар-болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ 
жалпы пішін, қимыл-қозғалыс, кеңістік беріледі. 
Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл 
сол жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген 
алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді 
де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады (сурет 10). 
Сурет 10. Сызық түрлері 
Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің 
реңі – бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан жасалғанын
суреттегі түрліше көлеңкелерді, түсер қатынасын қарындашпен бірқатар 
штрихтар жасау арқылы көрсетуге болады (сурет 11). 
 
Сурет 11. Жаттығу параллелдік тең түсу штрих сызықтары 
 
Сонымен, штрих дегеніміз – суретке салынатын заттың объектісін, 
яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай 
материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық (сурет 
12). 
 


36 
 
Сурет 12. Куб (гипс). Призма (гипс) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет