ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет3/6
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159058
1   2   3   4   5   6

Ошақты жою шараларын жоспарлау.




Жағдайлық есеп № 2

Бала бақшада 3 күн ішінде 45 баладан 28-і ауырған. 25-інде тамақтан улану белгілері болған, 3 -інің нәжісінде қанмен шырыш аралас болған.

Аурулардың нәжісінен, құсықтарынан шигелла Зонне табылған.

Ауырған балалар түрлі топтарға қатысады. Асханадан алынған жұғындылардан да шигелла Зонне табылған. Ыдыстармен қаймақ берілген. Қаймақ бөлме температурасында сақталған. Қаймақты бұл бала бақшада жұмыс істемейтін завхоздың әпшесі таратқан.


Ошақты жою шараларын жоспарлау.




Жағдайлық есеп № 3

20-21 қыркүйек күндері бала бақшаның 3 тобында бір уақытта 15 бала ауырған. Ауырған балалардың дене қызуы көтерілген, іштері ауырып жиі-жиі өткен. 22 қыркүйекте тағы 4 бала ауырған. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Диагноз – дизентерия.

Өршудің себебін анықтау, ошақты жою шараларын жоспарлау.

1.Тақырыбы №13: Қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.

2.Мақсаты: студенттердің қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімдерін жетілдіру

3. Оқыту мақсаты:


  • Студенттерге қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы туралы білімдерін жетілдіру

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары туралы үйрету

  • Эпидемиологиялық қадағалау туралы үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қоздырғыштары нәжіс-ауыздық механизммен берілетін вирусты гепатиттердің (АВГ және ЕВГ) сипаттамасы, этиологиясы

  • Эпидемиялық процестің даму механизмі

  • Эпидемиялық процестің көрінісі, аймақ бойынша аурушаңдықтың таралуы, халықтың әлеуметтік жас топтарына байланысты аурушаңдықтың таралуы, аурушаңдықтың көпжылдық динамикасы, аурушаңдықтың жылдық динамикасы, маусымдығы, эпидемияның түрлері

  • Эпидемияға қарсы шаралар, түрлері, вакциналар, арнайы препараттар, иммундыглобулин

  • Эпидемиологиялық қадағалау, мақсаты, тапсырмасы, анализі

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын

алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.



7. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

  1. Жедел вирусты гепатит ауруының қанында, аурудың өршу кезінде анықталады:

а) HB АД

б) анти-HBс М

в) анти-HB

г) HBе А


  1. Гепатиттің ауыр формасы кезінде протромбирленген индекс:

а) төмендейді

б) жоғарылайды



  1. Вирусты гепатит ауруынан толық жазылған науқастың қанында болады:

а) анти-HBсы

б) анти-HB

в) анти HBс М


  1. Вирусты гепатиттің қатерлі формасының диагностикасы үшін маңызды белгі:

а) протромбин индексінің төмендеуі

б) протромбин индексінің жоғарылауы

в) Бета липопротеидтердің төмендеуі

г) тимол сынамасының жоғарылауы

д) билирубиннің конъюгирменген фракциясының деігейінің жоғарылауы


  1. Вирусты гепатит кезінде қандағы конъюгирменген билирубин деңгейінің жоғарылауы қандай бұзылыстың нәтижесінде болады:

а) экскрециялық

б) конъюгациялық



  1. гепетит В берілу жолдары:

а) фекалды-оралды

б) ауа-тамшылы

в) парентеральды


  1. Гепатит В-нің сарғаю алды кезеңінде байқалады:

а) шаршағыштық

б) қызба

в) бауырдың ұлғаюы

г) зәрдің қараып өзгеруі



  1. Вирусты гепатит В трансплацентарлы берілуі:

а) мүмкін

б) мүмкін емес



  1. гепатит В мен ауырып болған соң иммунитеттің қалыптасуы:

а) тұрақты

б) тұрақсыз



  1. Барлық дұрыс жауабын көрсетіңіз. Жедел гепатит С-ның клиникалық-диагностикалық белгілеріне жатады:

а) сарғаю кезіндегі гентоксикация

б) сарғаю

в) катаральды белгілер

г) гепатолиенальды синдром

д) лимфаденопатия

е) геморрагиялық синдром

ж) зәрдің қараюы
Жағдайлық есеп №1

Науқас М,. аурудың 5-ші күніне ауруханаға түсіп отыр. 5 күн бұрын балада тәбеттің төмендеуі, әлсіздік байқалады. Стационарға түсер алдында аурудың жалпы жағдайы нашарлады. Ауруда қайталамалы құсу, әлсіздік, зәрдің күңгірттенуі, көздің склерасының сарғаюсы байқалады. Ауру осыдан 3 ай бұрын өкпенің қабынуымен ауруханада емделген, емдеу барысында 2 рет қан препараттарын алды. Вирусты гепатит аурулармен қатынаста болмады. Түскенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, құсу. Терінің және кілегей қабаттары интенсивті сарғайған. Бауыры 3 см-ге, көк бауыры – 1 см-ге ұлғайған. Сарғаю және улану симптомдары күшейеді.



  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізіңіз?


Жағдайлық есеп №2

Мерей К., ауру вирусты гепатит жағдайлары тіркелген жұмысқа барады. Ауру жедел, дене қызуының 38,4 С-қа дейін көтерілуден басталады, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, жүрек айну, 1 реттік құсу байқалады. Келесі күні дене қызуы қалыпты болды, бірақ жүрек айну, анорексия, әлсіздік сақталды. Аурудың 3-ші күні іштің ауырсынуы, зәрдің күңгірттенуі, терінің, кілегей қабаттардың сарғаюы байқалды.

Объективті қарау барысында: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Тері қабаттары сарғайған, бадамшаларында, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – гиперемия. Жүрек және тыныс алу жүйелері жағынан патологиялық ауытқулар жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +3,0, +3,5 см-ге ұлғайған, пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Көк бауыр пальпацияланбайды. Зәрі күңгірттенген, нәжісі түссіздеген.


  1. Диагноз қойыңыз..

  2. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізіңіз?


Жағдайлық есеп №3

Ауру ауруының 14-15 күні стацинарға түседі. Көздің қисаң қабығы мен тері сарғаю айқын, бауыр едәуір үлкейген. Сарғаю алды кезеңі 12 күнге созылғаны белгілі, сарғаю пайда болған жағдайы жақсармаған, бала селқос болған, құспаған, геморрагиялық көріністер жоқ. Ауруға 2 ай бұрын перитонит бойынша операция жасалған, көптеген трансфузиялар мен инъекциялар қабылдаған.

1. Диагноз қойыңыз.

2. Қандай маркерлерді күтуге болады.



  1. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізіңіз?



1.Тақырыбы №14: Тырысқақтың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2.Мақсаты: студенттердің тырысқақ этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру туралы негізгі теориялық білімін жетілдіру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге тырысқақтың этиологиясы, шығу тарихы, берілу жолдары туралы білім жетілдіру

  • Эпидемиялық процестің сипаттамасы туралы үйрету

  • Қоздырғыш көзі, қоздырғыштың берілу механизмі туралы үйрету

  • Клиникалық байқалуы және патогенезі, диагностикасы, емі туралы үйрету

  • Алдын алу, эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру туралы үйрету

  • Эпидемиологиялық қадағалау туралы үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Тырысқақ туралы түсінік, қоздырғышы, шығу тарихы

  • Берілу жолдары, эпидемиялық процестің сипаттамасы, маусымдығы

  • Қоздырғыш көзі, қоздырғыштың берілу механизмі

  • Клиникалық байқалу, патогенезі, диагностикасы, емі

  • Алдын алу, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру

  • Эпидемиологиялық қадағалау негіздері, мақсаты

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).

6. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1, 2 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын

алу. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2001.



7. Бақылау (тесттер, есептер):

1. Тырысқаққа тән белгiлер -... .

a) iш ауырсынусыз диарея, айнусыз құсық

б) айну, құсық, шалғаң тәрiздi iштiң ауырсынуы

в) запыран құсу, оң қабырғаның ауырсыну

г) тақта тәрiздес iш

д) көп реттiк құсық, iштiң белдеулi ауырсынулар

2. Тырысқақ негiзгi спецификалық диагностикасы - ... .

a) бактериологиялық

б) вирусологиялық

в) биохимиялық

г) иммунологиялық

д) биологиялық

3. Тырысқаққа келесi симптомдар тән ... .

a) iштiң ауырсынуысыз, iш өтуi, жүрек айнусыз құсу

б) iштiң қатты ауыруы, құсу

в) оң жақ қабырға астының ауырсынуы, құсқанда өттiң араласып шығуы

г) құрсақ бұлшық еттерiнiң тырысуы, тақтай тәрiздi iштiң болуы

д) iштiң толған тәрiздi ауруы, сұйық су тәрiздi нәжiс

4. Тырысқақ кезiндегi алғашқы көмектiң негiзгi мақсаты -... .

a) жоғалтқан сұйық пен электролиттiң орнын толтыру

б) тырысқақ вибрионының көбеюiн тоқтатуы

в) гипертермия мен күресу

г) iште ауруды төмендету

д) пневмониямен күрес

5. Тырысқақ кезiнде ... байқалмайды.

a) тенезм

б) сулы, сұйық iш өту

в) құсу

г) сусыздану



д) тырысулар

6. Тырысқақ қоздырғышын анықтауда ... ортасы қолданылады.

a) Мансуров ортасы,Хоттингер агары,Оксайд және Дьедон тырысқақ

б) қарапайым қоректiк

в) Китта-Тароци

г) Рапопорт

д) ет сорпасы

7. Тырысқаққа тән белгiлер... .

a) iш ауырсынусыз диарея, жүрек айнусыз құсық

б) жүрек айну, құсық, толғақ тәрiздi iштiң ауырсынуы

в) запыран құсу, оң қабырға асты ауырсыну

г) тақтай тәрiздес iш

д) көп реттiк құсық, iштiң белдеулi ауырсынуы

8. Тырысқақ кезiндегi патологиялық процестiң орналасуы... .

a) аш iшекте

б) өңеш және асқазанда

в) асқазанда

г) тоқ iшекте

д) асқазан-iшек трактының кез-келген бөлiмiнде

9. Тырысқақтың ауырлығын анықтайтын синдром ... .

a) токсикоз,эксикозбен

б) токсикоз,колиттi синдром

в) интоксикация және батериемия

г) Гассер синдромы

д) олиго-анурия

10. Тырысқақ кезiндегi қызба ... .

a) гипотермияға бейiм

б) субфебрильдi

в) қысқа мерзiмдi

г) жоғары, ұзақ

д) толқын тәрiздi
Жағдайлық есеп №1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет