Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Ахтанов драмаларында көтерілген мәселелер



бет14/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
аширов ответ

Т. Ахтанов драмаларында көтерілген мәселелер

Тахауи Ахтанов – профессионал драматург. Қазақ сахнасының көкжиегін кеңейтіп, ұлттық драма жанрының мерейін үстем етіп, осынау күрделі, жауапкершілігі мол саланың абыройын биікке көтеріп, жан дүниесіндегі, жүрегіндегі бар шындығын ортаға ақтарып салған алымды автордың театр алдындағы беделі өте үлкен. Ол жазған дүниелер сахнаға оңтайлы, орындаушылар талап – тілегіне ыңғайлы, режиссерлар, артистер илеуіне икемді болып келуі тегін құбылыс емес. Оның әуелгі себебі – оқиғалардың шыншылдығы, шынайылығы, шымырлығы. Тақырыпты табуда, тануда, талғауда оның ең қажетті түсін түстеп, іріктеп, сұрыптап алуда драматург алдында жан салмайды деуге болады. Өмірдің өз ақиқатын ортасынан ойып алып, оны өнер тілінде – сахна, театр ұғымына етене етіп жіберуі – Тахауи Ахтанов шеберлігінің негізгі кілті. Тахауи Ахтанов – қаны сорғалап тұрған, тамыры солқылдап соғып жатқан кеудесінде жаны бар адам баласын сүлеқос қалдырмайтын актуальді де, қажетті мезеттерді зерек аңдайды. Тахауи Ахтановтың әлеуметтік драмалары тек Қазақстан ғана емес, басқа елдер сахнасынан да ерекше ықыласпен, өзгеше ілтипат, айырықша сипат тапты. Соғыс, әлеуметтік жағдай, туған жер, әке мен бала арасындағы қарым – қатынас, махаббат, жастар тәрбиесі, адамгершілік мәселелерінің көтерілгенін – драматург қаламынан ешқашанда тыс қалмағанын оның шығармаларының атау – айдарынан-ақ байқап білуге болады. Махаббат мұңындағы жан толқытар жастыққа тән жағымды жастықтың лирикасы. Боран драмасындағы кешегі тұтқын, бүнігі шопна Қоспанның алай – түлей тағдыры, профессор әке мен дүниенің төрт бұрышын қиялмен кезген еркін де бұла өскен, қыңыр ұлдың бітіспес айтысы әке мен балада әдемі өрілсе, студентжастар тұрмысынан күлкілі сыр қозғйтын Күшік күйеу комедяссының да әлеуметтік – қоғамдық салмағы ойда жүрген біраз мәселелерге қозғау салады. Ұлттық әдет-ғұрып, тол әуен-сазыңды қастерлеудегі кеміс тұстарыңды қаһармандар мінез-құлқы, солардың күлкілі кескін-келбеті, қитұрқы іс - әрекеттері арқылы шебер көрсетеді. Алпысыншы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сапалы лирикалық повестің бірі – Т.Ахтановтың Махаббат мұңы болатын. Қазақ қыздарының жиынтық бейнесін жасаудағы үлкен бір табысы осы повестегі – Ляззат бейнесі. Ляззат басындағы махаббат драмасын, оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасын көрсету арқылы автор бүгінгі жастардың өмірі жайында маңызды моральдық мәселе көтереді. Шынайы махаббат пен жалған сүйіспеншіліктің, адал достық пен жылтырақ жолдастықтың ара салмағын ашып, жастардың өмірге деген көзқарасын, ой – толғамын суреттейді. Оқиға қызығына, сыртқы әрекеттер қақтығысына иек артпай, құбылыстың ішкі мәнін ашуды көздеген жазушы адамдар арасындағы нәзік сезім күлерін бейнелеуге ұсталығын танытқан.
Т.Ахтановтың тағы бір танымал Махаббат мұңына ұқсас, біздің қоғамымызда қазақ әйелінің әлеуметтік ықпалының қаншалықты аспандар өскенін көрсететін оның «Сәуле» атты драмасы. Тарихи шындыққа сәйкес бұрынғы әйелдер кейіпкерлер тек жапа шегіп, қиянат тепкісінде зар илесе, Сәуле күрескер қаһарман деңгейіне көтерілген. Орыс әдебиеті тарихының бүтін бір кезеңін Тургенев әйелдері дейтін образ құрайтыны белгілі. Сол тіркесті пайдалансақ, Ахтанов арулары, тіпті замана сарашысына айналған. Ақ дегендері алғыс, қара дегендері қарғыс. Бұлардың сынына жарамай қалу уақыт сынына төтеп бере алмаумен пара – пар. Және сол құнарлы ойын драматургия зергері сахна заңдылығын терең білу негізінде, материалға тиісті форма табу, мазмұнға сай пішін кестелеу арқылы кейіпкердің ішін ашу, характердің жанын сөйлете білу жолымен жүзеге асырған. Осы екі драмадағы (Махаббат мұңы, Сәуле) Сәуле мен Ляззат – екі бөлек пьесаның кейіпкерлері. Бірі – партия қызметкері, бірі ақын. Ал мұң – шерлері ортақ. Біреуі сүйгені Жарастан, біреуі жігіттің екеуінің де сырты жылтыр, іші сылдыр мүкі – тақы кейіпті жандар екендігі драма барысында әшкереленеді. Қырға шығып ғылым жолында құрбандық етуші жан боп көрініп жүрген Жарас мансапшыл ғалымының бірі болып шығады. Нияз – жылтырап тұрғаны болмаса, балғызда сөнген жүлдыз. Болдым – толдым деп ісініп – кебініп жүріп, қаңсыған бөшкедей қаңғырлап қалғандардан.
«Сәуле» пьесасында «Боран» романы көтерген әлеуметтік мәселе – шаруашылық жұмыстарын жаңа жолға қою, шаруашылықтарды жаңаша басқару мәселелері дәл осы драмада қайта қолға алынған.
Осылайша біз Т.Ахтанов драмаларында көтерген мәселе – өмір шындығы екенін көреміз. Қазақ халқының әлеуметтік дағдарысынан бастау алып, адам бойындағы туындайтын махаббат сезімі, адамгершілік, сатқындық, өмірдің ағы мен қарасын ашық, анық қалам сиясы таусылғанша, ойлы оқырманның жүрегіне тереңінен бойлап жазып қалдырған деп нақты айта аламыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет