Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Қ. Мырзалиев «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы: тақырыптық ерекшелігі



бет52/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
аширов ответ

Қ. Мырзалиев «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы: тақырыптық ерекшелігі

Афоризм (грекше aphorismos – қысқа нақыл) – «белгілі автордың ықшам, ұшталған түрде берілген жəне дəлдігімен, əсерлілігімен, пайымдауының тосындығымен ерекшеленетін, жалпыланып (жинақталып) айтылған ойы. Афоризмдер адам санасына өзінің айрықша формасымен əсер етеді, əрі оның негізгі мағынасы ойлану нəтижесінде ғана аңғарылады.
Шығармаларын философиялық түйінмен түйіндеу – Қадыр Мырза Əлидің творчестволық ерекшелігі. Жазушының əр жылдары айтқан философиялық тұжырымдары, яғни афоризмдері мен қалжыңдары «Алмас жерде қалмас», «Үкілі үзінділер», «Сөзмерген немесе Қадырдың қалжыңдары» деген атаумен жарық көрді. Қадыр Мырза Әли «Мен біреудің мазасын алмай-ақ, өзімнің өлеңдерімде кездесетін афоризмдерді өзім-ақ теріп беріп кетейін», - деген. Ал енді өлеңдерінен теріліп алынғанына қоса, ойынан тудырған афоризмдерін де жинақтап басып шығарғанын көріп отырмыз. 2008-2010 жж. Алматы қаласының бас газеті «Алматы ақшамы» газетінің əр бейсенбілік санында ақынның «су жаңа афоизмдері» «Алматы ақшамының» кітапханасы» атты айдармен тұрақты жарияланып отырған. Бір бет, жарты бет арналып, осы афоризмдер беріліп отырды. Бұл афоризмдер «Адамның жауы – адам», «Арман қуғанның бəрі арманда кетеді», «Данышпан дарынның тасыған түрі», «Таң қуанып атады, күн ұялып батады», «Аурудың емі бар, Кəріліктің емі жоқ», «Ауыз былғайды, Жүрек тазалайды», «Біреудің түбіне ой жетсе, Біреудің түбіне той жетеді», т.б. тақырыптармен жарияланып тұрды. “Алмас жерде қалмас” кітабынан әйел мен еркекке қатысты афоризмдерге мысал келтірсек: “Ерсiз әйел – жесiр, Әйелсiз азамат – кесiр...”, “Әйел – сыңарың, сен үшiн құт, Әйелсiз еркек жұрт үшiн жұт.”, “Ерлердiң көбi еркек бола алмай жүргенде, Кейбiр әйелдердiң еркек болғысы келедi.”. Тілге байланысты афоризмдері: “Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін.”, “Өзге тілде сайрау қауіпті емес, Өзге тілде ойлау қауіпті.”. Махаббатқа қатысты афоризмдері: “Сен махаббатпен ойнасаң, тағдыр сенімен ойнайды.”, “Адам санасын болмыс билейді. Махаббат – болмысың...”, «Махаббат деген жаратушының құпиясы. Оны ғашықтардың өздері де түсіндіре алмайды.», “Ғашықтың көзі – өзге көз. Жеткізе алмайсың сөзбе сөз!”.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет