«Жусан иісі»
Сайын Мұратбек өзі жағынан баяндайды. Шығармада кейбір жерлерде Аянмен бірге ойнап, үйінен шана іздегендей сезім тудырады.
I бөлім
Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Оны алғаш рет ауыл балалары ойнап жүргенде байқайды. Балалар Аянмен тез достасып, олардың арасындағы екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды, әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін, момын болғанымен, бір күні Есікбай есімді ауыл баласы оған тиісіп, олардың арасында төбелес орын алады. Ал соңында Аян Есікбайды жеңеді. Туындының басты кейіпкері мектепте де өзінің зеректілігін келген күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға күші келгенше көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
II бөлім
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, оның ауыл балаларына күнде кешкісін айтатын ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ Бапай әйелімен бірге оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін тыңдау үшін жиналатын. Аян күн сайын жаңа ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып беретін. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, ертегіні тыңдап отырған балалар өздерін ертегінің кейіпкері ретінде елестететін болған. Сонымен қатар, олар ержүрек жауынгерлер туралы ертегі тыңдап отырғанда соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл - күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында тайғыш аяғының кесірінен Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |