Әкімдіктің
2014 жылғы «30» қыркүйектегі
№ 480 қаулысымен мақұлданды
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 – 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
|
3
|
1.
|
Қостанай облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары
|
3
|
2.
|
Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы
|
7
|
3.
|
Экономиканы дамыту басымдықтары
|
12
|
4.
|
2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар
|
14
|
5.
|
Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары
|
23
|
6.
|
Бюджетаралық қатынастар
|
24
|
7.
|
2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы
|
25
|
7.1.
|
Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің салық саясаты
|
25
|
7.2.
|
Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің болжамдары
|
29
|
Қосымшалар 32
Кіріспе
Қостанай облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Болжам) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Даму болжамы стратегиялық және бағдармалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескеріп, әзірленді.
Даму болжамы Қостанай облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.
Қостанай облысының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары
2013жылы облыстың өндірістік жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 6,6 пайызға (бұдан әрі-%) ұлғайды және 1309,7 миллиард (бұдан әрі-млрд.) теңгені құрады. Облыс елдің ЖӨӨ 3,8% шығарды.
Халықтың бір жанына өңірде ЖӨӨ 1487,7 мың теңге шығарылды, облыс елімізде 10-шы орында.
2013 жылы облыс экономикасы темір кен сұранымы және 2012 жылы ауыл шаруашылығында астықсыздық жағдайлардың әсерімен дамыды.
Сонымен қатар, 2013 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы айқын тұрақтылығымен сипатталды.
2013 жылы нақты көлемдерде ЖӨӨ өсуі 2012 жылға қарағанда 6,6%-ды құрады.
2013 жылы ЖӨӨ өсуінің негізгі факторлары өсімдік шаруашылығындағы 67,4%-ға және өңдеу өндірісінің – 8,1%-ға өсуі болып табылады.
Облыста 2013 жылы 530,5 млрд. теңгеге өндіріс өнімдері шығарылды, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 100,6%-ды құрады.
Облыстың өнеркәсіп құрылымында тау кен өнеркәсібінің үлесі 52,7%-ды құрады, өңдеу – 40,4%, электрмен қамтамасыз ету – 5,6%, сумен қамтамасыз ету – 1,3%.
Тау кен саласында өндіру көлемі 3,8%-ға төмендеп, 214,1 млрд. теңгені құрады. Төмендеудің себебі - көмір және лигниттің өнімі 10 есеге жуық (2012 жылы 60,2 млн. теңгеден 2013 жылы 6,3 млн. теңгеге дейін) және металл кендерінің 17,7%-ға (2012 жылы 263,5 млн. теңгеден 2013 жылы 254,8 млн. теңгеге дейін) қысқарылуы.
Өңдейтін саланың кәсіпорындары 214 млрд. теңгеге өнім шығарды, НКИ – 108,1%.
Азық-түлік өндірісі 2,6%-ға, ағаш және жабқыш өнімдері - 12,8%-ға, металлургиялық өнеркісібі – 18,9%-ға, машина жасау – 44,3%-ға ұлғаюы өңдеу саласындағы өсуіне оң әсерін тигізді.
Машина жасау өңдеу өнеркәсіп құрылымында айтрлықтай өсіп келеді. Саланың өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 21,3% құрады. 2013 жылы облыстың машина жасау саласындағы өнеркәсіптері 45,7 млрд. теңгеге өнім шығарды. Негізінен саладағы өсу автокөлік құралдарының өндірісіндегі 2013 жылы 2,9 есе ұлғайған өсірулермен негізделген.
Облыс экономикасындағы екінші жетекші сала ауыл шаруашылығы болып табылады. 2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 36,6% өсумен 230,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы – 64,5 млрд. теңге (НКИ – 98,8%), өсімдік шаруашылығы – 164,8 млрд. теңге (НКИ – 162,8%).
Гектар түсімділігі 9,7 центнерден айналғанда астық 4267,5 мың тоннаны құрады. Гектар түсімділігі 193,7 центнерден айналғанда 205,6 мың тонна картоп; гектар түсімділігі 301,6 центнерден айналғанда 73,6 мың тонна көкөніс; гектар түсімділігі 6,3 центнерден айналғанда 139 мың тонна майлы дақылдар жиналды.
Мал шаруашылығындағы өндірістің төмендеуі жеке шаруашылықтың мал және құс бастарының төмендеуімен байланысты ет өндірісінің 2,2%-ға, жұмыртқаның 13,3%-ға есебінен қалыптасты.
2013 жылы астықтық жақсы жиналымы арқасында кіші және орта бизнестің өнім шығарылымы 8,2%-ға өсіп, 384,9 млрд. теңгені құрады.
Белсенді ШОК субъектілерінің саны 5,5%-ға көбейіп, 43,7 мың бірлікті құрады.
ШОК-те жұмыс істейтіндер саны – 6,6%-ға ұлғайды және 140,9 мың адамды құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013 жылы 26,9 млрд. теңге сомасына 90 жоба мақұлданды.
2013 жылы облыс экономикасына 180,4 млрд. теңге инвестициялар салынды, бұл 2012 жылға қарағанда қарыздық қаржының 2,3 есе ұлғаюы есебінен 5,5%-ға асады.
Облыс экономикасының оң сәті 125,6 млрд. теңге сомасындағы инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлестері 70% құраған кәсіпорындардың жеке қаражаттары есебінен негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру болып табылады.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 18,7 млрд. теңге (жалпы көлемде 10,4%), жергілікті бюджеттен – 7,4 млрд. теңге (4,1%) игерілді. Қарыздық қаражат 4,2 млрд. теңгені (2,3%), банк кредиттері – 24,6 млрд. теңгені құрады (13,6%).
Инвесторлар үшін өндіріс (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 62,3%), ауыл, өсімдік шаруашылықтары (10,8%) және көлік (10,2%) сияқты салалар тартымды болып табылады.
Сондай-ақ, инвестициялар өсуінің оң қарқынына әсерин тигізген Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама (ҮИИДМБ) шеңберінде жобаларды іске асыру болды. 2013 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 39 млрд. теңге жалпы құнымен 11 объект пайдалымға енгізілді, 844 жұмыс орны қалыптасты.
Құрылыс саласында 2013 жылы жұмыс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өсті және 84 млрд. теңгені құрады. Тұрғын ғимараттардың жалпы көлемінен 231,8 мың шаршы метр пайдалымға енгізілді немесе 2012 жылға қарағанда 113,2%.
Құрылыс жұмыстар көлемінің көбеюі көлік қызметтерінің өсуіне әсерін тигізді. Облыстың автомобильді көліктерімен 299,7 млн. тонна жүк жеткізілді немесе 2012 жылға қарағанда 108,7%. Жүк айналымы 9883 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7%-ға асады.
Қостанай облысының едәуір дамыған 80 елдермен сауда-экономикалық байланыстары бар. Бұл – ТМД елдері (облыстың жалпы сыртқы сауда айналымынан 9,6%), Европалық одақ (7,8%), Кеден одағы (42%), Азия (33,3%) және басқа әлем елдері (7,3%).
Облыстың сртқы сауда айналымы 2013 жылы 3691,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 20%-ға төмен. Сауда балансының 884,2 млн. АҚШ доллары көлемінде оң сальдо қалыптасты.
Соңғы жылдарда экспорттың тауарлық құрылымының негізі құрамы өзгермеген және шикізат бағытында.
Облыс экспортының негізін (90%-дан артық) бес тауарлық топты құрады:
темір кен өнімдері (65,5%), бидай (8,4%), ұн (7,6%), өңделмеген алтын (6,7%), асбест (2,8%).
Өнім облыстан Қытайға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Өзбекстанға, Ауғанстанға, Түркияға және басқа елдерге, барлығы 39 елге экспортталды.
Экспорт 2013 жылы 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2287,8 млн. АҚШ долларын құрады, 31%-ға төмендеді. Бағаның және облыстың экспорттық жеткізулеріне әлем нарығындағы сұраныстың төмендеуіне байланысты 2013 жылы бидай 34%-ға, асбест – 16,3%-ға, ұн – 3,7%-ға, өңделмеген алтын – 12,9%, темір кен өнімдері – 36,5%-ға көлемдері төмендеді.
Импорттық өнімдер 71 әлем елдерінен жеткізілді. Облысқа негізінен өңірде шығарылмайтын тауарлар импортталады. Үлес салмағының көбі құрал-жабдықтарға (14%), көлік құралдарына (13,2%), дәрі-дәрмектеріне (6,9%), қара металлдан (4,3%) жасалған бұйымдарға жатады.
Негізінен өнім Ресей Федерациясынан, Кореядан, Украинадан, Германиядан, АҚШ импортталды.
2013 жылы импорттық түсімдер 1403,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Тауарларды әкелу көлемінің өсуі мұнай өнімдерін жеткізу 32,7%-ға, резиналық бұйымдар - 8%-ға, дәрі-дәрмек – 36,2%-ға ұлғаюына байланысты, қант және кондитерлік бұйымдардың - 26%-ға, қара металлдар және олардан жасалған бұйымдардың - 12%-ға, құрал-жабдықтардың – 7,9%-ға, көлік құралдардың – 8%-ға төмендеуіне байланысты.
Көтерме сауда айналымы 2013 жылы 373,3 млрд. теңгенң құрады. НКИ- 91,8%. Бөлшекті тауар айналымының көлемі 25,9%-ға ұлғайып, 207,1 млрд. теңгені құрады.
Тұтынушылық сұранымның кеңеюіне халықтың табыстары мен еңбек ақыларының өсуі әсерін тигізді. 2013 жылы бір қызметкердің орта айлық номиналды еңбек ақысы 82978 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті, нақты еңбек ақы индексінің 2,3%-ға өсті.
Халықтың орташа жандық атаулы ақшалай кірістері 2013 жылы 48934 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға өсті.
2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда көші-қону процестерінің жалғасуына байланысты экономикалық белсенді халық саны 1,6%-ға (8,5 мың адамға) қысқарды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және ҮИИДМБ іске асыру нәтижесінде 2013 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 2,6%-ға немесе 7,6 мың адамға өсті, 13,4 мың жұмыс орны қалыптасты, оның ішінде 7,8 мың – тұрақты.
2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы деңгейде қалды және 5,2%-ды құрады, жұмыссыздардың саны 0,9 мың адамға немесе 3,1%-ға төмендеді.
2012 жылғы инфляция деңгейі 4,7% құрады, бұлреспубликалық орташа көрсеткішінен 0,1 пайыздық тармағына (4,8%) төмен және 2012 жылдың осы кезеңінен – 0,3 (5%).
Инфляцияға әсерін тигізген негізгі фактор ақылы қызмет бағалардың және тарифтердің өсуі (ақылы қызметтер саласында 2013 жылдың басынан бастап инфляциялық аяны тұрғын-коммуналды қызметтердің қымбаттауы қалыптастырды).
Облыс бойынша азық-түлік тауарлардың бағалары 2,4%-ды құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 2,9 пайыздық тармаққа төмен (5,3%).
Азық-түлік емес тауарлардың бағалары облыс бойынша 2,2%-ға көтерілді, бұл 2012 жылға қарағанда 1,3 пайыздық тармаққа төмен (3,5%).
2013 жылы облыс аумағында 132,1 млрд. теңге сомасында салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер жиналды, оның ішінде жергілікті бюджетке 48,6 млрд. теңге немесе 36,8% есепке алынды.
Мемлекеттік бюджет жоспары 101,5%-ға атқарылды, оның ішінде: республикалық бюджет – 101,8%, жергілікті бюджет – 102,7%.
2013 жылғы бюджет шығыстары 146,6 млрд. теңге сомасына атқарылды, немесе жоспардың 99,6%. Әлеум еттік саласына 79,5 млрд. теңге немесе жалпы атқарылған соманың 54,3%.
-
Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы
2014 жылы облыс экономикасы әлем нарығының, оның ішінде металлдар және бидай құны ықпалымен дамып келеді, сонымен қатар, алдағы жылдардың оң қарқындарын сақтауда. Ол туралы облыстың 2014 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы куәландырады.
ЖӨӨ-нің өсуі 4% деңгейде 1455,1 млрд. теңге көлемінде бағаланады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығында астық өнімділігі есебінен 6%-ға және бөлінген инвестициялық жобалардың жобалық қуаттылыққа шығу есебінен өңдейтін өндірісте 9%-ға өсу күтіледі.
Облыстың ағымдағы экономикалық саясаты экономиканы әртараптандыруға, үлесі өнеркәсіпте 42,9%-ды құрайтын өңдеу саласын дамыту есебінен экономиканың шикізаттық бағытынан кетуге бағытталған. Алайда өнеркәсіптің тау-кен саласының үлес салмағы баяғыдай үлкен болып қала береді – 49,5% және оның өнеркәсіп саласына жаппай әсер етуі басым болып табылады.
2014 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіптегі өндірісінің көлемі 343,5 млрд. теңгені құрады. НКИ – 100,4%. Тау-кен өнеркәсібінде құрамында алтын бар кен өндіру 28,7%-ға ұлғайды, мыс қоспасын өндіру 23,1%-ға, асбест – 9,3%-ға, бокситтер – 10,1%-ға, шекемтастар – 6,6%-%ға, темір кен қоспасы - 4%-ға, агломерацияланған темір кені – 6,6%-ға қысқарды.
Тау кен өндіру саласындағы кейін қалуды қысқарту мақсатында, «ССКӨБ» АҚ Қытай халықтық республикасына өнімнің жөнелту көлемдерін көбейту туралы келісімдерге қол жеткізілді (2014 жылы темір кен өнімін шығару өнеркәсіп бойынша 16,1 млн. тоннаны құрайды, ақшалай түрде өнеркәсім 213,4 млрд. теңгеге жұмыс істейді 2013 жылға қарағанда 7,6%-ға төсендеумен).
Ағымдағы жылы құрамында алтын бар кен және «Доре» қорытпасын өндіру бойынша жаңа «Бренд» ЖШС кәсіпорны өнім шығаруды бастады. Кәсіпорын (ағымдағы жылдың мамырынан бастап) 315 мың тонна құрамында алтын бар кен, 43,2 кг. «Доре» қортпасы өндірілді. Жалпы 2014 жылы 350 мың тонна құрамында алтын бар кенін, 200 кг. «Доре» қортпасын өндіру жоспарлануда.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылғы деңгейіне құндық тұлғалауда 21,4 млрд. теңгеге азаюмен тау кен өндірісінің НКИ 95% шегінде қалыптасады.
Сондай-ақ, тек тау кен өндіретін секторы ғана дамыған облыстың моноқалаларында «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасы қолдануда. Облыстың 4 моноқаласы дамудың әр түрлі потенциалы бар: Рудный – дамудың жоғары потенциалы бар; Лисаковск және Жітіқара – дамудың орташа потенциалы бар; Арқалық – дамудың төмен потенциалы бар. Моноқалалардың потенциалдарын ескере отырып моноқалалардың әлеуметтік және инженерлі инфрақұрылыдарын қаржыландыру бойынша, халықты жұмыспен қамту шараларымен қатар Бағдарламада кіші және орта бизнесті белсендіру үшін бір қатар ынталар мен іс-әрекеттер қарастырылған.
2014 жылдың басынан бастап Бағдарлама шеңберінде 34 жоба субсидияланды, қызықты идеялары бар жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер19 грантты иеленеді.
Осы бағыт бойынша кәсіпорындарға жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 12 инвестициялық жоба іске асырылады.
Осы іс–шараларды іске асыру 3 мың жұмыс орнын (оның ішінде «Якорлы» жобаларды іске асыру есебінен – 3100 және кәсіпкерлікті қолдаудың шеңберінде – 166) қалыптастыруға, бизнес тиімділігінің өсуін қамтамасыз етуге, салыққа салынатын базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Өндеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны есебінен тау кен өндірісі саласындағы төмендеулерді жоюға мүмкіндік бар.
2014 жылдың қаңтар-тамызында өндеу өнеркәсібінде НКИ – 106,4% құрады. Негізінен өсу соңғы жылдары динамикалық өсуі бар машина жасаудың дамуы есебінен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ағымдағы жылдың 8 айы қорытындысы бойынша машина жасаудағы өсу 3,6%, металургияда – 8,6%, азық-түлік өндірісінде – 9,4% құрады.
Облыстағы автомобилдер өндірісінің көлемдерін бұдан әрі ұлғайту мақсатында «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны айналым қаражатын толықтыру үшін қаржы ресурстарын бөлу жөніндегі мәселені талқылауда (барлығы 15 млрд. теңге; оның ішінде: 2014 жылы – 5 млрд. теңге, 2015 жылы – 10 млрд. теңге).
Кәсіпорын айналым қаражатын алу арқылы облыстың машина жасайтын компаниялары ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша 2013 жылға қарағанда өсім 22% өсумен 8570 дана автомобиль жиналатын болады (осы қолдаусыз 500 данаға кем жиналатын болады). Дегенмен берілген қолдаудың негізгі нәтижесі алда келе жатқан жылдары көрінеді.
Қазіргі кезде үй салу комбинаты іске қосу жұмыстарын аяқтауда, бұйымдардың сертификациясы жүргізіліп отыр, өнімнің сынамды партиялары шығарылды (25 баспалдақты маршы, 60 дана жабатын қуыс тақталар, 200 куб.м. тауарлық бетон, 2000 шаршы метр арматурлық және каркастық торлар және басқалар).
«ЕвразКаспианСталь» зауытында 2014 жылдың қорытындысы бойынша 9 млрд. теңге сомасына 92,7 мың тонна арматураны өндіру жоспарланды. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 36,7 мың тонна арматура өндірілді, немесе жыл жоспары бойынша 36,7%.
Бұдан басқа, 2010 – 2013 жылдары Индустрияландыру картасы шеңберінде енгізілген жобалар бойынша өндіріс көлемі 1,5 есе өсумен 46-дан 70-ке млрд. теңге дейін жоспарлануда.
2014 жылдың қорытындылары бойынша негізгі салаларды дамыту серпінін ескеріп, өңдеу өнеркәсіп өнімі 530,1 млрд. теңге көлемінде немесе 2013 жылға қарағанда 100,1%, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде – 258,2 млрд. теңге (95%), өңдеу өнеркәсібінде – 236 млрд. теңген (109%) күтіліп отыр.
Ауыл шаруашылығында 2014 жылдың басынан бері жалпы өңірлік өнім шығару көлемі 64,1 млрд. теңгені, (оның ішінде: мал шаруашылығында – 51,9 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығында – 12 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 102,4%, оның ішінде: мал шаруашылығында – 103,2%, өсімдік шаруашылығында – 99,3%) құрады.
Мал шаруашылығы саласында етті өндіру 2,1%-ға азайды. Сонымен бірге, ірі қара мал басының ұрғашысын тұқымы жағынан өзгерту есебінен өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сүт өндірісі 5,1%-ға, жұмыртқа – 4,9%-ға ұлғая түсті, бұл сиырмал басы 10,1%-ға және құстардың – 24,5%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, ірі мал басы 4,2%-ға, қой – 8,9%-ға, ешкі - 4%-ға, шошқа – 3,5%-ға және жылқы малы – 7,3%-ға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығында 2014 жылы жалпы өнім өндірісі 261,9 млрд. теңге көлемінде күтіліп отыр, 2013 жылы өсім 6%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 7,2%, мал шаруашылығында – 3,4% құрады.
Мал шаруашылығы саласында өсім жаңа объектілер: мал шаруашылығы фермаларын, көбейтуші шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдарын, ҮИИДМБ және ірі қара малдың (ІҚМ) ұрғашысын және «Сыбаға» ет тұқымды жас төлді қалпына келтіру үшін асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде мал шаруашылығы кешендерін салу есебінен жоспарланып отыр, ағымдағы жылдың басынан бастап 1847 бас сатып алынды.
Өсімдік шаруашылығында өсімді егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру және егіс айналымы және әртараптандыру есебінен жоспарланып отыр, өйткені егістік құрылымында бидай басым болып отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дәстүрлі бидай өсіруден басқа дақылдарға көшу қиын болып отыр. Ағымдағы жылы бидай және бидай дақылдары 4109,3 мың гектар алқапқа егілді, бұл 2013 жылға қарағанда 284,9 мың гектар аз. Негізгі дәнді дақылдары – бидайды сепкен аумағы 3747,3 мың гектарды құрады (267,1 мың гектарға аз).
2014 жылы күтілетін жалпы астық жиналымы – 4356,3 мың тонна, оның ішінде бидай – 3972,3 мың тонна.
Май өндірісінің дамуына байланысты ағымдағы жылы майлы дақылдар егістігінің аумағы 129,6 мың гектарға ұлғайтылып, 362,9 мың гектарды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2014 жылы мемлекеттік бюдлжеттен 17,2 млрд. теңге бөлінді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өсімдіктерді сақтау мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттердің (энтомофагтер) және биодәрілердің құнын бөлшекті арзандату үшін 3,2 млрд. теңге бөлінді, жер тыңайтқыштарын (органикалықты қоспағанда) құннын субсидиялау – 1,4 млрд. теңге, көктемгі-егістік және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдарының және тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға– 6,5 млрд. теңге қарастырылды.
Жылдың басынан бері облыста инвестициялар көлемі өсімінің оң серпіні байқалып отыр, 113,5 млрд. теңге салынды. НКИ 103,1% құрады, бұл халықтың жеке қаражаттары 1,7 млрд. теңгеге ұлғайтумен байланысты (үлесі 65,1%), республикалық бюджеттен – 5,9 млрд. теңге (15,9%), жергілікті бюджеттен – 427 млн. теңге (4,7%).
Банктердің кредиттері есебінен 6,2 млрд. теңге игерілді (5,4%).
Басқа қарызды қаражаттар есебінен 10,1 млрд. теңге игерілді, бұл 2013 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 6,5 млрд. теңгеге аз. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 8,9% құрайды.
Инвесторлардға өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 55,9%), көлік және жинақтау (16,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (11,2%) сияқты салалары тартымды болып болып табылады.
2014 жылы негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 187 млрд. теңге, НКИ – 100,3% күтілуде.
Ағымдағы жылы Индустриялдау картасы шеңберінде жалпы құны 14,5 млрд. теңге, 455 жұмыс орнын құруымен 8 инвестициялық жобалар,оның ішінде ең ірілері:
-
Құны 4 млрд. теңге, 15 жұмыс орнын құруымен «Таран ауданындағы Смайловка ауылында дамыған инфрақұрылымымен 3000 жуық бас тұқымдық репродукт және 5000 жуық мал бордақылау алаңын салу» енгізуді күтуде.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлеміндегі кейін қалудан арылды, нақты көлем индексі 100,4% құрады. 2014 жылдың қаңтар-тамызында 0,4%-ға төмендеу айқындалды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының НКИ 100,1% деңгейінде күтілуде.
Жылдың басынан бастап 150 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 17%-ға артық. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6%-ға өсуімен 245 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілетін болады.
Жүк тасымалдау көлемі 2014 жылдың 8 айында 202 млн. тонна жүкті құрадй, НКИ – 99,3%. Жүк айналымы 2,7%-ға төмендеп, 16430,3 млн. ткм. құрады. 2014 жылдың қаңтар-тамызында автомобильді көлікпен 1154 млн. немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 106,5% жолаушылар жеткізілді.
Жолаушылар айналымының көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті және 10799,7 млн. қкм құрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағынының ұлғаюы, облыс аумағы бойынша жаңа бағыттар ашылуы, жүк жеткізудің ұлғаюы есебінен көлік қызметінің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға ұлғаяды.
2014 жылдың қаңтар-тамызында пошталық қызмет және курьерлік жұмыс 429 млн. теңгеге көрсетілді, оның ішінде халыққа 186,6 млн. теңгеге. НКИ 118,8% құрады, халыққа – 118,1%.
2014 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Интернет жүйесіне кең жолды шығу мүмкідінің пайдаланушылар саны 97 мыңнан жоғары коммерциялық жерлері, бұл өткен жылдан 15%-ға артық.
Сонымен бірге, 2014 жылы қызмет және деректерді беру сапасының жақсаруы, коммерциялық пайдалымға жаңа объектілерін енгізу телефон желілеріне және кең жолды Интернет жүйесіне шығу мүмкіндігіне жаңа абоненттердің қосылуы есебінен байланыс қызмет көлемінің ұлғаюы 4,9% деңгейінде күтулуде.
2014 жылдың басынан бастап тұтынушылық сұранымның ұлғаюы анықталды, оған 2014 жылғы қаңтар-тамызында 121,8 млрд. теңгені құрған бөлшектік тауар айналымы куә болды, НКИ – 121,8%.
Жалпы 2014 жылдың қорытындысы бойынша салалар бойынша 4% деңгейде өсу күтілуде.
Тұтынушылық баға индексі 2014 жылдың тамызында 2013 жылдың желтоқсанына 104,8% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 104,8%, азық-түлік емес тауарлар – 105,3%, ақылы қызметтер – 104,3%.
Инфляцияға маңызды әсерін азық-түлік емес тауарлардың бағалары өсуі тигізді. 2014 жылдың басынан бастап бензин 8,1%-ға қымбаттады.
Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 2014 жылы 6-8% инфляциялық дәлізден аспайтыны күтілуде.
Инфляцияның өсуін болдырмау үшін ішкі нарықтығы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру жолымен азық-түлік бағаларын ұстау шаралары қолданатын болады.
Ішкі нарық оң қарқынына ие болса, облыстық сыртқы экономикасы әлем бағаларының әсерімен дамып келеді, оның ішінде металлдарға және бидайға.
2013 жылғы деңгейге қарағанда 2%-ға ұлғайып, 3765,2 млн. АҚШ долларын құраған, 2014 жылы облыстан экспортталатын тауарлардың негізгі топтарына әлемдік нарықта сұраныстың азаюы мен бағалардың түсуі сыртқы сауда айналымының көлеміне әсерін тигізді. Бұл ретте сауда балансының сальдосы оң болып қалды – 902 млн. АҚШ доллары.
2014 жылы импорт 1431,6 млн. АҚШ доллары сомасында болжамдалып отыр немесе 2013 жылға қарағанда 2%-ға ұлғаюмен.
2014 жылы экспорт 2333,6 млн. АҚШ доллары сомасында болжамдалып отры 2013 жылға қарағанда 2%-ға ұлғаюмен.
Әлеуметік саласында жұмыссыздықты төмендету мен өнімдік жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс аудандар мен қалалардың бюджеттік қаражаттары есебінен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде, сондай-ақ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.
2014 жылы 550 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру; білім ұйымдарының 350 түлегі үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру; кәсіби оқуға 675 адамды жіберу. Бағдарламаның 300 қатысушысына шағын кредит беру; 120 адамды кәсіпкерліктің негізіне оқыту, Бағдарламаның шеңберінде 623 адамды іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға орналастыру көзделіп отыр.
Жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру жұмыссыздықтың 5,1% деігейіне жетуге мүмкіндік береді.
Табыстары ең төмен күн көру деңгейінен төмен халықтың үлесін 4%-ға дейін жетеді.
2014 жылы баға бойынша орта айлық еңбек ақы 85836 теңгені құрайды.
2014 жылы білім саласында балалардың шағын орталықтарда толық күнге көшіру, мектепке дейінгі ұйымдардың кеңеюі, бейінді емес ұйымдарды және мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктерді бала бақша ғимараттарынан шығару арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекті қысқарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
47 білім беру ұйымдарында (5 колледже, 5 қалалық және 34 ауыл мектептерінде, 1 бастауыш және 1 негізгі мектептерде) «e-learning» электронды оқыту жүйесін енгізу, 15 білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүогізу, 3 мың педагогтардың білімдерін арттыру арқылы сапалы білім беру үшін жағдай туғызу бойынша жұмыстар жалғасады.
Білім беру сапасына жаңа мектептердің құрылуы, оларды жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықтауы әсерін тигізеді.
2014 жылы 2 мектептің (Қостанай қаласында және Рудныйқаласының Перцевка ауылында), Қостанай қаласында 1 бала бақшаның құрылысы жүргізілуде Тобол кәсіптік-техникалық колледждің күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Жастарға білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіби білім мамандарын дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 1,7%-ға ұлғайды.
Денсаулық сақтау саласында 2014 жылы ана және бала өлімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде негізгі әлеуметтік аурулардан қайтыс болуды азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасып жатыр.
Денсаулық сақтау объектілірінің күрделі жөндеу жұмыстары 729,4 млн. теңге сомасына жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы Қостанай қаласында 4 дәрігерлік амбулатория және 300 келулерге облыстық онкологиялық диспансерінің емханасын салу үшін республикалық бюджеттен 1103,2 млн. теңге сомасында трансферттер бөлінді.
Жергілікті атқарушы органдардың есебінен денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 668,6 млн. теңге бөлінді (6 дірігерлік амбулаторя, онкологиялық диспансер, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге).
Достарыңызбен бөлісу: |